Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лактация.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27.49 Кб
Скачать

Емшектегі баланың тамағы. Емшектегі бала тамақты көп талап етеді, бірақ оның ас қорытатын органдары әлі жетілмегендіктен, ішкенін сіңіру мүмкіндігі өте шектеулі. Сондықтан баланы алғашқы күннен бастап-ақ емшек сүтімен қоректендіру керек: емшек сүті жеңіл қорытылады, онда балаға қажет қоректік заттың барлығы бар. Сондықтан да ана сүтінің маңызы ерекше. Емшек сүтінің молдығы мен сапасы ананың белгілі режимді сақтауына және ішетін тамағына байланысты. Емшекте баласы бар әйелге арнайы диета ұстаудың қажеті жоқ; әр түрлі және үйреншікті тағам — ананың денсаулығын дұрыс сақтаудың және сүтінің мол болуының басты кепілі болып табылады. Соның өзінде емшекте баласы бар әйел күніне кем дегенде 0,5 л сиыр сүтін ішуі керек, ананың ішімдік ішуіне, темекі тартуына мүлде болмайды, сондай-ақ ол пияз, сарымсақ т. б. ащы тағамдардан бас тартқаны жөн. Баланы емізуден ешқандай зиян келмейді. Бірақ әйел қатты науқастанған жағдайда (мысалы, өкпесі туберкулезге шалдыққанда, жүрегі қабынғанда, қант диабеті асқынғанда, бүйрегі ауырғанда), бала емізу анасының денсаулығына немесе балаға кері әсер ететін болғанда дәрігер бұған тыйым салу жөнінде кеңес беруі мүмкін. Анасы созылмалы инфекциялық сырқатқа шалдықса, баланы оңашалайды да, оны сауыл алып, етерильденген ана сүтімен қоректендіреді. Анасының сүті көп болғанымен, емшегінің үрпі қаттылығынан бала дұрыстап еме алмаса, емізер алдында сүтінің біразын сауыл алу керек. Ана екі қабат кезінде емшегінің ұшы дұрыс шықпаса, онда оны қолмен созғылау массаж жасайды, баланы емізгеннен кейін емшекті сүт сорғышпен сорғызып отырады. Үрпі жарылған жағдайда немесе мастит пайда бола бастағанда баланы емізуді тоқтатудың керегі жоқ, бірақ міндетті түрде дәрігерге көріну керек. Емшекте ірің пайда болғанда ғана емізулі уақытша тоқтатады. Етеккірдің келуі баланы емізулі тоқтатуға себеп болмауы тиіс. Бала емізетін кезеңде қобалжуға және ренжуге болмайды, өйткені мұндай жағдайда сүт азаяды немесе мүлдем шықпай қояды. Жаңа туған баланы емізу ешкімді таңғалдырмайды, ал өздігінен жүретін және сөйлей алатын баланы емізгенде, көп адамдарда түсінбестік және мысқылдық туындайды. Бала емізуді табиғи жолмен тоқтатуға шешім қабылдаған қазіргі заманғы анаға оңай емес. Олар үнемі әлеуметтік қысыммен қақтығысада: бұл жат адамдардың түсініспеушілігі, бір жылдан кейін бала емізу туралы алуан түрлі «қорқыныштар», олар турал қатысы жоқ адамдар айтатыны өкінішті. Нәтижесінде көпетеген бала емізетін әйелдер қысымға бейімделеді және бала емізуді тоқтатуға дайын болмаса да бала емізуді тоқтату тарулы шешім қабылдайды.

Бала емізу: бала емізуді ерте сатыда тоқтатудың проблемалары мен салдары

Жүз жыл бұрын да 2-3 жасқа дейін бала емізу ешкімді таңқалдырмаған және ол қалыпты болып табылған. Біздің үлкен әжелеріміз лактация үрдісін бала бітірмейтін зат ретінде қолданған, себебі сүттің шығуына жауап беретін гормон пролактин овуляцияны басады. Жасанды тамақтанған балалар тоқырау, күйзелістерге тез ұшырайды, өтпелі жаста және отбасылық өмірдің бастауында болатын қиындықтар осыдан.Осыдан кейін, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қаға бастады және баланы бір жастан кейін ана сүтімен емізу мәселесіне көп назар аударды. Барлық зерттеулер жүргізілді, олар ана сүтінің құрамы мен баланың дене бітімінің және психологиялық дамуына ана сүтінің әсеріне қатысты болды. Нәтижесінде көптеген жалған теориялар жоққа шығарылды. Баланы емізудің ең аз мерзімі екі жыл. Сондай-ақ, зерттеу нәтижелері бойынша, бір жылдан кейін ана сүті өзінің қоректілігін жоғалтады деген тұжырым түбегейлі дұрыс емес. Бала өскен сайын ана сүті өз құрамын бала қажеттілігі бойынша өзгертіп отырады.

Баланы бір жастан кейін ана сүтімен емізудің пайдасы көп:

1. Әр түрлі ауруларға бекемді мықты иммунитет болып табылады. Ана сүтіндегі иммуноглобулиндер саны бала өскен сайын артатыны және ана сүтімен аз емізген сайын азайатыны ғылыми дәлелденген.

2. Баланы бір жылдан кейін ана сүтімен емізу аллергияларға бекемділікті арттырады. Ғалымдардың пайымдауынша, баланың ағзасына сиыр сүті және басқа да аллергендер неғұрлым кеш түссе, аллергияның дамуы соғұрлым аз болады.

3. Кейбір зерттеулерге сәйкес, бала емізуді тоқтатудың мерзімі мен баланың интеллектуалды дамуында байланыс бар. Интеллект деңгейі ең жоғары көрсеткіштер ана сүтін ең ұзақ емген балаларда байқалды.

4. Баланы ұзақ уақыт емізу оның әлеуметтік бейімделуіне, өзін-өзі ұстауына жақсы әсер етеді. Баланы ана сүтінен айырып үйрету – сәби үшін үлкен күйзеліс, ол оның психологиялық денсаулығында да көрініс табады және болашақта мінезінде де әр түрлі ауытқу болуы мүмкін.

5. Бала емізуді табиғи жолмен тоқтатқанда, ана сүті құрамының өзгеруінің арқасында, бала ағзасының эндокринді, иммунды, жүйке және басқа жүйелері біртіндеп ана сүтінен «айырылуға» дайындалу қабілеті бар.

6. Баланы емшектен шығарар кезде, бала емізу тек қана аштықты басуға ғана арналған құрал еместігін естен шығармаған жөн. Ана сүті, емізуді тоқтатқанға дейін, баланың дұрыс дамуна үлкен әсерін тигізеді. Оның құрамында сәбиді күйзеліс пен аурулардан қорғайтын заттар бар, сондай-ақ ауруды басатын гормондар, орталық жүйке жүйесінің үрдісін ретке келтіретін полиқанықпаған бірегей майлы қышқылдар және т.б. бар.

7. Сонымен қатар, анасының сүтін еміп жүрген балаларда сүт тістері шыққанда ауру аз сезіледі.Бала үшін бір жылдан кейінде емізудің кемшіліктері немесе теріс көрсеткіштері жоқ. Бұл тәжірибе және ғылыми жолмен де тексерілген. Өз баласын қай жасқа дейін емізетіні туралы шешімді тек анасы қабылдайды, тек ерекше жағдайларда, медициналық тұрғыдан бала емізу анасының денсаулығына немесе өміріне қауіп туғызған кезде ғана

Физиологиялық түрғыдан алғанда әйел қауымының 98% қалаған уақытқа дейін бала емізуді жалғастыруға мүмкіндігі бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 6 айға дейінгі балаларды негізгі сүтпен тамақтандыру қажет, ал екі жастан және одан үлкен балаларды емізуді жалғастырған жөн деп ұсыныс білдіреді.

Гормондар сүттің бөлінуі үшін жауап береді:

Сүттің бөлінуі мен өнделуіне 2 гормон жауап береді, олар гипофизді бөлінеді: окситоцин және пролактин.

Пролактин

Пролактин сүттің бөлінуі үшін тікелей жауап береді. Ол ТЕК бала емшекті емгенде ғана жауап береді. Сондай-ақ, егер баланы емізуге дұрыс салмаса немесе бала сүтті тиімді ембесе (әлсіз), ол нашар бөлінеді. Мысалға оны келесідей сипаттауға болады: бала сүтті еме бастады – миға ол туралы ақпарат түседі – бас ми гипофизы пролактин бөле бастайды – пролактин қанға түседі – осының салдарынан бала емізу арасында сүт бөліне бастайды. Бала тағыда еме бастағанда, алдыңғы бала емізуде бөлінген, дәл осы пролактин сүт бездеріне сүтті бөлгіздіреді. Яғни баланы әр бір тамақтандырған сайын біз келесі тамақандыруға сүт тапсырамыз. Пролактин қанда ұзақ болмайды, орташа алғанда бір жарым сағат, сондықтан да 3-4 сағат арасында тамақтандыру геометриялық үрдіске жақын сүт бөлінуді төмендетеді. Баланы оның талабы бойынша емізу қажет, бірақ алғашқы үш айда аралығы 2 сағаттан кем болмауы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]