Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лактация.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27.49 Кб
Скачать

Окситоцин

Екінші гормон – окситоцин – сүттің бөлініп шығуы үшін жауап береді. Оның бөлінуіне көп жағдай әсер етеді: баланы емшекті емуі, түрі, иісі, жылауы, баланың ойы. Әр түрлі қанағаттану жолдары. Сүт шығуының артуы үшін арналған сусындар. Бұл гормон күйзелісті, шаршағанды және өзіне деген сенімсіздікті басады. Оның бала емізуде бөлінуі келесі сипаттағыдай көрінеді: бала емшекті емеді – гипофиз окситоцинді шығарады – окситоцин сүт протоктарынан сүтті сығып шығаруға көмектесіп емшек

бұлшық етін жиырады – анасы оны қысу, шаншу және емшектегі ызың ретінде сезеді, оны «сүт тасқыны» деп атайды. Сүт шығаруды ойдағыдай орнатқан кезде аталған «тасқындар» сезілмейді, бірақ ол окситоциннің бөлінбейді деген белгісі емес.

Молозиво

Бала туғаннан кейін алғашқы күндері анасының сүт бездері молозивоны бөліп шығарады, яғни сүт тәрізді сұйықтықты шығарады. Молозивоның құрамында негізгі сүттен қарағанда ақуыз 3-5есе көп болады. Негізгі сүттен қарағанда лактоза деңгейі 1,5-2 есе аз. Молозивода да майда еритин дәрумендер (А, Е, К), аскорбин қышқылы, минералды элементтер – натрий, фосфор, мырыш, сондай-ақ А классындағы иммуноглобулиндідер негізгі сүт құрамынан асып түседі. Молозиводағы май мөлшері негізгі сүттегімен бірдей деседе болады, алайда осы жаста мембрана ұлпаларының қалыптасуы үшін қажетті фосфолипид, холестерин, линолев (таптырмайтын қанық) қышқыл, қанық майлы (миристинді, пальмитинді, стеаринді) қышқылдар молозива майының құрамында көбірек. Молозива құрамына кіретін гидролитиялық ферменттердің белсендігі – трипсина, триацилглицерол-липазы және жаңа туған сәбидің ішек-қарын жолында асқорту процессін ынталандыруды қамтамасыз етеді. Бірінші тәуліктегі калориялық құрамы 1500 ккал/л құрайды, кейін 5 күнге қарай 700 ккал/л төмендейді. Молозива протеиндерінің қан іріткі ақуыздарына жақындығы және калориялығы оны жаңа туған және күні жетпей туған балаларды тамақандыруға ең пайдалысы болып келеді. Сондықтан молозивоны «ақ қан» деп атайды. Молозиво иммунологиялық қорғаныш қызметін атқарады, ол өз ретінде туғаннан кейін бірден баланы емізуге тартуды мақсатты етеді.

Негізгі сүт

Негізгі сүт «алдыңғы» және «артқы» деп бөлінеді. Алдыңғы тамақтандыру аралығында бөлінеді және емшек ұшы протокының кеңеюінде жиналады. Ол көмірсуларына өте бай, олардың ең негізгісі лактоза. Бұл сүт өте сұйық және майлы емес. Көптеген әйелдер сүттері «мөлдір» болғандықта, оны сапасыз деп ойлайды. Алайды бұл «алдыңғы» дұрыс сүт. Сәби үшін ол сусын болып табылады. «Артқы» сүт ТЕК ҚАНА тамақтандыру кезінде бөлінеді. Ол «фонтан сияқты атпайды», тек тамшылап бөлінеді. Ол ақуыздар мен майға бай. Оның құрамында лактозаны қортуға арналға ферменттер бар, атап айтқанда – лактаза және липаза. Егер баладан емізуді шектесе, емшекті жиі ауыстырса және оны алып отырса балада лактаза жетіспеушілігі басталуы мүмкін, ол тез жазылады – дұрыс емізуді қалыптастырса болғаны. Сонымен қатар бала емшекті дұрыс ұстамаса, тек қана емшек ұшын немесе ареолдың аз бөлігін емсе сүтті аз алуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]