Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лактация.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27.49 Кб
Скачать

Балаға емізудің әсері

Бала сүтті тек тамақтану үшін ғана емес, сондай-ақ тыныштану, анасымен денелік қатынаста болу және т.б. үшін емеді. Бала сұрағандай баланы емізуге жиі салудан қорпау керек. Ол өзіне тиесіліден көп тамақтанбайды. Лоқсудан да қорқудын қажеті жоқ. Баланың тамақтанудан кейін 1-2 ас.қ. лоқсуы және күніне бір мәрте «фонтанды» - 3 ас.қ. лоқсуы қалыпты жағдай. Балаға сүт жеткілікті ме әлде жоқ па «сулы жаялық» тестімен тексеріледі. Бір тәулікке памперсті алып тастап несептің шығуын санаймыз. Қалыпты жағдайда ол 8 және оданда көп болуы тиіс. Егер ол 8-ден аз, бірақ 5 көп болса – баланы емізу бойынша кеңесшімен байланысыңыз. Асқазан сүтті қортуда іс жүзінде қатыспайды. Сүт асқазаннан өткінші ғана болады, ол онда 15-20 минут болып, кейіннен ішекке түседі, онда ол өздігінен қортылады және ішек қабырғаларына сіңеді. Жиі тамақтандырғаннан асқазан СОЗЫЛМАЙДЫ және түнде демалудың қажеті жоқ, ол жайда жұмыс істемейді.Алғашқы күндермен салыстырғанда, 6 аптадан соң бала үлкен дәретке аз бара бастайды. Ол лактацияны қалыптастыру арқасында жүреді – молозив құрамында іш жүргізуші компоненттер бар, ал негізгі сүтте болмайды. Сондықтан бала тәулігіне 3-4 үлкен дәретке (аз-аздан) және бірнеше тәулікте бір рет баруы мүмкін. Ағза сүтті жақсы игереді және оның «қалдықтары» ішекте біртіндеп жиналады және бірнеше күнде бір рет шығуы мүмкін. Оның түсі сары немесе ақшыл-қоңыр болады, ақ дақтар болуы мүмкін (май), консистенция ботқа тәрізді, иісі ірімшіктікіндей. Егер сипатталған дәреттің нормаға сәйкес болса, онда балада іш қату жоқ және ол іш өткізу дәрілерін қажет етпейді.

Педиатрия нормалары жасандыларға арналған екенін есте ұстаңыз, олар үшін іш қату көп таралған және өте зиянды құбылыс, сондықтан олар күнделікті үлкен дәретке барулары қажет. Бала емізетін ана сұйықты қалағанынша пайдалануы тиіс. Зерттеу көрсеткіштері бойыншатәулігіне 2 литрден көп сұйықтық ішетін аналарда лактостаза айтарлықтай АЗ болған, алайда сонымен қатар – несеп шығару айтарлықтай көп және сұйықтықты аз ішкен аналарға қарағанда сүт мөлшері аз болады.

Нәрестенің тамағы

Нәресте үшін ең пайдалы және маңызды тағам — ана сүті болып табылады. Өйткені, оның құрамында бала организміне қажетті заттардың бәрі.бар. Сондықтан емшек сүті сәбидің дұрыс өсуін қамтамасыз етеді және оны жұқпалы аурулардан қорғайды. Нәрестенің ас қорыту ағзалары толық дамып жетілмегендіктен, ол қорегін емшек сүтінің құрамындағы ферменттер арқылы ғана қорытып, бойына дұрыс сіңіреді.

Баланы емізу ережелері.

Емшек сүті баланың дұрыс өсіп-жетілуіне көмектесетін аса маңызды қоректік зат. Ана сәбиді емізер алдында қолын жуып, емшегін жылы сумен шайып, құрғатып алғаны жөн. Баланы емізіп

болғаннан кейін емшектің ұшын таза мақтамен сүрту керек. Емшекке күніне екі рет ауа ваннасын жасаған жөн. Баланы емізуге ыңғайлы болуы үшін ана аяғының астына аласа орындық қойып, тізесінің үстіне таза жөргек жауып отыруы тиіс. Аузына емшектің ұшын түгел салғаннан кейін нәрестенің мұрнын бітемес үшін, ана емшектің. ұшын екі саусағымен қысып, тартыңқырап ұстап отырғаны жөн.

Нәрестені алғаш емізгенде үш-төрт минуттан артық емізудің қажеті жоқ. Одан кейін 10 минуттан емізіп, қалған сүтті сауып тастайды. Өйткені баладан қалған емшек сүті сүтті тез қайтарады немесе емшекті ісіндіріп жібереді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]