ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік факультеті
Жаратылыстану пәндері және ақпараттық технологиялар кафедрасы
Бизнес-шешімдерді модельдеу курсы бойынша мөж
орындау нәтижесі
Орындаған вТиПо мамандығының 1 курс магистранты
Алимбаева Улту
АЛМАТЫ- 2015
КІРІСПЕ
Сызықтық программалау әдістері қазіргі жағдайда бизнесті басқаруда қолданылатын ең қуатты құрал.
Сызықтық программалау (Liner Program ming LP) бәсекелес сұранысқа байланысты шектелген қорларды оңтайлы бөлуде қолда-нылатын, бір-бірін ауыстыра алатын бірнеше математикалық әдіс-тер қосындысы деп түсініледі. Барлығына бірдей ортақ - матема-тикалық оңтайластыру әдістері деп аталатын әдістер кешеніне, сызықтық программалау әдістері де жатады және тәжірибеде халық шаруашылыгының барлық салаларында кеңінен қолданылады.
Есепті сызықтық программалау әдістерімен шешу үшін мо-дельденетін жағдайлар негізгі бес шартқа жауап беруге тиісті.
Біріншіден, ол шектелген қорлармен (яғни, жұмысшылар саны, жабдықтар, қаражат және т.б. шектеулі) сипаталынуға тиіс, керісінше жағдайда мүндай есеп болмайды. Екіншіден, нақтылы мақсатта (максималды пайда немесе минималды шығын) қарас-тырылуға тиіс. Үшіншіден, есеп сызықтылықпен сипатталынады (мысалға, егер бір бөлшекті дайындауға үш сағат жүмсалатын болса, онда екі бөлшекке алты сағат, ал үш бөлшекке тоғыз сағат қажет және т.б. с.с.). Төртіншіден, есеп біріңғай біртектес (мысалға, станокта жасалған бүйым барлық сағаттарда, осы уақыттарда жұмыскер бір немесе басқа бір әрекеттерді орындаса да, бір уақыт бірлігінде өндірілетін өнім бірдей) болуға тиіс. Бесінші шарт бөлінгіш деп аталады, яғни сызықтық программалау әдістері, нәтижелерді және қорларды үлестері бойынша бөлуге болады деген алдын-ала белгіленген жағдайға сүйеніп, қүрылады. Егер мүндай бөлу (мысалға, жарты тік үшқыш немесе жұмысқа қызметшінің төрттен бір бөлігі алынды) мүмкін болмаса, онда сызықтық про-граммалау әдістерінің арнайы модификациялары - дискреттік про-граммалау немесе бүтін санды программалау әдістері қолданылады.
Сызықтық программалау әдістері тек бір мақсат (максимал-ды пайда немесе минималды шығын) қарастырылған жағдайларда ғана қолданылады. Егер мақсат бірнеше болса, онда мақсаттық программалау әдістерін пайдаланған жөн. Егер есеп кезең-кезеңмен немесе уақыт аралықтары бойынша шешілетін болса, онда динами-калық программалау әдістерін пайдаланады. Кейбір күрделі есеп-
терді шешуде осы әдістердің басқаша нұсқаларын, мысалға, сызықты емес немесе квадратты программалау әдістерін пайда-лануға тура келуі мүмкін.
Қазіргі кезде сызықтық программалау модельдерін компью-терде шешу үшін ол арнайы программалармен қамтамасыздан-дырылған. Оларға Microsoft Excel [1, 3, 5, 8, 9] программалары: мәліметтерді талдау, шешімді іздеу (Ескерту: тексте MS Excel-де қолданылатын қызметтік сөздер қазақша сөздікке мемлекеттік деңгейде аударылмағанына байланысты, оларды тексте орыс тілінде қолданамыз. Мысалға, «шешімді іздеу», тексте «Поиск решения» деп жазылады және т.б.с.с.) құралы және т.б. жатады.
MS Excel программаларына қазіргі дербес компьютерлерді программалармен қамтамасыздандыру кешені енеді. Аталған программалар кешені болжамдау және басқару жұмыстарында кеңінен қолданылатын ауқымда құралдардан түратыны белгілі. Оларға жататындар:
– параметрлерді таңдап алу;
– поиск решений (шешімдерді іздеу);
– орнына қою кестесі және т.б.
Осы құралдар көмегімен, нақтылы айтқанда, қорларды оңтайлы бөлу туралы кез-келген есептер (шикізат, еңбек қорлары, қаржы бөлу), оңтайлы жобалау есептері және көптеген басқада есептер шығарылады. Алынған шешім бойынша автоматтық түрде графиктер, диаграммалар немесе кестелер құрып, Microsoft Excel оларды талдауға ыңғайлы, көрнекті бейнелей алады.
Excel программаларындағы Поиск решения құралы. Excel (3.0 версиясы және одан да жоғары) программалар кұрамына, программаларды инсталляция жасау кезінде отырғызылатын, математикалық программалау әдістерімен шығарылатын кезкелген есепті шеше алатын Поиск решения құралы енеді.
Excel сіздің компьютеріңізде. Оған көзжеткізу үшін Сервис менюін ашыңыз. Онда міндетті түрде Поиск решения командасы тұруға тиіс. Егер ол жоқ болса, онда меню Сервис-тен Над-стройки командасы арқылы ашылған тізімнен Поиск решения деңгейіндегі терезеге флажокты отырғызамыз. Осыдан кейін Поиск решения командасы Сервис менюында пайда болады. Егер ашылған тізімде мұндай надстройка жоқ болса, онда Excel -ге қайта инсталляция жүргізіңіз де Поиск решения надстройкасын отырғызыңыз.
нәтижесінде жолдың нөмірі сақталады;
символ мына түрде жазылса $A$1, көшіру нәтижесінде бағананың аты және жолдың нөмірі сақталады.
