Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Standarty_GEK_2015_kaz_Terapia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
273.2 Кб
Скачать

1) Бөлме жылы және тыныш болу керек;

2) Тексерушінің қолы жылы,тырнағы қысқа алынған болуы керек;

3) Қолды гигиеналық деңгейде жуыңыз;

4) Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз;

5) Науқастың оң жағында тұрыңыз;

6) Перкуссияны қабырғааралық бойынша ашық дыбыстан тұйық дыбысқа қарай жүргізіңіз;

7) Жүректің үш шекарасын анықтаңыз;

8) Перкуссияны науқастың жағдайына байланысты отырғызып,тұрғызып,жатқызып жасайды;.

Жүректің оң жақ шекарасы:

Оң жақ өкпенің төменгі шекарасын бұғана орта сызығымен VI қабырғаға дейін анықтаңыз;

1) Қалақша саусақты табылған шекарадан бір қабырғааралық жоғары қойып,анықтайтын шекараға паралелль қойып перкуссия жүргізіңіз (қ.ж IV қабырғааралық);

2) Қалақша саусақты төске қарай жылжыта отырып,тұйықталған дыбыс пайда болғанша тыныш перкуссия жүргізіңіз;

3) Саусақты анық дыбыс естілген жағынан белгілеңіз.Бұл жүректің салыстырмалы оң жақ шекарасы;

Жүректің сол жақ шекарасы:

1) Пальпация арқылы жүрек соғысын анықтаңыз;

2) Жүрек соғысы анықталған қабырғааралықпен (V қабырғааралық) алдыңғы қолтық сызығына қалақша саусақты паралелль қойып перкуссия жүргізіңіз

3) Қалақша саусақты V қабырғааралық бойынша алдыңғы қолтық сызығына қиғаш қойып,анық дыбыстан бәсең дыбысқа өткенше перкуссия жасаңыз;

4)Қалақша саусақтың дыбыс анық естілген жағынан белгілеңіз,бұл жүректің сол жақ шекарасы;

Жүректің жоғарғы шекарасы:

1) Қалақша саусақты II қабырғааралыққа көлденең қойып,төстің сол жақ шетінен 1 см сыртқа қойып,төмен қарай анық дыбыс бәсең дыбысқа өткенше перкуссия жасаңыз;

2) Қалақша саусақтың дыбыс анық естілген жағынан белгілеңіз,бұл жүректің жоғарғы шекарасы;

Ескерту:

  1. Жүректің оң жақ шекарасы-қалыпты жағдайда IV қабырғааралықта төстің оң жақ шетінен 1-1,5 см сыртқа;

  2. Жүректің сол жақ шекарасы-қалыпты жағдайда V қабырғааралықта 1-1,5 см ішке сол жақ бүғана орта сызығынан;

3) Жүректің жоғарғы шекарасы-III қабырғааралық тұсында;

Жүректі тындау әдісін жасап көрсетіңіз.

Жүректі тыңдау

Мақсаты: жүректің жұмысы кезінде пайда болган үндерді тыңдау және бағалау.

Көрсеткіші: аритмиялар,туа пайда болған және жүре пайда болған жүрек ақаулары,анемиялар,артериялды гипертезия,өкпе –жүрек жетіспеушілігі,миокардит,эндокардит,перикардиттер,кардиомиопатиттер,тиреотоксикозда

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ

Асқынулары: жоқ

Керекті заттар: сабын бір реттік сүлгі,кушетка,төсек жаймасы.

Жасап көрсетер реті:

-бөлме жылы және тыныш болуы керек

-тексерушінің қолы жылы және тырнағы алынған болуы керек

-фонендоскоп жылы және дұрыс жұмыс істеуі керек

-қолыңызды гигиеналық деңгейде тазалап жуыңыз

-науқастың беліне дейін шешінуін сұраңыз.

-науқастың оң жағында тұрыныз.

-фонендоскопты спиртпен сүртіп науқастың денесіне тығыз басыңыз.

- жүрек клапындарын тындау жүргізілетін 5 негізгі тыңдау нүктелерін науқастан анықтаңыз .

-фоендоскопты тыңдау нүктелеріне қойыңыз:

a) жүрек ұшында митрльді клапын

б) 11 қабырға аралықта төстің оң жағында аорты клапына

в)11 қабырға аралықта төстің сол жағында өкпе артериясың клапыны

г )төстің семсер бөсіндісінің түбінде үш жақтаулы клапыны

д) III-IV қабырғаның төстің сол жақ шетіне бекітілген жерінде Боткин-Эрба нүктесі аорта клапына.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]