- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқама
- •Алматы, 2015ж
- •2. 2.Сабақтың мақсаты:
- •3. Сабақтың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. . Ұсынылатын әдебиет:
- •7.1 Когнитивті компетенцияны бағалау:
- •7.2. Операциональді компетенциияны бағалау-операционалді дағдыларды тікелей бақылау, медициналық құжаттарды толтыруын бағалау нәтижелеріне қарай жүргізіледі:
- •7.4 Құқықтық компетенцияны бағалау:
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқама
- •2. Мақсаты:
- •1) Білімді қалыптастыру:
- •2) Операциональды дағдыларын қалыптастыру:
- •3) Коммуникативті дағдыларын қалыптастыру:
- •4) Оқу жолымен құқықтық компетенцияны қалыптастыру.
- •3. Оқудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет
- •Бақылау
- •7.1 Когнитивті компетенция бағалауы:
- •Тест түріндегі тапсырмалар:
- •7.4 Құқықтық компетенция бағалауы.
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА |
||
Кафедра терапиялық стоматология.
Дисциплина, дисциплина коды – кариесология және тістің тісжегі емес ақаулары
Мамандық: 051302 «Стоматология»
Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқама
Тақырып: «Мамандыққа кіріспе. Терапиялық стоматологияның мақсаттары, міндеттері. Стоматологиялық клиниканы, терапиялық бөлімшені ұйымдастыру және құрылымы. Стоматологиялық терапиялық кабинет. Жұмыс орнын ұйымдастырудың эргономикалық негіздері, құралдары, жабдықтары. Медициналық персоналдың міндеттері. Қауіпсіздік техникасы»
«Терапиялық қабылдауға арналған стоматологиялық аспаптар, функциональді тағайындалуы. Стоматологиялық аспаптар мен стоматологиялық қондырғыларды күту. Дезинфекция, залалсыздандыру. Залалсыздандыру алды өңдеу мен залалсыздандыруды бақылау. Ятрогенді және инфекциялық аурулардың алдын алу».
Академиялық сағат көлемі – 2 академиялық сағат
Курс: 4
Семестр – 7-8
Алматы, 2015ж
Құрастырған: м.ғ.д. профессор Баяхметова А.А.,Сухочева Т.М.,Уразбаева Б.М.
Терапиялық стоматология кафедрасының отырысында талқыланды
Хаттама № от «___ » ________ 2015 г.
Кафедра меңгерушісі
м.ғ.д. профессор _________________Баяхметова А.А.
1. Тақырып №1 «Мамандыққа кіріспе. Терапиялық стоматологияның мақсаттары, міндеттері. Стоматологиялық клиниканы, терапиялық бөлімшені ұйымдастыру және құрылымы. Стоматологиялық терапиялық кабинет. Жұмыс орнын ұйымдастырудың эргономикалық негіздері, құралдары, жабдықтары. Медициналық персоналдың міндеттері. Қауіпсіздік техникасы»
«Терапиялық қабылдауға арналған стоматологиялық аспаптар, функциональді тағайындалуы. Стоматологиялық аспаптар мен стоматологиялық қондырғыларды күту. Дезинфекция, залалсыздандыру. Залалсыздандыру алды өңдеу мен залалсыздандыруды бақылау. Ятрогенді және инфекциялық аурулардың алдын алу».
2. 2.Сабақтың мақсаты:
Білімді қалыптастыру:
- Терапиялық стоматологияның мақсаттары, міндеттері;
- Стоматологиялық клиниканы, терапиялық бөлімшені ұйымдастыру және құрылымы.;
- Стоматологиялық терапия кабинетінің құрал-жабдықтары;
- Дәрігер-стоматолог-терапевттің жұмыс үстелін ұйымдастырудың эргономикалық негізі;
- Медициналық персоналдың міндеттері;
- Терапиялық стоматология кабинетінің стоматологиялық аспаптарының тағайындалуы бойынша және құрылысы бойынша, стоматологиялық аспаптарды дезинфекциялау және залалсыздандыру режимі бойынша, залалсыздандыру алды өңдеу мен залалсыздандыру сапасын бақылау бойынша, ятрогенді және инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша.
Жұмыстың операциональді дағдыларын қалыптастыру
- Санитарлы-гигиеналық талаптар мен жұмыс орнын ұйымдастырудың эргономикалық негіздерін есепке ала отырып стоматологиялық кабинетті ұйымдастыру.
-Терапиялық стоматология кабинетіндегі стоматологиялық аспаптармен жұмыс істеудегі операциональды дағдыларын қалыптастыру
Коммуникативті дағдыларын жетілдіру:
Жаңа түсініктер мен терминдерді ендіру арқылы: «Эргономика, универсальді стоматологиялық қондырғы, ұштықтар, емханаішілік инфекция, инфекцияның артифициальді берілу механизімі, дезинфекттер, СанПиН» жаңа түсініктер мен терминдерді ендіру арқылы коммуникативті дағдыларын жетілдіру.
Құқықтық компетенциясын қалыптастыру:
Санитарлы ережелер мен нормаларды «Стоматологиялық қондырғыларға, құралдарға және стоматологиялық қондырғылардың эсксплуатациясына қойылатын санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптар» ережелерімен нормаларды оқу арқылы, дәрігер-стоматологтың құқықтық жауапкершілі туралы ақпаратты материалдарды, дәрігердің мойнына қойылатын және қойылмайтын қателіктерін, дәрігер-науқас арақатынас модельдерін, стоматологиялық кабинеттегі қондырғылар және құралдармен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техникасы ережесі мен нормаларды «стоматологиялық айна, стоматологиялық қысқыш, стоматологиялық шұқығыш, аршығыш-экскаватор, тегістегіш-гладилка, нығыздағыш-штопфер, араластырғыш-шпатель, азопирам сынамасы, амидопирам сынамасы, фенолфталеи сынамасы, индикаторлық жолақтар, залалсыздандыру режимі, құрғақ-ыстық залалсыздандыру, залалсыздандырудың химиялық әдісін оқу арқылы құқықтық компетенциясын қалыптастыру;
Студенттердің мотвациясын жетілдіру «Стоматологиялық клиниканы, стоматологиялқ терапия кабинетін ұйымдастыру және құрылымын,онық құрал-жабдықтары мен қондырғаларын стоматологиялық кабинеттегі жұмыстың эргономикалық және құқықтық негіздері» бөлімін және терапиялық тағайындалудағы стоматологиялық аспаптарды, оларды дезинфекциялау және стерилизациялау режимдерін, терапиялық стоматология кабинеті жағдайындағы ятрогенді және инфекциялық аурулардың алдын алуды оқуға студенттердің мотвациясын жетілдіру.
