- •7 Дәріс. Радияциялық қауіп. Иондық сәулерлерден қорғану. Электромагниттік сәуле, түрі, бастауы. Қорғаныс амалдары.
- •Медициналық шаралар.
- •Ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары.
- •Құтқару және басқа да маңызды жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздері (ҚжБшж). ҚжБшж мақсаты, мазмұңы және орындау шарттары. Оларды орындауға қатысатын күштер мен құралдар.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тіршілік қауіпсіздігін басқарудың заңды және нормативті құқықтық негіздері. Негізгі заңды және нормативті құқықты актілердің сипаттамасы: бағытталуы, реттелетін объектілер және негізгі ережелер.
- •Ақ құрылымдары, бағытталуы және олардың құрылу тәртібі
7 Дәріс. Радияциялық қауіп. Иондық сәулерлерден қорғану. Электромагниттік сәуле, түрі, бастауы. Қорғаныс амалдары.
Радияциялық апат бұл ядролық-энергетикалық құрылғылардың қауіпсіздік ережелерінің бұзылу салдарынан радиактивті элементтердің және иондық сәулелердің қоршаған ортаны ластауы. Радиактивті ластану және радиациялық сәулелену аварияның басты факторы болып табылады. Радиациялық сәулелену адам ағзасына (қан айналымы,жүйке жүйесіне, асқазанына) және оның дамуына иондық сәулелердің өтуімен кері әсерін тигізеді. Радиоактивті ластану –альфа,–бета және –гамма иондық сәулелерінің әсер етуінің және апат кезінде ядролық реакциядан радиактивті элементтер мен заттардың (радиоактивті шлак, шаң, ядролық азықтың бөліктері) бөлінуінен, сонымен қатар әртүрлі радиоактивті сәулелердің шығуының нәтижесінде пайда болады.
Радиациялық апатқа қалай дайындалу керек?
Мекеніңізге жақын орналасқан барлық радиациялық қауіпті объектілердің құрамын анықтап, олар туралы толық та, нақты мағлұмат алыныңыз.
Жабдықтың дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына, радиациялық қауіпті объекті жөнінде хабарландыруды жақын жерде орналасқан ЧС-тен білуіңізге болады.
Радиациялық апат кезінде әрекеттеріңізді рет ретімен орындау жөнінде инструкцияны назар аударып оқыңыз. Апат кезінде қолданылатын қажетті заттардың қорын жинап қойыңыз.
Радиациялық апат туралы хабарлаған кезде не істейміз?
Көшеде жүрсеңіз тыныс алу органдарыңызды орамалмен және шарфпен бүркеп, тезірек ғимаратқа кіруге асығыңыз. Ғимаратқа кірген соң, киім кешегіңізді шешіп, оны пластиктен жасалған пакетке салып, душ қабылдаңыз. Терезе, есіктеріңізді жауып қойыңыз. Теледидар немесе радио қосып болған апат жөнінде жергілікті билік органдарынан толық мағлұмат алыңыз. Бүкіл вентиляция, терезедегі барлық тесіктерді жауып, бітеп, қажеттілігі болмаса, ол жерге жақындамаңыз. Вакумдық ыдыстарда су қорын жинаңыз. Ашық азық-түліктерініңзді полиэтилендік қаппен қаптап, тоңазтқышқа салыңыз.
Тыныс алу мүшелерін қорғау үшін респиратор, мақтадан жасалған таңғыш немесе матадан жасалынған таңғышты сулап қолданыңыз. БАҚ-тың хабарландыруынан кейін колий йодын бір таблеткадан 7 күн бойы ішіңіз, ал балалар үшін ¼ бөлікті таблеткадан беріңіз. Калий йоды жоұ болса, йод ерітіндісін бір стакан суға 3-5 тамшы, ал балалар үшін 1-2 тамшы қосып қабылдаңыз.
Радиактивтң ластанған аумақта не істеу керек?
Радиактивті заттардың ағзаға әсерін әлсірету үшін:
ғимараттан қажетілігі болмаса шықпаңыз, шыққан жағздайда респиратор, плащ, резенке етік жіне қолғап киіп шығыңыз,
ашық ортада шешінбеңіз, отырмаңыз, темекі шекпеңіз, ашық су аумағында суға түспеңіз, саңырауқұлақ, жеміс-жидектер ж инамаңыз.
Ғимаратқа кірер алдында аяқ киіміңізді жуып, сыртқы киіміңізді қағып, сүртіп киіңіз.
Суды тек таза тексерілген көздерінен алып, ал азық түлікті дүкендерден сатып алыңыз.
Тамақ ішер алдында қолыңызды, ауызыңызды 0,5 пайыздық ерітіндідегі ас содысымен шайып жуыңыз.
Осы берілген мағлұматтар сізге сәулелену аурыуынан алдын алуына көмектеседі.
Радиациялық жеңіліс.
Радиациялық жеңіліс апат болған орынына байланысты радиациялық –гамма және –бета сәулелерінің сұйық, аэрозольді, газ түрінде болады. Ол нақты шарттарға байланысты (апат түріне, орнату типіне, аумақ ауданына) адамға әсер етуі мүмкін:
-Радиактивті әртүрлі газ;
- сыртқы ортаның ластанған объектілерінің әсер ететін сәулесі;
-тыныс алу жолында, терідегі жіне көздің сыртқы кабыршағында радиактивті заттардың болуы;
- құрамында нуклидтер бар ауа, тамақты қолданғанда;
Әрбір үйлесімді компотненттердің әсер етуі әр түрлі болады. Әрбір жағдайда радиациялық жеңістің денеге «қосымша» сәуле әсер етуі, оның таралу кезеңіне, мөлшеріне байланысты болады.
Алғашқы көмек (кейінгі қалдырылмайтын әрекеттер). Қажет:
-иондық сәулеленуден қорғану;
- радиопротектор, тұрақты йодты қабылдау;
- жақын арада профилактикалық-ем мекемелеріне жүгәну керек;
- дезактивация жасап, яғни ыссы су мен сабынмен щеткамен жуыну керек.
МЕханикалық жарақат немесе термиялық күйік шалу кезінде істеген жөн:
Жарақаттты дезинфицириялық сумен жуу керек
Радионуклидтерден айыру үшін перекиспен обраюотка жасаңыз.
Жарақат сыртына асептикалық таңғышпен байлаңыз:
Сезімсіздендіргіш таблеткасын беріңіз.
Жоғарыда көрсетілген сыртқы сәулеленуден қорғану әрекеттерінің негізі болатын-гамма сәулеленудің қайнар көзі рентгендік және нейтрондық сәулеленулермен жұмыс жасағанда да таралады.
Рентгендік және кейбір нейтрондық сәулеленудің қайнар көздері тек өздеріне тән құралдардың іске қосылуымен ғана әсер береді; сөндірілген құралдар сәулеленудің қайнар көзі болып табылмайды; сондықтан олар ешқандай қауіп төндірмейді. Сонымен қатар, нейтрондық сәулелену қосымша сәулелену қайнар көзі бола алатын және құралдардың сөндірілген күйінде де әсер етуін туындататын кейбір нейтрон сәулесін қабылдайтын заттарды қоздыра алады.Осыны еске ала отырып,осындай қосымша ионданатын сәулеленудің қайнар көздерінен қорғанудың өзіне тән жолдарын қарастыру керек.
Ағзаға түсетін,кейін ішкі сеулеленуге әкеліп соқтыратын айқын түрде қауіп төндіретін ионданатын сәулеленудің қайнар көздерінің ашық түрімен жұмыс жасағанда,сыртқы сәулелену қауіпінде болдырмау үшін,жоғары да айтылған әрекеттердің бәрін орындау қажет.Әр түрлі ішкі сәулеленудің алдын алу бағытына арнаулы әрекеттердің толық кешені қарастырылады.Олардың барлығы дерлік радиоактивті заттардың ағзаға әсер етуін және осы заттардың беткі теріге және сілемейлі қабаттарына зиянын ескертеді.
Радиоактивті заттармен жұмыс істеу үшін арнаулы жұмыс орны жабдықталады.Жұмыс бастамас бұрын,жоспарда немесе жабдықталу алдында,қызметкерлердің сәлеленудің қайнар көздерімен және олардың пайда болуына әсер ететін қайнар көздерімен байланыс жасамауын толық түрде бөлменің қорғалуын қарастырады.Сипаты мен күштілігі әр түрлі қайнар көздерімен жұмыс жасағанда да жұмыс орындары қорғалынып,алдын алушаралары жүргізіледі.
Электромагниттік сәулелену.Қайнар көздері.Түрлері.Қорғану тәсілдері.
Адамға тіршілік жағдайларында табиғи магниттік өріс(жердің магниттік өрісі,күннің радиосәулеленуі,атмосфералық электр қуаты),сонымен қатар жасандыэлектромагниттік өріс әсер етеді.Табиғи электромагниттік өріс мыңжылдар бойы тұрақты болып,жасанды электромагниттік өрістерді деңгейі соңғы он жылда қатты өскен.Жасанды электромагниттік өрістердің қайнар көзіне:өндірісте қолданылатын төмен жиілікті диапазонды электромагниттік өрістер (термикалық барлау);жоғары жиілікті өріс (радиобайланыс, медицина, ТВ, радиохабарлау);өте жоғары жиілікті диапазонды электромагниттік байланыс(радиолакация,навигация,медицина,ұялы байланыс), тағы сол сиякты .Электромагниттік өрістерді өндірісте қолдану еңбек өрісінде жеңілдік тудырады,алайда оның қызметкерлерге де әсері жоқ емес.Электромагниттік өрістер барлығына өтімді,жарық жылдамдығымен таралуға және сезім мүшелеріне байқалмауға қабілетті.Адамның сезім мүшелері жиілікті диапазонды электромагниттік өрістерді қабылдамайды,адам өзі сәуле қабылдау деңгейі мен төнген қауіпті қадағалай алмайды.
Электромагниттік сәуледен адамға әсер ету деңгейі сәуленің интенсифтілігіне,жиілігіне және әсер ету уақытына байланысты.Үлкен интенсифтік өрістің адамға ұзақ уақыт әсер беруі адамның күйзелу күйіне,шаршаңқы болуына,ұйқыға әуестігіне,уйқының бұзылуына,бастың ауыруына,гипертонияға,журек тұсындағы ауырлыққа әкеліп соқтырады.Өте жоғары жиілікті өрістің әсері адамның қан құрамының өзгерісіне,көздің ауруына әсер етеді.
Электрлік және магниттік өрістердің жиынтығы электромагниттік өріс деп аталады (ЭМӨ). Электромагниттік сәуле(ЭМС) кеңістікте өзара байланысты жылдамдықпен таралатын және бір-бірінсіз пайда болмайтын өзгермелі электрлік және магниттік өрістерді көрсетеді.Олар толқындар мен кванттық құрамға ие.Толқынның құрамына ЭМС-нің кеңістікте таралу жылдамдығы (С), ауданның тербелу жиілігі (F) және толқын ұзындығы (ƛ) жатады.Атмосферада ЭМС-нің барлық түрінің таралу жылдамдығы 3000 км/сек-қа жуық.Табиғи ЭМӨ-нің қайнар көздері: Атмосфералық электр,ғарыштық сәулелер,күн сәулесі.Жасанды ЭМӨ-нің қайнар көздері: генераторлар,трансформаторлар.антенналар,лазерлі қондырғылар,қысқа толқынды пештер,компьютер мониторлары және тағы сол сияқты.ЭМӨ-нің қайнар көздері жиілікті-бұл барлық электрлік құралдар,электрөткізу сызықтары.ЭМӨ-нің өзгермелі түріне екі өзара байланысты өрістерден:электрленген(Е,В/м) магниттеген(Н,А/м) жатады.ЭМӨ-нің сипаттамасы: толқын ұзындығы( ƛ,м); тербелу жиілігі (F,Гц); таралу жылдамдығы (С,м):
ƛ=c/f
Электрмагниттік толқын ұзындығы әр түрлі болып келеді: орналасу ретіне қарай 103м(радиотолқындар) және 0-8м(рентген сәулелері).Жарық кең көлемді электромагниттік толқынның керекті бөлшегін құрайды.Осы құрамды спектрдің бөлімін зерттей отырып,басқа да ерекше құрамды сәулелерді ашқан еді. Сәулелердің арасында қатаң айырмашылық жоқ.Барлық сәулелер зарядталған бөлшектердің жылдам қозғалысынан туындаған электромагниттік толқындарды көрсетеді.Электрмагниттік толқынды зарядталған бөлшектің соңғы қозғалысынан анықтайды. Сәулелену шкаласының аудан шекаралары шартты түрде берілген. Әр түрлі ұзындықты толқындардың сәулелері бір-бірінен оларды қабылдау тәсілмен және оларды тіркеу түріне қарай айырмашылықтары болады:(антенна сәулеленуі;жылулық сәулелену;жылдам электрондардың қозғалысың тоқталуының сәулелену т.с.с.).
Барлық көрсетілген электромагниттік сәулелердің түрлері ғарыштық заттармен де туындайды және оларды жердің жасанды серіктерімен ;ракеталармен; және ғарыштық кемелермен сәтті зерттелуде.Ең алдымен бұл түрге атмосфераны жоғары жұтатын рентген және гамма сәулелеріне қатысты.Мөлшерлемелі айырмашылығы бар толқын ұзындығының бағамнан төмендеуі сапалық айырмашылыққа әкеп соқтырады.Әр түрлі толқын ұзындықты сәулелер бір-бірінен заттардың жұтылуына қарай айырмашылықтары болады.Қысқа толқынды сәулелер (рентгендік және әсіресе,гамма сәулелер) әлсіз жұтылады.Оптикалық диапазонды толқындарға мөлдір емес заттар осы сәулелерге мөлдір болып келеді.Электромагниттік толқынның шағылу коэффициенті толқын ұзындығына тәуелді. Ұзын толқынды және қысқы толқынды сәулелердің ең басты айырмашылықтары-ол қысқатолқынды сәулелер жиілік құрамын анықтайды.
Радиотолқындар---(F)105-1011Гц
Радиотолқынды тербелмелі контур және макроскопиялык вибратордың көмегімен алады.
Құрамы:Әр түрлі жиілікті және әр түрлі толқын ұзындықты радиотолқындар әр түрлі жұтылады және шағылады,дифракция және интерференция құрамын көрсетеді.
Қолданылуы:Радиобайланыс,ТВ,радиолокация.
Инфрақызыл толқындар(жылулық)---(F)-3*1011-4*1014Гц
Заттың молекулаларымен және атомдарымен сәулеленеді.Инфрақызыл толқынды кез-келген температурада барлық дене бере алады.Адам баласы толқын ұзындығы ƛ-1,9*10*-6м болатын электромагниттік толқынды қабылдайды.
Құрамы:
1)Кейбір мөлдір емес денелерден,жаңбырдан,түтіннен,қардан өтеді.
2)Фотопластиналарда химиялық реакция тудырады.
3)Заттарды жұтады және қыздырады.
4)Германияда ішкі фотоэффект тудырады.
5)Көрінбейді.
6)Интерференция және дифракция пайда болуына қабілетті.
Инфрақызыл сәулелену жылулық,фотоэлектрлік және фотографиялық әдістермен тіркеледі.
Қолданылуы:қараңғылықта,түнгі барлауда(түнгі бинокль),тұманда заттың кескінін алады.Криминалистикада,физиотерапияда,боялған заттарды,ғимарат қабырғаларын ,жемістерді кептіру өндірісінде қолданылады.
Көрінетін сәуле-көзге көрінетін электромагниттік сәулеленудің бөлігі(қызыл түстен-күлгін түске дейін) жиілігі—(F)-4*1014-8*1014Гц
Құрамы: шағылады,сынады, көзге әсер етеді, дисперсия, интерференция. дифракцияның пайда болуына қабілетті.
Ультракүлгін сәулелену—(F)-8*1014-3*1015Гц(күлгін жарықтан көбірек).
Қайнар көзі: газдыразрядталган кварцты түтікшелі лампалар(кварцты лампалар).Температурасы t>1000*C болатын барлық қатты денелерде,бумен жарықтанатын ртута бөлшектерінде сәулеленеді.
Құрамы:жоғары химиялық белсенді(күміс хлоридінің құрамында,мырыш сульфидінің кристалының жарқырауында көрінбейді),өтімділігі өте жоғары, микро ағзаларды өлтіреді.Аз мөлшерлі көлемде адам ағзасына әсері бар(күнге күю),ал көп мөлшерлі көлемде биологиялық кері әсерін тигізеді;жасуша дамуында және зат алмасуыда өзгерістер,көзге әсері бар.
Қолданылуы: медицинада,өндірісте.
Рентген сәулелері-электрондардың үлкен жылдамдығында сәулеленеді, мысалы, металлда электрондардыі тоқтауы.Рентген түтіктері арқылы алады: вакуумды түтіктегі электрондар жоғары қуатта электрлі ауданда жылдамдырақ қозғалады да(р=10*3-10*5Па),анодқа жетіп,соқтығусы әсерінен күрт тоқтайды.Электрондар тоқтау сәтінде жылдам қозғалып,электрмагниттік толқын сәулеленеді(100-ден 0,01нм-ге дейін).
Құрамы:интерференция,кристалл торындағы рентген сәулесінің дифракциясы, өте жоғары өтімділік қабілеті бар. Өте көп мөлшерде сәулелену түрлі ауру тудырады.
Қолданылуы: медицинада(Ішкі органдарының ауруына),өндірісте (әр түрлі бұйымдардың құрылымын бақылау,бекітпе тігістері).
Иондык сәулелену—(F)-3*1020Гц-және жоғары)
Қайнар көзі: атом ядросы(ядролық реакциялар).
Құрамы: өте жоғары өтімділік қасиетке ие,өте қатты биологиялық әсер көрсетеді.Қолданылуы: медицинада,өндірісте(д-дефектоскопия).
Иондық сәуленің түрлері:
-альфа сәулелері(гелий ядросы)
-бета сәулелері(электронды және позитронды )
-гамма сіулелері(фотонды және электромагнит)
Радиоактивті құлдырау берілген изотоптары бар сәулелермен жүреді:көміртегі (14) және стронций (90)-бета белсенді,ал йод(131)-бета және гамма белсенді.Барлық радиоактивті заттар өзінің өзгермеген және бір изотоппен болатын жартылай құлдырау кезеңі болады: йод(131)-8,04 күн; цезий(137)-30жыл;стронций(90)-90жыл;уран(238)-4,5млрд жыл.
Электрлі магнитті өрістен биологиялық әсерлерді дәстүрлі түрде қарастыру кезінде әсер етудің негізгі механизмі ұлпалардың жылудың әсерінен зақымдануы болып табылады деп есептелінген. Осының негізінде көптеген елдерде қауіпсіздік стандарттары жасалды. Алайда, соңғы уақытта өрістің жылу әсеріне жеткіліксіз қарқындылығы кезінде тірі ағзаның электрлі-магнитті өрісінің өзара әсер етуінің басқа да жолдарының бар екені туралы дәлелдемелер көптеп пайда бола бастады. Осы әсерлердің байқалымдарының қатарына қатерлі ісік және гормоналды аурулар және көптеген басқалар жатады.
Дәріс 14. Радиациялы және химиялық барлау. Медициналық шаралар. Қорғану құралдары. Ұжымдық және жеке қорғаныс заттары. Басты ұйымдар мен құтқару және басқа да маңызды жұмыстарды жүргізу (ҚжБШЖ). ҚжБШЖ жүргізу мақсаты, мазмұңы және шарттары. Оларды жүргізуге арналған күштер мен құралдар.
Төтенше жағдайлар Қызметінің күш әрекетін қамтамасыз ету – бұл ТЖ сәтті жою үшін жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылатын және жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.
Олардың бір түрі барлау және радиациялы (химиялық)қорғаныс болып табылады.
Барлау – сұрапыл апат, қирау, апат болған аудандардың, сонымен қатар апатты құтқару және басқа да маңызды жұмыстарды орындау объектілері мен үлескілердің жағдайын және табиғи ортасының күйі жайында мәліметтерді зерттеу, жалпылау, жинау бойынша ТЖ Қызметі және басқару органдары жүргізетін шаралар жиыны.
Шешілетін тапсырманың сипаты мен барлау мәліметтерін алу тәсілдері бойынша орындалады:
Бақылау жүйесі мен зертханалық бақылау (БЖЗБ),
Жалпы және арнайы барлау органдары.
БЖЗБ мекемесі қауіпті объектілер мен қоршаған ортаның жағдайын бақылау және қадағалауды жүзеге асырады, ТЖ мен олардың салдарының туындауын болжайды және бағалайды.
Жалпы Барлау басқару органдарымен және СТЖ (ҚР МО әскері және т.б.) күштерімен ТЖ аудандарындағы жағдай жайында мәліметтерді жинау, азап шеккендердің саның анықтау, қираудың сипаты мен деңгейін, қауіпті салдардың таралу мүмкіндігінің бағытын анықтау мақсатындаорындалады.
Жалпы Барлау барлау отрядтарымен, МО Әскері жіберген бақылау посттарымен және топртарымен орындалады, сонымен қатар әскерленбеген түрлер мен басқа да ТЖ жоюға қатысатын күштермен орындалады.
Радиациялы және химиялық барлау арнайы барлаудың құрамына кіреді.
Ол жағдайдың сипатын жайында толық мәлімет алу үшін орындалады және ұйымдастырылады.
Радиациялы және химиялық барлау мына мақсаттарды ұйымдастырылады:
Ауаның, судың және жергілікті жердің радиоактивті және химиялық заттармен улануын уақытында байқау;
Уланудың деңгейі мен сипатын анықтау;
Химиялық уланған үлескілердің ең аз радиация деңгейімен бағытталуын және жолын іздеу;
Халықтың және әскери бөлімшелердің радиациядан және химиядан қорғануының оңтайлы тәртібін еңгізу.
Барлаудың барлық түрін ұйымдастыруға мыналар кіреді:
- барлау жүргізудің мақсатын, міндетін және ауданың (объект) анықтау;
- күштер мен құралдарды бөлу;
- тапсырманы жобалау;
- өзара әрекет етуді ұйымдастыру;
- барлау органдарын басқару мен байланысуды ұйымдастыру, олардың әрекетін қадағалау;
- барлау мәліметтерін жинауды және өңдеуді ұйымдастыру мен олардың МО бастығына (ТЖ бойынша комиссия өкілі)және басқару органдарына өз уақытында жетуін қамтамасыз ету.
Барлауды жоспарлау алдын ала жүзеге асырылады. Барлау жоспары карта, сұлба қосымшаларымен мәтінді орындалады немесе түсініктеме жазбасмен картада орындалады.
Планда көрсетіледі:
- барлау мақсаты, міндеті және объектілері;
-күштер мен құралдар құрамы, олардың міндеті;
- барлау күшін қамтамасыз етуді орындау;
- байланысты ұйымдастыру реті, барлауды басқару және өзара әрекет ету.
Түсініктеме жазбада көрсетіледі:
- мақсаттар, негізгі міндеттер және олардың орындалу реті;
- қажетті анықтама қағаздары мен есептер дайындалады.
