Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ №8 каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
30.78 Кб
Скачать

Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

8 ОСКЭ станциясы

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма 6.

1 жас 6 айлық баламен анасы жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауына келді. Шағымдары: мазасыздану, дене температурасының 38°С көтерілуі, ентігу, қақырықтың қиын шығумен жөтел. Объективті: баланың жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері жабыны бозарған, оралды цианоз. Кеуде клеткасы бөшке тәрізді пішінді, тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады, перкуссияда – өкпе алаңында қорапты дыбыс. Аускультацияда: екі жақтан қатаң тыныс алу, құрғақ, ысқырықты және әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары анық, тахикардия. Басқа ағзалар бойынша өзгерістер жоқ.

1.Болжам диагнозды қойыңыз.

2.Диагнозды негіздеу үшін қажетті зерттеулерді тағайындаңыз.

3. Дәрілерді атау және дозасын есептей отыра ем тағайындау.

4.Осы бала күтімі туралы анасына кеңес беріңіз.

5.Осы баланың болашақ болжамы.

Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

8 ОСКЭ станциясы

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма 7.

2 айлық бала дене қызуының 38°С көтерілуімен, жөтел, тұмаумен жедел сырқаттанған. Келесі 3 күн аралығында жағдайы нашарлап, тәбеті төмендеген. Объективті: периоральды цианоз, акроцианоз, кеуде клеткасының шығыңқы жерлерінің ішке тартылуы. Тыныс алу жиілігі минуты 72 рет. Перкуторлы дыбыс қорапты. Өкпенің екі жағынан жаппай ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары анық, тахикардия. Басқа ағзалар бойынша өзгерістер жоқ.

1.Сіздің болжам диагнозыңыз.

2.Диагнозды негіздеу үшін қандай зерттеулерді тағайындау қажет.

3.Қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізу қажет (қалауыңыз бойынша бір дертпен салыстырыңыз).

4.Дәрілерді атау және дозасын есептей отыра ем тағайындау.

5.Вакцинация бойынша ұсыныстар.

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

8 ОСКЭ станциясы

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма 8.

8 айлық бала, аралас тамақтандырылады, жұмыртқаның сары уызын жегеннен кейін беті қызарып, бетінде, ішінде, жамбасында везикулалы-папулалы бөртпе пайда болған. Мазасыздық, тітіркенгіш, бөртпе бар жерлердің қышуы пайда болды.

Анамнезінде: бала бірінші босанудан. Ата-анасы аллергиялық ринитпен сырқаттанады.

Объективті: балада артық салмақ байқалады, мазасыз. Басқа жүйелер мен ағзалар бойынша өзгерістер жоқ.

1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізу қажет (салыстырыңыз).

3. Дәрілерді атау және дозасын есептей отыра ем тағайындау.

4. Осы баланы тамақтандыру туралы кеңес беріңіз.

5. Денсаулық тобын анықтаңыз және диспансеризация туралы кеңес беріңіз.