Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сактан лицензия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.12 Кб
Скачать

Жоспар:

1 Сақтандырудың пайда болуы және зерттелінуі------------------------------

2. Сақтандырудың мәні және тарифтерінің құрылуы-------------------------

3.Сақтандыру тәуекелдігі--------------------------------------------------------- . 4.Сақтандыру ұйымын және сақтандыру брокерін лицензиялау---------

5.Қазақстан Республикасындағы сақтандыру түрлері-----------------------

6. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының түрлері

және атқаратын операциялары----------------------------------------------------

Қолданылған әбебиеттер----------------------------------------------------------------

1 Сақтандырудың пайда болуы және зерттелінуі

Сақтандыру ежелгі заманнан бері жүзеге асырылып келе жатқан, өзінше бағдар — бағыты бар, айырықша мүддесі — тұлғалардың мүліктеріне, жеке бастарына байланысты жайлар көзделетін қорғау, шығынды жабу, зардап-зиянды қалпына келтіру сипатындағы іс-қимыл болып табылады. Мемлекет тұрғысынан алғанда сақтандыру мемлекеттің қаржы жүйесінің элементі болып есептелінеді. Сақтандыру мемлекеттің, заңды тұлғалардың, азаматтардың мүліктік мүдделерін қорғау жүйесін құрады. Сонымен қатар, ол күтпеген табиғи, техногендік және өзге де құбылыстарға байланысты мүліктік, материалдық нұқсандарды қалпына келтіруге кепілдік бере отырып қаржы жүйесін нығайтуға оң әсерін тигізеді.

Сақтандыру ісін дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына жету үшін мына келесідей іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажет: сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру; сақтандыру қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру; сақтандыру жүйесінің қаржылық орнықтылығын және беріктілігін қамтамасыз ету; қазақстандық және халықаралық сақтандыру рыноктарының өзара қарым-қатынастарын дамыту; сақтандыру қызметін көрсету рыногындағы құрылымдық саясаттың жүргізу. Осы сақтандыру рыногындағы құрылымдық саясаттың басты көрінісі сақтандырудың ерікті және міндетті түрлерінің арақатынастарын ұғымдыландыру. Сақтандыру аясындағы ақпараттық-талдау жұмыстарының да жеткілікті деңгейде жүргізілмей отырғанын байқауға болады. Сақтандыру ұйымдарының өздеріне қабылдаған міндеттерін бұлжытпай орындауларын бақылау жөніндегі тиімді мемлекеттік бақылау механизмін құру проблемасы да күн тәртібіндегі өткір мәселе болып табылады. Сондықтан, біздің ойымызша сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу саласында сақтандыру рыногының қызмет атқаруының нормативтік - құқықтық және әдістемелік базасын жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажет.

Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру заңдарын, заңға сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді, сақтандыру шарттарын зерделеу, білу, игеру және меңгеру тек осы сала мамандарының үлесіндегі іс болып қана қоймай, сонымен бірге барлық шаруашылық субъектілерінің, азаматтардың әсіресе заңгерлердің де міндетті түрдегі қажеттілігіне айналып отыр.

Қазақстандағы сақтандыру ісінің әлі де жетілдірілуі көзделінген ізденістер үстінде екенін оның бүгінгі даму тенденциялары мен құқықтық реформалануы дәлелдеуде.

Сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметінің және сақтандыру құқығы мен сақтандыру заңдарының мәселелері жөніндегі зерттеулер Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілде жүргізілмеген, әлі де өз кезегін асыға күтіп жатқан өте өзекті проблемалар қатарына жатады.

С.С. Сартаев, М.К. Сулейменов, Ю.Г, Басин, А.И. Худяков, С.М. Найманбаев, К.К. Жүйріков, И.М. Назарчук, Г.В. Ким, С.С. Сатубалдин және т.б. Қазақстандық ғалым-оқымыстылар мен практикалық мамандардың, сондай-ақ ТМД елдерінің, оның ішінде Ресей Федерациясының - А.Л. Алякринский, В.В. Шахов, В.Р. Идельсон, Н.Я. Шиминова, Л.А. Орланюк-Малицкая, Л.И. Рейтман, Ю.Фогельсон.

Сонымен, сақтандыру өндірістік қатынастардың аса қажетті элементі болып табылады және ол әрқашанда өндіріс барысында туындайтын шығындар мен залалардың орнын толтыруға, қалпына келтіруге байланысты болады.

Сақгандырудың экономикалық маңызы оның функциялары арқылы да көрініс табады. Олар сақтандырудың қаржы жүйесінің буыны ретіндегі ерекшеліктерінің қаржылардың функцияларына сәйкес келетінін көрсетеді. Сонымен, біздің ойымызша сақтандыруға мынадай функциялар тән болады: жұмылдыру функциясы; бөлу, қайта бөлу функциясы (тәуекелдік функция; алдын алу функциясы; жинақтау функциясы); бақылау функциясы. Жұмылдыру функциясының көмегімен мақсатты сақтандыру қорының қаражаттарын сақтандыру жарналары есебінен қалыптастыру қызметі жүзеге асырылады.

Осы сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметінің құқықтық ірге тасын қалап, жүйеленген сақгандыру құрылысының әсем де күрделі ғимаратына айналдырған нормативтік-құқықтық базасын одан әрі дамыту, оңтайландыру, жетілдіру процестерінің жемісті нәтижесі, көптеген бұры қол жетпеген басымдықтарды қамтыған ресми сактандыру құжаты Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 27-қарашадағы Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" [3, 17]мен 2000 жылдың 18-желтоқсанында қабылданған "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңы болып табылады.[4, 21 б.]

Қазақстан аумағындағы сақтандыру "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 6-бабының тиісті тармақтарында көрсетілгендей сақтандыру салалары бойынша ерікті және міндетті сақтандыру нысанында жүзеге асырылатыны негізделген. Ал "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сақгандыру ісі мен сақтандыру қызметі мәселелері бойынша езгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 805-бабының мынадай редакциясы берілген: сақтандыру нысандары: міндеттілік дәрежесі бойынша — ерікті және міндетті; сақтандыру объектісі бойынша — жеке және мүліктік; сақтандыру төлемін жүзеге асыру негіздері бойынша - жинақтаушы және жинақтаушы емес болып табылады".

Кезінде сақтандыру міндетті және ерікті нысанда жүзеге асырылады деген жағдай "Сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығының 5-баптарында белгіленген болатын. 4-бапта: сақтандыру міндеттілік дәрежесі бойынша — ерікті және міндетті, ал объектілері бойынша — жеке және мүліктік болып бөлінеді деп көрсетілген еді. Негізінде, міндетті сақтандыру тиісті заңның талаптарына сай жүзеге асырылатын сақгандыру нысаны болып саналады.[4, 31 б.]

"Қазақстан Реснубликасындағы сақтандыру қызметі: реформалау және даму жағдайлары, басымды бағыттары, нормативті - құқықтық базасы" деп аталатын диссертациялық ізденістің екінші тарауы да екі параграфтан тұрады.

Оның "Сақтандыру қызметін ұйымдастыру, оның коммерциялық және мемлекеттік аяларының құрылысы, құқықтық негіздері, сондай-ақ сақтандыру рыногын дамытудың қазіргі кездегі жай күйі" атты бірінші параграфында сақтандыру қызметін коммерциялық және мемлекет мүддесіне сай негізде жүзеге асыру ерекшеліктері мен нәтижелері, сондай-ақ сақтандыру рыногын дамытудың мәселелері, рынокқа қатысушыларының түрлері мен қызмет бағыттары, дамытудың міндеттері мен мақсаттары, сақтандыру рыногы аясында жүзеге асырылатын сақтандыру түрлері жан-жақты сараланып ашып көрсетілген және тұжырым - сипаттар берілген.

Сақтандыру ерікті және міндетті нысанда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру екі тараптың құқықтық теңділігі ескеріліп және белгілі бір мүдделері көзделініп, сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы келісімге — шарт негізінде жүзеге асырылады.

Сонымен, сақтандыру қызметі, белгілі бір талаптар мен бағыттарды ұстана отырып жекеменшік және мемлекеттік қаржы-қаражаттарға негізделіп, әкімшілік-қаржылық, азаматтық және т.б. құқық салаларының құқықтық нормаларына сүйене отырып мемлекеттің қаржылық қызметінің бір түрі ретінде және кәсіпкерлік қызмет ретінде сақтандыру ісін жүзеге асыруға байланысты сақтандыру (қайта сақгандыру) ұйымының іс-қимылдары мен әрекеттері болып табылады.