- •Бала емізу: бала емізуді ерте сатыда тоқтатудың проблемалары мен салдары
- •Баланы бір жастан кейін ана сүтімен емізудің пайдасы көп:
- •Окситоцин
- •Молозиво
- •Балаға емізудің әсері
- •Сәбиді үнемі белгілі бір сағатта емізіп, емшекті кезектестіріп беріп отыру керек.
- •Емшек емізу
- •Балаға керекті сүттің тәуліктік мөлшері оның жасына байланысты және ол төмендегідей болып бөлінеді:
- •Аралас және қолдан тағам беру
Аралас және қолдан тағам беру
Аралас және қолдан тағам беруді дәрігер белгілейді (ана сүтіне қоса қолдан жасалған тағам береді). Баланы осылай тамақтандырғанда тағамның мөлшері мен тамақтандыру уақытының жиілігін ғана ескеріп қойма, сонымен бірге тағамның баланың жасына сай келуін, витаминдердің болуын ескерген жөн. Дені сау балаға қосымша тағам ретінде: қайнатылған нәрге қосылған сүт, 5% қант қосылған қаймақта сүт, кефир, «малыш» қоспасы т. б. пайдаланылады. Әдетте қолдан тамақтандырғанда сиыр сүтінен дайыңдалған сүт қоспаларын, қаймақты сүтті, «Малыш», «Малютка» қоспаларын пайдаланады. Емдік қоспаларды тек дәрігер белгілейді. Баланы ана сүтімен немесе қолдан тамақтандырғанда тарамды жылытыл (36—37 0С) береді (ол үшін электр плитасын пайдаланған қолайлы); баланы тамақтандырған сайын резеңке емізікті қайнатыл алу керек; емізікте, тесігі кең болса, бала аталады да, тағамнан бас тартады. Баланы тізеге отырғызып, басын тік ұстап тамақтандыру қажет; ал төсекте тамақтандырғанда, оны қырынан жатқызады. Тамақтандырып болғаннан кейін тамағы сіңгенше 2—3 минут ұстап отырады. 5—6 айлық баланы тамақты қасықпен жеуге, ал 7—8 айлығында кесенің ернеуінен ішуге үйрету керек. Қолдан беретін тағамның әр түрлі болуын ескерген жөн; бірақ әр түрлі тарамды көп беріп, баланы жаман үйретуге де болмайды. Бір апталық және бір айлық балаға ана сүтімен бірге қолдан тағам бергенде, жетпеген емшек сүтінің орнып жұғымды қоспалармен толықтырады, қоспаларды емшек емізгеннен кейін беріп отырады; бірақ емшек емізу мөлшерін азайтпайды. Мұның айрықша маңызы бар, өйткені біріншіден ему емшек сүтінің мол шығуына ықпал жасайды, екіншіден емшек сүті қолдан берген тағамдардың бойға жұғымды заттарын жақсы қорытады. 3—4 айдан кейін бірде емшек емізіл, бірде қолдан тағам беріп отыруға болады.
Жоспары:
Емшек сүтімен тамақтанудың маңыздылығы
Табиғи ана сүтінің құрамы
Емізудің ережелері
Аралас және қолдан тағам беру
Пайдаланылған әдебиеттер:
Н. П. Шабалов. Детские болезни — 3-е изд., перераб. и доп. — Санкт-Петербург;
Г.М. Савельева «Акушерия» Москва 2014;
В.Г. Бреусенко «Гинекология».
