- •Бала емізу: бала емізуді ерте сатыда тоқтатудың проблемалары мен салдары
- •Баланы бір жастан кейін ана сүтімен емізудің пайдасы көп:
- •Окситоцин
- •Молозиво
- •Балаға емізудің әсері
- •Сәбиді үнемі белгілі бір сағатта емізіп, емшекті кезектестіріп беріп отыру керек.
- •Емшек емізу
- •Балаға керекті сүттің тәуліктік мөлшері оның жасына байланысты және ол төмендегідей болып бөлінеді:
- •Аралас және қолдан тағам беру
Балаға керекті сүттің тәуліктік мөлшері оның жасына байланысты және ол төмендегідей болып бөлінеді:
бір апталық баланы 10ХпХ7 формуласы бойынша емізеді. п — баланың өмір сүрген күнінің саны болып табылады;
2 айлық бала тәулігіне 800 мл сүт емеді; ал 2 ай толғанға дейін ол аптасына 50 мл сүт аз ему керек; сондай-ақ 2 айдан асқанда әр айда 50 мл сүт көп емуі тиіс.
2 аптадан 6 аптаға дейінгі нәресте тәулігіне денесінің салмағына 1/5 - 1/6, 6 апталығынан 4 айлығына дейін —1/6; 4 айлығынан 6 айлығына дейін —1/7 - 1/8 салмағына тең мөлшерде тағам қабылдауы керек. Сонда тағамның тәуліктік мөлшері 1000 мл-ден аспауы тиіс.
Баланың тыныштығы, кіші дәретке жиі-жиі отыруы (күніне 15—16 рет), салмақты жақсы қосуы (бірінші жарты жылдығында күніне 20—25 г және екінші жарты жылдығында 15—20 г)— тағамның жұғымды екендігін көрсетеді. Балаға емшек сүтінен басқа міндетті түрде қайнатылған су беру керек (жылдың суық кезінде кемінде 50—100 мл және ыстықта — 100—200 мл). Бір жарым айлық балаға көкөні ст ердің, жеміс пен жидектің шырынын да беруге болады.Баланы шырынға өте абайлап үйрету қажет, яғни алғашқы кезде 3—5 тамшыдан беріп, кейін біртіндеп көбейтеді. 5 айлық бала күніне 40—50 г, ал бір жасқа толғанда оның мөлшері 80/-100 грамға жетуге тиіс. Әр жаңа шырын ішкен сайын оның мөлшерін біртіндеп көбейтіп отырады; күн сайын бір шырынды қайталап бере бермей, оны жаңалан отырған жөн. Сәби үшін сәбіз шырыны өте пайдалы, бірақ оны да күн аралатып берген дұрыс. Егер бала науқастанса, онда шырын бермеу керек. Сондай-ақ бала құсса, лоқсыса, іші етсе, шырын ішкізуді тоқтатыл, міндетті түрде дәрігерге көрсетеді. 2 айдан кейін, балаға үгілген алма береді, алғашында 1 / 2 шай қасық, ал 3—4 күннен кейін оның мөлшерін біртіндеп 2 ас қасыққа дейін жеткізуге болады. Баланы қосымша тамақтандыруды 4,5—5 айдан кейін, яғни емшек сүті жарыта алмаған кездей бастайды. Алғашқы кезде тағамды аздап беріп, кейін біртіндеп әр тағамға үйретеді; сәби алдыңғы ішкен тағамына үйренгенде ғана жаңа тағам беруге болады. Баланы емшектен оңай шығару үшін емізулі біртіндеп сирете бастайды. Су, шырындар, балық майы
қосымша тағамға жатпайды. Алғашқы қосымша тағам — көкөніс пюресі (4—5 шай қасықтай бастайды), оның мөлшерін 4—5 күн ішінде 180—120 грамға дейін арттырады:
5 айлық балаға 4 рет емшек еміл, 1 рет көкөніс пюресін және бұдан басқа әр түрлі шырын мен балық майын береді.
5—5,5 айлық бала тағамының рационына 5 проценттік манный ботқасы (100 г. сұйыққа 1 ас қасық жарма қосады) мен кисель қосуға болады.
5,5—6 айлық балаға 10 проценттік манный ботқасын, әр түрлі көкөніс пюресін (картоп, сәбіз, капуста, аралас пюрелер) береді, алғашқы кезде 2—3 қасықтай беріп, кейін 150 грамға дейін жеткізеді.
6—7 айлығында ет сорпасьш, пісірілген жұмыртқаның сары уызын;
7—8 айлық балаға — қытырлақ нан, печенье;
7,5—8 айлығында ет фаршын береді.
8 айлығында - 3 рет емізіл, 1 рет манный ботқасын (немесе басқа жармалан үгіліп майға пісірген ботқа), 1 рет 150 г көкөніс пюресін, бұдан басқа 70 г сорпа (көкөністің немесе еттің), 50 г ақ ірімшік (күн аралатып ақ ірімшік пен жұмыртқаның сары уызын араластырып үгіп береді), пісіріп үккен етті жегізеді (25—30 г).
10 айлық балаға ет пен балықты пюре жасап немесе фрикаделька түрінде береді.
11—12 айлық баланы 1 рет қана емізеді; тағамының рационына ет котлетін және сорпа енгізеді.
Бір жастағы баланы емшектен шығаруға болады.
Баланы емшектен шығарарда анасы сұйық тарамды аз ішуі тиіс, сонда 3—4 күнде суалып кетеді. Балаға ана сүтімен қоса қант қосқан айран немесе простокваша беруге болады. Сәбиді күн ыстықта немесе ауырғаңда емшектен шығаруға болмайды.
