Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Саясаттану.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.13 Mб
Скачать

Жұмыс бағдарламасы

Пән атауы: Саясаттану

Мамандық: барлық мамандықтарға

Кредит саны: 2

Курс: 2

Семестр: 3

Дәріс __15_сағ

Практикалық (лабораториялық ) сабақ _ _15 сағ__

Барлық аудиториялық сағат 90_сағ

ОЖСӨЖ 15___сағ

СӨЖ 45___сағ

Емтихан 3 семестр

Семей – 2013 ж

Жұмыс бағдарламасы кәсіптік білім берудің Мемлекеттік стандарты________________________________________________________ж

Типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

Құрастырушы: Ф.ғ.к., доцент Түйебаев М.М., оқытушы, т.ғ магистрі Ашимова Г.М

Жұмыс бағдарламасы гуманитарлық факультеті «Философия және саясаттану» кафедрасының отырысында талқыланып бекітілді.

Хаттама № « » 201 ж

Кафедра меңгерушісі Түйебаев М.М.

Гуманитарлық факультеттің әдістемелік кеңесі мақұлдаған.

Хаттама № « » 201 ж

Әдістемелік кеңестің төрайымы_________________Абенова Г.А.

Пәнінің жұмыс бағдарламасы

1.Пәннің мақсат-міндеттері және оның оқу процесіндегі орны

Cаясаттану курсының негізгі мақсаты студенттерге саясаттану саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттер санасында ұғымдық ақпараттарды қалыптастыруға ықпал ету.

«Саясаттану» пәнін оқып білу студенттердің саяси дүниетанымымен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасының алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді.

1.1.Пәнді оқытудың әдістемесі

Студенттерге Қазақстандық ұлтжандылық, ұлтаралық келісімдер, жеке тұлға құқығы мен еркіндігін мойындау принциптеріне негізделген метологиялық ойлауын, сыни тұрғыдан ойлауын, тұрақты дүниетанымдық позициясын қалыптастыру.

Курсты оқу нәтижесінде студенттер төмендегілерді білуі тиіс:

Саясаттануды оқып – үйренуші студент кең көлемде білімді ғана емес сонымен бірге ғылыми талдау әдістерін үйреніп, қоғам мен мемлекеттің болашақтағы саяси дамуын болжай алатын, қазіргі саяси құбылыстарға творчествалық талдау – зерттеу жасай білетіндей болуы керек.

Саясаттану сөзі (политология) гректің екі сөзінен: politike-мемлекеттік қоғамдық істер және logos-сөйлеу, оқу деген мағынаны білдіреді. Бұл пән қазіргі қоғамдық және саяси құбылыстың мән мағынасын терең түсініп-білуге, адамдардың өмірінде алатын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.

1.2.Пәнді оқытудың міндеті Курстың міндеттері студенттерді Қазақстандағы және одан тыс жерлерде жүріп жатқан саяси процестерді ұғынуға және еркін бағдарлай алу ептілігіне тәрбиелеу

Курстың оқу нәтижесінде студент мынаны білуі қажет:

-саясаттың мәнін, мүмкіндіткерін, шекараларын, келешегін және негізгі түрлерін;

-саяси биліктің мәнін , жүйесін көздері мен функцияларын;

-саяси процестердің мәнін және саяси партиялар мен қозғалыстардың олардағы ролін, соның ішіндегі Қазақстан Республикасындағы саяси процестерді.

Саясаттану курсы студенттерге билік, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, саясат, саяси жүйе түрлері, саяси режимдер, саяси мәдениет, қазіргі қоғамның саяси институттары мен қоғамдық даму мәселелерін түсінуге көмектесуі тиіс.

Саясаттанудың бір бөлімі-саяси ойлар студенттерге саясатты әлеуметті-философиялық және идеалдық-теориялық негіздерін, сондай-ақ саясаттың белгілі бір тарихи кезеңдеріндегі жүйелі саяси парадигмаларын анықтауға мүмкіндік береді.