- •Қ азақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
- •5В072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 4 курс студенттеріне арналған
- •(Силлабус)
- •1.3 Міндеттері:
- •1.5 Оқытудың нәтижелері:
- •2. 5В072000 - «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтарының күндізгі оқу түрінде оқитын 4 курс студенттеріне
- •2014-2015 Оқу жылының 1 семестріне арналған арналған пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Пәннің мазмұны
- •3. Дәріс жоспары
- •5. Баөж тапсырмаларын орындау кестесі
- •6. Баоөж сабақтарын және қосымша сабақтарды жүргізу реті
- •7. Студенттерге қойылатын талаптар
- •8. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Қ азақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті
Машина жасау факультетінің
5В072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 4 курс студенттеріне арналған
М 25.1 «Химиялық өндірісті жобалау»
модульінің «Шыны және силикатты материалдардың химиялық технологиясы»
пәні бойынша оқу бағдарламасы
(Силлабус)
Орал – 2015ж.
КЕЛІСІЛДІ «Машина жасау» факультетінің ОӘБ төрайымы _________Деликешева Д.Н. «___» _________ 2015 ж. |
БЕКІТЕМІН «Машина жасау» факультетінің
деканы _____________Шакешев Б.Т. «___» _________ 2015ж. |
М 25.1 «Химиялық өндірісті жобалау»
модульінің «Шыны және силикатты материалдардың химиялық технологиясы» пәні бойынша (таңдау бойынша компонент)
оқу бағдарламасы ( силлабус)
Құрастырушы: аға оқытушы Ермуханова С.Т.
«Химия және химиялық технологиясы» кафедрасы
«Машина жасау» факультеті, 409 - кабинет
Оқу бағдарламасы (силлабус) 5В072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде әзірленді
Кредит саны – 3/
Дәріс – 15 сағат
Практикалық – 30сағат
БАОӨЖ – 25 сағат
БАӨЖ – 65 сағат
Барлығы – 135 сағат
Бақылау түрі – емтихан
Кафедра отырысында талқыланды «___»___________201_ ж. №______хаттама
Кафедра меңгерушісі т.ғ.к._________ Алмагамбетова М.Ж.
Пәннің сипаттамасы Пән студентердің циклына кіретін негізгі арнайы пәндердің бірі болып табылады. Ол глиназем және хром, силикатты материалдар өндірісінің технологиясын оқытуды қарастырады. Пән жалпы және бейорганикалық химияның және физикалық химияның білім негізін болжайды. Пәнді оқу кезінде студент жинақтаған білімдерін теориялық және практикалық есептер шығару үшін қолдана алады.
1.1 Пәннің пререквизиттері: «Жалпы химиялық технология», «Бейорганикалық қышқылдардың, тұздардың және негіздердің химиялық технологиясы».
1.2 Пәннің оқыту мақсаты: шыны және силикатты материалдар өндірісінің өндірістік әдістерінде қолданылатын шикізат түрлерінің негізгі өнімі және технологиясы туралы студенттерге түсінік қалыптастыру.
1.3 Міндеттері:
Шыны құраушы химиялық-минералдық құрамын және оларды өңдеу әдістерін, кристализация және электрокрундтарды қалыпқа келтіруді үйрену;
даму сатыларын үйрену және силикатты материалдардың электротермиясын зерттеу;
қолданылатын әдістің технологиясын және кең тараған процестерді үйрену;
шыны және силикатты материалдар өндірісінде материалдық және жылу ағындарын есептеу;
шыны, ситал, керамикалық бұйымдар және материалдар, бастапқы заттардың сапа көрсеткіші мен қасиеті және негізгі өнімдер мен жартылайөнімдердің өндірісімен байланысты негізгі технологияны үйрену;
1.4 Пәннің қысқаша мазмұны: Курсты оқу кезінде студент тұтқыр заттарды жіктеу, шыны, ситал, силикатты матерниалдар мен керамикалық бұйымдар және материалдар өндірісінің технологиясын үйрену керек.
