Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар
Балалардың ақыл – ой дамуындағы жеңіл ауытқулары «Психикалық дамудың кешеуілдеуі» деп аталатын терминмен сипатталады. Бұл кемшіліктің негізгі себебі: бала миының әлсіз түрдегі яғни органикалық зақымдауымен, сондай – ақ іштен туа пайда болған, туылу кезіндегі зақымданулар жатады. Сонымен бірге дамудың кешеуілдеуі жоғарғы жүйке жүйесінің ауруларымен, созылмалы және соматикалық жағдайлармен, бас миының жарақаттануымен, эндрокриндік жүйенің бұзылуымен байланысады.
Физикалық және нерв-психикалық ауытқулары бар балаларға баға беру.
НПА бар балалар даму көрсеткіштері бойынша оның жасымен анықталады:
Есту,көру реакциялары;
Эмоция;
Жалпы қозғалысы;
Қимыл қозғалыстары;
Сөз сойлеу,түсіну;
Қабілет,түсінік;
Сенсорлық даму;
Ойын
НПА формуласы ерте жастағы баладарға:
1 жасында –көру және есту анализаторлары,эмоция, жалпы қозғалысы,қимыл қозғалыстары,сөз сойлеу,түсіну,қабілет,түсінік.
2 жасында сенсорлық даму,ойын, сөз сойлеу,түсіну,қабілет,түсінік
3 жасында сенсорлық даму,ойын,сойлеу,қабілет,түсінік.
4-11 жаста ойлану,сөз,зейін,ес,қарым-қатынас,психикалық денсаулық;
12-18 жаста интеллектуалды даму мен қосымша қылықтар.
НПА көрсеткіштерін анықтау тәсілдері:
Баланы ойын кезінде бақылау
Үлкендердің тапсырмасын орындағанда,сөйлескенде,т.б
Тесттер,анкета,әңгімелесу.
Дистрофия
Балалардың тамақтануының ұзақ уақыт бұзылуынан туындайтын, бойының өсуі мен дене дамуының кешеуілдеуімен, ағза қарсыласуының төмендеуімен сипатталатын дерттік жағдай.
Гипотрофия
(гректің hypo – аз, trophiаs – қоректену, hypotrophiаs – аз қоректену) деген сөздерінен алынған. Гипотрофияны оқып-үйренуде Г.Н. Сперанский мен А.С. Розенталь көп еңбек сіңірген. Бұл авторлардың көзқарасы бойынша нормотрофияда баланың (нормотрофик баланың) салмағы, бойы қалыпты, дұрыс жетілген, терісі таза, барқыт тәрізді, нәзік қызғылт, тканінің тургоры жақсы, бұлшық еттердің қаттылығы орташа және олардың тонусы қалыптағыдай болуы керек. әртүрлі тағамдар сапалық және сандық құрамы қалыптағыдай, жұқпалы ауруларға жақсы қарсыласа алатын, жүйке іс-әрекеті дұрыс жетілген болуы керек. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша гипотрофия ерте жастағы балалардың 10-20 % жуығында кездеседі.
Қазіргі кезде гипотрофия деп ұзақ және созылмалы азапты айтады. Ол организмнің трофикалық (қоректену) қызметінің, зат алмасуының, ас қорытуының бұзылуымен, дененің және оның қимыл-қозғалысының, сонымен қатар жүйке іс-әрекетінің нашар дамуымен қатар жүреді. Пайда болу кезеңіне байланысты ерте жастағы балалар гипотрофиясы ұрықтың іште даму кезеңінде пайда болған, іштен туа пайда болған, яғни пренаталдық және туғаннан кейін пайда болған, яғни постнаталдық болып екіге бөлінеді. Іштен туа (ұрықтық кезеңде) пайда болған гипотрофияны, салмақ-бой көрсеткішіне (коэффициентіне) байланысты анфықтайды (салмақ-бойкоэффициенті) (СБК) граммен есептелінген дене салмағының сантиметрмен есептелінген дене ұзындығына қатынасымен анықталады. Қалыпты жағдайда уақытына жетіп туған сәбилерде 60-80 % деғгейінде болады.
Іштен туа пайда болған гипотрофияның негізгі себептері болып жүктілік кезеңіндегі соматикалық және инфекциялық аурулар, жүктілік кезінде залалды әсер ететін түрткілер (кәсіби, санитарлы-гигиеналық, ережелік, тағамдық залалды әдеттер) және тағы басқалар есептелінеді.
Пренаталдық гипотрофияның даму негізінде ұрықтың миының нейросекреторлық заттарының бұзылуымен өтетін нейро-дистрофиялық процесс жатыр. Сондықтан клиникалық белгілері мидың зақымдалу ауырлығының дәрежесіне байланысты.
Клиникасы. Гипотрофияның айқын білінетін негізгі белгісі – арықтау. Осы клиникалық белгінің дәрежесіне байланысты үш дәрежеге бөлінеді. Гипотрофияның дәрежесі тиісті және қазіргі салмағының айырмашылығының проценттік мөлшерімен анықталады (келесі беттегі кестені қараңыз).
1 дәрежелі гипотрофия: Сәби белсенді түрде қоршаған ортаға көңіл бөледі, жүйке іс-әрекеті дамуы жасына сәйкес, бірақ мазасызданады, ұйқысы бұзылуы мүмкін. Терісінің кішкене бозарып, ткандердің тургоры аздап әлсіреп, бұлшық етінің аздаған енжарлығы байқалады.
