- •Жоспар:
- •1 Сақтандырудың пайда болуы және зерттелінуі
- •2 Сақтандырудың мәні және тарифтерінің құрылуы
- •3 Сақтандыру тәуекелдігі
- •4.Сақтандыру ұйымын және сақтандыру брокерін лицензиялау
- •5. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру түрлері
- •6. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының түрлері және атқаратын операциялары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
2 Сақтандырудың мәні және тарифтерінің құрылуы
Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп (мотив) — бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жеке санатының өмір тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоғамның, жеке өңдірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да қамтитын қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдіс.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады.
Сақтық қорлар — қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол — табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден-бір бөлігі.
Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлар белгілі бір уақытта тікелей арналымында — сақтық төлемдерді төлеу үшін (сақтық жағдайдың болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық корлардың қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдардың осыған ұқсас операциясы сақтық рыногінде пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі. [7, 154 б.]
Сақтық жүйе республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.
Сақтандырудың жалпы жүйесі үш бөліктен тұрады:
қоғамдық қорғаудың жүйесі;
әлеуметтік сақтандыру (қорғау) және әлеуметтік қамсыздандыру;
жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру — сақтық ұйым өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлем арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды, ол өтемдік және жиналымдық функция атқарады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мудделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта біліктік қатынастардың айрықша сферасы.
