6. Ұсынылатын әдебиет:
Негізгі:
Боровский Е.В., Макеева И.М., Вагнер В.Д. Терапевтическая стоматология.3-е изд.,перераб. и доп.-М.,2005.-704С.
Қосымша:
Копбаева М.Т. Некариозные поражения твердых тканей зуба. Алматы,2001.- с.48-57
Патрикеев В.К., Ремизов С.М. Роль механического фактора в патогенезе эрозии и клиновидного дефекта зубов.-М.,1973.-с.136-140
Федоров Ю.А., Дрожжина В.А. Клиника, диагностика и лечение некариозных поражений зубов//Новое в стоматологии,№10.-1997.-144 С.
Грошиков М.И. Некариозные поражения тканей зуба. М., Медицина.1985.- с.113-126.
7. Бақылау (сұрақтар, тест түріндегі тапсырма,жаттығулар)
7.1 Когнитивті компетенцияны бағалау:
7.1.1.Сұрақтар:
Тіс жарып шыққаннан кейін дамитын тістің тісжегі емес ақаулардың классификациясы.
Сына тәрізді ақау - этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы.
Сына тәрізді ақаудың салыстырмалы диагностикасы.
Кіреуке эрозиясы - этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы.
Кіреуке эрозиясының салыстырмалы диагностикасы.
Тіс жарақаттары - этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы.
Тістің жедел жарақаты. Клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы.
Тістің созылмалы жарақаты. Клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы.
Тістің соғылуы(Ушиб зуба). Клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы.
Тістің ұяшықтан шығуы(Вывих зуба). Клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы.
Тістің сынуы. Клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы.
Гиперестезия - этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы.
Гиперестезияның салыстырмалы диагностикасы.
Патологиялық қажалу - этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы.
Паатологиялық қажалудың салыстырмалы диагностикасы.
Тіс жарып шыққаннан кейін дамитын тістің тісжегі емес ақауларын емдеу әдістері және емдеуге арналған материалдар.
Тіс жарып шыққаннан кейін дамитын тістің тісжегі емес ақаулары профилактикасы.
Тест түріндегі тапсырмалар.
Сіздердің назарларыңызға бір, екі, үш немесе одан да көп дұрыс жауабы болуы мүмкін тапсырмалар берілген.
1
Жүйелі гипоплазияның даму себебі:
A) Суда фтор мөлшерінің артық болуы
B) Минерал және белок алмасуының бұзылуы
C) Энамелобласт қызметінің бұзылуы
D) Энамелобласттарға фтордың токсикалық әсері
E) Тіс фолликуланың механикалық жарақаты
F) Тіс фолликуланың қабыну процессі
G) Сүт тістің созылмалы периодонтиты
H) Тіс минерализациясының бұзылуы
{Дұрыс жауап} = B, C, H
2
Жергілікті гипоплазияның даму себебі:
A) Суда фтор мөлшерінің артық болуы
B) Минерал және белок алмасуының бұзылуы
C) Энамелобласт қызметінің бұзылуы
D) Энамелобласттарға фтордың токсикалық әсері
E) Тіс фолликулының механикалық жарақаты
F) Тіс фолликулының қабыну процессі
G) Сүт тістің созылмалы периодонтиты
H) Тіс минерализациясының бұзылуы
{ Дұрыс жауап } = E, F, G
3
Эндемиялық флюороздың даму себебі:
A) Суда фтор мөлшерінің артық болуы
B) Жедел жұқпалы аурурла
C) Тіс дамуының тұқымқуалайтын бұзылыстары
D) Энамелобласттарға фтордың токсикалық әсері
E) Тіс фолликуланың механикалық жарақаты
F) Тіс фолликуланың қабыну процессі
G) Сүт тістің созылмалы периодонтиты
H) Тіс минерализациясының бұзылуы
{ Дұрыс жауап } = A, D, H
4
Тіс дамуының тұқымқуалайтын бұзылыстары мына ауруларда болады:
A) Папийон-Лефевр синдромы
B) Мелькерссон-Розентал синдромы
C) Иценко-Кушинг синдромы
D) Мәрмәр ауруы (мрамрная)
E) Бехчет синдромы
F) Лайл ауруы
G) Капдепон дисплазиясы
H) Лобштейн-Фролик ауруы
{ Дұрыс жауап } = D, G,H
5
Жүйелі гипоплазияның клиникалық түріне жатады:
A) Дақты
B) Толқынды
C) Штрихты
D) Борлы-теңбелді
E) Эрозивті
F) Сайлы
G) Комбинирленген
H) Деструктивті
{ Дұрыс жауап } = A,B,F
6
Эндемиялық флюороздың клиникалық түріне жатады::
A) Эмаль жұқаруы
B) Толқынды
C) Штрихты
D) Борлы-теңбелді
E) Эрозивті
F) Сайлы
G) Комбинирленген
H) Кесетәрізді
{ Дұрыс жауап } = C,D,E
7
16 жастағы қыз бала тістің пішіні мен түсінің өзгеруімен байланысты косметикалық ақауіге шағымданып келді. Тіс ақауісі балалық шақтан болған. Қарағанда шайнау тістер сауытының пішіні өзгерген, ортаңғы және бүйір күрек тістерінің кесу қырларында қара-қоңыр түсті дақтар анықталады. Барлық тіс саутының вестибулярлы бетінде бортәрізді дақтармен қатар дөңгелек пішінді, диаметрі 1,5мм дейін және тереңдігі 0,1-0,3мм дейінгі ашық түсті және қара-қоңыр табанымен ақаулар анықталады. Диагноз қойылды:
A) Флюороздың дақты тұрі
B) Толқынды гипоплазия
C) Флюороздың штрихты түрі
D) Флюороздың борлы-теңбелді түрі
E) Тетрациклинді тістер
F) Сайлы гипоплазия
G) Флюороздың деструктивті түрі
H) Кесетәрізді гипоплазия
{ Дұрыс жауап } = A,D,G
8
16 жастағы қыз бала тістің пішіні мен түсінің өзгеруімен байланысты косметикалық ақауіге шағымданып келді. Тіс ақауісі балалық шақтан болған. Қарағанда шайнау тістер сауытының пішіні өзгерген, ортаңғы және бүйір күрек тістерінің кесу қырларында қара-қоңыр түсті дақтар анықталады. Барлық тіс саутының вестибулярлы бетінде бортәрізді дақтармен қатар дөңгелек пішінді, диаметрі 1,5мм дейін және тереңдігі 0,1-0,3мм дейінгі ашық түсті және қара-қоңыр табанымен ақаулар анықталады. Емдеу жоспары құрастырылды:
A) Винир дайындау
B) Тістердің реставрациясы
C) Витаминотерапия
D) Жасанды сауыт дайындау
E) Тістерді жұлу
F) Тіс қатарының реконструкциясы
G) Тістерінің трансформациясы
H) Фтор препараттармен электрофорез
{ Дұрыс жауап } = A,B,D
9
16 жастағы ұл бала тістің пішіні мен түсінің өзгеруімен байланысты косметикалық ақауларына шағымданып келді. Тістің ақауы балалық шақтан болған. Анамнезінен- жасанды тамақтандыру, бала кезінде жиі ауырған, токсикалық диспепсиямен ауырған. Қарағанда моляр мен премолярдың шайнау төмпешіктерінде қара-қоңыр түсті ашылған дентин аймақтары анықталады. Орталық және бүйір күрек тістердің экваторы мен кесу аймағында бортәрізді ашықсары және қара-қоңыр түске дейінгі дақ анықталады. Диагноз:
A) Флюороздың дақты түрі
B) Толқынды гипоплазия
C) Флюороздың штрихты түрі
D) Жүйелі гипоплазия
E) Тетрациклинді тістер
F) Сайлы гипоплазия
G) Флюороздың деструктивті түрі
H) Эмальдің аплазиясы
{ Дұрыс жауап } = D,E,H
10
16 жастағы ұл бала тістің пішіні мен түсінің өзгеруімен байланысты косметикалық ақауларына шағымданып келді. Тіс ақау балалық шақтан болған. Анамнезінен- жасанды тамақтандыру, бала кезінде жиі ауырған, токсикалық диспепсиямен ауырған. Қарағанда моляр мен премолярдың шайнау төмпешіктерінде қара-қоңыр түсті ашылған дентин аймақтары анықталады. Орталық және бүйір күрек тістердің экваторы мен кесу аймағында бортәрізді ашықсары және қара-қоңыр түске дейінгі дақ анықталады. Емдеу жоспары құрастырылды:
A) Винир дайындау
B) Реставрация
C) Витаминотерапия
D) Ағарту
E) Тісті жұлу
F) Кальций препараттарымен электрофорез
G) Тістің трансформациясы
H) Фтор препараттарымен электрофорез
{ Дұрыс жауап } = A,B,D
11
18 жастағы ұл бала тістің пішіні өзгеруімен байланысты косметикалық ақауға шағымданып келді. Тіс ақау балалық шақтан болған. Анамнезінен- жасанды тамақтандыру, бала кезінде жиі ауырған. Қарағанда фронтальді тістер сауытның пішіні өзгерген. Орталық және бүйір күрек тістердің пішіні бөшкетәрізді, орталық тістердің кесу қырында жартыайтәрізді кесіндісі бар. Диагноз қойылды:
A) Флюороздың деструктивті түрі
B) Флюороздың эрозивті түрі
C) Гетчинсон тісі
D) Турнер тісі
E) Фурнье тісі
F) Жүйелі гипоплазия
G) Эмаль аплазиясы
H) Тетрациклинді тістер
{ Дұрыс жауап } = C,E,F
12
18 жастағы ұл бала тістің пішіні өзгеруімен байланысты косметикалық ақауға шағымданып келді. Тіс ақау балалық шақтан болған. Анамнезінен- жасанды тамақтандыру, бала кезінде жиі ауырған. Қарағанда фронтальді тістер сауытның пішіні өзгерген. Орталық және бүйір күрек тістердің пішіні бөшкетәрізді, орталық тістердің кесу қырында жартыайтәрізді кесіндісі бар. Емдеу жоспарын құрастырды:
A) Ламинат дайындау
B) Эстетикалық реставрация
C) Фотополимермен пломбалау
D) Тістерді ағарту
E) Тістерді жұлу
F) Кальций препараттарымен электрофорез
G) Реминералдану терапия
H) Фтор препараттарымен электрофорез
{ Дұрыс жауап } = A,B,С
