Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лактация.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27.49 Кб
Скачать

Сәбиді үнемі белгілі бір сағатта емізіп, емшекті кезектестіріп беріп отыру керек.

Емген сүт организміне жақсы сіңуі үшін, нәрестеге кемінде үш сағаттай уақыт керек. Осы уақыт ішінде ем¬шекке сүт қайта жиналып үлгіреді. Алғашқы айларда нәрестені таңертеңгі сағат алтыдан түнгі сағат 12-ге дейін әрбір үш сағат сайын, күніне 7 рет емізген дұрыс.

Ал түнгі 12-ден таңертеңгі 6-ға дейінгі уақыт, ана мен баланың жақсылап ұйықтап, тынығуы үшін қажет. Әр емізу арасында нәрестеге қайнаған су немесе сұйық шәй (30—50 г) беруге болады. Босанғаннан кейін ана міндетті түрде емшек көтергіш кигені дұрыс, өйткені емшекті жоғары көтеріңкіреп ұстаса, оған сүт көп жиналады. Ал бос тұрған емшекке сүт жиналмайды. Жас босанған әйелдің алғашқы 2-6-шы күндері емшектерінің ұштары жарылуы мүмкін, оған басты себептер:

— бала емізудің гигиеналық шартын сақтамау;

— емшекте қалған сүтті сауу тәсілін жетік білмеуі;

— жүкті кезде емшекті бала емізуге әзірлемеу;

— баланы дұрыс емізу жолын білмеу.

Емшек емізу

Баланы емізер алдында қолды сабынмен мұқият жуып, ал емшек пен үрпіні қайнаған суға немесе бор қышқылының ерітінді сіне (1 стакан суға 1 ас қасық) малынған мақтамен сүртіл, тазалайды. Алдымен шамалы сүтті сауыл тастайды. Нәресте туғаннан кейін алғашқы 4 күнде жатып емізеді де, одан кейін отырып емізеді. Баланы емізу үшін аяғының астына орындық қойып (қай емшегін емізсе, сол жақ аяғына қояды), аласа орындыққа ыңғайланып отырады. Анасы бір қолымен баланы ұстап, екінші қолымен емшекті

оның аузына ыңғайлан салады: баланың мұрнын жауып тұншықтырмауы үшін 4 саусағымен емшекті көтереді де, бас бармағымен жоғарғы жағынан ұстамды. Әр жолы баланы тек бір емшекті толық тауысқанша емізеді, егер бала сүтті таусыл еме алмаса, онда қалған сүтті міндетті түрде сауыл тастау керек. Баланы 15—20 минут емізеді (кейде әлді бала 10—15 минутта еміп бітіреді). Дегенмен емізу уақыты 20—30 минуттай аспауы тиіс. Егер бала жөнді еме алмаса, Онда 20 минуттай кейін емізулі тоқтатыл, сауыл алынған сүтті қасықпен беру қажет. Бала емшекті көңілсіз, солғын емсе, онда тәбетін ашу және жұту рефлексі үшін аузына бір-екі тамшы сүт сауыл тамызып, емшекті одан кейін емізу керек. Егер сәби еміл жатып қалғып кетсе, емшекті ақырындап аузынан шығарып оятады, сонда бала қайтадан еме бастайды. Емізіп болғаннан кейін баланы төсегіне жатқызады да, емшегін қайнаған сумен жуып, таза дәкемен сүртіл құрғатады, содан кейін үрпіне вазелин жағады. Баланы алғашқы күннен бастап, белгілі бір уақытта емізіл үйрету керек, өйткені баланың тамақ қорытуға қажетті шартты рефлексі қалыптасады; режимсіз емізген баланың көп жағдайларда тамақ қорытқы мен үйқысы бұзылады. Егер сәби еміл жатып 15—20 минуттай артық қалғып кетсе, онда оны ояту керек; ал ол емізу уақытынан 15—20 минут бұрын оянып, мазасыздана бастаса, уақытынан бұрын емізуге болады. Емізу уақытының жиілігі баланың жасыка байланысты:

Сәбиді алғашқы 3 айлығында түнде 6 сағат үзіліс жасап, әр 3 сағат сайын, небәрі 7 рет емізеді (6, 9, 12, 15, 18, 21, 24 сағатта);

3 айлығынан 5 айлығына дейін 6,5 сағат үзіліс жасап, 3,5 сағат сайын, не бәрі 6 рет,

Ал 5 айлығынан 1 жасқа дейін түнде 8 сағат үзіліс жасап, 4 сағат сайын, не бәрі 5 рет емізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]