Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курстық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.95 Кб
Скачать

Қазақстан Республика Білім және ғылым министрлігі

Семей көп салалы колледжі

Курстық жұмыс Тақырыбы: Тарихтағы мұрағаттар.

Қорғауға жіберілді

«___» ________ 2015жыл

Ғылыми жетекші:

Орындаған:

Семей қаласы

2015-жыл.

Жоспары:

І. Кіріспе

1.1. Мұрағат – біздің тарихымыз.......................................................................3-4

ІІ. Негізгі бөлім:

2.1. Мұрағат тарихы............................................................................................5-7

2.2. Мемлекеттік мұрағаттың құрылу тарихы .............................................8-10

2.3. Кеңестік Қазақстан тарихының мұрағат жайлы.....................................11-16

2.4. Семей облыстық Мемлекеттік мұрағат тарихы.....................................17-21

ІІІ. Қорытынды:

3.1. Мұрағаттар – ұлттық құндылықтар қазынасы.......................................22-27

ІV. Қосымша

V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................29

І. Кіріспе

1.1. Мұрағат – біздің тарихымыз

Мұрағат – тарихтың кеніші, халық байлығының бір бөлігі. Мұрағатсыз тарих жоқ, ал тарихсыз мемлекет жоқ.

Мұрағат - адам өміріне байланысты бар құжаттарды толық сақтауға кепілдік бере алатын бірден бір мекеме. Біздің міндетіміз құжаттардың жойылып кетуден сақтау ғана емес, сонымен қатар мемлекет, азамат және қоғам игілігіне пайдалану мен сақтаудың ғылыми негізделген жүйесін ұйымдастыру көзі болып табылады.

Құнды деректерді сақтайтын киелі мұрағаттың жұмысы инемен құдық қазғандай өте күрделі, бірақ көзге көріне бермейтін мұрағат ісі, Қазақстан Республикасында мұрағат ісін реттейтін заң актілері шеңберінде мынандай үш бағытта жүзеге асырылады: мекемелердегі құжаттардың толықтығын, сақталуын қамтамасыз ету, оларды іріктеп мемлекеттік сақтауға қабылдау және мемлекет игілігіне пайдалану.

Алғашқы жылы мұрағат жұмысын жүргізу өте қиынға соқты. Себебі, қызметкерлер жаңадан ашылған салада өздері үйренумен қатар, мекеме, ұйым және кәсіпорындардың кадр және іс жүргізушілерімен бірге 1993 жылдың қыркүйек-қазан айларында аудан және қалада облыстық мұрағат қызметкерлерімен бірлесіп 2 семинар өткізілді. Осы 1993 жылы 18 мекемеден 3502 жеке құрам құжаттары қабылданды. Штатта 1-директор, 2-архивист, 1-хатшы-машинистка, 1-еден жуушы болып көбейді. Әр жылдары аудандық газетімізде мұрағат және құжаттарды сақтау мен іс жүргізу тақырыптарында мақалалар жарық көрді.

1998 жылғы желтоқсан айындағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңының қабылдануы мемлекетімізде тарихи мағынасы бар құжаттарды сақтап қалуға едәуір ықпал етті.

Облыстық мұрағаттан 2001-жылы бұрынғы Ленгір ауданының ауыл Кеңестерінің 1936-1963 жылдар аралығындағы ұзақ мерзім сақталатын шаруашылық кітаптарын, 2008 жылы Ленгір шахталарының 1937-1974 жылдар аралығындағы жеке құрам құжаттарын қабылдап алдық.Қосымша мұрағат қызметкерлері отыратын 4 бөлме салынды.

Бүгінгі таңда штатта 1-директор, 1-есепші, 4-мұрағатшы, 1-хатшы-оператор, 3-қарауыл және 0,5-бірлік еден жуушы еңбек етеді. Аудандық мұрағаттың құжат сақтайтын 4 қоймасы бар, 135 қор, жалпы саны 30000 іс сақталанады. Аудандық мұрағаттың негізгі мақсаты ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындардың жеке құрам құжаттарын жинақтау.

Осы міндеттерді жүзеге асыруда біздің аудандық мұрағат едәуір табыстарға қол жеткізді. Қазіргі таңда 135 мекеменің 30 мыңға жуық жеке құрам бойынша істері сақтаулы. Атап айтар болсақ, денсаулық сақтау, білім беру бөлімі, өндіріс салалары мен орталық қызмет көрсету бөлімдерінің бұйрықтары, қызметкерлер мен жұмысшылардың бет-есеп, жеке істері және шаруашылық кітаптары бар. Сонымен қатар кезінде тоқтап қалған өндіріс орындарының да құжаттары бар.

Мұрағат қоры сонымен бірге, мемлекеттің қажетін қанағаттандыруға, халықтың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға қызмет етеді. Мысалы, осы жартыжылдықта 698 азаматтан өтініш түсіп оның 686-на әлеуметтік-құқықтық сипаттағы анықтамалар берілді, 12 өтініш қаралуда.

2005 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлінетін болып, ондағы жоспарлаған мақсатымыз, ең бірінші мұрағат мекемесіне ғимарат қарастыру болатын.

Аудан көлемінде көптеген ұйымдар мен кәсіпорындар жекешелендірген кезде кейбір мекеменің құжаттары жоғалған, сол себептен қазіргі кезде жеке адамдардың сұраныстарын орындауда қиыншылықтар кездесуде. Сұраныс өз азаматтарымызбен қатар алыс және жақын шет елдерден түседі: Ресей, Украина, Өзбекстан, Беларусь және Германиядан да бар.

Келешек мұрағат ісін жүргізу үшін іздену, мекеме, ұйым, кәсіпорындарға барып құжаттарды қалай жүргізу сақтау керектігін түсіндіру жұмыстары көп уақытты талап етеді. Мұрағат құжаттары баға жетпес байлық, мемлекеттің, халықтың алтын қоры. Мұрағат пен тарих егіз ұғым. Ғасырдан ғасырға толығып, жазыла беретін тарихтың қайнар көзі. Аудандық мұрағаттың құжаттары Ұлттық мұрағат қорының бір бөлігі ғана. Біздің шағын ұжым - тарихи құжаттарды келешек ұрпаққа аманат етіп сақтап, міндетіміз аянбай еңбек ету.

ІІ. Негізгі бөлім