- •26 Қазан 2015 жыл Жоспар
- •1. Ауру көзі
- •3. Қабылдаушы макроорганизм
- •Профилактикалық іс-шаралар
- •Індет ошағына эпизоотолого-эпидемиологиялық талдау жүргізу
- •Сурет 3. 2007-2012 жылдардағы бруцеллезбен ауырғандардың динамикасы
- •Сурет 4 2007-2012 жылдардағы бруцеллезбен ауырғандар балалар арасындағы динамикасы
1. Ауру көзі
Ауру көзі дегеніміз - қоздырғыштың табиғатта кездесіп және көбеетін жері, сол жерде олар адамдардың зақымдануына себепші болады. Бруцеллездің негізгі ауру көзі - жануарлар, сондықтан зооноздар тобына жатқызылған. Бруцеллездің эпидемиологиясы мен эпизоотологиясында ұсақ және ірі қара малдар, шошқалар негізгі орын алады. Қосымша ауру көзі - яктар, бұйволдар, бизондар, түйелер, жылқылар жэне басқа жануарлар. Бруцеллаларды табиғи тасымалдаушылық 29 жабайы жануарларда және 18 түрлі қансорғыш буынаяктыларда тіркелген. Ұзақ уақыт бір жануарда болуы, биоценозға ену қасиеті жэне вирулентігін жоғалтпай ұрпақтан ұрпаққа берілуі бруцеллаларға тэн бейімделу қасиеті болып табылады.
Көптеген бақылауларға сүйенсек, наукас адам инфекция көзі болуы мүмкін емес, өйткені адам бруцеллаларға „биологиялық түйық” болып табылады. Өте сирек жагдайда жедел бруцеллезбен ауратын науқастың эртүрлі бөлінділерінен (зэр, емшек сүті, плацента, қағанақ сүйықтығы) бруцеллез қоздырғышы табылуы мүмкін. M.Santic-Palvinic (1983) заладанған теңіз шошқалармен қарым- қатынаста болған микробиологиялық зерттеухананың 'қызметкерінің ауырған жағдайын баяндаган. Науқастың қанынан Brucella melitensis биовар 2 дақылы бөлініп алынған. Қызметкер ауырғаннан 3 айдан кейін әйелі ауырып, оның қанынан дэл сондай дақыл табылған. .рық туылу барысында залалданган қағанак суын жүтып қойған жагдайда залалдануы мүмкін. M.Hassid (1974) пікірі бойынша бруцеллез анасынан баласына трансплацентарлы жэне трансамниотикалық жолдарымен берілуі мүмкін. Емшектегі балалар емшек сүті аркылы заладануы ықтимал. Біз бруцеллезбен ауырган екі жанұя мүшелерін бақыладық, соның ішінде 4 және 6 айлық емшектегі жэне қосымша тамақтанбайтын нәрестелер де болды.
2. Таралу жолдары жэне факторлары Контактілі жол бруцеллез ошақтарында жиі кездеседі. Бұл инфекцияның басты патогенетикалық ерекшелігі – бруцеллалардың жүкті жануарлардың жыныс мүшелеріне жэне даму барысындағы ұрықтың тіндеріне жоғары троптылығында. Жыныс аппаратында қоздыргыштың қарқынды көбеюі ұрықтың өлуіне, түсік тастауға,
эндометриттің, маститтің дамуына әкеп соғады. Плацентамен, қағанақ суымен, жыныс жолдарындағы бөліндімен жэне ұрықпен бірге сыртқы ортаға өте көп мөлшерде бруцеллалар шығады. 1 мл қағанақ суында бірнеше миллионмен миллиардқа дейін бруцеллалар болуы мүмкін. Бруцеллездің белсеңді эпизоотия кезінде отарда ондаған, кейде жүздеген мал түсік тастап, оның әркайсысы 1,5-2,0л залалданған материал бөлетінін ескерсек, онда бруцелллардың малшаруашылық мекемелерде, жануарлардың тұратын, су ішетін және жайылатын жерлерінде қоздыргыштың жайылу қарқындылыгын елестетуге болады. Мал түсік тастағаннан соң бір ай бойы бруцеллалар көп мөлшерде бөлінеді, ал 2-3 айдан соң олардың бөлінуі тұрақты емес, ал 7 айдан соң тоқталады. Мал төлдегеннен соң бруцеллалар малдардың сүт безінде 5-8 ай, ал мастит болса 36-48 айга дейін анықталады. Осыған байланысты адам малдың төлдеуіне көмектесуі кезінде жэне мал төлдеген мезгілде малды қырқуға қатысу
кезінде тікелей контакт болғанда бруцеллезді жүқтыру қаугіі жоғары. Шикізатты өңдеуге байланысты (ауру малды сою, терісін алу, етін бөлшектеу, терісін өцдеу, жүнін өңдеу жэне басқа ауылшаруашалық жүмыстары) өндірістік процестер залалдану механизмінде шешуші орын алады. Бүл кезде залалдану жарақаттанған жэне сау тері арқылы жүзеге асады. Алиментарлы жол шикі және термиялық өцдеуден шала өткен малшаруашылық өнімдер (сүт, әсіресе ешкі сүті, сүт өнімдері - қаймақ, ірімшік, уыз, шашлык, стейк, т.б.) аркылы жүзеге асады. Ешкі - кой типті бруцеллардың ірі қара малға көшуінің (миграция феномены) жиі кездесуіне байланысты сүт факторы қала тұрғындарының арасында, эсіресе балалардың арасында бруцеллездіц таралуына маңызды орынға ие болып отыр. Oxford text book of Medicine мәліметі бойынша 500 адамды зерттегенде, 70% жағдайда пастерленген сүтті жэне жүмсақ ірімшікті қолданғанда залалдану байқалған. Жогары вирулентті қоздырғышпен залалданған сүтті қолданған жағдайда эпидемиялық өршулер пайда болады. Аурушылдық топтық-жанүялық сипат алады жэне ошақтан тыс жерге таралады. Осындай жагдайларды эпидемиологиялық зерттегенде ауру көзі ірі қара мал болғаны, ал бөлініп алынған бруцелла дақылы ешкі- қой түріне жататыны анықталды. Инфекцияның таралуының әртүрлі факторл арының эпидемиологиялық маңызын бағалау үшін бруцеллалардың тұрақталығын ескеру қажет. Сүтте, қаймақта, сары майда, ірімшікте бруцеллалар қалыпты температурада 16-20 күн, сүтқышқыл өнімдерінде (простокваша, сүзбе) - 2 күн, ал төмен температурада (тоңазыткышта) - 18-20 күн, әлсіз тұздалган (10%) және әлсіз қышқыл уы зд а - 72 күн сақталуы мүмкін. Бруцеллалардың с ү т ге , әсіресе ешкі сүтінде ұзақ сакталуы оның эпидемиологиялық ролін аныктайды. Пісірілмеген бір стакан сүтті ішкен адамның ауырған жағдайы белгілі. Мал төлдегеннен кейін бірнеше күн бойы алынган уыз өте қауіпті, өйткені бүл мезгілде бруцеллалар сүтпен өте көп мөлшерде бөлінеді. Л.Е.Цирельсон айтуы бойынша: бруцелланың маммотропты» қасиеті бар. Бүл жагдайларда ескеретін мәселе: малды зерттегенде серологиялық реакциялардың нэтижесі «теріс» болуы
мүмкін, ал сүтінен бруцелланың таза дақылы бөлінеді. Сондыктан, науқастардың «біздің малымыз бруцеллезге тексерілді, ауру анықталган жок» деп айтуына назар аудармау керек. Қоздырғыш үлкен қашықтыққа тарап, адамдардың топтап ауыруын шақырады. Сүттің қышқылдыгы мен қоршаган орта температурасы неғұрлым жоғарылаған сайын, соғүрлым бруцеллалардың сақталуы төмендейді.
Бруцеллалар қымызда 1-3 күн, Тернер бойынша қышқылдығы 80°-қа және спирт денгейі 1,5-2°-ка жогарыласа 2 тәулікке дейін сақтапады. Етте жэне ет фаршында бруцеллалар сақталу температурасына және қүрамындагы түздың деңгейіне байланысты 14 күннен 40 күнгедейін тіршілік етеді. Бүл фактор ет өңдеу өндірістердің жұмысшыларына жэне тұтынушыларда үлкен маңызға ие. Әсіресе,
жануарлар түсік тастағаннан соң сойылса жүзеге асатын еттің интравитилді залалдануы қауіпті. Түсік тастаган жануарлардың еті аса қауіпті, ал ол жануарлардың ішіндегі үрықтың асқазанында бруцеллалардың таза дақылы табылған (М.М.Ременцова,1969). Бруцеллалардың полипатогенділігі мен едәуір түрақтылығы олардың тек қана жануар организмінде ғана емес, сонымен қатар сыртқы орта заггарында да сақталуына эсер етеді. Сыртқы орта заттары сонымен
бірге бруцеллездің ауру малдары бар шаруашылықта (күрек, айыр, шелек) таралу факторларына жатады. Малдар ашық суаттардан су ішкенде қоздырғыш ұзақ уақыт суда тіршілігін сақтайды. Осындай су тек эпидемиологиялық қана емес эпизоотологиялық тұргыдан да қауіпті, өйткені инфекцияның адамға ғана емес, жануарларға да берілу факторы болып табылады. Аэрогенді жол малды қырыққанда, жүнді сұраптағанда, тараганда, жануарларды ұстайтын қораларды тазалағанда, малшаруашылық шикізатты өндегенде, қаракөл қозылардың терісін
өндегенде, сүйек - ет үнын өндіргенде, лабораторлық жолмен шаң арқылы ену нәтижесінде жүзеге асады. Жүнде, теріде сақталу жагдайына байланысты бруцеллалар 1 айдан 4,5 ай тіршілігін сақтайды. Жануарладың бүл шикізат түрі бруцеллар ауру жануарлардың эртүрлі бөлінділері арқылы жеңіл залалданады.
Әсіресе түсік тастаған, өлі туылған немесе 2-3 күндік каракөл қозылардың терісі қауіпті. Бруцеллалардың кептіруге түрақтылығы, олардың топырақта және малдың нәжісінде 8 күннен 3-4 айға дейін сақталуына мүмкіндік береді. Өлген жануарды немесе түсікті дүрыс көмбеген жагдайда, қоздыргыштар тіршілігін жалғастыра береді. Адамдар залалданған нәжісті бақтарда тыңайтқыш ретінде, тезек (отын) ретінде, құрылысқа қолданса жэне мал үстайтын жерді тазалаған кезде залалданады.
