Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Standarty_GEK_2015_kaz_Terapia.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
273.2 Кб
Скачать
  1. Науқасты тез арада жерге жатқызып, таза ауамен қамтамасыз етіңіз.

  2. Науқастың жағдайын бағалаңыз: пульс, артериялық қан қысымын, тыныс алу жиілігін,тері жамылғысын, есін, мүмкін болса туысқандарынан сұраңыз (қант диабетімен ауыратындығын, қандай препарат қабылдағанын , не жегенін стресты жағдайда болғандығын, инфекциялық ауруларын, жарақаттарын).

  3. Экспресс әдіспен қан мен зәрдегі қант пен ацетонды анықтыңыз.

  4. Тез арада дәрігерді шақырыңыз

  5. Инекция жасауға препараттарды дайындаңыз.

  6. Диабеттік кома диагнозы қойылған соң емі сағаттан жүргізіледі.

  7. Дәрігер нұсқауы бойынша енгізіңіз:

1 – ші сағат ішінде:

  1. Көк тамырға тамшылатып натрий хлоридының изотоникалық ерітіндісін жалпы көлемі 1500 мл.

  2. Қысқа әсерлі иинсулин -12 ЕД 500мл натрий хлоридының изотонткалық ерітіндісімен бірге көк тамырға тамшылатып 1 сағат ішінде.

  3. Егер қанның рН -7,0ден аз болса, натрий бикарбонатының енгізеді. 100 мл / сағат саппен енгізеді. Натрий бикарбонаты 11,9 ммоль-ге сәйкес 1 сағат ішінде енгізілетін сұйықтықтың көлемі 1,5 л аспау керек.

2-ші сағат ішінде:

  1. NaGI изотоникалық ерітіндісін енгізу жалғасады.

  2. 1 сағат ішінде көк тамырға инсулин 12 ЕД- 500 мл нартий хлоридының изитоникалық ерітінлдісімен бірге

  3. Физиологиялық ерітіндімен бірге хлорлы калий ерітіндісі (10% -15,0)

  4. Осы дозамен хлорлы калий 4-5 сағат ішінде әр сағат салынады. 2-ші сағатта енгізілетін сұйықтықтың көлемі 1 л. Сондықтан сағат сайын 0,5 г.

  5. Егер 1-ші сағат ішінде натрий бикарбониты енгізілсе, онда 2-ші сағатта қосымша хлорлы калий енгізіледі 1-1,5 г (10-15мл -10% ерітінді ).

Келесі кесте ұсынылады:

  1. 1-ші сағатта 1-2 л сұйықтық енгізіледі.

  2. 2-ші сағат және 3 сағатта 500 мл

  3. Сондықтан әр сағат сайын 250 мл

  4. Алғашқы 24 сағатта сұйықтықтың жалпы көлемі 4-7л

  5. Қолдағы глюкоза көлемін әр сағат сайын анықталуы керек.

Ескерту:

Метаболикалық ацидоздың емі жүрек қан тамыр жүйесінің және тыныс алу жүйесінін функциясын жақсартуға, қанды оттегімен қамтамасыз ету. Тындермен мүшелердің микроцеркуляциясын және перфузиясые қалпына келтіру ге бағытталуы керек.

Диабеттік кома: Жүктілікке дейін.

Қант диабеті ақырын дамиды және аурудың басқа кезінде науқастарға білімбей өтеді. Жүктілік кезінде анықталады көбінесе жүктіліктің II- ші жартысында. Дерт бұл кезеңінде тез үдейді және жүктілер стационарға ауыр халде түседі.

Гипогликемиялық комадағы жедел көмек көрсету.

Мақсаты:комадан шығару, қандай қант төмендеуінен байланысты науқастың жалпы жағдайын жақсарту.

Көрсеткіші: жартылай немесе толық есін жоғалту, қандаңғы глюкозаның төмендеуінен инсулинді көп енгізу.

Қарама – қарсы көрсеткіші: жоқ.

Асқынуы: қауыпты асқынуы- ми ісіну ол менингиальді симптомдармен , құсумен, гипертермиямен, тыныс алу мен жүрек жүмысын бұзылуымен көрінеді.

Керекті құрал жабдықтар: 40%-20,0-80,0 глюкоза ерітіндісі, немесе 1,0-1,5 л 5% глюкоза ерітіндісі, глюкометр 150-200мг, аминолон, кавиритон, церенбролизин, штатив, пинцет, стерильді мақта шариктері, 70%спирт, лейкопластер, қолғап, бір рет қолданылатын2,5,10,20мл шприц, система зеңбіл, фантом адам муляжы, кушетка, тонометр, фонедоскоп қыша қағазы, жылытқыш, марлі салфеткасы

Іс-әрекет алгоритмі:

Жеңіл гипогликемиялық жағдайды жою үшін (есі сақталған) науқасқа 20 г глюкоза (1 стакан жеміс шырыны немесе лимонад; немесе 4-5 түйір қант немесе 5-6 леднции немесе конфет) беру қажет. Гипогликемиялық жағдай басылмаса,тағы қайталап беру қажет(5-10 минуттан кейін) . Ұстама басылғаннан кейін баяу сіңетін тамақ ішу қажет, ұстама қайталамау үшін.

Естен танған ауыр гипогликемиялық жағдайда:

1. тез арада дәрігер шақыру;

2.дәрігер тағайындауы бойынша 40%-40-80 мл глюкоза ертіндісін к/т бірден енгізу ,

көмектеспксе глюкозаны қайталап енгізу керек..

3. егер есіне келмесе 5%- 1-1,5 л глюкоза ертіндісін к/т бірден енгізу.

4. гликемия мөлшері әрбір 30 минут сайын өлшенеді.Гликемияны 6,0-9,0 мм/л.мөлшерінде ұстау керек.

5. қарқында жүргізілген шарадан кейін есі 15-20 минуттан кейін кіреді.

6.егер науқас есіне келмесе ,г гидрокортизон ертіндісін 150-200 мгмөлшерінде к/т немесе б/е енгізеді.

7. гипогликемиялық комадан шыққаннан кейін ОЖЖ клеткаларында қан айналымды және белок және углевод зат алмасуын жақсартатын дәрілер енгізу керек.(глютамин қышқылы , аминолон, кавинтон, церебролизин и т.б.).

Ескерту:

1.Гипогликемиялық кома кезінде инсулин енгізу науқас өміріне қауіпті.

2. Гипогликемиялық кома жүктілікке дейін. Жүктіліктің әр мерзімінде күшеюі мүмкін, әсіресе 11 жартысында.

3. Диабетпен ауыратын науқас жүктіліктің барлық кезеңінде инсулин мөлшерін реттейтін дәрігердің қатаң бақылауында болуы керек.

Анафилактикалық шокта жедел көмек көрсету.

Мақсаты: шокты болдырмау,тыныс алуды және мүшені қанмен қамтамасыз етуді қалпына келтіру

Көрсеткіші:

Қарама-қарсы көрсекіші: жоқ

Мүмкін болатын асқынулары: жедел көмекті уақтылы көрсетпеуде,негізгі мүшелердің функциясының төмендеуі,жүрек қызметінің бұзылуы,өлім.

Кеш кездесетін асқынулар: (аллергииялық миокардит,гепатит,гломерулонефрит,неврит,жүйке жүйесінің диффузды зақымдануы),науқастың өліміне себеп болады.Шоктан кейін 1-2 аптадан соң бронх демікпенсі,қайталанған есекжем,Квинке ісігі пайда болады,ал дәрілік аллергендермен жиі байланыста болса-«коллагенді аурулар»(жүйелі қызыл волчанка,түйінде периартерит).

Қажетті заттар: көк тамырдан ерітінділерді құюға арналған штатив,пинцет,залалсыздандырылған мақта шариктері,этиль спирті 70%,лейкопластырь,залалсыздандырылған қолғап,бір реттік шприцтер-5мл,10мл,20мл,бір реттік система,зембіл,тонометр,фонендоскоп,марлі салфетка,0,1% адреналин ерітіндісі,жылытқыш,мұзды мұйық,1%-1мл мезатон ерітіндісі,преднизалон,1% димедрол,тавегил ерітіндісі немесе 2% супрастин ерітіндісі,5% глюкоза ерітіндісі,0,2%-2мл норадреналин ерітіндісі,2,4%-10 мл эуфиллин ерітіндісі,0,05%-1мл строфантин ерітіндісі.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Тез арада реакция шақыратын аллергенді тоқтату;

  2. Науқасты кушеткаға жатқызу (басын төмендету),басын бір жағына бұру тіліне тұншықпау үшін және құсығына тұншықпау үшін,төменгі иегін алға жылжытыңыз,тіс протезін анықтау;

  3. Инъекция салатын орыннан жоғары жгут байлау (25минутқа),егер антиген аяқ-қолына салынса;

  4. Тезарада дәрігер және реанимация бригадасы шақырылады

  5. Тіл астына (тамырды іздеуді жоғалтпау үшін)

  6. Адреналин 0,3-0,5 мл 0,1 % ерітіндісін бұлшықетке енгізіңіз (балаларға 0,05-0,1 мл /жасына), адреналинді физерітіндімен 10 рет ерітіп (0,01% ерітіндіалу үшін ) көктамырға енгізу

  7. Дәріні енгізген аймақта адреналин 0,2-0,3 мл 0,1% ерітіндісімен 4,5 мл физ.ерітінді және аллергеннің алдын алу үшін мұзды мұйық қою

  8. Аллергеннің түсуінің алдын алу үшін физиологиялық ерітінді және мұзды мұйық қою

  9. Науқасты жылылаңыз,жылытқыш, жылы тамақтандыру

  10. Бөлмені ылғалды ауамен желдетіңіз;

Дәрігердің тағайындауымен:

  1. 0,3-05 мл 0,1% адреналин ерітіндісін 0,2% норадреналинді теріастына енгізіңіз немесе дененің әр бөлігіне әрбір 10-15 минут сайын1% мезатон салу

  2. Егерде науқастың жағдайы жақсармаса көктамырға баяу 0,5-0,1 мл 0,1 % адреналинді 20 мл изатоникалық натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісін енгізу.

  3. Егер бұл іс-әрекет нәтижессіз болса, көктамырға тамшылатып 300мл 5% глюкоза ерітіндісі және 1-2 мл 0,2 % норадреналин (немесе 1% мезатон ),120мг –ға дейін преднизалон енгізу

  4. Антигистаминді препараттарды 1% димедрол немесе тавегил немесе 2% супрастин ерітінділерін бұлшықетке ,көктамырға қанайналым қалпына келген соң салады, себебі олар АҚҚ төмендетеді.

  5. Бронх тарылғанда : эуфиллин 2,4%- 10 мл . Көктамырдан 10 мл натрий хлоридін изототоникалық ерітіндіде

  6. Егер комплексті ем көмектеспесе , тракосстомия жасау керек

  7. Қатты қозу , тырысу байқалса- дроперидол 1-2 мл көктамырға салу

  8. Пенициллин салғаннан кейінгі анафилактикалық шок кезінде- пенициллиназа 100000 ЕД бұлшықетке+ 2мл изотоникалық ерітіндіде натрий хлорид

  9. Өкпе ісінгенде - строфантин 0,05% - 5мл көктамырға + 40% глюкоза ерітіндіде эуфиллин 2,4% -10мл .120 мг преднизалон.

  10. Ісіну қатты байқалған кезде (өкпе ісігі ) жоғарғы осматикалы қысымы бар ерітінді құю керек (активті плазма, натрий хлориді реополиглюкин , изотоникалық ерітінділер)

  11. 1 аптаға дейін бақылауға алу

  12. Егу жұмысы аяқталғаннан кейін системаның зажимін бекітіп, көктамырдан инені алыңыз, 3 мақта шаригін дайындай отырып спиртке 3-5 минут малыңыз. Қан ағу болмау үшін науқастың қолын бүгуін сұраңыз.

  13. Системадан инені ажыратып , қолданылған мақта шариктерін, қолғаптарды КБУ-ға салыңыз.

  14. Қолыңызды жуыңыз,кептіріңіз

Квинке ісінуі кезіндегі жедел көмек көрсету.

Мақсаты: тыныс алу және қан айналым жұмысының жедел бұзылуын жою : қанға дәрілік аллергеннің түсуін тоқтату; организмнің маңызды функцияларын қолдау .

Қажетті заттар: оттек балоны, маска,дәке салфеткасы, танометр, фонендоскоп, залалсыздандырылған:бір реттік шприцтер, мақта шариктері, этиль спирті 700, жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік заттар: 0,1%-0,5 мл адреналин, 90-120 мг преднизолон, 0,9% натрий хлорид ерітіндісі, 2% - 2,0мл супрастин ерітіндісі немесе тавегил, 10% - 10 мл кальций хлорид ерітіндісі, 2,0 мл лазикс.

Іс-әрекет альгоритмі:

1. аллергенмен байланыс үзу. Егер аллергиялық реакция жәндік шаққанда немесе дәрі енгізілген де болса, байланыс болған жерден жоғары жгут байлау. (егер аяқ-қолын жәндік шақса немесе дәрі енгізілсе).Егер дененің басқа жерін жәндік шақса, суық компресс қойылады;

2.аяқ жағын көтеру;

3. ылғалды оттек беру;

4. 0,1 %-0,5 мл адреналин тері астына енгізу;

5. 90-120 мг преднизолонды , 0,9% - 10,0 мл натрия хлорид ерітіндісімен к/т енгізу;

6. 2,0 мл 2% - 2,0 мл супрастин немес тавегил еретіндісін бұлшық етке енгізу;

7. 10% - 10 мл кальций хлорид ерітіндісін к/т бірден енгізу;

8. 2,0 мл лазикс, 0,9% - 10,0 мл натрий хлорид ерітіндісімен к/т енгізу ;

9. аурухананың жан сақтау бөліміне тез арада жатқызу.

Дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтауды жасап көрсетіңіз.

Мақсаты: дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтау.

Көрсеткіші: крупозды пневмония, экссудативті плеврит,өкпе эмфиземасы,бронх демікпесі, абсцесс, өкпе туберкулезі, пневмоторакс.

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ.

Асқынулары: жоқ

Керекті заттар: сабын, бір реттік сүлгі.

Жасап көрсету реті:

-Бөлме жылы және тыныш болуы керек..

-Тексерушінің қолы жылы ,тырнағы алынған болуы керек.

-Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазалап жуыңыз.

-Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз.

-Тексерілушінің алдында тұрыңыз.

-Алақаныңызды кеуде қуысының оң және сол бөлігінің симетриялы жеріне қойыңыз-алдынан 111 қабырғаға дейін.

-Дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтаған кезде науқас сөзді қатты айтуы керек.

-Науқастан «Р» әріпі бар сөзді айтуын сұраймыз, мысалы «трактор», «қырық төрт».

-Кейін науқастан арқамен бұрылуын сұраймыз.

-кеуде қуысының артынан алақаныңызды жаурын үстіне ,жаурын ортасына 2 рет, жаурын астына қойыңыз.

-. Тағыда науқастан «Р» бар сөзді айтуын сұраңыз, мысалы «трактор», «қырық төрт».

-Дауыс дірілінің өткізгіштігін анықтаңыз.

Ескерту:

-Дауыс дірілінің өткізгіштігі дауыстың тембрына және кеуде қуысынығ қалыңдығына ғана емес дауыс дірілінің өткізгіштігі өзгертетін өкпедегі патологияға да байланысты. Өкпенің белгілі бөлігінде тығыз орта болса (мысалы,сұйықтық, қабыну ошағы, қысылған өкпе) дауыс өткізгіштігі күшейеді.

-Дауыс дірілінің өткізгіштігі азаяды немесе жойылады-плевра қуысына ауа немесе сұйықтық толғанда, плевра ісіктерінде.

--Дауыс дірілінің өткізгіштігі өкпенің барлық үстінен беркелкі әлсіреген өкпе эмфиземасында.

--Дауыс дірілінің өткізгіштігі күшейді, егер өкпеде ірі ошақты тығыздалу болса,және өкпе ұлпасында ауа азайса, мысалы крупозды пневмонияда, өкпе инфарктісінде,толық емес компрессионды ателектазда, өкпеде қуыс пайда болғанда, ( абсцесс, туберкулезді кавернада), егер қуыс үлкен болып ірі брохымен жалғасса және айналасында тығыздалған өкпе ұлпасы болса.

--Дауыс дірілінің өткізгіштігі жойылады-өкпе ұлпасы солғанда (толық ателектаз) брох қуысы толық пітелгенде,мысалы,ісікпен немесе ұлғайған лимфа түйіндерімен қысылғанда

Өкпенің салыстырмалы перкуссиясын жасап көрсетіңіз.

Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы:

Мақсаты: өкпе ұлпасы және плевра қабатындағы патологиялық өзгерістерді анықтау.

Көрсеткіші: пневмония, туберкулез, ісік, ателектаз, өкпе инфаркті, экссудативті плеврит, гидраторакс, гематоракс, өкпе эмфиземасы, пневмоторакс, абцесс, өкпе туберкулезі.

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ.

Асқынулары: жоқ.

Керекті заттар: сабын,бір реттік орамал,орындық.

Жасап көрсету реті:

1. Бөлме тыныш және жылы болу керек.

2. Тексерушінің қолы жылы және тырнағы алынған болу керек.

3. Қолыңызды гигиеналық дәрежеде жуыңыз.

4. Науқастың киімін беліне дейін шешуін сұраңыз.

5. Тексеретін адамның алдына тұрыңыз.

6. Алдынан: қалақша саусақты бұғана үстіне қойыңыз.

7. Ортаңғы бұғана сызығы бойынша оң жақ және сол жақ қабырға аралықтан III қабырғаға дейін перкуссия жасаңыз.

8. Алдыңғы қолтық асты сызықпен оң жақ және сол жақ VI-VII қабырға аралықпен симметриялы перкуссия жасаңыз.

9. Артынан: ”қалақша” саусақты жауырын үстіне қойыңыз, жауырын ортасына,жауырын астына 2 рет қойыңыз, оң жақ және сол жақ бөлігінің симметриялы жерлеріне қойыңыз.

10.Перкуторлық дыбыстың сипатын бағалаңыз.

Ескерту:- салыстырмалы перкуссия - симметриялы мүшелерді салыстырмалы жасағанда естілетін перкуторлық дыбыстың ерекшеліктеріне негізделген тәсіл

-Қалыпты жағдайда өкпе үстінен анық өкпе дыбысы естіледі.

Өкпе ауруларында перкуторлық дыбыс өзгереді.

Бәсең тынықталған-өкпе ұлпасы тығыздалғанда.

Тұйық перкуторлық дыбыс - плевра қабатына паталогиялық сұйықтық толғанда.қорап дыбысы-өкпе эмфиземасында, тимпаникалық өкпеде қуыс пайда болғанда.

Өкпені тындау әдісін жасап көрсетіңіз.

Өкпені тыңдау:

Мақсаты: Өкпенің барлық үстінен(негізгі және қосымша) тыныс алу шуларын анықтау және бағалау.

Көрсеткіші: Бронх – өкпе аурулары, жүрек тамыр жүйесі, превра аурулары.

Керекті заттар: Сабын, бір реттік сүлгі, орындық, кушетка, төсек жаймасы.

Жасап көрсету реті.

- Бөлме жылы және тыныш болуы керек.

-Тексерушінің қолы жылы, тырнағы қысқа болуы керек.

-Қолыңызды тазалап жуыңыз.

-Науқас беліне дейін шешіну керек.

-Тыныс алу шуларын тындау, науқастың жағдайына байланысты отырғызып, тұрғызып, жатқызып жүргізіледі.

-Фонендоскоп жылы болу керек және дұрыс жұмыс істеу керек.

-Өкпені тыңдау алдынан, екі бүйірінен және артынан жүргізіледі.

-Фонендоскопты науқастың кеудесінің оң және сол жақ бөлігінің бірдей жеріне (симетриялы)

және тығыз қойыңыз (салыстырмалы аускультация).

Жүрекке перкуссия жасау әдісін жасап көрсетіңіз.

Диагностикалық мәні;

Мақсаты: жүректің салыстырмалы шекарасын анықтау;

Көрсеткіші: жүрек аурулары;

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ;

Асқынулары: жоқ;

Керекті заттар: сабын,бір реттік сүлгі,кушетка,төсек жаймалары;

Іс-әрекет алгоритмі:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]