|
Реферат |
Тақырып: Балалардың физикалық дамуының ауытқуы. Гипотрофия жәнепаратрофия, гипостатура, нанизм және гигантизм түсініктері |
|
|
|
Орындаған:ЖамбыловaА.Е 3-018ЖМФ Қабылдаған:Турлыбекова
С.А
Қарағанды 2015 Жоспар
Кіріспе
Балалардың физикалық дамуының өзгерістері.
Негізгі бөлім
Физикалық және нерв-психикалық ауытқулары бар балаларға баға беру.
Гипотрофия туралы түсінік
Гипотрофия даму себептері.
Паратрофия туралы түсінік
Паратрофия дамуына әкелетін себептер : тұрмыстық, эмоционалды, генетикалық, және физикалық даму жетіспеушілігі
Біріншілікті және екініншілікті семіздік.
Гипостатураға түсінік және бой салмақтық көрсеткіштерді бағалау
Нанизмге түсінік
Нанизм шақыратын себептер
Гигантизмге түсінік
Гигантизмнің даму себептері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Балалардың физикалақ дамуының өзгерістері.
Баланың физикалық дамуы дегеніміз оның жасына байланысты бойының және салмағының өсуі. Организмдердердегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуы өсу деп аталады. "Физикалық даму" деген термин клиникалық педиатрияда бала бойының, салмағының, бас, кеуде ауналымының өсуімен бірге бөлек мүшелердің дамуымен және биологиялық жетілумен байланысады. Медицина зерттеуіне "антропометрия" дейтін әдіс еңгізілгеннен кейін баладардың бойы онжылдықтан онжылдыққа ұзаратыны, және жынысты дамуы ертерек басталатыны байқалды. Бұл жағдайды "acceleratio" - жылдамдату, тездету - деп атайды. Мысалы, ХХ ғасырдың басында өмір сүрген тоғыз жасар баланың бойы, қазіргі жеті жасар баланың бойындай, ал он жеті жасар баланың бойы – он бес жасар баланың бойындай. Бірақта, акселерацияға байланысты "гетеродинамия" дейтін сөз пайда болды – ол басқа бөлек мүшелер дамуының қалып қоюы пайда болуын белгілейтін сөз. Мысалы, жүрек-қантамыр жүйесінің, скелеттің және бұлшық еттердің салыстырмалы өсу жылдамдығы, т.б.
Физикалық дамуы қалыпты болуы және қалыс қалуы мүмкін.ФД қалыс қалған бала деп жүктіліктің 22 аптасына жетпей дүниеге келген баланы айтамыз. Бұндай туылған баланы дене салмағына қарай төмен, өте төмен,экстремальды төмен деп бөледі.Баланың ФД анықтау үшін парцентильды және сигмальды кестелерді қолданады.
Салмақ қосуы
Шала туылған баланың салмақ қосуы гестация мерзіміне тікелей байланысты;ал,алғашқы айда салмақ қосу қалыпты баланың салмақ қосуынан төмен болады.Туылғанда адекватты салмақ қосу 10-15 г/кг тең болады.
Шала туылған балаларда ФД баға беру кезінде белгілі формуланы қолдануға болады:
1001-1500 г салмақпен туған балаларда 2-3 айда салмағын арттырып,3,5-4 айда жоғалтып,1 жылда 6-7 есе жоғарылайды.
1501-2000 г туылған балада 2,5-3 айда арттырып,4-4,5 айында жоғалтады,1 жылда 5-6 есеге артады
Шала туған баланың ФД көрсеткіштері дені сау баланың көрсеткіштерімен 2 жаста теңеседі.
Бойы
Баланың физикалық дамуын зерттеуі бірінғайланған, стандартты өлшеу аспаптары қолданылады. Екі жасқа дейінгі баланың бойын өлшеу үшін әдейіленген бойөлшегіш қолданылады. Бойөлшегіш - ұзындығы 80 см, кеңдігі 40 см, қаптал жағында- сантиметрлік шәкілі бар тақтай, оның қапталында көлденең орналысқан планка жылжып тұр. Баланы бойөлшегішке басын қимылсыз көлденең планкаға тақап жатқызады да, тізесіне сәл ғана басып, аяқтарын жазады. Бойөлшегіштің жылжымалы планкасын баланың табандарына қатты басады. Жылжымалы және жылжымалы емес планкалар аралығы баланың бойына сәйкес болады.
Бойдың өсуінің ауытқуы 3-айда білінеді,3,5-5 см/айына.1-жарты жылда әр ай сайынғы бой өсуі орташа 2,5-5,5 см,2-жылда 0,5-3 см өседі.Жалпы 1 жылда 27-38 см.Шала туылған балада орташа өсу 1 жылда 70,2-72,5 см құрайды.
Бас және кеуде шеңбері
Бас шеңберін дұрыс бағалау үшін мыналарға назар аудару керек:
Бас өлшемімен қатар кеуде өлшемін үнемі салыстырып отыру керек.
Бас шеңберінің 1 см өзгерісі диагностикада микроцефалия немесе гидроцефалия көрсеткіші бола алмайды.
Қалыпты балаларда бас шеңберінің ұлғаюы алғашқы 3 айда 1,5-2 см ,4-6 айында -1см –ге ,6-12 айында-0,5 см ге тең.Шала туылған балада алғашқы жылы 15-19см, 1 жасында 44,5-46,5 см өседі.
Шала туылған балада бас шеңбері мен кеуде шеңбері қиылысуы 3-5 жаста болады.
Дене салмағының өзгеруі
Салмақтың төмендеуі белок,минерал,су,май алмасу бұзылудан болуы мүмкін.Дене салмағының өзргеруінің себебі әр түрлі:эндокринді аурулар,аштық,ВИЧ инфекция,иммунологиялық жетіспеушіліктер,туа пайда болған метоболизмдік бұзылыстар.
