Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жамбылова 3-018 срс вдб реферат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.9 Кб
Скачать

Паротрофия

 (paratrophia, para-артық, ophе-қоректену деген грек сөзінен шыққан)-ерте жастағы балалардағы артық немесе қалыпты салмақпен және ткандердің гидрофилдігінің артуымен сипатталатын қорекьенудің бұзылуының бір түрі. Бұл терминді 1929 жылы Г.Финкельштейн енгізген. Кеңестік медицинада дистрофияның жіктелуін енгізген Г.Н. Сперанский мен А.С. Розенталь.

Себептері және бейімдеу (себептер) түрлері: негізгі себептері құрамында май және көмірсулар көп тағамдарды шамадан тыс артық беру.

Бұл ауру ерте жастағы балаларға құрғақ сүт қоспаларды қолдан дайындап бергенде өте қою етіп, ботқаларды жиі бергенде байқалады. Бейімдеу түрткілеріне негізінде конституция (дене бітімі аномалиясы (ақау)), әсіресе лимфатикалық-гипопластикалық диатездер жатады.

Клиникасы: липоматозды түрінде шел майдың шамадан тыс артық дамығаны байқалады, бірақ көпке дейін терінің кілегей қабықтарының түсінің, ткандерінің тургорының қалыптылығы сақталады. Ісікті (ісінулі) түрінде сәбиде өзіндік фенотипі (денесі жұмсақ, дөңгеленіп томпайған, беті толық, кең сопақша (овал) тәріздес болады, көзінің арасы кең, мойыны қысқа, кең иықты, көптеген дизэмбриогенездік белгілер) байқалады және ткань тургоры төмендеп, терісінің бозарғаны байқалады. Сонымен бұл сәбилерде бұлшық ет гипотониясы, эмоционалдық тонустың тұрақсыздығы, ұйқысының мазасыз болуы қимылдарының дамуының тежелуі байқалады. Паратрофияның екі түрінде де, дене салмағы мен ұзындығынығ қатынасы бұзылмайды, бірақ ол көрсеткіштерді жастарына байланысты орта көрсеткіштермен салыстырғанда ортақтыққа бейімділігі (дене салмағы 10%-ке дейін, ұзындығы 1-2 см) анықталады. Дене салмағының даму қисықтары тіке жоғары өрлейді. Бұл сәбилер кз келген аурумен науқастанғанда салмағын тез жояды. Үлкен дәреті тұрақсыз болып, жиіленугі, мезгіл-мезгіл жасыл түстеніп, кілегейдің пайда болуына бейім келеді. ЖРВИ-мен ауырғанда өте жиі бронхообструкциялық синдром байқалады.

Біріншілікті және екініншілікті семіздік.

Семіздік- артық май жиналумен сипатталатын әртекті ауру.Семіздікке мектеп жасына дейінгі балалардың 5-8 %,мектеп жасындағылардың 15-20% шалдыққан.Қыздар ұлдарға қарағанда семіздікпен 3-4 есе көп зардап шегеді. Семіздік- біріншілік (идиопатиялық), салдарлық (екіншілік) – деп ажыратылады. Олар өз алдына: гипертрофиялық, гиперплазиялық, андроидтық, гиноидтық және араласқан түрлеріне бөлінеді.

  • І дәрежелі семіздік 15-24%

  • ІІ дәрежелі 25-49%

  • ІІІ -50-99%

  • ІV -100%

Біріншілік семіру – май тіні мен гипоталамустың арасындағы гормондық байланыстардың бұзылыстарынан липостаздық нүктенің жоғары көтеріліп кетуімен көрінетін дерттік жағдай.Бұл кезде қабылданған тағамның қуаттық құндылығы оның шығындалуынан басым болып кетеді. Өйткені организмдегі май тіні мен гипоталамустың арасындағы байланыстардың өзгерістерінен адамның тамақ қабылдау тәртібі, жан-дүниесі мен белгілі бір өмір салтының таңдауы өзгереді. Бұндай адамдар тамақты артық ішейін деп ішпейді, бірақ жоғарыда көрсетілген өзгерістердің нәтижесінде тәбеті жоғары болудан, тойыну сезімінің аздығынан ішеді. Ол май жасушаларында өндірілетін лептиндердің аз өндірілуінен болады. Сонымен, біріншілік семіруді өзбетінше жүйкелік-эндокриндік дерттік жағдай – деп қарастыру қажет. Біріншілік семірудің негізінде липостаздық жүйенің шеткері май тіні мен гипоталамустың арасындағы өзара қатынастардың бұзылуы маңызды орын алады.1994-жылы Дж. Скотт «тоқтық» жағдайда май жасушалары пептидтік гормон – лептин өндіретінін ашты. Оның жалпы мөлшері организмдегі май тінінің мөлшеріне тікелей байланысты және әйелдерде, еркектерге қарағанда, көбірек болады. Май жасушаларымен лептин өндірілуін инсулин және глюкокортикоидтар (аз мөлшерде) сергітеді. Лептин гипоталамустың вентромедиалдық ядроларына әсер етеді де тойыну сезімін туындатады. Сонымен бірге, ол жылу өндіру орталығын сергітіп, симпато-адренергиялық жүйенің белсенділігін көтереді. Осыдан термогенез артып, норадреналиннің әсерінен май тіндерінің ыдырауы күшейеді. Оның әсерінен негізгі алмасу көтеріліп, оттегіні пайдалану жоғарылайды және липолиздің басқа жолдары да артуы ықтимал. Лептиннің әсерінен аштық сезімінің орталығында (вентролатералдық ядроларда) нейропептид Y өндірілуі азаяды. Бұл нейропептид:

● аштық сезімін туындатып, тәбеттің ашылуына әкеледі;

● кейбір эндокриндік бездердің гипофиз арқылы және гипофизден тыс реттелулеріне қатысады;

● инсулин өндірілуін арттырады;

● тамақ қабылдауға түрткі болады;

● адипоциттерде май жиналуына әкеледі.

Осылай май жасушалары мен гипоталамустың өзара байланыстарымен денедегі май тінінің тұрақтылығы қалыпты мөлшерде ұсталынып тұрады.

Осы жағдайларға байланысты біріншілік семірудің даму патогенезінде май жасушаларында лептиннің жеткіліксіздігі маңызды орын алады-деп тұжырымдауға болады. Оның жеткіліксіздігі гендік ақаулардың нәтижесінде:

● май жасушаларында лептиннің аз түзілуінен;

● гипоталамустың вентромедиалдық ядроларының нейрондарында лептиннің әсерін қабылдайтын рецепторлар болмауынан немесе аз болуынан - байқалады. Соңғысында май тіндері лептинді жеткілікті өндіруіне қарамай оның гипоталамусқа әсері болмайды. Содан гипоталамустың аштық сезімінің орталығы ұдайы нейропептид Y-ді артық өндіреді.

Осыдан адамдардағы идипатиялық (біріншілік) семіру дамуында тұқым қуалаушылықтың маңызды екенін байқауға болады. Біріншілік семіруді, тамақтанудың бұзылыстарымен қабаттасатын, полигендік дерттік жағдайға жатқызады. Ата-анасының біреуінде семіздік болса, онда олардан туған балалардың 56%-ында семіруге бейімдік байқалады. Ал, екі бірдей толық адамдардан туған балалардың 78%-ында артынан семіру пайда болады.

Біріншілік семірудің даму негізінде, тұқым қуалауға бейімділіктің нәтижесінде май жасушаларында лептиннің аз түзілуінің маңызы зор дегенмен де, организмге түсетін энергия мен оның шығындалуының арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуына мән бермеуге болмайды. Бұл кезде адипоциттер мен гипоталамустың арасындағы байланыстардың өзгерістерінен, денедегі май тінін жеткіліксіз деп қабылдайтын, дене салмағын орнықтыратын нүкте жоғарылап ығысып кетуі болады. Содан оны нейропептидтік реттеудің жаңа сапалы деңгейіне сәйкес организмге түсетін энергия оның шығындалуынан басым болып кетеді. Энергия шығындалуының азаюы адамның гиподинамиясынан байланысты. Сол себепті адам ішетін тамақты азайтып, қимыл-қозғалысты көбейту арқылы дене салмағын қалыпты мөлшерде ұстап тұра алады. Семіру ішкен тамақтың мөлшерінен ғана емес, оның сапалық құрамынан, қоректену тәртібінен де көп байланысты болады. Тамақтың құрамында нәруыздардың аздығы семіріп кетуге ықпал етеді. Тамақ ішу сирек және бір ішкенде мол болса, олда семіруге әкеледі. Бұл кезде организмдегі инсулиннің деңгейі жоғары деңгейде ұзақ ұсталып тұрады. Тамақты тым кеш, жатар алдында ішуде дененің толуына қауіп төндіреді.

Сонымен сайып келгенде, липостаздық жүйеде гипоталамус, ішек гормондары, бүйрек үсті бездері, ұйқыбездің β-жасушалары және май тіні аралық қатынастарының маңызы өте зор. Олардың өзара әсерлері дене салмағының тұрақтылығын және организмнің метаболизмдік мұқтаждығына сәйкес қоректену тәртібін қамтамасыз етеді.

 

Салдарлық (екіншілік) семіру

Салдарлық (екіншілік) семірубастапқы кездерінде адипоциттер мен гипоталамустың арасындағы байланыстарының қалыпты жағдайында организмде энергия шығындалуы азаюына және майлардың жиналуына әкелетін дерттік бұзылыстардың болуы салдарынан дамитын синдром. Ол әртүрлі эндокриндік аурулардың нәтижесінде байқалады.

Этиологиясы мен патогенезі. Жүйкелік-эндокриндік бұзылыстардың дамуы нәтижесінде байқалатын семірулерді салдарлық семірудейді. Қазіргі күні оны май тінінде өндірілетін лептиннің немесе лептинді қабылдайтын гипоталамустағы рецепторлардың жеткіліксіздіктерімен байланысты емес семіру деуге болады. Семірудің бұл түрін:

● гипоталамустық-гипофиздік (орталықтық) семіру

● басқа эндокриндік бездердің қызметтерінің бұзылыстарымен байла- нысты (шеткерілік) семіру – деп ажыратады. Әрине бұлай ажырату шартты түрде ғана дұрыс болады. Өйткені гиперкортицизм кезіндегі семіру әрі орталықтық, әрі шеткерілік бездердің бұзылыстарымен байланысты болады.

Салдарлық семірудің орталықтық түрі гипоталамус пен гипофиздің көптеген бүліністері кездерінде байқалады. Бұл бүліністерге: гипофиздің базофильдік аденомасы (Иценко-Кушинг ауруы), жекеленген гипопитуитаризм, гипофиздік ергежейлілік т.б. көптеген арнайы синдромдар кездеріндегі гипоталамустың вентромедиалдық орталығының жарақаттан, өспе өсуінен, қан құйылуынан, энцефалит дамуынан бүліністерін келтіруге болады.

Салдарлық семірудің шеткерілік түрі: Иценко-Кушинг синдромы, инсулинге тәуелсіз қантты диабет, гипотиреоз, гипогонадизм, инсулинома т.с.с. шеткері бездердің дерттері кездерінде байқалады.