- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •Іс әрекет алгоритмі
- •Иммунопрофилактика
- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •Іс әрекет алгоритмі
- •Иммунопрофилактика
- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •Іс әрекет алгоритмі
- •Иммунопрофилактика
- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •Іс әрекет алгоритмі
- •Иммунопрофилактика
- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •Іс әрекет алгоритмі
- •Иммунопрофилактика
- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •Іс әрекет алгоритмі
- •Иммунопрофилактика
- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •Іс әрекет алгоритмі
- •Иммунопрофилактика
- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •Іс әрекет алгоритмі
- •Иммунопрофилактика
- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •Іс әрекет алгоритмі
- •Иммунопрофилактика
- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •Іс әрекет алгоритмі
- •Иммунопрофилактика
«Астана медициналық университеті» ақ
№1 балалар аурулар кафедрасы
Іс әрекет алгоритмі
№ 10 ОСКЭ станциясы
Иммунопрофилактика
Тапсырма (8): 4 айлық балаға АбКДС+Нів+ВГВ-ИПВ (гексавакцина) екпесі жасалды. Екінші күні екпе орнында 15 см-ге дейінгі гиперемия мен жергілікті температурасының жоғарылауы, қимыл- қозғалысы шектелуі байқалды. Келесі күні көрініс күшейе түсіп, ісіну және гиперемия, дене қызуы 380С жоғарылап, интоксикация белгілері күшейген.
Анамнезінен: бала екінші жүктілік, бірінші жедел босанудан. Физикалық және нерв -психикалық дамуы жасына сай. Аллергоанамнезі өзгеріссіз.
Кезеңдері:
Алдын ала қоятын диагноз?
Анасының мед.персоналға қоятын кінәсі орынды ма?
Вакцинацияға қандай ерте жергілікті реакциялар болады?
Барлық вакцина түрлеріне уақытша қарсы көрсеткіштер?
Болашақта екпе жүргізу тактикасы?
«Астана медициналық университеті» ақ
№1 балалар аурулар кафедрасы
Іс әрекет алгоритмі
№ 10 ОСКЭ станциясы
Иммунопрофилактика
Тапсырма (9): 2 жасар бала дене қызуы 37,3°С қа жоғарылап, және сол жақ құлағының ісінуіне шағымдануы бойынша бөлімшелік дәрігер үйге шақырылды. Балаға 9 күн бұрын паротитке қарсы екпе жасалған, 1 ай бұрын бала ЖРВИ мен ауырған.
Анамнезінен белгілі: балада 1 жасқа дейін атопиялық дерматит белгілері байқалған. Бала жеке күнтізбесі бойынша егілген. АбКДС, полимиелитке қарсы және ВГВ екпелері асқынусыз өткен.
Қарап тексерген де: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза. Араны шамалы қызарған. Лимфатикалық түйіндері ұлғаймаған. Сол жақ құлақ маңы бездері мен тері қатпары ісініп, қалыңдаған. Ішкі ағзалар бойынша патология жоқ. Менингиалды белгілері анықталмаған.
1 Алдын ала қоятын диагноз?
2 Дифференциалды диагноз жүргізіңіз?
3 Құрамында иммуноглобулині бар қан препараттарын енгізгеннен соң балалар болашақта екпені қалай қабылдайды?
4 Паротиттік вакцинаға қарсы көрсетімдер?
5 Болашақта паротитке қатысты екпе жүргізу тактикасы?
«Астана медициналық университеті» ақ
№1 балалар аурулар кафедрасы
Іс әрекет алгоритмі
№ 10 ОСКЭ станциясы
Иммунопрофилактика
Тапсырма (10): Бөлімшелік педиатрға вакцинация мәселесі туралы 7 жасар баласымен анасы келді, себебі бала мектепке баруға дайындалып жатыр. Анамнезінен – баланың өсуі мен дамуы жасына сай, диспансерлік тіркеуде тұрмайды, ата-анасы егуге рұқсат бермеуі себебінен жоспар бойынша балаға вакцинация жүргізілмеген. Бала 2 жасында полиомиелитпен ауырған. Басынан өткен ауруының қалдық белгілері - сол жақ балтыр бұлшық еттерінің шамалы атрофиясы, сол жақ аяғының сіңірлі рефлекстерінің болмауы байқалды.
Осы баланы қандай егуден бастаймыз және қандай кесте бойынша?
Полиомиелитке қарсы вакцинасын жүргізесіз? Түсіндіріңіз.
Дифтерияға қарсы баланы қандай препаратпен еккен дұрыс және екпе схемасы?
БЦЖ ревакцинацияға қарсы көрсетімдер?
В гепатитіне қарсы баланы қандай кесте бойынша егеміз? (Кестені айтыңыз)
