- •26 Қазан 2015 жыл Жоспар
- •1. Ауру көзі
- •3. Қабылдаушы макроорганизм
- •Профилактикалық іс-шаралар
- •Індет ошағына эпизоотолого-эпидемиологиялық талдау жүргізу
- •Сурет 3. 2007-2012 жылдардағы бруцеллезбен ауырғандардың динамикасы
- •Сурет 4 2007-2012 жылдардағы бруцеллезбен ауырғандар балалар арасындағы динамикасы
«Астана медицина университеті» АҚ
Эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасы
Бруцеллез
Эпидемиология пәні бойынша курстық жұмыс
Жетекші
_______ Бердалиева Л.С.
26 қазан 2015 жыл
Студент
________ Нұржан Т.Е.
Сейтбекова А.А
26 Қазан 2015 жыл Жоспар
Кіріспе бөлім.......................................................................................
Негізгі бөлім...............................................................................................
Бруцеллез анықтамасы.........................................................................
Тарихи мәліметтері.................................................................................
Этиологиясы .......................................................................................
Эпидемиологиясы...................................................................................
Инфекция көзі......................................................................................
Берілу механизмі және берілу жолдары............................................
Инкубациялық кезеңі............................................................................
Профилактикалық іс шаралар.............................................................
Ветеринарлық-санитарлық іс шаралар.................................................
Эпизоотолого-эпидемиологиялық іс шаралар.....................................
Адамдарды аурудың жұғуынан қорғау іс шаралары..........................
Қорытынды ............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................
Тақырып өзектілігі:
Біздің еліміз ерте кезден бастап ақ мал шаруашылығымен айналысқан. Сол себептен де мал арқылы таралатын бруцеллез ауруы елімізде жиі кездеседі. Бұған себеп еліміздегі мал санының жылдан жылға өсуі, аурушаңдылық көрсеткіштерінің де жыл сайын жоғарлауына алып келуде.
Мақсаты:
Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерінің біріне айналған бруцеллез ауруының таралуы, инфекция көзін анықтау, аурудың алдын алу, ауруға тез арада емдеу шараларын жүргізу, оның тиімділігін бағалау. Елімізде бруцеллез ауруының таралуына бейім аймақтарды анықтау, еңбекке жарамды жас аралықтарындағы аурушаңдықтың дәрежесін бағалау.
Міндеттер:
Бруцеллез ауруы бойынша аурушаңдылық көрсеткіштерімен жұмыс жасау.
Аурудың таралу ретін анықтау.
Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып талдау жасау.
Тапсырмалар:
Республика бойынша бруцеллез аурушаңдығының жылдық орташа көрсеткіштеріне сипаттама
Бруцеллез ауруының балалар, жасөспірімдер, ересектер арасында таралу көрсеткіштерін сипаттау
Бруцеллездің негізгі көзін анықтау
КІРІСПЕ.
• Бруцеллёз - Brucella тұқымдастыгына жататын бактериялармен қоздырылатын, зооноздар тобына жататын, жедел және созылмалы түрлерінде өтетін инфекциялық-аллергиялық ауру. А ур у ды ң жедел түрі токсико-бактериемиялық инфекция ретінде, ал созылмалы турі полиморфты клиникалық көріністерімен сипатталып, көбінесе тірек-қимыл, орталық жэне перифериялық
жүйке жуйелерін, жыныс мүшелерін жэне басқа ішкі ағзаларды зақымдаумен, хрониосепсис тэрізді ұзаққа созылуымен жэне рецидивті ағымымен өтеді. Осы анықтамада ауруға тән сипаттамалар толық берілген. Бруцеллез кең таралған инфекция. Барлық елдерде, әсіресе мал шаруашылыгы дамыған аймақтарда жиі кездеседі. Қазақстан республикасы ушін бұл инфекция аймақтық патология болып саналады. Жыл сайын 2-2,5 мың адам бруцеллезбен ауырады. Әсіресе
оңтүстік аймақтарда ауру кең таралған. Қырғызстаннан, Өзбекстаннан ауру мал тексерусіз әкелініп сатылуы осыған себеп болып отыр. Сонғы жылдары эпизоотикалық жағдайдың нашарлауына байланысты қалалық бруцеллез жиі кездесіп, соның ішінде балалардың саны көбейіп жатыр. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында жыл сайын 100 мыц түрғынға 30,9% жаңа ауру тіркелсе,
оның ішінде 53% - 14-ке дейін жастағы балапар. Жедел бруцеллез 40-60% жағдайларда созылмалы бруцеллезге ауысып, 2,7-37% жағдайларда науқастардың еңбекке қабілетін төмендетіп мүгедектікке экелу қаупын тугызады. Бұл өте күрделі элеуметтік мәселе. Бруцеллездің диагностикасы өте күрделі іс, әсіресе созылмалы бруцеллез кезінде, себебі аурудың клиникалық көріністері полиморфты. Бруцеллездің патогенезіне байланысты адам организмінде барлық ағзалар зақымданадыда жергілікті патологиялық процесс бірінші орынга шығады. Осындай науқастар әр түрлі мамандарда нәтижесіз емделіп жүреді. Лабораторлық диагностикасы да қанағатсыз болып келеді, себебі аурудың серонегативті жасырын варианттары жиі кездеседі. Бруцеллездің емі де көңілден шықпайды. Бруцеллаларга әсер ететін антибиотиктердің саны аз, олардың көбісі арнайы гранулеманың, жасушалардың ішіне енбейді. Бруцеллез кезінде тұрақты емес иммунитет дамиды. Бруцеллезді эндемиялық ошақтарда қайта жұктыру жағдайлары жиі кездеседі. Ал суперинфекциямен, реинфекцияны анықтау жэне емдеу қиындыққа түседі.Қазақстан республикасында 1995 жылдан бастап адамдарда ауруға қарсы вакцина қолданбайды, себебі „вакциналық патергия” пайда болады. Жануарлар да вакцинациядан кейін ауырып инфекция
көзі болып табылатыны сонғы кезде дәлелденді. Ш. Николь айтуы бойынша: Бруцеллез – адамга бақытсыздық, дәрігерлерге абыройсыздық әкелетін сырқат. Бруцеллездің клиникасы сонғы жылдары эволюцияға ушырады. Алдынғы жылдармен салыстырғанда бруцеллездің жедел түрлерінің саны артты. Яғни, 60-шы жылдары жедел жэне созылмалы түрлерінің қатынасы 1:11- 1:19 болса, 70-ші жылдары — 1:3 - 1:2; ал 80-90-шы жылдары - 8:1 - 9:1 болды. Ол бруцеллез бойынша эпизоотикалық жағдайдың нашарлауына жэне қоздырғыштың көп дозасымен залалдануға, В. melitensis 3 биоварының циркуляциясына, инфекциямен алғаш кездескендердің үлесінің артыуына байланысты. Жедел жэне жеделдеу бруцеллездің орташа ауырлықтағы (72-76%)
жэне ауыр ағымындағы түрлерінің (18-28%) көбеюіне қарай ығысып отыр. 70-ші жылдарға дейін орташа жэне ауыр түрлерінің үлесі 50- 60% жэне 9-11% болған. Аурудыц ауырлығы бруцеллездің жедел кезеңінде тірек-кимыл аппаратының зақымдануыныц жиілеуіне, кей жағдайда серозды сипаттағы қабыну процестердің дамуына, орталық жүйке жүйесінің зақымдануына (5,8-11,8%), миокардиттің, инфекциялық эндокардиттіц (10%) дамуына байланысты (Г.Р.Ищчанова, 1985). Жедел бруцеллез жеделдеу бруцеллезге, содан кейін көптеген мүшелердің зақымдануымен ерекшеленетін және мүгедектікке алып келетін екіншілік-созылмалы бруцеллезге жиі ауысады. Клиникалық көріністерініц сипаты бойынша қазіргі бруцеллез осы инфекцияның 50-жылдардағы агымын көрсетеді, жануарлардағы бактериемияның интенсификациясы, яғни қоздыргыштың мөлшерінің жоғарлауы бұның көптен көп себебі болып табылды (С.Ә.Әміреев,1989). Қазіргі бруцеллез ауыр ағымымен сипатталады, оның ауырлыгы улану симптомдарының дәрежесімен, метастатикалық ошақтардың саны мен организмннің жоғары сезімталдылығының дәрежесімен анықталады. 50-ші жылдары кездескен спондилит, остеомиелит, периостит, менингит, энцефалит, миелит, миокардит,
эндокардит кайтададан аныкталып жатыр. Бұрын қолданған антибиотиктерге бруцеллалардың тұрақтылығы қалыптасқан, себебі қоздырғыштың морфологиялық, тинкториалді, коректі орталарда өсу қасиеггері жэне оның вируленттілігі, антигендік құрылымы өзгерумен көрінеді. Ал бұл себептер өз кезегінде инфекциялық процестің агымын өзгертеді.
ТАРИХИ МӘЛІМЕТТЕРІ
Адамның буын буынын кеміріп, сай сүйегін сырқырататын, қара -терге түсіріп тынышын алатын осы ауру жайында б.э.д. 4 ғасыр бұрын өмір сүрген Гипократ та білген екен. Қазақша оны «селсоқ ауру», «жел ауру», «сарып» десе, түркпендер «ешкінің безгегі» деп атапты. 19 ғасырдың соңында Жерорта теңізінің Мальта аралында әскери қызметте жүрген жауынгерлердің арасында осы індет көптен кездесіп, оны «Жерорта теңізінің безгегі» деп Мэрстон (1831) атаған. Давид Брюс сол безгектен кайтыс болган науқастың кекбаурынан осы аурудың қоздырғышын тауып оған Micrococcus melitensis деген атақ берген. 1906 ж. Заммит бүл ауру ешкінің сүті арқылы жүғатыны анықталғаннан соң, одан сақтану мүмкіндігі бар екенін дәлелдеді. 1897 ж. Дания галымдары Банг пен Стрибольт (1896-1897) түсік тастаған сиырдан табылған коздыргышты Bact. abortus bovis деп, америкалық Траум (1914) түсік тастаған шошқадан табылған
қоздырғышты Bact. abortus suis деп атаган. Ал 1916-1918 жж. Алиса Ивенс осы 3 микроорганизмдердің бір біріне өте ұксас екенін дәлелдеп, оларды бір топқа кіргізіп, К. Майер мен М. Фезье (1920) бірінші ашқан Брюстің қүрметіне “BRUCELLA” деп атайды. Содан бері ауру бруцеллез деп аталады. А. Райт жэне Д. Семпл (1897) науқастың сарысуының микрококкты агглютинациясын шақыратынын анықтап, осы реакцияны диагностикаға ұсынады. Сол кезден бастап бұл реакцияны Райт реакциясы деп аталды. Австралияда жэне Жаңа Зеландияда Баддл (1953) қойдың эпидидимитін жэне түсіктер шақыратын қоздырғышты бөліп алды. 1956 ж. бұл қоздырғыш Brucella ovis деп аталды. АҚШ-тың Юта штатында Стеннер жэне Лакмен (1957) далалық тышқандардан жаңа қоздырғыш бөліп алды, ал 1966 ж. осы қоздырғышқа Brucella деген ат берілді. JI. Кармайкл (1966) түсік тастаған иттерден Brucella canis деген қоздырғышты бөліп алды. Француз ғапымы Е. Бюрне (1922) бруцеллез кезінде
аллергиялық қайта құрылудың дамуына байланысты аурудың диагностикасына терілік-аллергиялық сынама ұсынды. Бұл сынама Бюрне сынамасы деп аталды.
И. Хаддлсон (1929) агглютинация реакциясының сапалы экспресс түрін ұсынған. Бұл реакция әйнектің үстінде тексеріледі, Хаддлсон реакциясы деп аталады. Совет одағының П.Ф.Здродовский, П.А.Вершилова, Н.И.Рагоза, Г.А. Пандиков, А.Ф.Билибин, Г.П. Руднев деген галымдардың бруцеллезге арналган еңбектері белгілі. Қазахстанда И.К.Каракуловтың, Г.Н.Удинцевтің, П.П.Очкурдіц, Н.Д.Беклемишевтің, М.М.Ременцованың, И.Л.Касаткинаның, К.Б.Құрманованың, С.Ә.Әміреевтің, Е.С.Белозеровтың еңбектері бүкіл Кеңес Одағына танымал. Солармен бірге Қ.А.Жұманбаев, Л.А.Муковозова, К.Б.Садыков, Л.Е. Цирельсон, Н.К.Шаймарданов, Г.Г.Брыжахин, М.С.Сыздықов,
Қ.Д.Дүйсенов және басқа ғалымдардың улесі де зор. Этиологиясы Бруцеллездің қоздыргышы Brucella тұқымдастыгына жатады. 1985 жылы Женева қаласында бактериялардың номенклатурасын бақылайтын Халықаралық комитетінің жіктелуі бойынша Brucella түқымдастығының 6 түрін ажырату қажет: В. melitensis, В. abortus, В. suis. В. ovis, В. canis и В. neotomae. Осы жіктелудің қазіргі заманға дейін күші бар (М. J. Corbel, 1997). Сонғы жылдары молекулярлы-генетикалық зерттеудің нәтижелері бойынша Brucella түқымдастығының 1 түрі В. Melitensis және оның көп биоварлары бар деген гипотеза талқыланып жатыр (J.M. Verger, 1985). Қоздыргыштың әр түріне тән ие организмдері бар.
1. В. melitensis иесі ұсақ мүйзді қара мал: қой, ешкі (3 биовары бар). Бруцелланың бұл түрі ірі қара малды, түйені, итті зақымдауы мүмкін. В. melitensis - ең патогенді, адамдардың арасында эпидемия, малдың арасында эпизоотия шақыратын қоздырғыш.
2. В. abortus иесі - сиыр (9 биовары бар). Адамдар арасында спорадикалық ауру шақырады. Осы қоздырғыштан тірі вакцина жасалган (ВА-19).
3. В. suis иелері - шошқа (1-ші, 2-ші жэне 3-ші биоварлары), қоян (2-ші биовар), бұғылар (4-ші биовар). Бірақ бүл қоздыргыш ірі және ұсак қара малды зақымдауы мүмкін (5-ші биовар). Қазақстанда сирек кездеседі.
4. В. ovis - қойдың инфекциялық эпидидимитінің қоздырғышы. Адам үшін патогенді әсері бар.
5. В. canis иесі - ит. Адам үшін патогенді әсері бар.
6. В. neotomae иесі - далалық тышқандар, адам үшін патогенділігі зерттелмеген. Сонғы екі түрі Америка Құрама Штаттарында бөлінген. Сонғы жылдары бруцелланың жаңа түрі анықталған B.rangiferi. Адам үшін патогенділігі зерттелмеген.
Бруцеллалар - ұсақ кокк-тэрізді қозмалмайтын, грам «теріс», спора, капсула түзбейтін бактериялар. Көлемі 0,5-0,7x0,6-1,5 мкм. Қоздыргыштың өсуіне оптималді темпертура қажет - 37 °С (20-40°С). Антиденелер түзілуіне жауап беретін антигені болып липополисахарид (ЛПС) саналады. Бруцелла антигенінің Escherichia hermanni, Escherichia coli 0:157, Salmonella 0:30, Stenotrophomonas
maltophilia, Vibrio cholerae 0:1 и Yersinia enterocolitica 0:9 антигендерімен ұқсастығы бар (М. В. Perry, D. R. Bundle, 1990). Б"руцеллалар сыртқы ортаға өте төзімді болып келеді, ұзақ өмір сүреді:
• суда - 90 күнге,
• ылғалды жерде - 72 күнге,
• қүргақ топырақта - 3-4 айга,
• малдың жүнінде - 3-4 айға,
• малдыд терісінде - 1-4,5 айға дейін сақталады.
Қоздырғыштың әлсіз жағы - ыстықтан қатты қорқады.
• Күннің тура түскен сәулесінен 30 мин. - 1 сағатта,
• 50° С - 1 сағатта,
• 60°С- 30 минутта,
• 70°С - 10 минутта жойылады.
Қайнатқанда (100°С) бруцеллалар тез өледі. Салқында, мұзды жағдайда коздыргыш тіршілігін жояды. Тікелей түсетін күн сэулесі қоздырғышты жояды.
Дезинфекциялық ертінділерге (0,2-1 % хлорлы әк, 0,5% - лизол, 0,2% - формалин, 1% - креолин) бруцеллалар төзімсіз. Бруцеллаларға қүбылмалық тән: физикалық, химиялық қолайсыз жағдайлардың, антибиотиктердің, бактериофагтардың әсерінен өзінің морфологиялық, культуралді, тинкториалді қасиеттерін, антигендік құрылымын, вирулентілігін өзгертеді. Бруцеллезбен ауыратын науқастардың бактериологиялық, серологиялық зерттеулердің «теріс»
нәтижелері болуын осы жағдайлармен түсіндіруге болады. Бруцелллалар S- түрінен R-түріне жиі аусады. Сондықтан бруцелланың турін анықтау үшін адам немесе жануар организмінен бөліп алынғаннан кейін кідірмей дифференциация жүргізу қажет.
ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ
Бруцеллез - нағыз зооноз. Зооноздар (зооантропоноздар) (zoon — хайуан, nozos - ауру) - қоздырғыштың резервуары хайуанаттар болып есептелетін аурулар. Зооноздарда адам аурудың көзі болып саналмайды, адам организмі көп жағдайда қоздырғыштар үшін биологиялық түйъщ болады. Ие - паразиттің өмір сүріп, тамақтанатын организмі. Өмір сүрү ерекшеліктеріне байланысты паразиттің иелері - тәнді немесе тәнді емес болып бөлінеді. Адамдардың ауыруы жануарлар популяциясында өтетін эпизоотиялық процестің үздіксіз тізбегіне енуі нәтижесінде жэне адам мен жануардың немесе жануар тектес тағамдардың өндірістік, тұрмыстық жағдайда әсерлесуі нәтижесінде дамиды (С.Ә.Әміреев,
1988). Сонғы кездері, эпизоотикалық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты адамдардың арасында ауыршылдық жоғары денгейде. Қазақстан Республикасы бойынша бұл көрсеткіш 30-ға жетті (100 мың түрғынға шаққанда). Бірақ бұл көрсеткіш тек бірінші рет анықталып есепке алынған науқастардың санын көрсетеді. Бруцеллез кезіндегі эпидемиологиялық процесс 3 негізгі звенодан тұрады: ауру көзі, таралу жолдары мен факторлары, қабылдаушы макроорганизм.
