Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гылыми зерттеу УМКД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
255.84 Кб
Скачать

5. Бағалау критерийі

Жұмыс түрі

Баға (max балл)

Саны

Қосындысы

1

Барлығы

Оқытушы қолы

Кафедра меңгерушісі қолы

3. Пәннің оқу-әдістемелік жабдықтау картасы

_________- Дефектология_мамандығы бойынша

(шифр) (мамандық атауы)

«Ғылыми зерттеу негіздері» пәні

Оқылатын бөлім

Негізгі әдебиет

(авторы, аталуы, басылым жылы, оқылатын бөлім бойынша беттері)

Қосымша әдебиет және Интернет көздері

Қажет болған жағдайдағы басқа да ресурстар

(программалық қамтамасыздандыру, презентациялар, көрнекті құралдар және т.б.)

1 бөлім. Болашақ мұғалімдердің ғылыми- зерттеу жұмыстары

Асқаров Е.С., Балапанов Е.Қ., Қойшыбаев Б.А. Ғылыми зерттеулердің негіздері. оқу-әдістемелік құрал Алматы 2005ж. (5-15 бет).

  1. Новиков А.М.Методология образования. – Москва.,2002

  2. Нағымжанова.Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі //Бастауыш мектеп.- №3 1999ж

  3. Скалкова Я.И др.Методология и методика педагогического исследования. – М.,1986

2 бөлім. Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау ерекшеліктері .

Безрукова В.С.Как написать реферат,курсовую,диплом. – СПБ,2004.

Краевский В.В.Методология педагогического исследования. – Самара 1994

3 бөлім. Курстық және дипломдық жұмысты қорғау және бағалау.

Брежнова Е.В,Краевский В.В.Основы учебно-исследовательской деятельности студентов. – М.,2005 г

1.Кухарев Н.В.Педагог-мастер,педагог-исследователь.Гомель,1992 2.Беспалько.В.П.Слагаемые педагогической технологии-М.,Педагогика 1989ж

Дайындағандар:

Қызметі : магистр, аға оқтушы Аты-жөні: Бутабаева Л.А.

Каф.меңгерушісі : п.ғ.к. доцент Аты-жөні: Аутаева А.Н.

4. Дәрістер тезистері

Апта №

Дәріс атауы және тезистері

Сағат көлемі

1

  1. Дәріс

Ғылыми білім және ғылыми- зерттеу жұмыстар туралы түсінік

Әрбір ғылым өзінің дербес дамып жетілуі үшін өзінің ізденіс зерттеу әдістерін құрып, ғылыми- зерттеу жұмыстарымен айналысады. Кез келген ғылыми – зерттеу жұмысы әрбір құбылыстың, мәселенің ерекшеліктеріне сәйкес қолданылып және жүргізіліп отырады.

Алдымен ғылыми – зерттеу жұмыстары туралы сөз болмас бұрын ғылым дегенімізге толығарақ шолу жасағанымыз дұрыс болар. Ғылым түсінігіне әдебиеттерде түрлі анықтамалар, түсініктемелер берілген. Ғылым - обьективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын- ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғары түрі / 21,453/. “ Ғылым – ақиқаттағы тәжірибемен тексерілетін және дәлелденетін қоршаған орта жөнінде тарихи қалыптасқан және үнемі дамып отыратын адам білімінің логикалық жүйесі ... ” / 32,30 /. Сонымен, ғылымды ерекше тану процесі деп айта аламыз. Ғылым – қоршаған орта туралы ақиқат білім жинау және теориялық жүйеге келтіру болып саналатын зерттеу қызметінің бір саласы. Тарихи тұрғыда ғылым адамзат дамуының белгілі бір сатысында , тікелей қажеттіліктердің қосылысынан құрылған. Осының негізінде ғылымтану теориясы келіп шығады.

Ғылымтану – ғылымның дамуын және қызмет ету заңдылықтарын қарастыратын зерттеу саласы. Ғылыми қызметтің құрылымын және динамикасын, ғылымның басқа қоғамдық институттармен, қоғамның рухани және материалдық салаларымен қарым-қатынасын зерттейді / 32,29-30/ Ғылым теориясына толығырақ түсінік беретін болсақ, оның зерттеу әдістерінің ерекшеліктеріне де тоқталу керек болады. Ғылым әдістерінің өзіндік ерекшеліктері – танымның сыналған әдістері арқылы

Обьективті ақиқатқа жетудің мақсаттылығын сипаттайтын білім формасы. Танымның сыналған әдістерінің ақиқатылығы, ғылыми таным нәтижелерінің дәлдігі сияқты, практика, адамдардың іс- тәжірибесінде зерттеліп , дәлелденген құбылыс немесе зат белгілі бір жүйе т.с.с. /21,26/.

Ғылымда адам дүниені идеалдылығы жағынан игереді. Ғылымның түпкілікті мақсаты қандай да бір нақтылықтың мәні туралы білу, яғни нақты білімге жету болғандықтан абстракті ойлаудан таным теориясына өту болып табылады . Ғылым ұдайы қайталанып отыратын адамзат практикасына сүйенеді, оның белгіленген әдістері мен формалары күнделікті тұрмыстағы эмпирикалық білімге , сондай- ақ ғылым пайда болғанға дейінгі білімге тән әдістер мен формалардан өрекше және ғылым өзінің знрттеу сипатына , әрбір ғылымның өзіндік ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаларға байланысты жіктеліп отырады ( педагогика ғылымы, психология ғылымы, философия, әлеуметтану, математика, тарих, тіл білімі (филология) және т.с.с. Мұны ғылымдар классификациясы, яғни ғалымдардың жіктелуі деп атайды. Мысалы , Әл- Фарабидің “Ғылымдар классификациясы” атты еңбегінде ғылымдарды ол өте төмендігіше жіктелген: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика жене оның тараулары; 3) математика, яғни арифметика, геометрия , оптика математикалық, астрономия , музыка , статистика, айла- әрекет жөніндегі ғылымдар; 4) физика тараулары, метафизика және оның тараулары ; 5) азаматтық ғылым және оның тараулары заң ғылымы /21/. Ғылым дамуының заңдылықтарына , сипатына қарай ғылым логикасы саласының өзіндік ерекшелігі бар . Ғылым логикасы– ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін философиялық ғылымның бір саласы /21, 455/. Ғылым , ғылыми теория өзінің зерттейтін затын ұғым мен ой формаларында бейнелейді. Соның арқасында ғылым берілген пән саласында ой- өрісінің барысын, ережелерен анықтайды. Осыған орай әрбір ғылымның өзіндік логикасы бар деуге болады. Олай болса ғылымды логикалық тұрғыдан талдау мәселесі заңды болып табылады /2, 14,21,31,33,34 / . Демек, ғылымның өзін зерттеу мәселесі қажет екендігі айқындалып отыр. Ғылымтану ең алдымен таным теориясымен тікелей байланысты болып келеді. Таным( гнесеология) – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнелеуін , танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін , білімніңшындыққа қатысын, қоғамдық практика іске асатын таным процессінің адамның таным қабілеттерінің ( ес, зейін,ойлау , сөйлеу, қиял т.б) мүмкіндіктерін пайдалана аламыз. Эксперименттер, жүргізін, оны талдап, жинақтап, өңдеп, нәтижесін шығара отырып , белгілі бір қорытындыға келеміз. Сол қорытынды бойынша ашылмаған мәселелердің сырын ұғынамыз. Ғылыми зерттеу - таным іс- әрекетінің бір түрі болып табылады және жаңа ғылыми білім жасау процесі . Ол обьективтілігі, дәлелділігі , нақтылығы жағынан сипаталады / 1,2,10,11,15,141,..16,18,28/.

Ғылыми таным - жаңа білім алудағы ғылыми әдістерді пайдаланып, өзіндік мақсат көздей отырып зерттеу жүргізу /15,143/ .

Педагогика және психология саласы бойынша ғылымның зерттеу мәселесі – адам, яғни жеке тұлға, оның дамуы, қалыптасуы, әлеуметтенуі, білім алуы , тәрбиесі болмақ. Сондықтан ғылыми тұрғыда адамды, яғни жеке тұлғаны зерттеуде, оның дамуын дұрыс болжауда тұлға дамуының құрылымы мен заңдылықтарын , оның құрылымының жеке бөлімдерінің өмір сүру ерекшеліктеріе ғылыми тұрғыдан зерттеп меңгеруіміз керек / 9,11,12,18,32,36,37/ . Тұлға - бұл сезімнің, әсердің , ішкі күйініш, сүйініштің бойға жинақталған және жан – жақты психикалық құрылым . Ол шындықтағы адамның әлеуметтік негізін сәулелендіруші. Танымның, ерік- жігердің жаңа субьектісі , өмірдің белсенді қайта құрушысы деп айта аламыз / 9,10,11,12,13,32,36,37/. Адамды, яғни жеке тұлғаны зерттеуде ғылыми танымның, білімнің, ғылыми –зерттеу әдістерінің алатын орны ерекше. Теория мен эмпирия, тарих пен логика , индукция мен дедукция, анализ және синтез өзара бір- бірімен тығыз байланыста жүре отырып , осы ғылыми теорияның қалыптасуына негіз болады. Осы әдістердің негізінде белгілі ...................................... қатар шет елдік ғалымдар да адамның танымдық қабілеттерін зертеуде , ғылыми білімнің дамуына өздерінің үлестерін қосты ( Ж.Ж. Руссо, Ж. Пиаже, Д. Карнеги, З. Фрейд, Г. Айзенк, Э. Торндайк, және т.б) /1,17,29,30,38,39,40/.

1

2-3

  1. Дәріс. Студенттердің орындайтын ғылыми зерттеу жұмыстарын түрлері

Студенттердің педагогикалық, психологиялық, ғылыми ойлауын дамыту, оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне шығармашылықпен қарау, әрбір жеке оқушыны тұлға деп қарауға бпулу, оқытушыдан да сол студентке осындай көзқараспенқарауын талап етеді.

Білім беру мекемелері қызметкерлері негізінен екі қызмет атқарады :

  1. Тәрбиешілік , білім беру қызметі – тәрбие және оқу бағдарламасы негізінде бала психикасына жүйелі түрде әсер ете отырып білім беру , оқыту, тәрбиелеу.

  2. Зерттеушілік қызмет- бала психикасының даму ерекшелігі мен даму деңгейін анықтайды. Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып , соған сәйкес зерттеу жұмысында тиімді әдіс – тәсілдермен ұштастырады .

Сондықтан да болашақ білім беру қызметкерлері, яғни мұғалімдер педагогика және психология ғылымдарын жете білумен қатар зерттеу жүргізудің ерекшеліктеріне , әдістеріне де ден қою керек . Курстық және дипломдық жұмыстар студенттердің өзіндік және ғылыми зерттеушілік жұмысы болып табылады. Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау барысында студенттер ғылыми – педагогикалық зерттеу жұмысының ерекшеліктерін , әдебиеттермен жұмыс істеу үлгісін үйрене отырып, олардың теориялық мәселелерді практикада шешуге деген білімдері, білік дағдылары қалыртасады, озат мұғалімдердің іс тәжірбесін оқып үйренеді. Кез- келген мәселені өз бетінше қарастыруға, қиындықтан шығудың ғылыми жолдары мен әдістерін меңгереді.

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында студенттердің орындайтын ғылыми жұмыстарының түрлері мыналар:

  1. Ғылыми баяндамалар

  2. Рефераттық жұмыстар

  3. Лабораториялық және практикалық тапсырмалар

  4. Эксперимент жүргізу

  5. Курстық жұмыстар

  6. Дипломдық жұмыстар

Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми –зерттеу мен тәжірибелік эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат /15,143/

Рефераттық жұмыс ( лат. Refero – хабарлаймын деген мағына береді.) – ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын жазбаша немесе басылымдық түрде берілетін жұмыс /31,281/

Реферат дайындаушы – ( лат. Referens- хабардаушы) – 1) реферат дайындаушы адам. 2) белгілі бір сұрақтар бойынша кеңес беруші немесе баяндама дайындаушы адам / 6,262/

Зертханалық және практикалық жұмыс – кез- келген пән бойынша белгілі бір сұрақтарды немесе тапсырмаларды шешу барысында студенттердің, оқушылардың жасайтын жек, топтық, ұжымдық іс-әрекеті.

Эксперименттік жұмыс – нақты жағдайды есепке ала отырып педагогикалық процесті немесе белгілі бір құбылысты, мәселені зерттейтін ғылыми тәжірибе. Педагогикалық экспериментке сүйеніп, зерттеуші оқу- тәрбие процесінің тиімді жолдары мен әдіс- тәсілдерін, формаларын, мазмұнын тексере алады.

2

4

  1. Дәріс. Педагогикалық эксперимент және оның түрлері.

Эксперимент ( латын сөзі eksperimentum- тәжірибе деген мағына береді). Эксперимент – ежелден қалаптасқан ғылыми –зерттеу әдістерінің бірі болып табылады. Эксеримент алғашқы кезде адамдарда қоршаған ортаны бақылау, танып білуден басталады. Алғашында адамдар табиғат құбылыстарын бақылап, кейін жиналған бақылау фактілерінен белгілі бір білім тәжірибесін жинақталады. Осындай құбылыстарды меңгеру, тану барысында қоршаған дүниені танып білу процесі арқылы оның әлеуметтік, обьективтік жақтарын меңгере бастады. Содан бері эксперимент танып білу құралының сенімді әдіс арсеналына айналды / 11,13,15,28,32,36,37/

Эксперимент әрқашанда бақылау әдісімен байланысты. Алайда эксперимент пен бақылау бір нарсе емес. Эксперимент барысында зерттеуші құбылысты жайғана бақылап қоймай, сол құбылыстың өзгеруіне де мүмкіндік жасайды.

Педогогикалық экспериментті зерттеуші өзі жүргізсе, белсенді экперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынысы бойынша екінші бір адам жүргізсе енжарлы эксперимент деп аталады. /15,17,28,32/ . Эксперимент зерттеушіден диалектикалық заңдылықты, теориялық және практикалық шығармашылық бағытылықты ұстауды талап етеді. Осының негізінде ғылыми эксперименттің теориялық және практикалық маңызды айқындалады. Эксперименттің маңыздылығы сол, ол зерттелетін құбылысты әртүрлі жағдайларда тексереді, нәтижелерін салыстырып, керек болған кезде табиғи құбылыстарға теориялық қорытынды жасау барысында жаңа факторларға ие болады. Эксперимент түрлері: табиғи эксперимент, тексеру, жасампаз, лабораториялық . Экперименттің танымдық мақсаты зор. Ол алдын- ала қойылатын және пайдалы болатын сұрақтарға да жауап береді. Ол туралы жаңа мәселелер туындайды, оны зерттеу барысында жаңа әдістер мен ғылыми жобалар ұйымдастырылады.

Ғылым фактілерден құралады. Фактілер жиналып, бір- бірімен салыстырылап, бағаналып, топтарға жіктеліп, одан ережеге, ережеден заңдылыққа, одан ғылыми теорияға енеді. Бірақ фактілер жиынтығы ғылыми теория болу үшін, жиналған фактілер еркін түрде субьективті және обьективті көзқарастар елегінен өтуі қажет. Фактінің пайда болуы мен өзгеру себебі белгілер бір дәрежеге сүйенеді. Оны ғылыми эксперимент арқылы зерттейді. Ғылыми экпериментте жалпы және жекелік құбылыстар жеке немесе нақты түрде зертелінеді. Эксперимент қорытындысы ұқсас обьектілердің шындыққа үйлесетін, жеткілікті болған жағдайда, нәтиже нақты шешімін берген жағдайда ғана жасалады /15/. Эксперимент ғалым дамуының әр түрлі салаларында өз маңызын жоғалпайды: жаратылыстану, әлеуметтану, гуманитарлық, биологиялық , инженерлік- технологиялық, экономикалық, психологиялық, педогогикалық,және тағы басқа ғалымдарда. Эксперимент – ғылыми тануда шындық өлшемін орындай отырып, ғылыми болжам мен теориялық негізін анықтауға қызмет етеді. Ф. Бэконның зерттеулері бойынша, эксперименттік әдіс шындықты танудың ең бір маңызды түрі.

Педагогикалық эксперименттің негізгі міндеттері – мазмұнның салыстырмалы түрде нәтижелілігі, әдістері, құралдары, тәсілдері, жағдайы, шарты, факторы, әдістемелік нұсқауы, әдістемелік жүйенің оқу тәрбие процесіндегі тиімді жолдарын таңдау болып табылады. Эксперименттің кешенді маңызы бар , өйткені эксперимент барысында зерттеу әдістерінің барлығы пайдаланылады: бақылау, әңгіме, сұхбат, анкета, анықтау жұмысы, арнайы жағдайларды жасау т.б. Бұл әдістер ғылыми обьективті және дәлелді тексерудің, зерттеу болжамының дұрыстығын негіздейді. Педагогикалық эксперимент зерттеушіден жоғары әдіснамалық білімді, мәдениетті, бағдарламалы тексеруді, негізгі ғылыми аппаратының деңгейінің жоғары болуын талап етеді.

Эксперимент оқу тәрбие мәселелері бойынша мектепте, колледждердегі, институттар мен университеттердегі студенттерге, оқушыларға, мұғалімдерге , ата-аналарға жүргізіледі.

Педагогикалық пркатикада білім мекемелерінде эксперименттің бес түрі бар:

  1. Өзіндік тәжірбиесін дамыту

  2. Іс тәжірибе алмасу

  3. Ғылыми жұмыстарды меңгеру

  4. Қателермен, кемшіліктермен жұмыс

  5. Эксперимент жүргізу

Эксперимент термині “ эксперимент”, “ ізденіс”, “ іздену жұмысы”, “ тәжірибе”, “ тәжірибелік эксперименттік жұмыс”, “ зерттеу жұмысы” т.б сияқты терминдермен де түсіндіріледі.

Эксперимент ( талын сөзі eksperiventum тәжірибе) – ғылыми негізделген тәжірибе /15,15/. Эксперимент – идеялар, экспертизасы, болжамның тексерілуі /15,15/. Эксперимент – мектептегі әр түрлі мәселелер бойынша зерттеу жұмыстары / 15,15/. Эксперимент – жаңаны табу, шындыққа негізделеген эксперименталдық жұмыс және ол шығармашылықты талап етеді / 15,23/.

Педогогикалық зерттеу жұмыстарында эксперимент маңызы одан әрі арта түсуде. Ол туралы көптеген педагогтар өздерінің ғылыми жұмыстарында эксперименттің маңыздылығы туралы ғылыми ізденіс жұмыстарын ұсынды. (Л.В.Заньков, Н.К. Гончаров, М.А. Данилов, Н.И. Болдырев, Ю.К. Бабанский, А.И .Пискунов және т.б )

Қазіргі таңда болашақ педагогты жан- жақты кәсіби шеберлікпен дайындау мәселесі бүгінгі күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелердің бірі. Педагогтың кәсіби шеберлігінің бір саласы оның шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуында, күнделікті педогогикалық жағдайларды талдап шеше білу және өскелең ұрпақтың оқу мен тәрбие құралдарын, жолдарын анықтап білуінде. Бұл іскерлікті жүзеге асыру үшін студенттер колледж және институт, университет қабырғаларында жүргенде курстық жұмыстар орындайды.

1

5

4 - Дәріс. Курсытық жұмыс

Курстық жұмыс және оның мақсаты – студенттердің логикалық ойлау шығармашылық қабілеттерінің оқу – тәрбие процесіндегі дағдысын , ғылыми- зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны практикамен ұштастыра білу мүмкіншілігін практикада қолданып, қалыптастыру.

Курстық жұмыстың міндеттері :

  • Студентің немесе мұғалімнің педагогикалық ғылыми жаңалықтарды меңгеруін;

  • Олардың ғылымилық, жүйелілік , теорияның практика тәжірибесімен байланыстылығы, тарихилық, диалектикалық қарама- қайшылық, сан мен сапаның бірлігі сияқты категорияларды меңгеруін;

  • Студенттердің зерттеудің ғылыми әдістемесі мен тәсілдерін, оқытудың жаңа технологиясын, дамыта оқыту идеясын басшылыққа алуын қамтамасыз ету.

V Курстық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік

нұсқаулар

Курстық жұмыстың құрылымы

Курстық жұмыстың құрылымына курстық жұмыстың мазмұны мен графикалық бөлімінің мазмұны кіреді.

Курстық жұмыстың мазмұны төмендегідей құрылымдық элементтерді қамтиды:

- сыртқы беті;

- тапсырма;

- аннотация;

- мазмұны;

- белгілеу мен қысқартулар;

- кіріспе;

- негізгі бөлім (жұмыстың негізгі мазмұны);

- қорытынды;

- қолданылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.

Курстық жұмысқа тапсырма оқу процесінің кестесіне сәйкес ағымдағы семестрдің алғашқы аптасынан кешіктірілмей беріледі.

Кафедра тапсырмасында жобаны орындау үшін негізгі қажетті мәліметтер беріледі.

Тапсырмада төмендегілер көрсетілуі керек: жұмысқа байланысты, оқыту пәні; студенттердің аты–жөні мен тобы; жұмыс тақырыбы, жетілдіру кезеңдері мен орындалу мерзімдері; жетекшінің аты – жөні, оның қызметі, қолы және тапсыру мерзімі.

Әрбір тапсырма әдістемелік және ғылыми негізде ойластырылуы керек және студенттердің дайындық деңгейі мен жұмысты орындауға кететін уақыты сәйкес болуы тиіс.

Қажетті мәліметтерге ҚР нормативтік-заңдық актілер, оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, анықтамалық әдебиеттер, статистикалық материалдар, мерзімдік басылымдар жатады.

Курстық жұмыстың мазмұнында төмендегідей құрылымдық элементтер айқындалуы тиіс: кіріспе, үш (екі) тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі.

Орындалу мерзімі төмендегідей ұсынылады: кіріспе - 1-2 апта, қорытынды - 1-2 апта, әрбір тарау - 2-3 апта, қолданылған әдебиеттер тізімі - 3-5 күн. Сонымен қатар, жұмыстың құрылымдық элементтерің көлемі: кіріспе - 2-3 бет, қорытынды - 2-3 бет, әрбір тарау - 10-15 бет, қолданылған әдебиеттер тізімі -1-2бет.

Есептік – графикалық бөлімде слайдтар, плакаттар аталуы, орындалу мерзімі, беттер саны көрсетіледі. А4 парағында 3 слайдтан кем емес орындалу ұсынылады.

Аннотацияда курстық жұмыс туралы негізгі мәліметтер қысқаша беріледі. Аннотацияда курстық жұмыс көлемі, кестелер, сызба, қосымшалар туралы мәліметтер қамтылады.

Мазмұнында бөлімдер, тараулар, қосымшалардың аталуы мен реттік номерлері кіреді.

«Мазмұны» сөзі ірі әріптермен ортадан басталып жазылады.

«Белгіленулер мен қысқартулар» құрылымдық элементінде курстық жұмыста қолданылатын белгіленулер мен қысқартулар тізімі сипатталады. Сөздерді қысқарту үлгісі төмендегіше:

ОБП– объектіге бағдарланған программалау.

Кіріспеде автор таңдалған тақырыптың өзектілігі, ондағы мәселерді жетілдіру деңгейі мен шешу жолдарын көрсетеді. Кіріспе қысқаша болуы керек (2-3 бет).

Жұмыстың негізгі бөлігінде тақырыптың мазмұны сипатталады. Бұл бөлім зерттелінетін тақырыптың мазмұнын сипатайтын 2-3 тараудан тұрады. Тарауларды артттыру қажет емес, себебі бұл курстық жұмыстың айтарлықтай көлемінің өсуіне әкеледі. Жұмыстың негізгі бөлігі компьютерлік текстпен 25-30 бет немесе қолмен жазып 30-40 бет болуы тиіс.

Қорытынды бөлімінде курстық жұмыстың материалдары бойынша ұсыныстар енгізіледі. Қорытындысы 2-3 беттен тұрады.

Курстық жұмыстың соңында белгілі бір тәртіппен библиографиялық тізімдер берілуі тиіс.

Курстық жұмыстың орындалу тәртібі.

Курстық жұмыстың орындалуын төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады:

тақырыпты таңдау;

әдебиеттерді іріктеу және үйрену;

жұмыс жоспарын құрастыру;

нақты материалдарды жинау мен жетілдіру;

курстық жұмысты жазу;

курстық жұмысты толтыру (оформление);

курстық жұмысты қорғау.

Курстық жұмысты әрлеу (оформление)

Жұмыстың мәтіні (тексті) А4 парағының бір бетіне жазылуы тиіс, төмендегідей өлшемдерді сақтай отырып: сол жақтан -30 мм, оң жақтан -10 мм, жоғары және төменнен- 20 мм. Мәтінді компьютермен жазуда бірлік интервал, 14 кегль болуы керек.

Курстық жұмыстың мәтіндегі барлық анықтамалар мен сандық мәліметтерге шыққан алғашқы дерек көздері көрсетілуі тиіс. Курстық жұмыстың беттері нөмірленуі тиіс. Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен жазылуы керек.

Студент жұмысты жазып және толтырған соң қорғау күнін белгілеп, қол қойып кафедрасына өткізуі тиіс.

Курстық жұмыстың негізгі бөлігі, зерттеу тақырыбы мен мазмұнына байланысты, әр түрлі мәтіндер түрінде, кестелер мен суреттер түрінде (сызба, диаграммалар) өрнектелуі тиіс.

Жұмыстың мәтіні зерттеу объектісі туралы ақпараттармен тиянақты және логикалық түрде қамтылуы керек. Мәтін тараулар, бөлімдерге бөлінеді, әрқайсысының өз нөмері араб цифрларымен сипатталуы тиіс.

Бөлімдер атаулары тараулардың мазмұнын нақты және қысқа айқындауы тиіс. Бөлімдер атаулары ірі әріптермен орта жолдан нүктесіз, астын сызбай ірі шрифтермен жазылуы керек. Бөлімдер ішіндегі тақырыпшалар атаулары ірі әріптермен, нүктесіз, астын сызбай ірі шрифтермен жазылады. Мұнда сөздердің тасымалдауына рұқсат етілмейді.

Атаулар мен мәтін арасындағы қашықтық 1 мм болуы керек.

Курстық жұмыстың бөлімдері мен тараулары араб сандарымен нөмерленеді. Тараулар барлық мәтіндегі реттік номерлеу бойынша жүзеге асады. Мысалы – 1,2,3 және т.б.

Бөлімдер әрбір тарау бойынша реттік номерлеу бойынша, мысалы -1.2, 2.1, 3.1. т.с.с. іске асырылады. Тараулар, бөлімдер номерлерінен соң нүкте қойылмайды.

1

6

  1. Дәріс. Дипломдық және курстық жұмыстардың зерттеу сипаты.

Ғылыми жұмыстар, оның ішінде курстық және дипломдық жұмыстарды орындау туралы көптеген әдебиттерде берілген үлгілерге, талаптарға және оның ерекшеліктерін зерттей келе, ( А.М. Новиков, Н.Г.Кушков, И.В. Мохов, В.И .Смирнов, Н.Е. Соколова, Н.А. Сорокин, В.И. Журавлев, И.Д . Андреев, В.В. Краевский, В.В. Налимов, Г.И. Голикова, З.А Исаева, А. Ерназаров, М. Жайлауова, А. Жалғасбаевалар) студенттердің орындайтын курстық және дипломдық жұмыстарына талдау жасай отырып, зерттеу сипатының негізіне қарай төрт топқа жіктелік:

  • теориялық- логикалықсипаттағы курстық және дипломдық жұмыс;

  • озық тәжірибелерді оқып- үйрену негізінде орындалатын курстық және дипломдық жұмыс;

  • эксперименттік сипаттағы курстық және дипломдық жұмыс ;

  • тарихи логикалық сипаттағы курстық және дипломдық жұмыс.

Енді осы жоғарыда аталған курстық және дипломдық жұмыстың түрлеріне жеке – жеке тоқталып өтейік.

Теориялық – логикалық сипаттағы курстық және дипломдық жұмыстар

Берілген әдістерді терең оқу арқылы бір ғылыми мәселенің ашылу жағдайын қарастырады. Студенттер мұндай жұмыстарды орындай отырып, библиографиялық ізденіс жасай білуі керек. Әдеттегі берілген материялдарға талдау жасайды. Зерттелінетін мәселе бойынша ұсыныстар жасап, жаңа идея ұсына алады немесе бұрынғы идеяға түзету енгізеді, қорытынды жасайды. Мұндай типтегі курстық жұмыстың құрылымының үлгісін ұсынамыз.

Курстық жұмыс құрылымы :

  1. Өңірбет ( Титулды бет)

  2. Жоспары

  3. Кіріспе

  4. Негізгі бөлім

  5. Тақырыпқа байланысты әдебиеттерге шолу

  6. Қорытынды

  7. Әдебиеттер тізімі

Озық тәжірбиені оқып үйрену негізінде орындалатын курстық және дипломдық жұмыстар

Мұғалімдердің шығармашылық озық тәжірибесін, оған жету жолдарын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде, зерттеулерінде маңызды элемент ретінде алып қарастырады .

(Ю .К . Бабанскиий , В.И Бондарь, Я.С Турбовской және т.с.с ). Я.С. Турбовскойдың анықтамасы бойынша: “ Озық – тәжірибе – оқу – тәрбие прцесін жетілдіру мен жетістікке жету жолындағы мақсаткөздеген іс- тәжірибе. Озық тәжірибе қазіргі уақытта өсіп келе жатқан жас ұрнақты оқытын тәрбиелеудегі көкейкесті, өзекті мәселелерді қанағаттандыра алады ” / 6,18/ . Ю.К. бабанский озық тәжірибені қызметтік деңгейіне қарай жіктей келе “ жалпы тәжірибе ”, “озық тәжірибе ”, “жаңалықты тәжірибе ” “зерттеушілік тәжірибе ” деп бөліп қарастырады. / 26,19-20/ Озық тәжірибені педагогикалық тәжірибе , озық педагогикалық деп қарастыра келе озық тәжірибеге төмендегідей анықтама бердік . Озық тәжірибе – педагогикалық оқу орындарының оқу тәрбие процессіндегі жоғары сапаға ие болған нақты ісі. Студенттер озық тәжірибені оқып үйрену үшін мына жағдайларды ескеру керек.

  1. Тәжірибе авторы шешкен нақты педагогикалық міндет

  2. Оқу мен тәрбиенің нәтижелері, тиімділігі

  3. Педагогикалық тәжірибедегі автордың әрекеттері.

  4. Жаңалық

  5. Тәжірибенің негізгі идеясы

  6. Шығармашылықты іске асыру шарттары

  7. Тәжіриебе авторының даралық сапасына мекеме және өлке жағдайларына байланыстыығы.

  8. Тәжірибені игеріп, меңгерудің жолдары мен құралдары.

Құрылымы :

  1. Өңірбет

  2. Жоспар

  3. Кіріспе

  4. Әдебиеттерге шолу

  5. Озық тәжіриебені оқып үйрену әдістемесі және ұйымдастырылуы

  6. Тәжіриебенің нәтиежесін талқылау

  7. Қорытынды

  8. Ұсыныстар

  9. Әдебиеттер тізімі

  10. Қосымша

Эксперименттік сипаттағы курстық және дипломдық жұмыстар

Анықтау , бақылау , қалыптастыру эксперименттерін пайдалану арқылы орындалады. Анықтау эксперименті негізінде студент эксперименттік жолмен зерттелінетін педагогикалық жүйенің жағдайларын анықтайды. Құбылыстар арасындағы байланыс фактілерін табады . Қалыптастырушы эксперимент жағдайында студент нақты шараларды пайдаланады. Эксперименттік сипаттағы курстық жұмыстарды орындау кезінде мына жағдайларды ескеру керек:

  1. Таңдалған тақырып бойынша жарық көрген жұмыстарға теориялық талдау жасау.

  2. Шешілмеген мәселелерді анықтау

  3. Зерттеудің мақсаты, міндеттерін , болжамын белгілеу.

  4. Эксперимент жүргізуге дайындық.

  5. Зерттеу нысанасын, әдістерін таңдау

  6. Эксперимент жүргізу.

  7. Эксперимент қорытындысын шығару.

Құрылымы:

  1. Өңірбет

  2. Жоспары

  3. Кіріспе

  4. Негізгі бөлім

  5. Зерттеу нәтижесін талдау

  6. Қорытынды

  7. Ұсыныстар

  8. Әдебиеттер тізімі

  9. Қосымша

Тарихи логикалық сипаттағы орындалатын курстық және дипломдық жұмыстар

Белгілі бір кезеңдегі өскелең ұрпақтың тәрбие жұмысын қалыптастыру заңдылықтарын, нәтижелерін , мақсатын зерттеу. Мұндай типтегі курстық және дипломдық жұмыстарды негізінен тарих , философия факультеттерінің студенттері белгілі бір тарихи құбылыстың мән-жайын , тарихи оқиғаның шығу себептерін , педагогика тарихы, баспасөз тарихы туралы мәселелерді зерттеу барысында орындайды.

Бұл жағдайда тарихи ғылымдарда пайдаланатын зерттеу әдістері қолданалады. Олар:

  1. Тарихи материялдарды тарихи теориялық тұрғыдан талдау.

  2. Жүйелілік талдау.

  3. Құрылымдық талдау

  4. Статистикалық талдау

Құрылымы:

  1. Өңірбет

  2. Кіріспе

  3. Зерттелінер құбылыстың пайда болуын , дамуын іздестірудің педагогикалық шарттары

  4. Жұмыстың мазмұнын, формасын, әдістерін жетілдіру

  5. Қорытынды

  6. Әдебиеттер тізімі

  7. Қосымша

1

7

6-Дәріс. Курстық және дипломдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру

Зерттеу жұмыстары , оның ішінде курстық және дипломдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру, эксперимент қорытындысын өңдеу сияқты зерттеу жұмыстарының өзіндік критерийлік мәселелерін көптеген ғалымдар өз еңбектерінде зерттейді. ( И.Д Андреев, Ю.К. Бабанский, В.И. Журавлев, Н.А. Сорокин, Н.Е. Соколова, В.И Смирнов, А.Д. Оришин, В.И.Загвязинский, В.В. Краевский, М.Н.Скаткин, Я.С. Турбовской, В.В. Налимов, Н.И.Болдырев, З.А. Исаева, С.Н .Лактионова , Н.Д. Хмель, В.А. Сластенин, Г.М . Храмова, С.Т. Каргин, Л.Н Маркина, В.К. Омарова, Д.М. Джсубалиева және т.б ) Аталған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, эксперименттік жұмыстар, оның жүргізілу шарты, мақсат-міндеттерін анықтау мәселелеріне тоқтала келе, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау процесінің бірнеше мәселелерді шешумен байланысты екенін анықтадық. Олар:

  1. Ұйымдастыру мәселесі

  2. Зерттеу мәселесі

  3. Әдістемелік мәселе

  4. Практикалық мәселе

Жұмысты ұйымдастыру мәселесіне тақырыпты таңдау, жоспар құру, кітапхана каталогымен жұмыс істеу, әдебиеттерді оқу, жиналған материялдарға талдау жасау әрі жіктеу, жұмыстың тақырыбын белгілеу, оларды редакциялау, иллюстрациялау, безендіру жатады.

Курстық және дипломлық жұмыстарды орындау бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Әр кезеңнен аттап өтуге болмайды . Әр кезеңнің мазмұны жұмыстың жоспарын белгілейді .

Курстық жұмысты орындау реті бірізділікті қажет етеді;

  1. Зерттеу тақырыбын таңдау

  2. Оның өзектілігін негіздеу

  3. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау.

  4. Зерттеу нысанасын белгілеу

  5. Нысана туралы білімдерді игеру

  6. Мәселені көтеру

  7. Зерттеу пәнін анықтау

  8. Болжам жасау

  9. Зерттеу жоспарын құру

  10. Зерттеу әдістерін анықтау

  11. Белгіленген жоспарды жүзеге асыру

  12. Болжамды тексеру

  13. Зерттелінер нысананы түсіну үшін мәселенің маңыздылығын анықтау

  14. Табылған шешімнің практикада қолданылуының мүмкіндіктерін анықтау

Зерттеу тақырыбын таңдау - ең жауапты кезең. Қазіргі кезде көптеген ғылыми салаларға байланысты тақырып саны, оның ішінде теориялық немесе практикалық қайта өңдеуде, ғылыми тұрғыдан қаншалықты жұмыстар жүргізуге болады. Осындай кең саладағы жұмысқа кіріспес бұрын кімде- кім болса да нені қалай бастауға болатынын білмейді . сонда да болса жалпы білімнің көлемі осы тақырып таңдауға, ғылыми жұмыспен алғаш айналысатын тәжірибесі аз адамға көмегін тигізеді. Және тақырып таңдағанда қай тақырып өзін қызықтырады соны ескерген дұрыс және оны басқа жақтан емес өзінің практикалық қызметінен іздеу қажет.

Студент, Сіз үшін:

Тақырып таңдағанда өзіңіздің мүмкіндігіңізді , қабілетіңізді, бейімділігіңізді ескеріп отыпған жөн!

Тақырыптың өзектілігін анықтау үшін тақырыптың қажеттілігі , бұрын қайда және қашан зертетелінгені , ненің әлсіз , ненің терең зертелгені , таңдалған тақырыптың өскелең ұрпақты оқытып, тәрбиелеудегі ашып көрсету керек.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау. Зерттеу жұмысының негізі тақырыбына қарай оның мақсаты анықталады. Мақсат тақырыптың мазмұнын ашып көрсететіндей болу керек , ал міндеттер сол мақсатқа жету жолындағы бірнеше кезеңдерден өту жолын көрсетеді.

Міндеттер әдетте 3-4 немесе 5-6 пункттен тұрады.

Зерттеу обьектісі – педогогикалық құбылыс шеңберіңдегі зерттелінетін мәселе. Бұл жердегі негізігі сұрақ “кім” және “не?” зерттелінетіні туралы болуы керек / 2,10,12,14,15,16,17/. Зерттеу нысанының қызметі зертелінетін құбылыс шеңберінде болады.

Құбылыстың немесе әрекеттің неге бағыталғанын анықтау үшін эксперимент пәнін анықтау керек. Эксперимент аспектісі негізінде жаңа теория , жаңка білім алынады.

Зерттеу пәні зерттелінер құбылысты немесе әрекетті білдіреді. Зерттеу пәні, оны анықтау мәселелері, эксперимент жүргізу , мәселені анықтаумен тікелей байланысты. Жоғарыда аталып келтірілген ғалымдардың зерттеулеріне, яғни студенттке немесе мұғалімге жауапты іс жүктеледі.

Мәселені көтеру Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау барысында бір немесе бірнеше мәселе болыуы мүмкін. Негізгі мәселені көтеріп, жан-жақты ашып беру зерттеу жұмысының құндылығы болыптабылады.

Болжам жасау ( Гипотеза ). Зерттеу пәнін алдын – ала белгілеп, “мынадай жұмытарды жүргізгенде, осындай нәтижесінде қол жеткізуге болады” ,- деп алдын-ала болжам жасап айту.

Педогогикалық әдебиеттерде гипотезаға әр түрлі анықтамалар берілген. Гипотеза – ( грек, hypothesis –негіздеу болжау ) деген мағына береді. Ғылым дамуының формасы, құбылыстың себебін заңдылыққа сәйкес сипаттау / 5,306/. Болжам ( версия)- болған істің ақиқатың анықтау үшін жазылған бір немесе бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше мағлұмат /4,393/. Яғни болжам жасау дегенімізден шығаратын қорытынды бір айқындалмаған істі немесе құбылысты, затты, мәселені шешу үшін фактілерге сүйене отырып, алдын- ала жорамал жасау.

Зерттеу жоспарын құру барысында мақсат-міндеттер негізінде тақырыпқа байланысты педагогикалық эксперимент ұйымдастырылып , экспериментті жүзеге асыру жоспары құрылады.

Зерттеу әдістерін анықтау. Зерттеу әдістемесі тақырыпқа бпайланысты бірнеше әдістерден тұрады. Жұмыс барысында зерттеу әдістерін дұрыс таңдап және оны ғылыми тұрғыды ұйымдастыру керек.Зерттеу әдістерінің нәтижелерін өңдеуден өткізу , соңынан талдау жасау, сосын жұмысты қорытындылау қажет.

Белгіленген жоспарды жүзеге асыру. Зерттеу тақырыбының, міндеттерінің негізінде зерттеу нысанасына алдын ала жоспарланған ғылыми болжамда көрсетілген пункттерді практика нәтижесінде көру.

Болжамды тексеру. Жоспар бойынша эксперимент жұмысының нәтижесінен кейін бақылау экспериментті негізінде алдын-ала жасалынған ғылыми болжамның дәлдігі, айқындығы анықталады. Болжамның дұрыстығы зерттеу жұмысында мақсатқа жету деп түсіндіріледі.

Зерттелінетін нысананы түсіну үшін мәселенің маңыздылығын анықтау. Жалпы мәселе, оның көкейкестілігі бойынша зерттеу жүргізуде зерттеу нысанасының, егер ол тірі адам болған жағдайда оның психикалық ерекшеліктерін толық меңгеру керек. Алдын ала зерттеу жүргізбес бұрын оның жан- күйін, қандай жағдайларда зерттеу жүргізуге болатынын білу керектігін анықтай алу қажет.

Табылған шешімнің практикда қолданылуының мүмкіндіктерін анықтау. Зерттеу нәтижесі юойынша белгілі бір шешімге келу және сол шешімнің дұрыстығына , ақиқаттылығына , дәлдігіне көз жеткізе отырып, нәтиженің практикалық маңыздылығын анықтау. Оны басқа да зеттеушілер өз іс- тәжірибесінде қолданылуына жағдай жасау әдістеме ұсыну.

1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі.

Әлеуметтік өзгерістер білім технологиясы мен әдістемесінің мақсаттарын, мазмұнын жаңартуды алға тартып отыр. Соның нәтижесінде педагогке жаңа талаптар қойылуда. Ол тек оқытушының, тәрбиешінің функцияларын ғана емес, оқыту мен тәрбие берудің әдістерін зерттеушінің функциясында атқаруы тиіс.

Бұл жұмысты ғылыми және ғылыми әдістемелік зерттеудің әдіснамасын меңгеріп, оны іс жүзінде пайдалана алатын педагог қана атқара алады.

Жаппай педагогикалық ізденіс өткен ғасырдың 90 – жылдарында пайда болды. Педагогтік кәсіп шығармашылықпен тікелей байланысты. Педагог үнемі ең жақсы әдіс – тәсілдерді іздестіріп, әртүрлі әдістер мен құралдардың тиімділігін салыстырып отыруы тиіс. Қазіргі заман педагогтің зерттеушілік жұмысының мақсатқа сай және кәсіби деңгейде болуын қажет етіп отыр.

Зерттеу жұмысының нәтижелі болуы үшін педагог мынадай талаптарды орындауға міндетті:

- ізденіс әрекетінің сипаты шығармашылық, өнімді екендігін, тек ақпарат алуға бағытталмағандығын, керісінше оның мән – мағынасын ашуға, оны жасауға өзіне ғана тән тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталатындығын ұғыну;

- жалпы ғылыми және пәндік білгірлік, сондай – ақ жалпы мәдени дүниетаным болуы;

- тұлғалық шығармашылық әлеуеттің, стандартты есем тәсілдер мен шешімдер жасауға қабілеттілік, ерік – жігер және моральдық психологиялық сапалардың: адалдық, табандылық, барынша беріліп қызығушылық, сыни көзқараспен қарауға қабілетті болу;

- ғылыми ізденістің теориялық және практикалық әдіснамасын меңгеру.

Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеудің неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде жүргізу оның нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады.

Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін «блоктік» тәсіл қолдану тиімді.

Бірінші блок – байланыс: тақырып – проблема. Жас зерттеушіге даяр тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен өзін және ұжымын қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін толғандырып жүрген тақырыпты өзінің ұсынғаны. Осылай еткеннің өзінде тақырыпты нақтылау, түзету, акцент жасау, тұжырымдарды қарапайымдау және нақтылау қажет.

1. Зерттеу тақырыбын негіздеу.

Тақырыпты таңдау және нақтылау – ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс. Тақырып көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында болуы мүмкін. Алғашқы кездерде қарама – қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз болуы сияқты кедергілер болуы мүмкін.

Тақырып – проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:

- Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі).

- Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).

- Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы);

- Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу).

- Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті – тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар).

- Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).

Аталған талаптардың бәрі де маңызды, бірақ өзектілік, проблемалық және осы заманғы тұжырымға сәйкес келуі сияқты бөліктер айрықша түсіндіруді қажет етеді. Өзекті (көкейкесті) тақырыпқа «мәңгі жасмыл», «ұзаққа кететін» деп аталатын тақырыптар жатады. Тақырыпта проблема анық немесе жабық түрде болуы тиіс. Оның көздері іс жүзіндегі қиындықтардан көрінеді. Егер теориялық білімде сәйкес түсіндірмелер мен шешімдер болмаған жағдайда проблема туындайды. Міне, осы кезде ғылыми проблема пайда болып қалыптасуы жүреді де, «білмегенді білу», «белгісіздің белгілі болуы».

Тақырыпты шектеу және нақтылау, оған жақын тақырыптардан жігін ашу, оның зерттеу аясын және жағдайларын дәл көрсету де аса маңызды.

Тәжірибенің көпқырлылығын, жұмыстың барлық бағытындағы педагог, психолог немесе басшы маңызды оқиғалар мен фактілерді әрдайым есте ұстау қажет. Зерттеу үнемі шектеліп отыруы тиіс, себебі солай өткенде ғана зертеліп отырған үрдіске терең бойлау мүмкіндігіне ие болуға, ақырына дейін жетуге болады.

Сондықтан зерттеудің проблемалық алаңы көлемі және шешілетін нақты міндеттері бойынша шектеліп отыруы тиіс. Тақырыптың аталуы проблеманы, ізденіс пәнін, әсіресе бағытын, ізденістің жетекші аспектісін білдіреді. Кейбір жағдайларда негізгі тақырыптың аталуы қосымша сөздер арқылы нақтыланып беріледі. (жақша ішінде немесе жақшасыз).

3

Қарама – қайшылықтарды тіркеу

Ізденіс бағыты және нәтижелері

. Проблеманы қою және дамыту

1. Проблеманы қою

Сұрақтар

2. Проблеманы негіздеу

Теориялық білімнің және табылған тәсілдердің жетімсіздігін анықтау

Негіздер (алғышарттар)

Бейне (нәтиженің жобасы)

3. Проблеманы анықтау

Кішігірім проблемалар, міндеттер

Тақырыппен жұмыс кезеңдері:

- педагогикалық үрдістегі қарама – қайшылықтар мен қиындықтарды анықтау.

- Проблеманы анықтау және тақырыпты проблемалау.

- Нақты пәндік зерттеуді анықтау.

- Тақырыптың аталуындағы өзгерістер бағытымен пәнді бейнелеп көрсету.

- Тақырыпты нақтылау және ықшамдау.

- Жақын тақырыптардан жігін ашып бөлу.

- Тақырыпты тұжырымдау (алғашқы анықтамасы), осы түзету және зерттеу үрдісі барысында нақтылау.

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің маңызы неде?

2. Зерттеу жұмысының нәтижелі болуының шарттары?

3. Тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар?

4. Проблеманы қою және дамыту мәселелері?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1

8

7-Дәріс. Курстық және дипломдық жұмыстарға қойылатын талаптар

Студенттердің орындайтын курстық және дипломдық жұмыстарығылыми жұмытар болып табылады. Сондықтан ғылыми жұмыстардың реті, оларды орындауға қойылатын арнайы талаптары анықталған. Ғылыми жұмыстың ғылыми негізінде болуы үшін тақырып таңдағанда да, әдебиттермен жұмыс жүргізгенде де , оның жоспарын құру кезінде де, жалпы жұмысты жазу барысында оның көлемінің белгілі бір ретте болуы, барлық зерттеу жұмыстарының ғылыми дәрежеде безендірілуі , эксперимент қорытындысы мен нәтижелерінің анализдік – синтездік талдауларының зерттеу құндылығын арттыратындай дәрежеде болуы, ғылыми –зерттеу жұмыстарына қойылатын шарт болып табылады ( К.Д. Ушинский, В.А. Сухомлинский, Ю.К Бабанский, Б.Т Лихачев, З.А.Исаева, Ф.А Кузин, С.Л Машников, С.И. Архангельский, В.М . Михеев, А.И.Пискунов және т.б) Сонымен курстық және дипломдық жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар

  1. Курстық жұмыстың негізі мәтінің көлемі 25 бет, ал дипломдық жұмыс 50 беттен кем болмауға тиіс. Бет саны машина басыламымен есептелінеді. Негізгі мәтінге жоспары, әдебиеттер тізімі, қосымшалар кірмейді.

  2. Курстық және дипломдық жұмыстарда пайдалынған әдебиеттер саны 25- тен кем болмауға тиіс . Әдебиеттерге ғылыми еңбектер жинағы, монография , конференция , материялдары газеттер мен ғылыми журналдағы басылымдар, кандидаттық және докторлық диссертациялар және олардыңавторефераттары жатады.

  3. Курстық және дипломдық жұмыс графикке байланысты кезең бойынша жетекшіге есеп беріп, одан кеңес алып отырады.

  4. Дайын жұмыс реценцияға толық безендіріліп , компьютерге немесе машинкаға басылған , түптелеген кафедраның графигіне сай беріледі. Қорғауға дейінгі 7(жеті) күннен кешіктірмеу керек.

  5. Жұмыстың жобасы дайын болғанда алдын-ала қорғаудан өтеді.

  6. Қорғау комиссия мүшелерінің қатысуымен өтеді.

  7. Курстық немесе дипломдық жұмысты қорғау кезінде ғылыми жетекшінің берген пікірі мен тәжірибе жүргізген мектептегі мұғалімнің пікірі ескеріле отырып , комиссия мүшелерінің шешімімен бағаланады.

Курстық және дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, теориялық және тәжірбиелік бөлімдерден ( теориялық және тәжірбиелік бөлімдер екі немесе бірнеше тараулардан тұруы мүмкін, ол зерттеу жұмысының құрылымымен, эксперименттің кезеңдерімен және мәселені зерттеудің болашағымен және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады ( қолданылған көрнекі құралдар, дидиактикалық материалдар, эксперимент материалдары және қосымшалар жұмыстың ішіне тігіледі).

Кіріспе бөлімге негізінен ғылыми аппарат кіреді. Олар: зерттеу жұмысында көрсетілген өзекті мәселе, зерттеу орны, мақсаты, міндеттері, зерттеудің әдістері, болжамы, әдіснамалық негізі, ғылыми ізденіс жұмысының кезеңдері анықталады. Кіріспе бөлімде сонымен қатар зерттеу жұмысының ғылыми- практикалық мәні және экспериментті жүргізу жолдары, оны тәжірбиеде пайдалану мәселелері анықталады.

Алғашқы тарауларда ғылыми теориялық талдау жасалады. Оны талдау жасалады. Ондай талдау мына ретте жүргізіледі:

  1. Зерттелінетін мәселенің тарихи- педагогткалық жағдайы, зерттеліну деңгейі

  2. Қазіргі педагогика, психология, ғылымдарының философиялық негіздері.

  3. Білім берудің жаңа сипатына қарай оқытудың жаңа технологияларын пайдаланудың ғылыми- практикалық негізі.

  4. Қазіргі педагогикалық- психологиялық әдебиеттер негізінде мәселені шешудің тұжырымдамалары.

  5. Теориялық бөлімде нақты, анық түрде тақырыптың мәнін ашатындай сұрақтарға жауап бере отырып, қорытынды жасалады.

Келесі тараулар ( 2 және 3 тараулар) тәжірбиелік, яғни практикалық бөлім болып есептеледі. Бұл тарауда алғашқы 1- тарау бойынша мәселені көтере отырып, оны практикада жүзеге асыру жолдары, мәселенің шешімінің эксперимент арқылы көрініс ашып көрсете отырып, зерттеу нәтижесінің болашағы , зерттеу құндылығын белгілей отырып, алдағы уақытта зерттеу нәтижесі бойынша әдістемелер ұсынылады немесе зерттеу күрделеніп, одан әрі дамытады. Сондай–ақ, ғылыми педагогикалық-психологиялық зерттеу әдістері ( бақылау, әңгіме, анкета, тест, ата-аналармен жұмыс , оқушы жұмысын зерттеу, социометриялық, биографиялық, және т.б.) арқылы педагогикалық тәжірбие жұмысын студенттің өзі жүргізгені тиімді болып табылады. Тәжіртие жүргізер алдында күні бұрын тәжірбие жоспары, құрылып, міндеттері бойынша іске асырылады.

Ескерту.

Курстық және дипломдық жұмыстардағы зерттеу мәселесін әдетте екі тарау арқылы баяндайды.( 1- тарау теориялық негіздеуге арналса, 2-тарау теориялық-практикалық мәселеге арналады.) Алкей жағдайда зерттеу жұмысының ауқымына, күрделігіне, эксперименттің маңыздылығына қарай ол екі немесе одан да көп тараулардан тұруы мүмкін.

Қорытынды тақырып бойынша әрбір тараулардан кейін және жұмыс туралы қорытынды жасалынады. Қорытынды бөлімде 1- тарауда қаралаған мәселе, 2-тарауда практика қалай нәтиже берді, эксперимент қорытындысы, кіріспеде көзделген мақсат, міндеттердің орындалуы және болжамның дұрыс немесе бұрыстығына, нәтиже қандай деңгейде екендігі туралы баяндалады.

Ұсыныста қорытынды негізінде тәжірбиенің тиімділігі анықтала отырып, тиімді, әдіс-тәсілдердің үлгісі беріледі.

Әдебиеттер тізімі Қолданылған әдебиеттердің библиографиялық тізімі алфавиттік рет бойынша құрылуы тиіс және газет журналдардағы қолжазбалар тізімі де енгізіледі.

Қосымшаға жалпы ғылыми жұмыста қолданылатын тестік сұрақтар , зерттеуші ұсынған бағдарламалар, үлгі- тақырыптар сияқты зерртеу барысында қолданылған әдістемелік құралдар ды енгізуге болады.

1

9

8-Дәріс. Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау жоспары кезеңдері

Курстық және дипломдық жұмысты орындаудағы оның жоспарын, мазмұнын құру зерттеу жұмысының құндылығын арттырады. Бұл жөнінде әрбәр ғылымның, әрбір мәселенің зерттелу аясы мен даму кезеңдеріне көптеген ғалымдар құрылымдық мән беруде. Мысалы:

  1. Я.С.Турбовскойдың зерттеулерінде озық тәжірбиені ғылыми-практикалық тұрғыда оқып, меңгеру әдістемесі озық тәжірбиені оқып меңгерудің тарихи- логикалық құрылымын, педагогикалық ғылымда мұғалімнің білім, іскерлік дағдыларының қалыптасу құрылымын ұсынады.

  2. Г.К.Нұрғалиева салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің индуктивтік әдіс құрылымын 4 кезеңге, ал Б.Наврочинский, Т.Вилех, М.Пенхерский 3 кезеңге бөліп көрсетеді.

Сондықтан ғалымдардың ғылыми- зерттеу жұмыстарды орындау барысындағы зерттеу жұмыстарының кезеңдерге, құрылымдарға бөліп қарастыру тәжірбиесіне сүйене келе, курстық және дипломдық жұмыстарды орындауды жоспарлауда және ұйымдастыруда өзара байланысты 5 кезеңге бөліп қарастырылады.

Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау кезеңдерінің үлгісі.

Кезеңнің міндеттері

Жұмыстың мазмұны

Орындалу мерзімі

1.зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау

1.Курстық немесе дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау

2.Зерттеу жұмысы туралы мәселесімен танысу

3.Тақырыпты кафедраға тіркету

1 кезең

2.шамамен жұмыстың орындалу жоспарыг құру

1.Берілген әдістермен танысу

2.Курстық немесе дипломдық жұмыстың тақырыбының түйіді сұрағын анықтау

3.Жұмыс жоспарын жетепкшімен бірге талдап, нақтылау

1.Ақпарат көзерін таңдау

1.Бір дәптер арнап, оны курстық жұмысытың жоспарына байланысты бөліп, әр сұрағын бөлек беттерге жазу

2.Әр сұрақ бойынша әдебиеттерді белгілеу (авторы, аталуы, баспасы, жылы, беттері.)

3.Қажетті ойларды, деректерді, деректерді, сандық көрсеткіштерді жазып алу

2.Курстық немесе дипломдық жұмысқа кіріспе жазу

1.Тақырыптың өзектілігін негіздеу

2. Зерттеу мәселесін, нысанын және пәнін белгілеу

3Зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтау

2 кезең

3.зерттеудің әдістемесі мен ұйымдастырылуын анықтау

1.Педагогикалық-психологиялық зерттеу әдістемесі бойынша әдістерді оқу таңдау

4.орындалу жұмыс туралы жетекшіге есеп беруге даярлық

1. Жетекшіге курстық жұмыстың барлық материалдарын көрсету

2.Курстық жұмыстың

1 бөлімін жазу

  1. Бөлімнің мазмұны, жеке сұрақтар бойынша жүйелі түрде талқылануы қажет.

3-кезең

3.Есеп беруге даярлық.Жазылған бөлім материалдарын жетекшімен талқылау

1.Барлық материалдарды жетекшіге көрсете отырып, кеңес алу

1.Курстық немесе дипломдық жұмыстың кіріспесі мен

1-тараудың толықтырып редакциялау

1.Жетекшінің кеңесі бойынша ескертулерді толықтыру.

2.Грамматикалық және эстетикалық жағдайларды редакциялау

4-кезең

2.Зерттеу нәтижесін өңдеу

1.Өңдеудің статистикалық әдістерін қолдану

2. Кесте, график, суреттер құру

3.Курстық немесе дипломдық жұмыстың негізгі бөлімдерін жазу

1. Зерттеудің нақты орнымен пайдалану

2.Иллюстрациялардың орнын анықтау

3. Нақты материалдарды түсіндіріп, негіздеу.

4. Өзіндік зерттеу нәтижесін талқылау

4.Практикаүшін ұсыныстар мен қорытынды белгілеу

1.Ұсыныстар даярлау

  1. Зерттеу жұмысының аяқталған бөлімін жетекшімен талқылау толықтыру

  1. Толықтырулар жазып қосу

  1. Зерттеу жұмысының барлық бөлімдерін өңдеп,редакциялау

1.Жетекшінің ескертулерін орындау

2.Иллюстрациялды орналастыруды нақтылау

3.Әр бөлімді грамматикалық және стилистикалық өңдеуден өткізу

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімін жасау.

1.Әдебиеттер тізімін құру

  1. Шенді бетті даярлау және курстық немесе дипломдық жұмыстың жоспарын нақтылау

1.Жұмыс жоспарын құру

  1. Курстық немесе дипломдық жұмысты компьютерге басу

1.Әр жолдың арасында 1,5-2 интервал қалдыру

2.Әр бөлімді жаңа беттен бастау.

3.Әр тақырыпты ерекшелеп, астын сызу

  1. Басылған жұмысты оқып шығып, жұмысты түптеуге беру

1.Жұмыстың тексерілген мәтінін даярлау

  1. Дайын жұмысты кафедраға рецензияға беру

1.Курстық және дипломдық жұмыстың дайын мектебі



1

10

2 бөлім. Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау ерекшеліктері .

Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау барысында , оның жалпы мазмұнын беруде, ғылыми терминдер мен ғылыми ақпарат көздерін пайдалануда, әдебиеттермен жұмыс жүргізгенде мына мәселелерді ескерген жөн. Олар аннотациялармен жұмыс, жұмыстың мазмұнын ашатын эпиграф беру, цитата беру, конспектілей білу, рефераттау, сілтеме жасау мәселелерін ескерткен жөн.

9-Дәріс. Аннтотация және Рецензия.

Аннотация- ( лат.annotatio- ескертпе) мәні, мазмұны, формасы және басқа ерекшеліктері тұрғысынан алғанда құжаттың немесе оның бөліктерінің қысқаша сипаттамасы. Аннотация түсінігіне энциклопедиялар мен сөздіктерде мынадай анықтама берілген: Аннотация-( лат.annotatio- ескертпе) кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама/4,58/. Аннотация арқылы кез келген әдебиеттің зерттеу жұмысына қажет немесе қажет емес екендігін тез іріктей аламыз. Аннотация арқылы кез келген әдебиеттің зерттеу жұмысына немесе қажет емес екендігін тез іріктей аламыз. Аннотация құру ( аннотациялау) алғашқы құжаттарды аналитикалық- синтетикалық қайта өңдеу процесін қамтиды. Бұл процесс аннотация құрумен – екінші дәрежелі құжатпен аяқталады. Аннотация оқырманға таныс емес басылым туралы алдын ала түсінік береді және оған қажетті мағлұматты іздестіруге, жинақтауға көмектеседі /19, 7/.

Аннотация үлгілері

Кітаптағы аннотация.

Шакузадаұлы Н., Ергалиева Ж. ӘДЕПТІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ.Алматы: Өнер, 2000-320бет.

Қолыңыздағы бұл кітап – адами ең негізгі ниеттерді қастер тұтқан «KATEV» халықаралық қоғамдық қорының туындысы, ұрпақ тәрбиесінің сан тарау сырларына бойлап, соның ішінде халқымыздың тұрмыс тіршілігіне негізделген әдептілік қағидалары қозғайтын ұлағатты еңбек. Қор алдағы уақытта жастар тәрбиесі үшін аса қажетті ұлттық қазына- асыл тағылымдарды арқау басқа да кітаптарды әзірлеп, жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Ұзақбаева С.Тамыры терең тәрбие. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы- Алматы: Білім ,1995-232 бет

Еңбекте халықтық педагогиканың әдіснамалық және функционалдық мәні негізделген, оның педагогика ғылымының құрамдас бөлігі ретінде ұғымы ашылып берілген. Ұлттық мәдениеті негізінде жеке адамды тұтастай эстетикалық жағынан қалыптастыру процесі көрсетіледі. Оқу- тәрбие тәжірбиесіне қазақтың халықтық педагогикасы идеяларын енгізу жөнінде бағдарламлар , әдістемелік нұсқауларға талдау енгізу жөнінде бағдарламлар, әдістемелік нұсқауларға талдау жасалады. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен этнопедагогика мәселелерін зерттеушілерге сондай-ақ қалың оқырмандарға арналған.

Мақалалар бойынша аннотация

Аганина Қ.Ж. Жеке тұлғаны әлеуметтендіруге экономикалық білімінің мәні. Халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдарын ( 22-23 қазан) АлМУ- Алматы,2001. 186-191беттер.

Мақалада қазіргі қоғамдық құбылыс жағдайында жеке тұлғаны дамытудағы, әлеуметтендірудегі , оны тәрбиелеп, оқытудағы экономикалық білімнің мәні, маңызы, ролі, туралы айтылады.

Аганина Қ.Ж.Әділбекова З.Ж. Мұғалім мәдениеті// Қазақстан мектебі 2001N9 29-31 беттер.

Мақалада мұғалімнің әдептілігі, сөйлеу шеберлігі, өзін-өзі ұстау мәнері, жалпы сыртқы келбет мәдениеті, оның компоненттері, ілтипаттығы, әділдігі, сабырлығы, қарым –қатынасы туралы сөз болады.

Рецензия (орысш.: обзор, ағылш.: review, лат.: recensio) — талдау, саралау, көпшілік назарына ұсынылған жарияланымдарға (кітап, кино, т.б.), әдеби шығармаларға, өнімдерге баға беру. Рецензия материалдық заттарға да жасалады. Сондай-ақ қоғамда болып жатқан жағдайлар мен оқиғаларға да жазылады.

Ғылыми тұрғыдан алғанда рецензия — белгілі бір туындыға, еңбекке не болмаса шығармаға қатысты сарапталған, қорытылған ақпараттардың жиыны, оған берілген сараптамалық баға. Рецензия көбінде әр саланың мамандарының арасындажасалады. Мысалы, әдебиетке жақын адам, сауатты оқырман дегендей адамдар рецензия жазуға жақын болады. Және бір мысал ретінде ескеретіні, жаратылыстану ғалымы әдебиет саласында жаратылыстану ғылымындағы көзқарасы бойынша бағалау жасай алмайды. Әр саланың өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері мен саралау критерийлері болады.

Рецензияның көлемі әр түрлі болады. Бір беттен бастап бір кітапқа дейін жазып шығуға да болады.

Рецензияның түрлері

Рецензия әр түрлі жағдайда, әр түрлі затқа байланысты жазылатындықтан оның түр-түрі болады. Мысалы: Тұтынушының рецензиясы, саудасаласындағы рецензия, өнер саласындағы (ән-күй, концерт, т.б.) рецензия, сауда-саттық өнімдеріне қатысты рецензия, әдеби туындыларға қатысты рецензия, газет-журналдардағы мақалаларға қатысты рецензия және арнайы мамандар беретін сараптамалық-салыстырмалық рецензия.

1

11

10-Дәріс. Эпиграф. Цитаталау.

10.1. Эпиграф-(грек. Epigraphe-жазу) шығарманың негізі тақырыбы мен идеясы түсіндіретін үзінді сөз. Эпиграф шығарманың, не бір тараудың басында жазылады./ 8,701.27,451/.

Эпиграф көп жағдайда біреудің сөзін шығарманың немесе еңбектің басында цитата келтіре отырып беріледі. Мысалы, Сарыбеков Н,. Сарыбеков Қ-Д.

Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлері, -Алматы: Рауан, 1996-51 бет. Бұл еңбек кіріспеден және Бұл еңбек кіріспеден және 3 тараудан тұрады. Кітаптың кіріспе бөліміне және әрбір тарауларына эпиграф берілген.

Кіріспе

Менің атамекенім – Шекер ауылы... Манас тауының

шыңдарынан тамшыға тамшы қосылып, біздің

Шекерге ақ көбік, көк бурал су ағып келеді. Оның

Аты- Күркіреу. Атына жарасқан заты бар, маңында

қыыбырлаған жан-жануарларға тегістей өмір берген

су... Шекерге жақындағанда ақ жүрегің аласұрады.

Шіркін, мұзарт басы күнге шағылысып, алдыңнан

Манас- Ата шоқысы көрінген сәттегі жан тебіренісін

айтсаңдаршы!...

Шыңғыс Айтматов.

I тарау.

Табиғат қорғау-халық дәстүрі

Тағдырыңды тамыырсыздық індетінінен қалқала!

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері- түп қазығы айбыны

Туған тілі-сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы- тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті, болса да... ...

Мұхтар Шаханов

10.2. Цитаталау

Цитата- ( лат.Cito- келтіремін, шақырамын) – баяндалап отырған пікірдің дәлелді болуы үшін бір автордың шығармасынан алынған үзінді. Цитата ықшамды күйде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керек жері алынып, қысқартылған сөздер арнына көп нүкте қою шарты бар.Цитата әдетте тырнақшаға алыынып жазылады. Ғылыми анықтама еңбектерінде цитатаның бір түрінде эпиграф та жатады./ 8,701.,27,31/.

Сонымен, цитата дегеніміз-кез келген қандай да бір мәтіннен, мақала ішінен, кітап бөлімінен, ағартушы ойшылдардың нақыл сөздерін сөзбе- сөз, дәл алынған үзіндісі.

Мысалы: « Эстетикалық өмір мүру дегеніміз- табиғатты тамашалау, достарымен қуаныышты өмір сүру , сүйіспеншіліктен ләззат алу».

Пайдаланылған еңбекті әдебиеттер тізіміне алфавиттік рет бойынша жазаламыз және оның беттерін көрсетеміз.

Қалиев С.ж.б. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. / C.Қалиев, Ш.Майранова, Г. Нысанбаева, А.Бейсенбаева.- Алматы: Білім, 2001.20– бет.

Цитата берген кезде бір мәтіннің ішінде бірнеше пікірлердің өзара логикалық байланысты болса да оларға цитата келтіруге бөлек –бөлек береді. Цитата келтірілген кезде белгілі бір ойдың басталып кеткенннен кейінгі пікір алынса, онда цитатаның алдында көп нүкте қойылады, егер сол мәтіндегі абзац аяқталмай қалып немесе ой толық аяқталмаса көп нүкте соңынан қойылады.

Цитата тікелей емес цитата келтіру сияқты түрі де бар. Онда цитат келтіруші автордың сөзін сол күйінде алмай, тек ойын алып, оны өз сөзімен баяндап берсе, онда оған сілтеме жасалынады.

1

12

11-Дәріс. Сілтеме. Конспектілеу.

11.1. Сілтеме- сілтелінетін, сілтелінген. (біреудің еңбегінде айтылған ескертушілік), ссылочное примечание- сілтеме ескертпе /31, 379/. Сілтеме- бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жұмысына пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіріледі, яғни ол әдебиеттің тізімін алфавиттік реті және сол пайдаланылған бет саны жақша арқылы көрсетіледі. Мысалы,... Төлеген Тәжібаев адам ойының қандай категориясының, қандай операциясы болмасын, ол түбінде объективтік дүниемен байланысып отыратындығын айтып көрсетті./10 ,83/.

Мұндағы:

10-алфавиттік рет бойынша әдебиет тізімінің рет саны.

83- сол көрсетілген әдебиеттегі сілтеме жасалынған бет саны.

Нақтырақ айтсақ:

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

... ...

... ...

9. Бегалиев Т. Педагогика оқу арқылы құралы. Қысқаша лекциялар курсы. Оқу құралы. Тараз. ТарМУ, 2001-253 бет.

10 Тәжібаев Т. Жалпы психология. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 1993.-240 бет.

11Тілеуова С.С.Болашақ ұстаздарды оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастыруға даярлау. П.ғ.к..диссерт. Алматы, 1994-166 бет

12. ... ...

11.2. Конспектілеу

Конспектілеу дегеніміз-бұл белгілі бір кітаптағы, мақалалардың маңызды ой-пікірлерді, керекті даталарды, фактілерді, атаулы күндерді, нақыл сөздерді цитата келтіру, сілтеме жасау арқылы қысқаша мазмұнын баяндап, жазып алу. Әрбір адам конспектілеудің өзіндік ерекшеліктерін меңгере алады. Әрбір адам конспектілеудің өзіндік ерекшеліктерін меңгере алады. Ол сөздерді қысқартып, белгілі шартты белгілермен анықтай отырып, цифрларды пайдалана отырып конспектілеуіне болады. Дегенмен, мұндай конспектілеу үлгісінсол адамның өзі ғана оқи алады ( уақытты үнемдеу және жылдамдату мақсатында жүргізіледі).

1

13

12-дәріс. Реферат. Рефераттық жұмыс

Рефераттық жұмыс – ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылым түрінде берілетін жұмыс. Реферат ғылыми – ақпараттық бағытта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар рефератта ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады.

1. Ақпараттық рефераттар. Мұнда автор бір немесе бірнеше жұмыстың мазмұнын қысқаша баяндайды.

2. Бағалаушы рефераттар белгілі бір проблема бойынша бірнеше ғылыми әдебиеттер негізінде жазылады және проблемаға түрлі көзқарастар, түрлі жұмыстардағы ғылыми тұжырымдамалардың сыни талдамасы келтіріледі, реферат авторының ұстанымы анықталады.

Реферат (латынша referat – баяндасын, refero – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындарыжалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарында жасалатын баяндамалар да, ғылым кандидаты немесе докторанты дәрежесін алу үшін диссертация қорғаушының авторефераты да Рефератқа жатады.

Рефераттық жұмыс- бұл белгілі бір тақырыпта студенттің немесе оқушының кітап мазмұнын, мақала мазмұнын және өзінің рефераттық тақырыбына сай әдебиеттерді жинап алады. Содан соң жиналған әдебиеттерге қарап отырып, тақырыптың жоспарын түзеді. Сол жоспарға сәйкес рефераттық жұмыс орындаған кезде оларға сілтеме, цитата бере отырып, жұмыс жаза алады.

1

14

13-дәріс. Курстық және дипломдық жұмыстарды безендіруге қойылатын талаптар

Курстық және дипломдық жұмыстарды безендіру жұмысы да белгілі ережелерді сақтауды талап етеді. Яғни жұмыстың шенді беті, мазмұны, оның жазылу реті, интервал мөлщері, беттің номерленуі, параметрлерінің сақталуы т.с.с.

Курстық және дипломдық жұмыстың нөмерленуі әрбер бетінің жоғары оң жақ бұрышынан қойылады. Жұмыстың оң жақ, сол жақ жоғары, төменгі жақтарынан белгілі орын қалуы тиіс, мысалы:

Курстық жұмыстың беті, тексті, кестесі, иллюстрациясы А4 форматына сәйкес келуі керек. Терілген мәліметтер ЭВМ-нің (Microsoft Word редакторы, шрифті «Times New Roman» , кегль №14) бірлік интревалда болуы керек.

Курстық жұмысты шығарғанда келесі размерге сүйену керек: сол жақ – 30мм. кем емес, оң жақ – 15 мм. кем емес, төменгі жақ – 20 мм. кем емес, жоғарғы жақ – 20 мм. кем емес. [Б қосымша «Құжат кодының шифрін ашу»]

Курстық жұмыс жазғанда нақтылық, біркелкілік болуы керек.

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің аттары: “Мазмұны”, “Кіріспе”,”Қорытынды”,”Пайдаланылған деректер тізімі” жұмыстың құрылымдық элементтері.

Курстық жұмыста негізгі бөлімге және параграфқа бөлу керек. Осы бөлімдердің аттары нақты және қысқа мазмұнын қамту керек.

Негізгі бөлімді және параграфты жаңа жолдан бас әріппен, асты сызылмай жазылуы тиіс.

Егер бөлімдердің атаулары бірнеше сөйлемнен тұрса, олар нүкте арқылы жазылады. Әрбір бөлім жаңа беттен бастауы керек.

Курстық жұмыстың беттері араб цифрларымен нөмірленеді, оны барлық бетке бірдей қолдануы керек. Беттің нөмірі төменгі оң жақ бөлімді нүктесіз жазылуы керек. Кіріспе және қорытынды нөмірленбейді.

Иллюстрацияларды ( сызбалар, графиктер, схемалар, диаграммалар) жазылған мәтіннің соңына түсіруі керек.

Иллюстрациялар әртүрлі түсте, компьютердің болуы мүмкін. Әрбір иллюстрациялар жұмыста ссылка берілуі тиіс. Қажетті болған жағдайда иллюстрацияларға арнайы атаулар берілуі мүмкін.

Иллюстрациялар араб цифрымен нөмірленеді және барлық жұмысқа бірдей қолданылады.

Кесте. Цифрлы ақпарат кесте түрінде көркемделеді. Кесте міндетті түрде айтылған мәтіннің соңына немесе келесі бетке түсіріледі. Кестелерді араб цифрларымен нөмірлеп, бүкіл жұмысқа қолдану керек. Кесте атауын жоғары сол жаққа, абзацзыз сызықша арқылы жазу керек. Кесте атауы оның мазмұнын нақты, дәл көрсету керек. Жұмыстың барлық кестесіне ссылка берілуі керек. Ссылкада оның нөмірі және Кесте деген жазу көрсетілуі керек.

Кестенің бағаналары мен жолдарының тақырыптары бірінші жақта жазылуы керек, ал тақырыпшалары кіші әріппен жазылуы керек, егер олар бір сөйлемнен тұрса немесе бас әріппен егер ол өз мағынасына ие болса. Тақырып және тақырыпшалар соңында нүкте қойылмайды.

Формула. Мәтіннің формулаларын жаңа жолға жазуы керек. Формуланың жоғары және төменгі бөлігінде бір жол қалдыруы керек. Мәтіннің формуласын нөмірлеген уақытты, араб цифрымен нөмірлеп, дөңгелек жақшаға ала отырып, шеткі оң жаққа орналастыру керек.

Ссылка. Ссылканы реттілік нөмірмен, екі тырнақшаға ала отырып жазу керек.

Курстық жұмыстың ең соңғы бетінде студенттік қол және жұмыстың орындалған уақыты жазылуы керек.

Дипломдық жұмысты безендіру.

Диплом жұмысының құрылымдық элементтері болып:

– сыртқы беті (ҚОСЫМША Д);

– титулдық бет (ҚОСЫМША Е);

– тапсырыс-хат (ҚОСЫМША Б);

– бекітілген нысанда диплом жұмысына тапсырма;

– мазмұны;

– кіріспе – 2-3 бет;

– 1 бөлім (проблеманы зерделеудің теориялық және әдістемеліку негізі,

әдебиеттерге шолулар) – 15-25 бет;

– 2 бөлім (аналитикалық бөлім) – 25-35 бет;

– 3 бөлім (зерттеу бөлімі) – 20-30 бет;

– қорытынды – 3-5 бет;

– қолданылған әдебиеттер тізімі;

– қосымша;

– суреттейтін материалдар (тігілмейді).

Сыртқы бетінде (ҚОСЫМША Д) келесідей мәлметтер келтіріледі:

– диплом жұмысы орындалған, ұйымның атауы;

– студенттің тегі, аты-жөні;

– диплом жұмысының атауы;

– жұмыс түрі – диплом жұмысы;

– шифр және мамандық атауы;

– жыл, қала.

Титулдық бет

Титулдық бет диплом жұмысының бірінші беті болып табылады және

құжат іздеу және өңдеу үшін қажет, ақпарат көзі болып қызмет атқарады. Ол Е

ҚОСЫМШАсына сәйкес рәсімделеді және диплом жұмысының жалпы

беттерінің нөміріне қосылады. Титулдық бетте бет нөмірі қойылмайды.

Титулдық бетте төмендегідей мәлметтер келтіріледі:

– диплом жұмысы орындалған, ұйымның атауы;

– диплом жұмысы орындалған, кафедраның атауы;

– кафедра меңгерушісінің бекітуші қолы;

– жұмыс түрі – диплом жұмысы;

– тақырыпты көрсетумен «тақырыбына» диплом жұмысы тақырыбының

атауы;

– шифр және мамандық атауы;

– сол жағында – «Орындаған» сөзі, оң жағында қарама қарсы студенттің

тегі, аты-жөні көрсетіледі;

– бір жол төмен «Ғылыми жетекші» жазылады және жетекшінің тегі,

аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы т.б. регалиясы көрсетіледі;

– бір жол төмен «Стандартизация бойынша кеңес беруші» жазылады

және тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы көрсетіледі;

– қала, жыл.

Тапсырыс-хат және тапсырма диплом жұмысының жалпы санына

қосылады, бірақ оларға нөмір қойылмайды.

1

15

14-Дәріс. Курстық және дипломдық жұмысты қорғау және бағалау

Курстық және дипломдық жұмыстарды қорғау алдын-ала белгіленген кесте бойынша өтеді. Студенттер қорғауға дейін беренші жетекшіге сесп бере отырып , жетекшімен кеңесе,ді, сонан соң алдын-ала қорғаудан кафедрадан өтеді. Бұл қоорғауға да хаттама жазылады және комиссия мүшелері қатысады.

Курстық және дипломдық жұмыстарды қорғау пәндік циклдарға бөлініп өткізіледі немесе гуманитарлық цикл пәндер мен жаратылыстану цикл пәндері болып өткізілуі және негізгі пәндер ( педагоика , психология және жас ерекшелігі психологиясы ) мен жеке пән әдістемелері болып бөлінуі мүмкін. Қорғау комиссия мүшелерінің қатысуымен өтеді. Студентке жұмысты қорғауға регламентті уақут белгіленеді. Қорғау кезінде хатшы сайланып, хаттама жазылып отырады.

Қорғау барысында студент өз жұмысының негізігі тақырыбымен , зерттеудің өзектілігімен , мақсат, міндеттерімен таныстыра отырып, мақсатқа жетудегі жетістіктері мен жұмыс барысындағы қиыншылықтарын қысқаша баяндайды. Баяндау өте қысқа да емес, дегенмен нақты, тыңдаушылардың назарын толық өзіне аударып алатындай болу кере. Қорғау барысында жетекші студенттің жалпы зерттеу процесіндегі жұмысының нәтижесін, әрбір кезең бойынша жасаған жұмыстарына , алдын-ала қорғаудың нәтижесіне байланысты зерттеу жұмысына пікір ( реценция) жазады.

Курстық жұмыстарды қорғауда берілетін уақыт көлемі 5-10 минуттан аспауы қажет, ал дипломдық жұмыстардың регламенттік уақытты 10-15 минут. Дегенмен комиссия мүшелері студенттерге өз ойын толық жеткізе білуіне жағдай жасап, оған сұрақтар қойып отырады. Студент комиссия мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтарға нақты, дәйекті жауап беру керек.

Студенткурстық немесе дипломдық жұмысты қорғауға дейін жетекшіге дайын жұмысты реценцияға береді. Жетекшіге орындалып отырған жұмыстың жалпы реті, кезеңдері, жұмыста не туралы айтылатыны танысболғандықтан, жетекші реценцияны жалпы жұмыс барысы , онда қарастырылған мәселелер, зерттеудің қазіргі жағдайда тиімділігі , студенттің зерттеу жұмысын орындау барысында жеткен жетістіктері, жұмыстың сапасы, тиімділігі туралы баяндайды.

Төменде дипломдық жұмысқа жазылған реценция үлгісінің қысқаша мазмұны берілген.

Сонымен қатар студенттің дипломдық жұмысына басшылық еткен ғылыми жетекшімен бірге кафедра меңгерушісі немесе факультет деканы да және сол ғылым саласының жетекші мамандары да пікір береді.

Студенттің жұмысын бағалау кезінде мына мәселелер ескерілуі керек:

Педагогикалық әдебиеттердегі оқушылардың білім, білік, іскерліктерін бақылау, бағалау және есепке алу және оларға қойылатын талаптарға талдау жасалынады. Студенттердің курстық және дипломдық жұмыстарын бағалау , сол жұмыстың қаншалықты ғылымилығы , зерттеудің құндылығы , мәселенің өзектілігі , зерттеудің тиімділігі туралы мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек деп ойлаймыз. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М Қоянбаев , Т.С Сабыров зерттеулері ббойынша оқушы білімін бағалауда мұғалім төмендегі мәселелері ескеру қажет:

  • оқушы білімнің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәлелдеу;

  • баға әділетті болуы қажет, оқушының бағасын әдейі төмендетуге, оған жеңіл-желпі қарауға, ымырашылдықққы салынуға болмайды :

  • әрбір баға – білімді есепке алу ғана есес , ол тәрбиелік құрал да болу керек;

  • оқушының теріс қылықтары үшін, бұзықшылығы үшін бағаны жазалау құралы ретінде пайдалануға болмайды;

  • бағалау сабақ процесінің әрбір кезеңінде жүріп отыру керек.

  • кей жағдайларда мұғалім оқушыға жұмысына баға қоймай-ақ оны ауызша мадақтауына даболады / 28,272/

  • Жоғарыдағы Ж.Б. Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев, Т.С.Сабыров, және т.б. авторлар(А.М. Новиков, Н.Г. Кушков, И.В. Мохов, Орашин А.Д. С.И.Гершун, В.И. Смирнов , Н.Е. Соколова, Н.А. Сорокин, В.И. Журавлев , В.А Андре ев , В.В Краевскмй, В.В. Налимов, Г.И. Голикова, З.А.Исаева, А.Ерназаров, М. Жайлауова, А. Жалғасбаева) зерттеулерінің негізінде біз студенттердің ғылыми жұмыстарын қорғау кезінде комисия мүшелері мына мәселелерді ескергені жөн деп таптық:

1. Жалпы жұмыстың ғылымилылығы, жаңалықтың дәйектілігі.

2. Жұмысты орындау барысында оның жазалау ретінің сақталуы, яғни кіріспе бөлімдегі ғылыми аппараттың ,нақтылығы , әрбір тарау бойынша әдеби шолудың дәлдігі, талапқа сәйкес келу, эксперимент жүргізе отырып, оны талдайалуы, әдебиеттер тізімін құруда оның тиісті әдебиеттерді таңдап алуы.

3. Ғылыми – зерттеу ідістерін өз жұмысында шығармашылқпен қолдана білуі және ғылыми прогрецтің талаптарына сай зерттеуде жаңа техгологияны пайдалануы.

4. Курстық жұмыстың безендірілуі, өз уақытысында жұмыстың кезеңдер бойынша орындалып отыруы .

5. Тақырып бойынша, тақырыптың жоспарын жүйелі құра білуі және оны практика қолдана алу машығы.

6. Зерттеу жұмысын студенттің қорғауындағы баяндамасының ғылымилылығы, өзіне сенімділігі,зерттеу туралы ізденісін көрсете білу қабілеті.

Қорытынды

Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының ғылым- педагогтары дайындаған бұл әдістемелік құрал педагогика саласы бойынша ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізуге, студенттердің орындайтын курстық және дипломдық жұмыстарына, оларға басшылық жасайтын ғылыми жетекшілерге, мектеп мұғалімдеріне, аспиаранттарға, ғылыми ізденушілерге көмекші құрал болып табылады. Еңбекке көрсетілген маңызды мәселелер оқу тәрбие процесіне эксперимент жүргізудің, оны өңдеудің, практикаға енгізудің, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау ерекшеліктерін , кездесетін ғылыми түсініктердің жүйесін, ғылыми –зерттеу жұмыстарының түрлері, бағытты туралы түсінік бере алады.

Бұл әдістемелік құралдың ерекшелігі. ғылыми-пелагогикалық зерттеулердің өзіекті тақырыптарын таңдап алу, ізденістің тиімді әдіс- тәсілдері пайдалана отырып жүргізудің , ғылыми аппарат құру сияқты жалпы жұмыстың тараулары бойынша қарастыратын мәселелерін толық қамтиды. Дипломдық және курстық жұмыстарды орындаудың ерекшеліктеріне тоқтала келе, оның безендірілуі үлгісі және сол тақырып бойынша қажет деген әдебиеттердің қысқаша тізімі берілген.

Қосымша ұсынылған педагогика және психология пәндері бойынша курстық және дипломдық жұмыстардың үлгі тақырыптарын студенттер, ғылыми ізденушілер өз іс- тәжірибелерінде, өз зерттеулерінде негізгі бағыттар ретінде ала алады.

Келешекте ғылыми- зерттеу жұмыстары және педагогиканың әр түрлі мәселелері бойынша оқу құралдарын даярлау жоспарлануда.

1