Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азия африка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
672.03 Кб
Скачать

§ 12. Дамыған орта ғасырлардағы Жапония

1. Феодалдық Жапониядағы өзгерістер

2. Самурайлардың қалыптасуы

3. Қолөнері мен сауданың дамуы

4. Моңғолдар шабуылынан қорғану

5. Жапон мемлекетінің ыдырауы

6. Қаланың, мəдениеттің дамуы

IX—X ғасырларда жекелеген адамдарға берілген мемлекеттік

жерлердің сол адамдардың жеке меншігіне айналу процесі кең өріс

алды. Ол жерлердегі шаруалар жекелеген феодалдардың басыбайлы

шаруаларына айнала бастады.

Мемлекеттік жерді жеке меншікке иемдену жердің кейбір

түрлерін сатып алуға ресми түрде берілген рұқсаттың арқасында

жеңілдей түсті: иесіз жерді, жаңа өңделетін жерді ақысын төлеп,

жеке меншікке айналдыруға рұқсат берілген болатын. Жапон фео-далдары бұл жағдайды ірі жер иеліктерін түзіп алуға пайдалана

қойды.

VIII ғасырдан бастап үстем таптың ішінде үш топқа бөлінушілік

байқала бастайды. Бірінші топқа астаналық үлкен қызметтегі фео-далдар кірсе, екінші топқа — аймақтардағы /провинция/ мемлекеттік

аппаратта үлкен қызмет атқаратын феодалдар кірді. Олар аста-нада тағайындалатын, бірте-бірте провинцияға сіңіп кететін.

Үшінші топ провинциядан ешқашан шығып көрмеген жергілікті,

төменгі ақсүйектерден шыққан феодалдардан тұрды. Олар жапон

феодалдарының ең төменгі тобын құрады.

Біріншілері сонау VII ғасырда Сұмэраги үйінің жеңісіне үлес

қосқандар болатын. Олардың ішіндегі ең ықпалдысы Накатоми

əулеті болды. Бұл əулет атам заманнан бері діни басшылықпен бай-ланысты болатын, сол себепті бүкіл елдің алдында беделі өте жоғары

болатын. Бұл əулеттің басшысы Каматари VII ғасырдың ортасын-да үкіметтің саясатын жүзеге асырушы белсенді, елдегі ең беделді

адам болды. Фудзивара деп атанған оның ұрпақтары бұл бедел мен

ықпалды сақтап қалып, үкімет билігіндегі ең көрнекті қызметтерді

өз қолдарында ұстады.

118 119

ХІV—ХVІІ ғасырлардағы Жапония

1. 1485—1493 жж. шаруалар көтерілістерінің аудандары;

2. 1428—1580 жж. шаруалар көтерілістері мен феодалдық қырқысулар

ауданы; 3. Токугава үйінің 1600 жылға қарай үстемдік жүргізген

аудандары; 4. 1637 ж. көтеріліс; 5. ХІІІ ғ. 70—80 жылдарындағы Монғол

шапқын-шылығына қарсы тұрғызылған бекіністер.

Астаналық ақсүйектердің материалдық базасы — жер иеленудегі

артықшылықтар болды. Олар рангысы үшін, қызметі үшін жəне

сіңірген еңбегі үшін берілген жерлерден табыс тауып тұрды. Сондай-ақ олар қазынадан да маусымдық қаржы алып отырды. Бұл əскери

жеңістерді ірі жер иеліктері мен үлкен саяси қызметті алып қалуға

пайдаланып отырған топ болды.

Феодалдардың екінші тобы жергілікті əкімшілікте шоғырланды.

Олар губернаторлар мен олардың орынбасарлары, көмекшілері бол-ды. Алғаш бұл топ бірінші топпен тығыз байланысты болды, өйткені

жергілікті əкімшілікке де сол астаналық аристократияның өкілдері

тағайындалатын. Жергілікті əкімдердің күшейіп кетпеуі үшін олар-ды əрбір 3 жыл сайын ауыстырып отырды. Бірте-бірте жергілікті

əкімдер өз орындарында көбірек отырып қала беретін болды. Тіпті

өз қызметтерін əкеден балаға мұра ретінде қалдыра бастады.

Провинцияларды басқару феодалдарға едəуір табыс түсіріп

тұрды. Жерден түсетін табыстың белгілі бір бөлігі жергілікті

əкімдердің қолында қалатын. Орталықтың бақылауы əлсіз болды.

Жол қатынастарының нашарлығы бақылауды жүзеге асыруды онан

сайын қиындата түсті. Мұндай қиындықтар жергілікті əкімдер

жағдайын жақсартты. Олар өз иеліктерін қолынан келгенінше

ұлғайтып алып жатты.

Феодалдардың үшінші тобын патша сарайындағы талас-тартыстан шет қалып отырған ру басшыларының тұқымдары

құрады. Олар соншалықты байып кетпесе де, өздерінің бұрынғы

жағдайларынан төмен түскен жоқ, бірқалыпты өмір сүріп жатты.

Жер иеліктері сол күйінде сақталып қала берді.

Келе-келе соңғы топ араласып кетті де, феодалдар тобы екі

топтан тұрды. Бірінші тобына сарай маңындағы, орталық өкімет

басындағы феодалдар жатты. Бұл топтан будда дін басылары шығып

отырды. Екінші топқа провинциялардағы билігін нығайтып жатқан

жергілікті феодалдар жатты.

Император үйі іс жүзінде биліктен шеттетілді. 794 ж. астананы

Хэйанға /қазіргі Киото/ көшіру сарайға жақын тұрған Фудзивара

əулетінің жоғарғы үкімет билігін басып алу əрекеті болды. Алдымен

император тек Фудзивара əулетінің қызына үйлену тəртібін енгізді.

Кейін, 858 ж. фудзиваралар регенттік билікті өз қолдарына алды,

ал 887 ж. бастап жоғарғы кампаку (канцлер) лауазымын иеленді.

IX—XI ғасырларда фудзиваралар барлық өкімет билігін қолында

ұстады. Фудзиваралар регенттік билік құрған 858—1068 жылдар

аралығы Жапония тарихында сэссёжылдары деп аталды.

120 121

Феодалдардың барлық топтары өздерінің экономикалық пози-цияларын нығайтып, онан əрі кеңейтуге, жаңа жерлер басып алуға

тырысты. «Жаңа жерлер» басып алу тиімді болды. Ондай жер-лер салықтан босатылатын. Тіпті кейбір феодалдар өздерінің ескі

иеліктерін «жаңа жер» деп жаздыруға тырысты. Провинциялық чи-новниктер «жаңа жер» деп қазынаның жерінен жырымдап жер алып

қалып отырды. Мемлекеттік шаруалардың үлестерін тартып алу

аяқталды. Жеке адамның басына тиісті үлестерді қайта бөлу ұмыт

бола бастады.

Мұндай қайта бөлу əр жылда бір рет жүргізілудің орнына

50—60 жылда жүргізілді. Мемлекеттік шаруалардың жер үлесімен

қамтамасыз етілуін бақылайтын чиновниктердің өздері шаруалар

жерлерін сіңіріп кетіп отырды. Жердің көп бөлігінің жеке меншікке

айналып отыруына байланысты қазынаға түсетін табыс азая берді.

Сонымен қатар, сарай мен орталық үкімет орындарындағы

аристократияның шығындары жылдан-жылға ұлғая түсті. Аста-налық, сарай маңындағы ақсүйек феодалдардың табыстары олардың

талаптарына сай болмады, яғни жетпеді. Мемлекеттік жерден

түсетін табыс жеке меншік поместьеден түсетін табыстан əлдеқайда

аз болды. Сарай маңындағы ақсүйектер провинциялық феодалдар

сияқты, жаңа жерлерді игеруге тырысты. Бірақ астанадан шығып,

сарай төңірегіндегі өз ықпалынан айырылып қалудан қорыққан

үкімет басындағы феодалдар жаңа жер игеру саласында табысқа

жете алмады.

Жаңа жерлер иемденіп жатқан феодалдар қуаттылығы күн санап

өсе түсті. X—XI ғасырларда олардың иеліктері тек салықтан боса-тылып қойған жоқ, сондай-ақ жергілікті өкіметтің қол сұғуынан да

қорғалды. Император сарайы мен астаналық аристократияның табы-стары, керісінше, кеми берді. Олардың табысы тек мемлекеттік ша-руалар жерінен ғана түсіп отырды. Осының салдарынан шаруаларға

салынатын салық ұлғая берді. Ауыр мемлекеттік салық төлеумен

қатар шаруаларды чиновниктер аяусыз қанады, əсіресе артығымен

қайтарылатын қарыз шаруаларды қатты титықтатты. Губерниялық

жəне уездік қамбаларда орталыққа жіберілген салықтан қалған

егіннен ерекше қор жиналатын. Үкімет ол қордан мұқтаж шаруаларға

қарыз беретін де, кейін артығымен қайырып алатын (30-дан 50 %-ке

дейін өсіммен қайтаратын).

Мемлекеттік жердегі шаруа шаруашылықтары күйзеліске

ұшырады. Жұрдай болған шаруалар жерлерін тастап тауға, тоғайға

лағып кете бастады. Олар отрядтар құрып, тонаушылықпен айна-лысты, сөйтіп, өкіметті, жергілікті əкімшілікті əбігерге салды. IX—

XI ғасырлардың арасында бірнеше ірі шаруалар көтерілісі болды.

Мысалы, IX ғасырдың екінші жартысында Канто ауданында шаруа-лар көтеріліске шықты.

Қарулы көтеріліс пен мемлекеттік жерден қашудан басқа ша-руалар жеке феодалдарға паналауды шығарды. Жеке феодалдарға

кеткен шаруалар мемлекет тарапынан алынатын салықтардан бо-сатылды. Жаңа қожайынға алғаш тек оброк төлейтін. Ал бара-бара

барщина өтеуге де мəжбүр болатын.

Мемлекеттік үлестен қашқан шаруалар отрядтар құрып, тонау-шылықпен айналысты. Жергілікті поместье иелері үкімет əскерінен

көмек күтпей-ақ, өз қарулы отрядтарын құрып, қарақшылармен

күрес жүргізді. Олар кейде қарақшылар отрядтарын да жалдап алып

отыратын.

IX—XI ғасырларда құлдар мен қарызын өтей алмаған шаруа-лар жағдайлары теңестірілді. Басты аралдар Кюсю, Сикоку жəне

Хонсюды келімсектермен толық қоныстандырған соң жергілікті

халықтарды құлға айналдыру аяқталды. Құлдар алу көзі таусылды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мен қолөнерінің жоғары

дəрежеде дамуы бұл салаларда мардымсыз құлдар еңбегін пайда-лануды қажет етпеді. Бұрынғы құлдар енді мемлекеттік жерлердегі,

жеке феодалдар жерлеріндегі жетіспей жатқан шаруалар қолдарын

алмастыра бастады. Құл жер үлесін алып, өзінің шаруашылығын

ұйымдастырды.

Жеке феодалдар иелігіндегі құлдар мен ерікті шаруалар

арасындағы бөліністер /ерекшеліктер/ толық жойылды. Егер

құлға бостандық тимесе, ол басқа феодалға қашып барып, сон-да бостандық алатын. Олардың мұндай бір қожайыннан екінші

қожайынға қашуын шектеу үшін барлық феодалдар өз құлдарына

бостандық беруге мəжбүр болды. Сондықтан IX ғасырдан бастап

феодалдық Жапонияда негізгі екі тап: жер иелері — феодалдар мен

оларға тəуелді шаруалар таптары болды. Құлдық X ғасырдың ба-сында ресми түрде жойылды.

Жергілікті феодалдардың нығаюының белгісі — олардың

өз қарулы күштерін құруы болды. Оған мемлекеттік басқару

жүйесінің əлсіреуі де себеп болды. Бұл жүйе шаруалардың əскери

міндеткерлігіне негізделді: шаруалардың белгілі бір проценті əскерге

алынып, провинцияларда гарнизондар құрылатын. Шаруалар əскери

қару-жарақтарын, киім-кешектерін өз есебінен жабдықтайтын.

Тамағын да өз отбасы қамтамасыз ететін. Шаруалар əскерге барудан

122 123

қашқақтайтын. Тіпті əскерге алынбау үшін жерін де тастап кететін

жағдайлар болатын.

Қашқын шаруалар отрядтарға бірігіп, тонаушылықпен де айна-лысты. Жергілікті поместье иелері үкімет əскерінен көмек күтпей-ақ

өз қарулы отрядтарын құрып, қарақшылармен күрес жүргізді. Олар

кейде қарақшылар отрядтарын да жалдап алып отыратын. Мұндай

жағдайда «келісім» жасалатын. Ол отрядтың қожасына қорғануға

жан-тəнін салатындығын, ал қожайын – отрядтағы жасақшыларды

үй-жаймен, тамақпен қамтамасыз етуге міндеттенетін. Сөйтіп, по-местьелерде қожайын мен шаруалардан басқа жасақшылар пайда

бола бастады.

XI—XII ғасырларда поместьелердің саны өсіп қана қойған жоқ,

сондай-ақ олар нығая түсті. Ұсақ жер иелерінің жағдайы аумалы-төкпелі болды. Олар ірі жер иелері мен жергілікті əкімшіліктің

зорлығына қарсы тұра алмайтын. Сонымен қатар қашқын

шаруалардың қарақшы отрядтары да оларды оңай тонап кете беретін.

Осы жағдайларға байланысты ұсақ жер иелері кейде өз еркімен, кей-де зорлықпен ірі феодалдардың қол астына көше бастады. Мұндай

ұсақ жер иелері ірі жер иесі (барон, герцог, князь) — сюзереннің

вассалына айналды. Сюзерен вассалын өз жасақшыларымен қорғап

отыратын болды.

Жер иелену қатынастарындағы өзгерістер саяси өмірге де

өзгерістер енгізді. XI ғасырдың ортасынан Фудзивара əулетінің

билігі шайқала бастады. Қызмет орындары үшін əулет мүшелері

өзара талас-тартысқа түсті. Екінші жағынан əулет пен император

арасындағы қатынастар шиеленісе түсті: император Фудзивара

əулетінің ықпалынан құтылуға тырысты.

Бұл күресті күшейту үшін императорлар тақтан түсіп, мо-настырларға кете бастады. Алым-салықтан босатылған мо-настырлардың жер иеліктері барған сайын ұлғая берді. Бұл

иеліктердегі шаруалар саны да өсті. Монастырлар өз əскери күштерін

құрды. Монастырлардың экономикалық жəне саяси ықпалы күшейе

берді. Монастырларға сүйене отырып, императорлар Фудзивара

əулетін əлсіретті. Бұл күрес 1069 жылдан 1167 жылға дейін созыл-ды. Ол «Инсэй» — «Экс-император-монахтар басқаруы» деп аталған

кезең болды.

XI—XII ғасырларда феодалдық поместьенің екі түрі пайда

болды. Оның бірі — Жапонияның шығысы мен солтүстігінде,

екіншісі орталық пен оңтүстік-батысында қалыптасты. Біріншісі

— орталықтан қол үзген жəне айнутайпасымен тынымсыз күрес

жағдайында қалыптасты. Мұнда феодалдық поместьелердің жаңа

түрлері тез, қысқа мерзімде пісіп жетілді. Шығыс-солтүстікте

қашқын шаруалардың көп шоғырлануы, ірі жер иеленушілердің

өз жасақтарын құруы, ұсақ жер иелерінің қол астынан пана та-буы өте тез қарқынмен жəне ашық түрде жүрді. Жасақшылар өз

қожайындарынан жер үлесін алды. Сөйтіп, солтүстік-шығыста жаңа

тап — самурайлардың қол астында ұсақ тоғайлық жер иеліктері

өмірге келді. Самурайлар бір əскер басының үйінің төңірегіне

топтасатын. XII ғасырға қарай солтүстік-шығыстағы мұндай үй

Минамото үйі болды.

Бұл солтүстік-шығыстағы жер иеленушіліктің жаңа түріне қарсы

Жапонияның оңтүстік-батысында поместьенің ескі түрі көпке дейін

сақталды. Мұнда ұсақ үлестерге бөлінбеген ірі жер иеліктері сол

күйінде қалды. Ірі жер иелері тек өз жерлерін ішкі Жапон теңізіндегі,

Кюсю мен Сикоку жағалауларындағы теңіз қарақшыларынан

қорғауға жарайтын шағын жасақшылар отрядын ұстады. Бұл жақта

жасақшыларға жер үлесін тарату солтүстікке қарағанда аз орын

алды.

Оңтүстік-Батыс Жапонияда, əсіресе Тайра үйі зор ықпалға ие

болды. Ол 1156 жылы үкімет билігін басып алып, оны 1185 жылға

дейін қолында ұстады. Император атынан қимылдай отырып, олар

өз қарсыластары — солтүстік-шығыс аудандарының феодалдары-мен күрес жүргізді. Солтүстік-шығыс феодалдары мен оңтүстік-батыс феодалдарының күресі ықпалды екі үйдің — Тайра мен

Минамото үйлерінің күресіне ұласты. Бұл күресте əскери күшке

ғана емес, мықты феодалдық ұйымға арқа сүйеген Минамото үйі

жеңіске жетті. 1185 жылы Данноур /қазіргі Симоносэки/ маңында

тайралықтар жеңілді.

Минамото үйі бұл соғыстың нəтижесін өз мүддесіне пайдалан-ды. 1192 жылы əскер қолбасшысы Еоритомо «Сёгун» деген атақпен

мемлекеттің жоғарғы басшысы деп жарияланды. Сёгун — «сейи

тайсёгун» деген сөздің қысқартылған түрі. Ол сөзбе-сөз варварлар-ды бағындырушы ұлы қолбасшы дегенді білдіреді. Бұл атақ алғаш

794—811 жылдары Хэйаннан (қазіргі Киото) Хонсю аралының

солтүстік-шығысындағы эбису халқын бағындыру үшін жіберілген

əскер басшысына берілді. Іс жүзіндегі өкімет билігінің император-дан Минамото əулетіне көшуінен кейін сёгун деген атақ осы əулеттің

басшысы Ёоритомоға берілді.

Сёгунат — феодалдар диктатурасының саяси түрі болды. Оның

үкіметі бакуфудеп аталды. Елдің саяси орталығы Хонсю аралының

124 125

шығысындағы Камакура қаласына көшірілді. Тайраларды жеңген

соң Минамото үйінен шыққан жаңа басшыларға қарсы император

мен Фудзивара үйі бастаған астаналық ақсүйектер күрес жүргізді.

Бұл күресте Минамото үйі шаруалар қозғалысын өз мүддесіне сай

пайдаланып қалды. 1185—1192 жылдары император мен астаналық

/хэйандық/ ақ-сүйектер іс жүзінде биліктен айрылды. Бірақ импера-тор атағы сақталып қалды. Астаналық ақсүйектердің 1221 жылғы

əскери бүлік арқылы билікке қайта оралу əрекеті жеңіліс тапты.

Жапонияда көп уақытқа дейін Минамото əулетінен шыққан сегун-дар билігі орнады.

Ёоримото императорды тақтан қуған жоқ. Оны Киотода

қалдырып, əскери гарнизонға күзеттіріп қойды. Астана Хонсю

аралының шығысындағы Камакура деген ауылға көшірілді.

Сондықтан да Минамото мен Ходзё əулеттері (Ходзё Минамото

Ёоритомоның қайын атасы болатын) билік құрған 1192—1333 жыл-дар аралығы Камакуралық сёгунатдеп те аталады. Минамото

жасақшылары жеңілген қарсыластарының біраз жерін тартып алып,

өзара бөліске салды. Əскери комиссарлар өз үлестерін басқалардың

есебінен ұлғайта түсті. Кейін олардың көбі ірі феодалдарға — дай-мелергеайналды.

XIII ғасырдың ортасына қарай жер иеліктерінің көп бөлігі

Минамото жасақшылары мен Ходзе фамилиясына қарады. Бұлар

сегунның вассалы деп есептелді. Билік негізінен осылардың қолында

болды. Сөйтіп, ұсақ жер иелері — самурайлар тобы қалыптасты.

Олар жерді өздерінің сюзерендерінен алған “сыйлық грамоталары”

негізінде иеленді.

Сонымен қатар, ұлан-ғайыр монастырлар жерлері, император

сарайының жері, император резиденциясы болып қала берген Киото

қаласы ақсүйектерінің жерлері сол күйінде қала берді.

Үстемдік етуші феодалдар табы — əскери-поместьелік дворяндар

/”буси”, “самурай”/ елдің негізгі жер қорын қолында ұстап, өзінің

мемлекеттік аппаратын құрды.

Дворяндардың ең сыйлы тобын гокэниндер құрды. Бұл

самурайлардың жоғарғы сюзерен — сегунге вассал болып келетін

тобы. Бұл Минамото үйінің билікті жеңіп алуына атсалысқан

самурайлардың ұрпақтары болатын. Екінші топты сегунның

тікелей вассалы емес самурайлар құрады. Бұл астаналық ақ-сүйектердің, монастырлардың, император сарайының иеліктеріндегі

жасақшылардың ұрпақтары болды. Мемлекеттің басында сегун

тұрды. Ол əскери өкімет “бакуфудың” басшысы жəне самурайлардың

қолбасшысы болды. 1199 ж. Минамото Еоритомо өлген соң үкімет

билігі оның қайын атасы Ходзё Токимасаның қолына көшті. 1219

ж. экс-император Готаб басқарған сарай төңкерістері болып, ол

1221 жылға дейін созылды. Бұл жылдар жапон тарихында “Сёкю”,

яғни төңкеріс жылдары деп аталды. Экс-император жеңіліп, билікті

қайтарып ала алмады.

1232 ж. 51 баптан тұратын заңдар жинағы қабылданды. Ол жинақ

“Дзёэи сикимоку” деп аталды. Ол заңдар самурайлар тобының сот

істерін шешуге арналды. 1252 ж. Ходзё өз қарсыластарын əлсірету

мақсатымен Фудзиваралар үйін бес тармаққа бөлу, оларға регенттік-канцлерлік атақты кезек-кезек беріп отыру туралы жарлық

шығарды.

Əскери-феодалдық сословие негізінен шаруалардан тұратын

бонгэнің /халық/ үстінен өз билігін орнатты. Бонгэ самурайлар

жерінде тұрып, ол жерді өңдеді, өз қожайындарына салық төледі,

барщина өтеді. Шаруалардың бір тобы бұл салықтармен қатар, өз

қожайындарының қасында жүріп, көмекші қызметін атқарды.

Натуралды рентаның мөлшері түсімнің /өнімнің/ 40-тан 60-қа

дейінгі проценті болды. XIII ғасырға қарай егіншілікте айтарлықтай

даму байқалды. Жеке аудандар белгілі бір түрге мамандана баста-ды. Оңтүстік аудандарда жылына 2 рет өнім алатын болды. Бір ау-данда жібек өсірсе, бір ауданда кендір, бір ауданда арпа, бидай т.б.

өсірілді.

Қолөнершілік жəне сауда-өсімқорлық ұйымдар.Құқысыз

халықтың құрамына шаруалармен қатар, қолөнершілер мен сау-дагерлер, өсімқорлар да кірді. Бірте-бірте қолөнершілер “дза” деп

аталған бірлестіктер құрды. Олар XII ғасырдың басында Хэйан /

Киото/ жəне Нара сияқты ірі қалаларда құрылды. Дзалар алды-мен император сарайына қызмет етті, сонан кейін киотолық сарай

ақсүйектері мен бай монастырлар үшін еңбек етті. Ол кезде дзалар

əрі цех, əрі гильдия қызметін атқарды.

Өзара қырқысулар тоқтап, Минамото сегунаты орнаған соң XIII

ғасырда дзалар бүкіл елде, Камакура, Осака қалаларында, барлық

провинцияларда кең тарай бастады. Кейін, XIII ғасырдың аяғында

даймелердің қамқорлығымен ірі феодалдық иеліктер де құрылды.

Дегенмен, XII—XIV ғасырларда ең күшті жəне ең бай дзалар мо-настырлар мен киотолық сарай ақсүйектерінің қамқорлығындағы

дзалар болды. Дзалар өз қамқоршыларынан бұйым түрлерін

шығаруға, оны сатуға құқ алып отырды. Қамқоршыларына дзалар

өз бұйымдарынаң бір бөлігін салық ретінде төлеп отырды.

126 127

Астанада, провинцияларда тұрақты базарлар ашылды. Олардағы

сауда мейрамдар кезінде қызу өткізіліп отырды. Алғаш сауда апта-сына 1—2 рет өткізілсе, бірте-бірте күнде өткізілетін болып кетті.

Саудагерлер гильдиясы накама деп аталды.

Азық-түлік дайындап, сататындардың да бірлестіктері құрылды.

Олар феодалдар иеліктері мен монастырларда, Киото сарайында

пайда болды. Олар балық, құс, мал етін сатып отырды. Сондай-ақ

бірден көп мөлшерде сататын “тоя” деген саудагерлер шықты. Олар

салықтан түскен азық-түлікті ірі тұтыну орталықтарына жеткізіп,

алыпсатарларға өткізіп отырды.

Бұл кезге /XIII ғ./ қарай өсімқорлық капиталы едəуір дамыды. Ол

самурайлардың жер иеліктерін өз қолына алуға тырысты. Моңғол

шапқыншылығына қарсы күрес жағдайында сауда өсімқорлық

капиталының жағдайы одан сайын нығая түсті.

Моңғол шапқаншылығына қарсы қорғаныс. Өзара қыр-қысудың басталуы. 1260—1285 жылдардағы моңғолдардың та-рапынан төнген қауіп Жапонияны барлық күш-жігерін, назарын

қорғанысты ұйымдастыруға бөлуге мəжбүр етті. Кюсю мен Хонсю

аралдарының жағаларында ірі бекіністер салынды, самурайлар топ-тары жинақталды.

Қытайды бағындыруды аяқтауға кірісіп жатқан Шыңғыс ханның

немересі Құбылай Жапонияны да бағындыруға əрекет жасады.

Құбылай 1266—1273 жж. Жапаонияға елші жіберіп, оның қарсылық

көрсетпей-ақ бағынуын талап етті. Жапония сиккэні (өкімет басшы-сы) Ходзё Токимунэ (1251—1284) Құбылайдың талабын орындаудан

бас тартты, тіпті моңғол елшілерін өлтірткізді.

1274 ж. қараша айында Құбылай Жапонияға шабуыл бастады. Ол

15 мыңдық моңғол-қытай əскерімен қоса 8 мың нашар қаруланған

кəріс əскерін аттандырды. Бұл əскер Цусима мен Ики аралдарын ба-сып алды. Бірақ жапон əскері мен халқының ерлікпен шайқасуының

нəтижесінде моңғолдар жағы 13,5 мың адамынан айырылып,

қалғаны Кореяға қайтты.

1275 ж. Ходзё Токимунэ Жапонияның Ұлы ханға тəуелділігін мой-ындауын талап етіп келген Құбылайдың елшілерін өлтіруге бұйрық

берді. 1279 ж. Қытайды толық бағындырып, Құбылай Жапонияға

қарсы 1000 кемеден, 100000 əскерден тұратын екі флот жіберді. Бір

флот Кореядан, екінші флот Оңтүстік Қытайдан шықты.

Екі флот Кюсю аралының жағасында кездесуі тиіс болатын. Бірақ

оңтүстік Қытайдан шыққан флот белгіленген мерзімде жете алмай,

кешігіп калды. Ол келгенше жапондықтар əлсіздеу Шығыс флотты

талқандап үлгерді. Басты күш келіп жеткенде Жапонияны басып

өткен жойқын дауыл моңғол флотының көп бөлігін суға батырып,

қалғанын бытыратып жіберді. Оның қалған-құтқаны ғана Қытайға

қайтып оралды. Енді үшінші жорыққа қауырт дайындық басталды.

Бірақ моңғол феодалдарының өздерінің арасындағы айтыс-тарты-стар мен Үнді-Қытайдағы сəтсіздіктер Құбылайдың Жапонияға жаңа

жорықтан бас тартуына себеп болды. Сөйтіп, моңғолдардың теңізде

соғыс жүргізе алмауы ғана жапондықтарды құтқарып қалды. Бірақ

1281 жылғы жорықтан кейін де моңғол шапқын-шылығы тоқтаған

жоқ.

Моңғол шапқыншылығына қарсы қорғаныс ұйымдастыру

шаруалардың тұрмыс жағдайын төмендетіп жіберді. Самурайлардың

да жағдайы нашарлады. Моңғолдардан қорғануды ұйымдастыру ба-рысында барлық қаражат пен қару-жарақтың, əскердің оңтүстікте

шоғырлануы сондағы феодалдардың /даймелердің/ күшеюіне əсер

етті. Оңтүстікте ірі порттар пайда болды. Күшейіп алған оңтүстік

феодалдары Ходзё үйінің жеке билігіне қарсы шыға бастады.

1333 ж. Оңтүстік-батыс даймелері Канто ауданының ірі жер

иесі Асикагамен бірлесіп, Ходзё үйіне қарсы күрес бастады. Олар

Камакураны басып алып, өртеді.1334ж. қаңтарда билік осы дайме-лер қолдаған император Годайгоға көшті. Бірақ көп ұзамай оңтүстік-батыс даймелерінен бөлінген Асикага үйі императорға қарсы шықты.

Бұл үйдің басшысы Такаудзи 1336 ж. ақпанда Киотоны басып алып,

император Годайго Ямато провинциясына қашқан соң, таққа өз ада-мын отырғызды. Такаудзидің өзі сегун атағын иемденді /1335 ж./

Сөйтіп, 1335 жылдан бастап Жапонияның екі астанасы, екі импера-торы болды. Бұл қос өкімет билігі 1392 жылға дейін созылды. Бұл

жылы елдегі барлық билікті Асикага үйінен шыққан жаңа сёгун-дер басып алды. Бұл əулет билік құрған 1336—1568 жж. Муромати

сёгунаты деп те аталады — Такаудзи Асикага 1336 жылы 11 ақпан

күнін мемлекеттің құрылған күні деп жариялады. Содан бері ол күн

Кигэнсэцу мейрамы деп тойланып келеді.

XV—XVI ғасырларда Жапония қалалары, қолөнері мен саудасы

дамып, жетіле түсті. Елдің экономикасындағы сауда — өсімқорлық

капиталының салмағы ұлғая түсті. Сауда саласында əсіресе тоя-лар күшейе түсті. Олар барлық күріш өнімдерін сатып алып, жүк

тасымалдарын ұйымдастырды, жол бойында мейманханалар сал-ды. Оларға Киотодағы үкімет басында отырған Асикага əулетінің

сёгундері жəне жергілікті феодалдар өз иеліктерінен салық жинау-ды тапсырды. Тоялар өсімқорлық əрекеттерін дамытып, шаруаларды

128 129

қарыздан-қарызға ұшыратып отырды. Тоялар арасынан күріштен

арақ жасап сатушы іскерлер шыға бастады. Бұл іскерлер сонымен

қатар феодалдар үшін алым-салық жинауды да жалғастыра берді.

Асикага үкіметі шырмауына тек шаруаларды ғана емес,

сондай-ақ үстем тап өкілдерін де түсірген өсімқорлармен күрес

жүргізді. Сёгундер бірнеше рет феодалдар мен самурайлардың бұл

өсімқорларға барлық қарыздарын жою əрекетін жасады. Тек Есимас

сегунның билігі кезінде бір айдың ішінде тоғыз рет осындай əрекет

жасалған көрінеді. Бірақ сауда — өсімқорлық капиталының маңызы

күннен-күнге арта түсті.

XIV—XV ғасырларда Жапонияда үлкен рөл атқарған сыртқы

сауда айтарлықтай дамыды. Олардың кемелері Қытай мен Корея,

Вьетнам, Сиам мен Камбоджа жағалауларын аралап жүрді. Олар

көбінесе тонаушылықпен айналысып, кейде сауда да жасайтын.

XV ғасырда Қытай үкіметі бұл қарақшылармен нағыз соғыс та

жүргізді.

Жапония үкіметінің, феодалдарының атынан Қытаймен жүр-гізілген ресми сауда ерекше орын алды. Ол сауда Жапон үкіметінің

Қытай сарайына жіберіп отыратын елшілігі арқылы жасалатын.

Бұл елшілікпен бірге тауарлармен лық толтырылған 10—15 кеме

жіберілетін. Сегун бұл сауданы реттеуді будда монастырларына тап-сырып отырды. Оларға Қытаймен сауда жасау лицензиясын сатып

тұрды. Кейін мұндай лицензияны кейбір феодалдар да сатып алды.

Бірақ сауданы негізінен көпестер жүргізді. Олар монастырларға, се-гунге, феодалдарға тапқан табысының біраз процентін /бөлшегін/

беріп отырды.

Жапония Қытайға көбінесе онда жоғары бағаланатын қылыштар

сататын. Сонан кейін мыс, күкірт, алтын, күміс, желдеткіш апара-тын. Ал Қытайдан негізінен мақта, жібек, мыс монеталар əкелінді.

Сауда едəуір табыс көзі болды. Жапония желпуіштері Қытайда 10

есе артық бағамен сатылатын. Мыс пен алтын үшін қытайлықтар

5 есе артық төледі. Ал Қытай мақтасы Жапонияда 2—3 есе қымбат

сатылды. Қытай жібегінің сапасы жапон жібегінің сапасынан

əлдеқайда жоғары болды, ол Жапонияда қымбат сатылатын.

Саудаға сегунмен қатар барлық оңтүстік феодалдары араласуға

тырысты. Сауда егіншіліктен гөрі жеңіл табыс келтіретін. Сол

себепті қолөнері қолдаушылыққа ие болып отырды. Қолөнершілерге

жеңілдіктер жасалатын, көпестер де құрметке ие болып отыратын.

Сауда, қолөнері басым қалалар тез дамыды. Жапонияның батысында

Химедзи сарайы. 1610

мұндай қалалар тізбегі жеткілікті болды: Кюсюдегі Хаката, Хонсюдің

оңтүстігіндегі Ямагути, ішкі теңіз бен Хонсю аралығындағы Хего

мен Сакай... Қалалармен бірге сауда-өсімқорлықпен, қолөнерімен

айналысатын топтардың экономикалық қуаты өсе түсті. Сакай мен

Хаката сияқты біраз қалалар өз дербестігін алды, өз жалдамалы от-рядтарын ұстады. Соның арқасында феодалдық өзара қақтығыстар

зардабынан құтылды.

Қытаймен сауданың дамуы Жапонияның өнеркəсібіне пайда

келтірді. Феодалдар қазба байлықтарын игеруге қолдаушылық

көрсетіп отырды. Садо аралы мен Кюсюде алтын жəне күміс, Суруга

провинциясында — алтын, Кай, Синано провинцияларында алтын

мен мыс кеніштері ашылды. Бұл кейбір феодалдарды онан сайын

күшейте түсті.

Шаруалар көтерілістері. Жапониядағы басыбайлы шаруалар

гэниндердеп аталды. Шаруаларды қанау бұл кезде бұрынғыдан

да күшейе түсті. Кейде феодалдар əртүрлі жағдайларды сыл-тау етіп, жаңа салықтар енгізіп отырды. Өзара қырқысулар

феодалдардың шаруаларды қанауын күшейте түсуіне себеп болды.

130 131

Феодалдардың əскерлері шаруалар жерлерін таптап кетіп отырды.

Бұл қиыншылықтарға өсімқорлар қанауы қосылып отырды. Шаруа

шаруашылығы зор күйзеліске ұшырап отырды. Деревняларда ба-лаларды өлтіру орын алды. Балалар мен əйелдерді сату, қыздарды

жезөкшелер үйіне, балаларды монастырларға өткізу кең өріс алды.

Мұның бəрі шаруалар наразылығын күшейтті. XV—XVI

ғасырларда шаруалар көтерілісі жиі болып тұрды. Олар кейде үлкен

соғысқа да айналып отырды. Көтерілісшілер негізінен қарыздарды

жоюды талап етіп, өсімқорларға қарсы күш қолданды. 1428 жылғы

Киото мен Нарадағы көтерілістер талабы сондай болды. Кейде

көтерілісшілер тікелей феодалдарға да қарсы шығып отырды. 1428

жылғы Харима, Исэ, Тамба, Игадағы көтерілістер «самурайлар жой-ылсын» ұранымен өтті.

Шаруалар қозғалысына кедей қала қолөнершілері де қо-сылып отырды. Тіпті көтерілісті кейде кедейленген самурайлар

ұйымдастырды. Мысалы, 1441 жылғы көтерілісті қаңғыбас самурай-лар — рониндерұйымдастырды. Көтерілісшілер храмдарға басып

кіріп, сонда бекінді. Жолдарды жауып, Киотоға азық-түлік əкелуге

мүмкіндік бермеді. Көтерілісшілер кейде өздеріне қарсы жіберілген

отрядтарды да талқандап, жеңіске жететін. Мысалы, Ямасиродағы

/Киото маңында/ көтеріліс жеңіске жетіп, көтерілісшілер 7 жылға

жуық өз биліктерін орнатты. Олар өз əскерін құрып, өзара соғысатын

феодалдарды қуып шықты. Халық жиналысы провинцияларды өз

заңдарына сүйене отырып басқарды: салық мөлшерін анықтады,

монастырларға салықты ұлғайтты. Халық жиналысы 36 адамнан

тұратын басқарма сайлады.

XVI ғасырда шаруалар қозғалысы бəсеңдеді. Ол қала кедейлерінің

көтерілістеріне ұласып, немесе діни қозғалысқа айналып кетіп

отырды. XV ғасырдың аяғында, XVI ғасырда діни секталардың

басшылығымен бірнеше діни қозғалыстар болды. Олар елдің едəуір

бөлігін қамтыды. 1532 ж. Киотода кедейленген самурайлар көтерілісі

болды. Оның негізгі күші — қала кедейлері еді.

Шаруалар мен қала кедейлерінің көтерілістері феодалдық

қатынастарды əлсіретті, феодалдық құрылыстың ыдырай бас-тауының басты себептерінің бірі болды. XVI ғасырдың ортасына

қарай Жапония іс жүзінде дербес князьдықтарға бөлінді. Олардың

басшыларын еуропалықтар корольдер деп атады. Киотодағы се-гун үкіметі елдегі маңызын жоғалтты. Феодалдардың өзара

қырқысулары тоқтамады. Елде шаруалар қозғалысы күшейді. Осы

жағдайлар ел басшыларының бірігуге ұмтылысын тудырды.

Мəдениет. IX ғасырда Жапонияда өз жазуы қалыптасты. Ұлттық

жазудың қалыптасуы көркем əдебиеттің, əсіресе лирикалық поэзия

мен прозаның дамуына кең жол ашты. 925 ж. IX—X ғасырлардағы

ақын жазушылардың таңдаулы шығармаларының жинағы –

«Кокинсю» жарық көрді. Өлеңнің ішінде 31 буыннан тұратын «тан-ка» деп аталған түрі кең тарады.

X—XII ғасырдың аяғында Жапон поэзиясында екі ағым

байқалды:

— өлеңдер жинақтарын құрастыру;

— поэзия түрін бекіту. 951 ж. сарайда «Вакадокоро» деген жа-пон поэзиясының ведомствосы құрылды. Оның мақсаты жоғарыда

аталған бағыттарды қолдап, жүзеге асыру болды.

X—XI ғасырларда Вакадокороның басшылығымен көптеген

өлеңдер жинағы жарық көрді. Олардың бірі «Гэндзи моногатари»

(«Гэндзи туралы повесть») болды. Бұл X—XI ғасырлардағы жапон

классикалық əдебиетінің жоғарғы шыңы еді. Оның авторы Мурасаки

Сикибу (978—1016) деген император сарайының фрейлинасы бола-тын. X—XI ғасырлар аралығында дзуйхицу (эссе) жанрындағы ең

алғашқы шығарма «Макура но соси» («Жастық астындағы жазба-лар») жазылды. Оның авторы да Сэй Сёнагон (966— ?) деген əйел

болатын.

XII—XIV ғасырларда өзара қақтығыстар мен саяси биліктің əс-кери күштер қолына көшуі кезінде мəдениеттің жаңа салалары өмір-ге келді. Əсіресе рыцарлар өмірін баяндайтын эпикалық əңгімелер

кең тарады. Мұндай əңгімелерден үлкен жинақ құрастырылды.

Сондай жинақтың бірі «Хэйке — Моногатари» /Тайра туралы по-весть/. Онда Тайраның Жапонияны гүлдендіру үшін күресі баян-далады. XIV ғасырда кезбе жыраулар айтатын «Сеген», «По» деген

сахналық өнер түрлері қалыптасты. Пьесаларды будда шіркеуі дінді

насихаттау үшін шебер пайдаланып отырды. Сонымен бірге пьеса-ларда батырлық пен адалдық кеңінен насихатталды.

Сондай-ақ сəулет өнері де кең қанат жайды. Ою-өрнектермен

безендірілген, бірнеше қабатты пагода — храмдар, даймелердің

үйлері мен князьдер сарайлары салынды.

Ə д е б и е т т е р:

1. История Японии. В 2-хт.— М., ИВ РАН, 1999.

2. Мендрик В. М. История Сёгуната в Японии (Нихон гайси).—

М.: СПб, 1999. В 2-х

т.

3. Хироаки Сато. Самураи. История и легенды.— Евразия, 1999.

132 133

§ 13. Х—ХV ғасырлардағы феодалдық Корея

1. Корё мемлекеті: құрылуы, əлеуметтік-экономикалық дамуы,

мəдениеті.

2. Кореядағы монғолдар билігінің орнауы, құлауы.

3. Ли сон Генің мемлекеттік төңкерісі.

4. Ли əулетінің қайта құрулары.

5. Корё мəдениеті.

ІХ ғасырда елде орын алған феодалдық өзара қырқысулар Х

ғасырдың басында тыйылып, жарты аралда мемлекеттік бірлік ор-най бастады. Үш мемлекетті біріктіруді 918 ж. «Екінші Когурёде» өз

билігін орнатқан əскер басшысы Ван Гон қолға алды.

935 жылы ол Силланы, 936 жылы «Екінші Пэкчені» бағындырып

алды. Қайтадан бірігіп, қалпына келген мемлекет «Корё» деп аталды

/осы атымен қазір де аталады/. Оның астанасы Сонгдо /қазіргі Кэсон/

қаласы болды. Ван-Гон шаруаларға арқа сүйей отырып, табысқа

жетті. Ол жаңа жерді басып алысымен ондағы шаруаларды бұрынғы

қарыздарынан босатып, салық мөлшерін уақытша азайтты.

Корёнің жер жүйесі негізінен тандық жүйеге еліктеді. Жер

барлық адамдарға берілді. Əркім қызметіне қарай үлес алып отыр-ды. Ол чонсиквадеп аталды. Жердің иесі өлген соң ол мемлекетке

қайтарылып отырды. Солдаттар үлесті 20 жасқа толған соң алатын,

60 жасқа толған соң қайтарып беретін. Егер баласы немесе басқа

туысы оның қызметін жалғастырса, үлес қала беретін. Баласы жоқ

адамдар 70 жастан кейін зейнеткерлік үлес алатын. Ол «кубунчжон»

деп аталды. Баласы жоқ солдат соғыста қаза тапса, зейнеткерлік

үлесті оның əйелі алатын.

Сонымен қатар марапат (награда) ретінде де үлес берілетін.

Ол үлес «конымчжонси» деп аталды. 16 жаста кəмелетке толған

деп саналды, ал 60 жаста зейнеткер деп жұмыстан босатылды.

Зейнеткерлер салықтардан да босатылатын. Үлес иелері əрбір кёл-ден (~ 1 га) бір сок (~ 160 кг.) салық төледі. Жалпы салық мөлшері

табыстың 1/10-інен аспады.

Бір орталыққа бағынған мемлекет құрылғанымен бұрынғы жеке

мемлекет басшылары, олардың жақтастары қайтадан бөліну үшін

күресіп бақты. Корё үкіметі өзінің сыртқы саясатында Қытайдағы

Сун империясына бағыт ұстады. Қытаймен одақтасу кидандар

қаупіне байланысты болды. Кидандар Корёнің ішкі талас-тартысын

пайдаланып, оны басып алуға тырысты.

993 ж. Кореяға кидандар шабуылы басталды. Бірақ олар тойта-рыс тауып, кейін қайтты. 1009 ж. Корё өкіметінің басшысы Ван Мок

Чонды əскерлер тақтан түсірді. 1010 ж. кидандар əскері Амноккан

(Ялуцзян) өзінен өтіп, Корёге басып кірді. 1011 ж. қаңтарда олар Корё

астанасы Кэгёнді (Кэсон) басып алып, талқандады, талан-таражға

салды. 1011 жылғы 28 қаңтардағы шайқаста Корё əскерінің басшы-сы Ян Гю қаза тапты. Бірақ кəріс халқы шет елдік басқыншыларға

қарсы аянбай күрес жүргізді. Үш айдан кейін Кан Гам Чхан басқарған

кəріс əскері кидандарды шегінуге мəжбүр етті.

1013—1014 жж. кидандар Тончжо мен Хынхвачжин аудан-дарында Корёге екі рет басып кірді. Бірақ сəтсіздікке ұшырап, кейін

қуылды. 1014 ж. Корёдегі өкімет билігін əскерилер басып алды.

Хынхвачжиндегі шайқастан кейін олар Кэгёнге бет алды. Бірақ

біраз шайқастарда жеңіліс тапқан соң кейін шегіне бастады. 1019

ж. қаңтарда Корё əскері кидандарды Куджда тасталқан етіп жеңді.

Кидандармен бітім шарты жасалды. Амноккан (Ялуцзы) өзені осы

кезден бастап Кореяның шекарасы болып белгіленді.

Корёнің гүлденуі Мунджон (1047—1082) корольдің билігі кезінде

басталды. Бұл кезде өте тиімді əкімшілік жүйесі құрылды. Ол жүйе

2,5 ғасыр өмір сүрді. Бұл орталықтандырылған өкімет билігінің

күшеюі, мемлекеттің жерге меншігінің нығаю кезі болды. Сонымен

қатар Х—ХІІ ғғ. ірі жеке меншіктік жер үлестерінің өсуімен сипат-талады. Көптеген ірі жер иелері өздерінің қарулы күштерін ұстады.

Осы кезде бекініс-қала Намгён (қазіргі Сеул) салынды, Ол 1394 ж.

Корёнің астанасына айналды.

Корёнің бейқуат тыныштық өмірі ХІІ ғасырға қарай қайта

бұзылды. Осы ғасырдың басында Корёге Қытайдың солтүстік-шығысын мекендейтін тунгустық чжурчжендер тайпасының

шапқыншылығы жиіледі. 1104 ж. Чонпхён қамалындағы шайқаста

кəрістер жеңілді. 1107 ж. чжурчжендер жаңа шабуыл бастап, қатты

тойтарыс алды. 1125 ж. Корё Қытайдағы чжурчжендердің Цзинь им-периясына вассалдық тəуелділігін мойындады.

Бұл кезде Корёда будда шіркеуінің ықпалы өсе түсті. Ол үкімет

беделінің өсуіне көмектесті. Бірақ жеке феодалдар шіркеу иелігінің

өсе түсуіне наразы болды. Шіркеу мен феодалдар арасындағы

қақтығыстар елдің саяси-экономикалық жағдайына айтарлықтай

зиян келтірді. Əсіресе шаруалар үлкен күйзеліске ұшырады.

Сондықтан олар көтеріліске шығып отырды.

1126 ж. Ли Ча Гём басқарған Кэгёндегі бүлік бұрқ ете түсті. Ли

Ча Гём (Ли Джагём) Инджон ванның қайын атасы болатын. Ол

134 135

əскердегі билікті жəне чиндер (қызмет) министрлігін өз қолында

ұстаған. Алғаш Джагём жеңіске жетіп, Инджонды қамап қойды.

Бірақ көп өтпей Ли Джагёмді өзінің бір вассалы өлтіріп кетті.

1135 ж. Согёнде будда монағы Мё Чхон басқарған бүлік шықты.

Бұл кэгёндік жəне сэгёндік (солтүстіктің орталығы) ақсүйектер

арасындағы билік үшін күрес еді. Мё Чхон басқарған феодал-дар тобы елдің Солтүстік-Батыс облыстарының жеке мемлекетке

бөлінгендігін жариялады. Бірақ көрнекті мемлекет қайраткері Ким

Бусик басқарған өкімет əскері 1136 ж. көктемде Согёнді штурммен

алып, бүлікті басты. Бұл мемлекетті нығайтуды жақтаушылардың

жеңісі болды.

ХІІ ғасырдың екінші жартысында Қытай ықпалына қарсы күрес

тоқтамады. 1170 ж. Ыйджон ванның билігіне наразы феодалдар

тобы төңкеріс жасап, билікті басып алды. Чон Джунбу бастаған

дінбасылары таққа құлатылған ванның інісі Мёнджонды отырғыз-ды. Іс жүзінде өкімет билігі əскерилердің қолында қалды.

Феодалдар арасындағы, феодалдар мен шіркеу арасындағы

қақтығыстар елдің саяси-экономикалық жағдайына айтарлықтай

зиян келтірді. Əсіресе шаруалар үлкен күйзеліске ұшырады.

Сондықтан олар көтеріліске шығып отырды. Көтерілістер 1162,

1166 жылдары болды. Ал 1176 ж. нағыз шаруалар соғысы бастал-ды. Оны Мани басқарды. Көтеріліске шыққандар негізінен ноби-лер — мемлекеттік басыбайлы шаруалар болды. Олар елуге жуық

қалаларды басып алды: 1177 ж. көтерілістің оңтүстіктегі негізгі

ошақтарын басқаннан кейін көтерілістер солтүстік-батыс аудандарға

тарай бастады. Көтеріліс тек 1178 жылдың аяғында ғана толық ба-сылды. Мани өлтірілді. Сонан кейін ірі көтерілістер Кёнсан провин-циясында 1193—1194 жж. Ким Сами мен Хё Симнің басшылығымен

болды.

1196 ж. іс жүзіндегі өкімет билігі Чхве Чхун Хэннің қолына

көшті. Сөйтіп, 1258 жылғы моңғол жаулап алушылығына дейін

елде екі əулеттің билігі қатар орнады. Осындай феодалдық өзара

қырқысулар Корёні əлсіретіп, оны басқа мелекеттердің жаулап алу-ын жеңілдетті.

1216 жылы Кидандар Кореяға қайта басып кірді. Корея королі

Цой Чхун Хэн монғолдардан көмек сұрады. Монғол отрядтары 1218

жылы Кореяға кіріп, кидандарды қуып шықты. Корея моңғолдарға

салық төлеп тұрудан бас тартқан соң 1231 жылы моңғол əскерлері

жарты аралға басып кірді. Сылтау — Кореядағы моңғол елшісінің

өлімі болды. Моңғол ханы Кореяға Сартай басқарған əскер жіберді.

Корея королі мен үкімет басшысы Цой У астанадан қашып, Канхвадо

аралындағы қамалға барып тығылды. Дегенмен моңғолдар Кореядан

салық алып тұрумен шектелді. Моңғолдар Кореяны толық басып

алу ойынан қайтқан жоқ. 1259 жылы Цой əулетінің үкімет басшы-сы өлтірілді, Канхвадо аралындағы қамал талқандалды. Король

мұрагері кепіл ретінде Моңғолияда ұсталды. Кореяның королі

өлген соң мұрагер еліне қайтып келіп, таққа отырды. Ол Кореяны

Моңғолияның вассалы деп жариялады. Сөйтіп, Кореяда моңғолдар

билігі орнады.

Моңғолдар Кореяны Жапонияға қарсы соғыста өз базасына ай-налдырды. Бірақ бұл зорлыққа халық көнгісі келмеді. 1270 жылы

моңғолдар өз елін қауіпсіздендіру мақсатымен Кондо аралығындағы

қамалды жойып, оны қорғап тұрған əскерді таратуды талап етті. Бұл

талап «үш корпус əскерлерінің» көтерілісін туғызды. Осы əскерлер

моңғолдарға қарсы үш жыл бойы күресті. Оларға шаруалар да

көмектесті. Бірақ король мен оның одақтасы 1273 жылы көтерілісті

басты.

1274, 1281 жылдардағы Жапонияға сəтсіз жорықтардан кейін

моңғолдар Кореяны оккупациялауын онан əрі жалғастырды. Олар

«Шығыс жорығын басқару» мекемесін құрды. Ол мекеме Корея

үкіметінің үстінен қарайтын орган болды. Кореяның король үкіметі

бұл мекеменің қолжаулығы болды.

Жүз жылдық моңғол езгісі Кореяның экономикасына айтарлықтай

зиян келтірді. ХІV ғасырдың ортасына қарай Кореяның жағдайы

өте қиындап кетті. Шіркеу мен феодалдардың, моңғолдардың

езгісіне жапон шабуылдары қосылды. 1356 жылы жапондықтар

Есонган өзеніндегі Кедон аралын басып алып, Корея астанасы-на қауіп төндірді. 1359—1360 жылдары Солтүстік Корея «Қызыл

бастылардың» талан-таражына ұшырады. Елде тап күресі де

шиеленісті.

Кəріс дворяндары шіркеудің, ақсүйек феодалдардың жерлерін

тартып алуды, моңғолдарды қууды, үкімет билігін күшейтуді

мақсат етті. Сондықтан олар армия мен флотты күшейтуді, будда

шіркеуінің жерін тартып алуды талап етті. Кореяның қала халқы —

қолөнершілер мен көпестер дворяндарды қолдады. Бұл талаптарды

король Конминнің /1352—1374/ бірінші министрі Синдун ескерді,

мүмкіндігінше қанағаттандыруға тырысты. 1356 жылы Синдун

«Жер мен халық санын қайта қарау басқармасын» құрды. Ол ірі

жер иеленушілер тарапынан қатты наразылыққа ұшырап, король-ге қарсы қастандық ұйымдастырды деген айыппен өлім жазасына

кесілді.

136 137

1356 жылы моңғолдардың негізгі күші Кореядан шықты, ал

қалған гарнизондары 1359 жылы толық талқандалды. Кореядағы

моңғолша жыл санау, қызмет баптары жойылды. 1359 жылғы жеңісте

ұйымдастырушылық қабілетімен ерекше көзге түсіп, жеңісті

қамтамасыз еткен Ли Хван Чжо деген феодалға король он мың ша-руалар отбасын сыйлап, əскердің қолбасшысы етіп тағайындады.

Сөйтіп Ли əулетінің жұлдызы жанып, шарықтауы басталды. 1368

жылғы Қытайдағы моңғолдар билігінің құлауы Кореяға да əсер етті.

1369 жылы Корея королі Конмин ресми түрде ұлы ханның вассалы

екенін мойындаудан бас тартты.

Патшалығының екінші кезеңінде король будда дінбасыларының

серкесі Син Удың ықпалына түсіп кетті. Бұл 1374 жылғы сарай

төңкерісіне əкеліп соқты. Син У мен король өлтірілді. Бұл төңкерістен

кейін тақ үшін күрес 20 жылға созылды. Ақыры династия құлады.

1389 жылы «Жаңа партияның» басшысы, Ли Хван Чжоның бала-сы Ли Сон Ге таққа сол партияның өкілі Коньянды отырғызды. Бірақ

партияның əскердегі офицер мүшелері 1392 жылы сарай төңкерісін

жасап, Коньянды тақтан құлатты. Оның орнына Ли Сон Генің өзін

король деп жариялады. Ол мемлекеттің Корё деген атын Чосон деп

өзгертті. 1396 жылы оның астанасы Ханьян /қазіргі Сеул/ қаласына

көшірілді. Жаңа король Ли Сон Ге /1392—1398/ «жаңа партияның»

талабына сай ақсүйек феодалдардың ірі жер иеліктерін конфиске-леп, орташа жəне ұсақ иелікті дворяндарға таратып берді.

Жаңа тəртіптің нығаюы, сонымен қатар жаңа династияның таққа

түпкілікті бекуі династияның ІІІ-королі Ли Хван Вонның /Тхечжон/

атымен /1401—1419/ тығыз байланысты. Бұл король өте шебер саясат-шы болды. Ол Қытай императорынан «Чосон королі» деген грамота

алды. Сондай істерімен Ли Хван Вон Кореяны Шығыс Азиядағы ірі

күштердің біріне айналдырды.

Бұл корольдің тұсында басқару аппараты қайта құрылды. Алты

палаталы орталық өкімет органы құрылды. Жоғарғы үкімет орга-ны сегіз мүшесі бар Мемлекеттік Кеңес болып табылды. Ел сегіз

провинцияға бөлінді. Оларды король тағайындайтын, тек король-ге бағынатын уəкілдер басқарды. Провинциялар уездерге бөлінді.

Қызметке орналасу үшін «ғылыми дəреже» қажет болды. Ол ар-наулы емтиханнан өткен соң берілді. Негізінен үш атақ болды. ІІІ

— төменгі дəреже жергілікті жерде, қалған екі жоғарғы дəреже —

астанада берілді. Қызметтегі адам Янбан деп аталды. Бұл сөз кейін

дворяндардың атына айналып кетті.

1401 жылғы жарлық бойынша будда монастырларының көп жері

тартып алынды. Елдің ішіндегі жағдайды реттеу мақсатындағы ша-ралар бүкіл ХV ғасыр бойы жүргізілді. Король Сечжонның /1419—

1450/ тұсында бүкіл өңдеуге жарайтын жердің есебі алынып, жи-налатын салық мөлшері анықталды. Ол жердің сапасына, судың

жақындығына қарай белгіленді.

Жапониямен сауда жасау да реттелді. Сауда үш порт арқылы

жүргізілді. Олардың бастысы Цусима болды. 1420 жылы осы

порттың бастығы Жапония сауда кемелерінің қайсы портқа қанша

рет қатынасатыны жөнінде келісім жасады.

Кореяны əсіресе олардың солтүстік — шығысындағы көршілері

— чжурчжендер қатты мазалады. Онымен күрес көпке созылды.

Тек 1449 жылы Корея Туманган өзені маңында Чжурчжендер жерін

басып алып, онда əскери гарнизонын орналастырды. Бірақ чжурч-жендермен тайталас ХV ғасырдың екінші жартысында да онан əрі

жалғасты.

Ли əулетінің жетінші королі Сечжо /1456—1470/ тұсында корей

деревнясын қамтыған өзгерістер болды, ашаршылық бола қалған

кезде қажет болатын егін сақтайтын қоғамдық қоймалар салын-ды, жер жыртуға, көшіп-қонуға керек болатын ірі қара мал басын

көбейтуге қолдаушылық көрсетілді; малды, жібек құртын бағып-қағу жөніндегі басшылық нұсқау кеңестер жасалды. Ескі суару

жүйесін жөндеп, жаңасын салуға көп мəн берілді. Бұл шаралар елдің

экономикасын дамытуға елеулі үлес қосты. Өңделген жердің көлемі

1391 жылы 798 127 кёл болса, 1404 жылы — 922 677 кёлге жетті. Бұл

кезде қолөнері мен сауда жақсы дамыды. Қолөнершілер мен сауда-герлер еуропалық цехтар мен гильдиялар сияқты ұйымдарға бірікті.

Ол ұйымдар үкіметтен қажетті тауарлар шығару монополиялары-на құқ алып отырды. Елдегі сауданың өсуінің куəсі — жергілікті

жəрмеңкелердің көбеюі болды.

Кореяның жаңа астанасы — Сеул ХVІ ғасырдың басын-да халқының көптігі жағынан елдің ең ірі қаласына айналды. Ол

халықтың басым көпшілігі қолөнершілер мен саудагерлер болды.

Мəдениеті.VІІІ—ХІІ ғасырларда Кореяда қолданбалы қолөнері

елеулі табыстарға жетті. Кореямен көршілес барлық елдерде Силла

шеберлерінің нефриттен жасаған зергерлік бұйымдары жоғары

бағаланды. Силла кезінен алтын білезік, тəж, семсер, сондай-ақ ме-талдан жасалған белдіктер мен ертоқымдар сақталған.

Əсіресе Кореядағы кітап шығару ісі ерекше көңіл аударарлық

болды. 991 жылы Сэген /қазіргі Пхеньян/ қаласында қолдан

жасалған кітаптар шығаратын мекеме құрылды. Негізінен буддалық

діни кітаптар мен тарихи жылнамалар басылып шығарылатын.

138 139

1022 жылдан ағаштан, 1232 жылдан металдан жасалған шрифтер

қолданыла бастады. 1403 жылы сөз құю қалыптары жасалды. Білім

беру ісін кеңейту шаралары жүзеге асырылды. Ол істі қытайдың

философия, саясат, экономика жəне тарих жөніндегі кітаптарынан

рухтанған кəріс оқымыстылары — конфуциандықтар басқарды.

Мəдениеттің дамуына 1403 жылы жасалған «сөз құю» қалыптары

зор үлес қосты.

Корей халқының мəдени өміріндегі ең маңызды оқиға — онмун

/қарапайым халық жазуы/ деп аталған ұлттық алфавиттің жасалуы

болды. Ол алфавит 1446 жылы ресми құжатта жарияланды. Ұлттық

алфавиттің жасалуына байланысты ағарту ісі қанат жайып, ұлттық

тілдегі əдебиет дамыды.

Корольдің конфуциандық кеңесшілері қарапайым халық тіліндегі

жазуды кеңінен қолдануға қарсы болды. Сол себепті мемлекеттік

құжаттар мен барлық саяси, экономикалық жəне философиялық

əдебиеттің тілі ретінде қытай тілі қалып қойды. Астрономия мен

календарлық есепке үлкен көңіл бөлінді. Жұлдыздардың ор-нын анықтайтын жаңа астраномиялық құралдар жасалды. Жаңа

метеорологиялық аспаптар ойлап табылды. Жердің ылғалдылығын

өлшейтін аспап барлық мекемелерде болуы керек деп міндеттелді.

ХV ғасырдың ортасында кəріс оқымыстылары «Нонса чиксоль»

(«Жер өңдеу кітабы») деген кітап жазды. 1451 ж. Ян Сон Джи жəне

басқалар Корёның тарихи-географиялық сипаттамасын жазып,

картасын жасады. Медицина саласында да біраз табыстарға қол

жетті. 1432 ж. «Хянъяк чипсонбан» (дəрі жасау) деген фармакопея

құрастыру аяқталса, 1445 ж. «Ыйбан юхчви» деген медициналық

энциклопедия баспадан шықты.

ХІY ғасырдың аяғында Хансонда Кёнбоккун сарайы салынды.

Кəріс музыкасының дамуына ХV ғасырда өмір сүрген Пак Ен көп

үлес қосты. Ол ең алғашқы музыка мектебін ашты. 1493 ж. Сон

Хён басқарған топ «Акхак квебом» («Музыка білімінің негіздері»)

деген кəріс музыкалық энциклопедиясын құрастырды. ХІV—ХV

ғасырда «камёнгык» деген маскалар театры мен «инхёнгык» деген

қуыршақтар театры құрылды.

Сөйтіп, дамыған орта ғасырларда Корё мəдениеті ішкі — сыртқы

қиыншылықтарға қарамастан елеулі табыстарға қол жеткізді.

Ə д е б и е т т е р:

1. История Кореи (с древнейших времен до наших дней).— Сеул,

1995.

2. Очерк Корейской истории. Книга 1.— Пхенъян, 1992.

3. История Востока. Т. 2: Восток в средние века.— М.: Восточная

литература РАН, 1995.— 174—180 бб.

4. Васильев Л. С. История Востока: В 2 т. Т. 1.— М.: Высшая

школа, 1998.— 430—431 бб.

§ 14. ХІ—ХV ғасырлардағы Индонезия

1. Əлеуметтік-экономикалық құрылысы.

2. Шривиджайя, Кадри, Сингхасари мемлекеттері.

3. Маджапахит империясындағы феодалдық қатынастар.

4. Индонезия мəдениеті.

ХІ ғасырға қарай Индонезиядағы негiзгi өндiргiш күш —

ерiктi шаруалар болды. Олар қауымға бiрiктi. Жекелеген от-басылары қауымның жерiн иемденушiлер болды. Жер мемлекет

меншiгi деп саналды. Ал мемлекеттің басшысы жердің иесi бол-ды. Ол иемденушiлерге қызметтерi үшiн жер үлесiн берiп отыр-ды. Ақсүйектер мен жоғары лауазымды қызметкерлер өз үлестерiн

бiртiндеп өздерiнің жеке меншiгiне айналдырып алып жатты.

Сөйтiп жер бiр жағынан қауымның, екiншi жағынан — жекелеген

отбасыларының, үшiншiден — феодалдардың меншiгiне айналды.

Осы кезде феодалдық қатынастар үстемдiк құра бастады.

Индонезияда ерте орта ғасырларда қуатты мемлекеттердің бiрi

болған Шривиджайя империясы ХІ ғасырға қарай көптеген када-туаннан, яғни вассалдық мемлекеттерден құралды. Оларды дату-лар басқарды. Кадатуандар дешаларға, яғни облыстарға бөлiндi.

Облыстарды хулалар (көсемдер) басқарды. Империя басшысы дапун-та хиянгдеп аталды. Ол саяси билiк пен дiни билiктi бiрге атқарды.

Барлық вассалдық мемлекеттер мен облыстардың басшылары оның

алдында ант суын (минум сумпах) iшiп, адал болуға уəде беретiн.

Оны бұзған басшыны құдай ұрады деп саналды. Бiрақ империяның

əртүрлi этникалық топтарының арасында бөлiнiп шығу пиғылы

орын алып отырды.

Сарайда үлкен мемлекеттiк аппарат болды. Оның негiзгi

қызметкерлерi раджпутра, ювараджа, раджакумара, бхупат, т.б.

атақтары бар монархтың туған-туысқандарынан тұрды. Олар

орталықтың тiкелей бақылауындағы провинциялардың тiзгiнiн

қолдарында ұстады. Сарайда ерекше топқа бөлiнген есеп-

140 141

қисапшылар, хатшылар, сəулетшi-мүсiншiлер, саудагерлер, патша

нөкерлерi сияқты кəсiпқой қызметкерлер де болды.

Адамдар төменгi, ортаңғы, жоғарғы тектiлер болып бөлiнедi де-ген ұғым орын алды.

Шривиджайяның экономикасы сыртқы саудаға байланысты

болды, дегенмен маңызды рөлдi күрiш шаруашылығы атқарды.

Бiрақ күрiш егуге жарамды жердің аздығы Шривиджайяның

құлдырауының негiзгi бiр себебi болды.

Х ғасырдың аяғы — ХІ ғасырдың басында Шривиджайя мен

явандық Матарамның арасында архипелагтағы үстемдiк үшiн

соғыс болып, соңғысы жеңiлдi. Бiрақ ХІ ғасырдың 20- жылдары

Шривиджайяны тамильдiк Чола патшасы Раджендра талқандады.

Шривиджайя патшасы Санграма Виджайоттунгаварман тұтқынға

түстi.

Бұл кезде Аирланга басқарған Матарам қайта күшейе бас-тады. Чолаға қарсы күресте одақтас iздеген Шривиджайяның ма-хараджасы Аирлангке өзiнің қызын тоқалдыққа бердi. Бұл шара

архипелагтың орталық жəне шығыс бөлiгiндегi Яваның үстемдiгiн

мойындау едi. Оның батыс жағындағы Шривиджайя əлi екi ғасыр

бойы өзiнің жетекшiлiк рөлiн сақтап тұрды. Аирланга саяси билiк

пен дiни билiктi бiрге атқарды. Индонезия тарихына ол Ява жерлерiн

жинақтаушы деген атпен кiрдi.

Аирланга билiгi кезiнде егiншiлiк пен сауданың дамуына көп

көңiл бөлiндi. Матарам гаваньдарына тек Суматра ғана емес, сондай-ақ Оңтүстiк Шығыс Азиядан, Қытай мен Индиядан көпестер жиi

келiп тұратын.

Матарамдағы қауымдарды рамалар(старосталар) басқарды.

Старостаның қасында Кеңес құрылатын. Ол “караман” деп аталды.

Қауым жерiн беру, алу, сату мəселелерiн сол Кеңес шешетiн. Қауым

арасынан бөлiнiп шыға бастаған байлар панджидеп аталды. Олар

əскери мiндет атқаратын.

Ғибадатханаларға бөлiнiп берiлген қауымдар симадеп аталып,

ерекше жағдайға ие болды. Олар салықтан жартылай босатылды,

бiрақ табыстарының бiраз бөлiгiн ғибадатханаға берiп отырды.

1042 жылдан бастап Аирланга мемлекеттiк iстерден гөрi дiн

мəселесiне көбiрек көңiл бөле бастады. Ол индуизмнің догматтарын

жетiлдiрумен шұғылданды. Оның некелi екi əйелiнен бала болмады.

1049 ж. өлерiнің алдында мемлекеттi некеден тыс туған екi балала-рына бөлiп бердi. Матарамның батыс жағында Панджала князьдiгi

құрылды. Оның астанасы Кадири қаласы болды да, мемлекет кейiн

солай аталып кеттi. Екiншi баласына берген жерiндегi мемлекет

Жанггала деп аталды. Бiрақ бұл князьдiк тарихта айтарлықтай iз

қалдырмай, ХІI ғасырдың бiрiншi ширегiнде (1117 ж.) Кадириге

қосып алынды.

1115—1130 жылдары билiк құрған Камешвара сепаратистiк

пиғылдағы көтерiлiстердi басып тастап отырды. Камешвара Ка-диридің үстемдiгiн Балидегi Шығыс Явадан басқа Ломбокқа,

Калимантанның оңтүстiгiне, Тернатқа да орнатты. Кадири Пер-сиямен, араб елдерiмен сауда жүргiздi.

Кадиридің күшеюi 1135—1157 жж. билiк құрған Джайяб-хайяның

атымен тығыз байланысты. Бұл кезде Кадиридің жер көлемi

Аирланганың тұсындағы аумаққа жетiп қалды.

1222 ж. Кадиридің қол астындағы Тумапел князьдығында көте-рiлiс басталды. Оны шаруа əйелдің құдайдан (Шива ма, əлде Бишну

ма) туған баласы Кен Ангрок (явалық тiлде “бəрiн талқандаушы”)

басқарды. Ол Гантера маңындағы шайқаста Кадиридың əскерiн жеңдi

де, Шығыс Яваға билiгiн орнатты. Жаңа құрылған мемлекеттің аста-насы 1254 ж. Кутараджа қаласына көшiрiлiп, оның аты Сингхасари

деп өзгертiлдi. Мемлекет те солай аталып кеттi.

Кен Ангроктың билiктi басып алуы “Параратон” деген

ортағасырлық ява хроникасында толық ашып жазылған. Кен

Ангрокты 1227 ж. бұрынғы Тумапел князiнің баласы Ануша-натха

(оны Кен Ангрок асырап алып едi) өлтiрiп, 1248 жылға дейiн билiк

құрды. 1248 ж. Анушанатханы Кен Ангроктың баласы Тохджайя

өлтiрiп, тақты басып алды. Бiрақ ол 1250 жылғы сарай төңкерiсi

кезiнде қаза тапты.

Билiктi бұрынғы Кадири патшаларының тұқымы Вишнувардхан

басып алды. 1254 ж. ол өлген соң таққа баласы Кертанагара от-ырды. Ол 1292 жылға дейiн билiк құрып, белсендi сыртқы сая-сат жүргiздi. Ол Явадан басқа Мадураны, Балиды, Суматрадағы

Малайяны бағындырды. Оның бұл саясаты “Нусантараны”,яғни

“аралдар əлемiн”бiрiктiру деп аталды. 1279 ж. Қытайды толық

бағындырғаннан кейiн Құбылай Кертанагарадан 4 рет бағынуды

талап еттi. Кертанагара ол талаптарды орындаудан бас тартты.

1280 ж. Кертанагара Шривиджайяға шабуыл жасады. Оның үстiне

Шривиджайяға Сукотан мемлекетiнің шапқыншылығы қосылды.

Нəтижесiнде Шривиджайя империясы өмiр сүруiн тоқтатты.

ХІ—ХІI ғасырда Индонезияға батыстан келiп жатқан көпес-саудагерлердің көпшiлiгi мұсылмандар болды. Оларды Индо-незияның көкөнiстерi, жемiс-жидектерi қызықтыратын. Мұсыл-

142 143

ман көпестер архипилагта ислам дiнiнің таралуына үлес қосты.

Индонезияда ең алдымен ислам дiнiн ХІII ғасырдың аяғында

Солтүстiк Суматрадағы Пасай, Перлак княздiктерi қабылдады.

ХІII—ХV ғасырларда бұрынғы Шривиджайя сияқты қуатты мем-лекеттер ыдырап, жойылып жатқан кезде Шығыс Суматрада жаңа

мемлекеттер құрылып жатты. Олар Рокан, Кампар, Индрагири,

Сиак, Джамби княздiктерi едi.

ХІII ғасырдың ортасында орталық Суматрада iрi ерте феодалдық

Минангкабау княздығы қалыптасты. Оның экономикасының негiзiн

егiншiлiк қалады. Халқының басым көпшiлiгi индуизмге дейiнгi

өздерiнің дiни нанымдары мен əдет-ғұрыптарын сақтап қалды.

Кертанагараның орталықтандыру саясаты Сингасариге бағы-нышты княздықтар аристократиясының наразылығын туғызды. 1292

ж. Кадиридың раджасы бүлiк бастады. Оған басқа князь-вассалдар

қосылып, астананы басып алды. Кертанагара қаза тапты. Осы кез-де Құбылай Индонезияға 20 мыңдық əскер жiбердi. Ол əскер 1292

жылдың аяғында Яваға келiп түстi. Кертанагараның Виджайя де-ген күйеу баласы Мадура аралының князiн өз жағына тартты. Оның

көмегiмен Виджайя Маджапахит деген жерге бекiнiп алды. Монғол-қытай əскерiнің көмегiмен өзiнің негiзгi қарсыластарын талқандады.

20 мыңдық əскерден Қытайға 3 мың адам ғана оралды.

Кертараджаса деген атпен Виджайя 1293—1309 жылдары

Маджапахит деп аталған мемлекетте билiк құрды. Виджайя мен

оның мұрагерлерiнің тұсында Маджапахиттің қуаты күшейдi.

Алдымен орталықтандыруға қарсы қозғалыстар басып тасталды.

“Раджалар кiтабы” 1295—1328 жылдары тоғыз iрi көтерiлiстің қатаң

басып тасталғандығын хабарлайды.

Маджапахиттың құлпырып, дамуына Гаджа Мада зор үлес қосты.

Ол Хайям Вурук махараджаның патихы, яғни бiрiншi министрi

болған. Индонезияда оны елдi бiрiктiрушi ұлттық батыр деп са-найды. Жаулап алумен, келiсiммен Гаджа Мада бүкiл Индонезия

мен Оңтүстiк Малайяны қамтыған ұланғайыр аумақты бiрiктiрдi.

Кейбiр тiкелей бағынбаған княздықтар вассалдық тəуелдiлiктерiн

мойындап, азды-көптi салық төлеп тұрды.

Елдің бiрiгуi оның жекелеген аудандарының əлеуметтiк-экономикалық дамуын тездеттi, Индонезия халқының этникалық

бiрлiгiн, шет елдермен (Қытай, Сиам, Чампа, Камбоджа) байланы-сын нығайтты.

Империяның гүлденуi 1389—1429 жж. билiк құрған Хайям

Вуруктың жиенi Вихрамавардханның, 1429—1447 жж. билiк құрған

оның қызы Сухитаның тұсында онан əрi жалғасты. Бiрақ бөлiну,

орталықтан тəуелсiз болу пиғылы басылмай, керiсiнше барған сай-ын күшейе түстi. Маджапахиттың тұтастығына əсiресе Яваның

солтүстiгiндегi Демак, Гресик, Сурабайя сияқты мұсылмандық

мемлекеттер зор қауiп төндiрiп тұрды. Олар экономикасы мен дiнi

жағынан Малакка сұлтанатымен тығыз байланысты едi. Ұзақ уақыт

бойы Маджапахит пен мұсылмандық мемлекеттер арасындағы соғыс

қимылдары бiрде жеңiс, бiрде жеңiлiспен аяқталып отырды. ХVI

ғасырдың 30- жылдары əлсiреген Маджапахит бiржолата жеңiлiп,

мемлекет болудан қалды. Онымен бiрге үндiстандырылған мемле-кеттер дəуiрi де аяқталды. Дегенмен оның кiшiгiрiм қалдықтары

Яваның шығысында, Баламбанган мен Балиде сақталып қалды.

Индонезия халықтарының экономикалық, мəдени жəне этникалық

жақындасуы да бiраз уақытқа тоқтап қалды.

Маджапахит дəуiрiнде экономикада, əлеуметтiк құрам мен

мемлекеттiк құрылыста елеулi өзгерiстер орын алды. Ең алды-мен əкiмшiлiк жəне шаруашылық негiзi болып табылатын қауым

өзгерiске ұшырады.

ХІII ғасырдың аяғында қауым өзiнің бастапқы “вануа” де-ген атын, саяси өмiрдегi рөлiн сақтаған едi. Бiрақ оның саяси

белсендiлiгiнің пайдасынан залалы көп болды. Үздiксiз соғыстың

барысында қауымның арасынан белсендi мүшелерiнің бөлiнiп

шығуы күшейдi. Шайқастарда ерлiгiмен көзге түскен мұндай

бұрынғы қауым мүшелерi Батыр Қасқыр, Жүйрiк Бұғы, Төзiмдi Өгiз

деген сияқты атақтар алып, артықшылықтарға ие болды. Жоғарыда

аталған Маджапахиттiк саяси қайраткерлер де сондай атақ алғандар

едi. Мысалы, Хайям Вурук — Жас Əтеш, Гаджа Мада — Бұлқынған

пiл деген атақтар алған болатын.

Əскери атақтары мен артықшылықтары бар адамдар құрметтi

топқа бөлiнiп шыға бастады. Олар өздерiн “асырайтын” жер үлесте-рiн иемденiп қана қоймай, қауымның құқтарын да өз қолдарына

алып алды. Қоғамдық-саяси белсендiлiк танытқан мүшелерiнің

қауымнан жаппай шыға бастауы шаруалар бiрлестiгiнің беделiн

түсiрдi.

Маджапахиттiк кезеңде қоғам негiзгi үш əлеуметтiк топтан

тұрды:

1. “Ханден” деп аталған ақсүйектер мен “акуву” деп аталған за-моктар иелерi. Бұлар əрi əскери адамдар болды;

2. Рама, тхани, самедеп аталған қатардағы қауымдық шаруалар;

144 145

3. Кавула, бхертьядеп аталған өз шаруашылығы бар, жұмысшылар

жалдай алатын тəуелдiлер.

Құжаттарда светтiк iрi жер иелерiнің əкеден балаға мұра ре-тiнде қалып отыратын жерлерi туралы айтылады. Олар жергiлiктi

жерлердегi кəсiп кен орындарын иемденiп, қауымдардың құқықтарын

шектеп отырды. Орталық үкiмет қалыптасқан жағдайды құптап, жер

иелерi мен қауым қатынастарына жөндi араласпады. Маджапахиттегi

қолөнершiлер мəртебесі өте төмен болды. Дегенмен ХҮ ғасырдың

аяғына қарай бақуатты қолөнершiлер өз аттарына құрметтi “МПУ”

деген атақты қосып алатын болды.

Əлеуметтiк жiктелуге белгiлi бiр деңгейде ақша-товар қаты-насының дамуы да ықпал ете бастады. Бұл кезде Яваға Қытайдың

мыс монеталары əкелiне бастады. Ол айырбас сипатын өзгерттi:

елде ақша айналысы кең өрiс алды.

Мемлекеттiк аппарат та Қытай үлгiсiне сай өзгерiстерге ұшырады.

Жоғары лауазымды қызметкерлер ақшалай жалақы ала бастады. Əр

түрлi айырықша белгiлер енгiзiлдi.

Мəдениетi.ХІ—ХV ғасырларға мəдениеттегi ұлттық эле-менттердің күшеюi тəн. 1035 ж. кави тiлiнде жазылған М

,

пу Канваның

“Арджунаның үйлену тойы” (“Арджунавиваха”) деген эпикалық

шығармасында Аирлангтың тарихы баяндалады. Маджапахит са-райында 1365 ж. жазылған Прапанчидің “Нагара-кертагама” де-ген шығармасында Маджапахит патшалығы мадақталады. Ал

Тантулардың “Арджунавиджайя” деген шығармасында Маджпахит

империясындағы халықтар мен дiндердің бiрлiгi мен ынтымағы

дəрiптеледi. Қазiргi кездегi Индонезия Республикасының туындағы

“Бхинекка тунггал ика” — “Көп түрлердің бiрлiгi” деген сөз сол

Тантулардың сөзi делінедi.

Сингхасари дəуiрiнде явалық тiл мен əдебиет, сəулет өнерiн-дегi ұлттық стиль санскрит пен үндiлiк элементтердi толық ығы-стырды.

Əн-би, театр өнерлерi де дамып, жетiле түстi. Ваянг-пурво де-ген явалық көлеңке театры кең өрiс алды. Сарайда салт-дəстүрлер

мен əдет-ғұрыптар, мiнез-құлық ережелерi қалыптасты. Заңдар

жинақтары жазылды.

Ерте ортағасырлық Индонезиядағы дiн үндiстiк-буддалық сим-биоз болса, дамыған феодализм дəуiрiнде елдің саяси жəне мəдени

өмiрiнде ислам дiнi маңызды орынға ие бола бастады. Индонезиядағы

ең алғашқы мұсылмандық жазу 1082 жылға жатады. Ол Явадағы

Сурабай ауданынан табылған. Индонезиялықтар ислам дiнiн ХІ—

ХІI ғасырларда қабылдай бастаса керек. ХІII ғасырдың аяғына

қарай Солтүстiк Суматра негiзiнен ислам дiнiне өттi. Индонезияға

ислам дiнi енгеннен кейiн елде үш тарихи-мəдени кешен орын алды:

ежелгi жергiлiктi; үндiстiк-буддалық жəне мұсылмандық.

Индонезияда түрлi-түстi суреттер салынған ерекше батик мата-сы тоқылды. Темiр ұсталары айбынды семсерлер жасаса, зергерлер

құнды металдар мен асыл тастардан əшекей бұйымдар жасады.

Ə д е б и е т т е р:

1. История Востока. В шести томах. т. II. Восток в средние

века.— М.: “Восточная литература” РАН, 1995.— 360—364; 588—

591 бб.

2. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. ч.

1.— М.: МГУ, 1987.— 279—285 бб.

§ 15. ХІ—ХV ғасырлардағы Дайвьет мемлекеті

1. Ли əулеті кезіндегі Дайвьеттің саяси құрылысы,

əлеуметтік-экономикалық жағдайы.

2. Дайвьеттің ХІ—ХV ғасырлардағы сыртқы саясаты.

3. Дайвьеттің ХІІІ—ХV ғғ. экономикалық жағдайы.

4. Чан жəне Ле əулеттерінің билігі кезіндегі аграрлық

қатынастар.

5. Дайвьет мəдениеті.

1010 ж. Вьетнамдағы өкiмет билiгi Ли əулетiнiң қолына көштi.

Əулет 1225 жылға дейiн билiк құрды. Əулеттiң алдында мемлекеттi

жəне орталық билiктi нығайту мiндетi тұрды. Бұл мiндет

мемлекеттiң жаңа астанасын жаңа қала — Тханглаунгқа (қазiргi

Ханой) көшiруден жəне 1069 ж. елдiң атын Дайвьет — “Ұлы Вьет”

деп өзгертуден айқын көрiнiс тапты. Мемлекет 24 уезге (фу) бөлiндi.

Оларды чифулербасқарды. Əсiресе солтүстiктегi жəне оңтүстiктегi

екi (Хоан жəне Ай) шекаралық облыстарға ерекше мəн берiлдi.

Мемлекеттi басқаратын шенеунiктiк-бюрократиялық жүйе Қы-тай үлгiсiмен құрылды. Азаматтық та, əскери де шенеунiктер тоғыз

дəрежеге бөлiндi. Олар əскери немесе азаматтық палаталардан келiп

түсетiн жарлықтарды басшылыққа алуға тиiс болды. Ең жоғарғы

абсолюттiк билiк корольдiң қолында болды. Ол мемлекеттiң

қарамағындағы барлық жердiң иесi деп те саналды.

146 147

XI ғ.— XV ғ. ортасындағы Вьет мемлекеті

Шаруашылық-əкiмшiлiктiң негiзi қауым болды. Ол «са» деп

аталды. Оған 18 жасқа толған ер азаматтар мүше болатын. 18

бен 60 жастың арасындағы шаруалар негiзгi салық төлеушiлер

болды. Олар сонымен қатар əскери мiндеткерлiктер мен еңбекпен

өтеу мiндеткерлiктерiн де атқарды. Қауымның тiзiмiне енбеген

келiмсектер тең құқылы бола алмады. Олар ең ауыр жұмыстарға

салынып, аз ғана еңбекақы алып отырды.

Егiстiк жерлер құнарлығына қарай үш категорияға бөлiндi

жəне əр үш-бес жылда бiр рет қайта бөлiнiп отырды. Əр қауымда

мемлекеттiк бақылаушы шенеунiк болды. Ол ең алдымен салықтың

дер кезiнде жəне дұрыс жиналуын бақылап отырды. Сонымен қатар

əр қауымның басшы органы — Кеңес құрылатын.

Вьетнамда сословиелiк монархия болған жоқ. Онда вассалдық,

сюзерендiк институттар, феодтар қалыптаспады. Сiңiрген еңбегi

үшiн берiлетiн жер үлестерi iрi жер иелiктерiнiң қалыптасуына

əкелiп соққан жоқ. Жердi сату-сатып алу, бiреуге беру 1042 ж.

қабылданған Хиньтхы кодексiнiң заңдарымен қатаң жазаланды.

ХI ғасырдағы реформалар орталық өкiметтiң жекелеген

феодалдармен күрестегi жеңiсiн бекiтiп, елдегi бытыраңқылыққа

жол бермедi.

Өзара қырқысудың тоқтауы ауыл шаруашылығының, қол-өнерi мен сауданың дамуына қолайлы жағдай туғызды. ХI

ғасырдың басында Тханьхоа провинциясындағы Толить жəне

Даннай өзендерiнде суару жүйелерiнiң құрылысы басталды. Бұл

мемлекеттiк су жүйесiн құрудың бастамасы болды. Бос жатқан

жəне тың жерлердi игеруге қауым мүшелерiмен бiрге жауынгерлер,

сотталған қылмыскерлер мен əскери тұтқындар тартылды.

Қолөнерi бiртiндеп ауыл шаруашылығынан бөлiне бастады.

Ауыл шаруашылық өнiмдерi сатылатын жерлерде жəне əскери

қоныстардың орнында жаңа қалалар салынды. Солтүстiктегi

Лангшон мен Каобанг тауларында мыс пен күмiс кен орындары

iске қосылды. Қару-жарақ, əскери құрал-сайман жасайтын, монета

шығаратын мемлекеттiк шеберханалар ашылды. Өкiмет елдегi жол

құрылысына жете көңiл бөлдi. Ол шара вьет бiрлiгiн нығайтауға

елеулi үлес қосты. Iшкi саудамен қатар Дайвьет Қытаймен, Сиаммен

жəне Явамен сауда қатынасын дамытты.

Өз билiгiн нығайта түсу жолында өкiмет Қытайдан келген

буддизмдi, ал ХII ғасырдан бастап — конфуциандықты шебер пай-далана бiлдi. Буддизмнiң тарауы нəтижесiнде ғибадатханалар мен

пагодалар көптеп салынды. Дiни мекемелердегi табыну бұйымдарын

жасайтын мыс қорыту жұмысының көлемi ұлғайды.

148 149

ХI ғасырдың екiншi жартысынан бастап Дайвьет өкiметi белсендi

сыртқы саясат жүргiздi: солтүстiктегi тайжəне нунг тайпаларын

қосып алу басталды. ХI ғасырдың ортасында Дайвьет əскерi Тямпаға

бiрнеше жорық жасап, оның үш облысын басып алды.

Орталық өкiметтiң билiгiн таулы облыстарға орнату əрекетi

жергiлiктi тайпалардың қарсылығына тап болып отырды. 1013

ж. Туйенкуанг провинциясында Ли əулетiне қарсы бүлiк шықты.

Əсiресе Каобанг провинциясында Нунг-чи-Као басқарған азаттық

қозғалысы күштi болды. Ол қозғалыс 1038 жылдан 1048 жылға дейiн

созылды. Көтерiлiсшiлер өздерiнiң тəуелсiз мемлекетiн құрды. Бiрақ

көтерiлiс басып тасталды. 1058 ж. Дайвьет əскерi Чампа əскерiнiң, ал

1075 жəне 1076 жылдары Қытай əскерiнiң шабуылдарына тойтарыс

бердi.

1181 ж. елде қатты ашаршылық болды, барлық халықтың жарты-сына жуығы қырылып кеттi. 1188, 1192 жылдары шаруалар көтерiлiсi

болды.

Осындай экономикалық дағдарыс нəтижесiнде 1225 ж. сарай

төңкерiсi болып, билiк Чан əулетiнiң қолына көштi. Ол əулет 1400

жылға дейiн билiк құрды.

Жаңа əулет елдi 12 провинцияға бөлдi. Шенеунiктiк қызметке ар-наулы конкурстық емтиханнан өткендер қабылданды. Егiстiк жер

қайта есепке алынып, корольдiң, шенеунiктердiң, қауымның жəне

жеке отбасыларының жерлерi болып төрт категорияға бөлiндi. Ха-лық санағы алынып, оның нəтижесiнде жан басы салығы енгiзiлдi.

Оның мөлшерi жер үлесiнiң көлемiне байланысты болды. Үлесiнiң

көлемi 1 маудан (1 мау=3600 кв.м.) аз адамдар бұл салықтан боса-тылды.

1257 ж. Уриянгидай басқарған Моңғол əскерi Дайвьет шекара-сына келiп, Сун армиясын айналып өтуге жол берудi талап еттi.

Дайвьеттiктер бұл талапты орындаудан бас тартқан соң моңғол

əскерi астананы басып алып, талан-таражға салды. Бiрақ вьеттiктер

күш жинап, моңғол əскерiн елден кетуге мəжбүр еттi.

Қытайды толық жаулап алғаннан кейiн моңғолдар Дайвьетке

шабуылын қайта жалғастырды. 1284 жылдың аяғында моңғолдар

əскерi Тханглонгке келiп кiрдi. Моңғол əскерiнiң қолбасшысы Омар

оңтүстiктен келе жатқан Согату басқарған əскермен қосылуға бет

алды.

Шет елдiк жарты миллиондық əскерге Чан-Хынг-Дао басқарған

200 мыңдық əскер қарсы тұрды. Əскерге барлық халық көмекке кел-дi. Бiр шайқаста моңғол əскерiнiң оңтүстiк тобын басқарған Согату

қаза тапты. Құбылай Тоқан басқарған əскердi көмекке жiбердi. Бi-рақ ол əскер де Ванкьеп ауданында жеңiлiс тауып, Дайвьеттi тастап

шықты.

1287 жылы Тоқан басқарған 300 мыңдық Моңғол-Қытай əскерi

Хонгха алқабына басып кiрдi. Чан Хынг Дао басқарған вьеттiк

əскер қулықпен тағы да жеңiске жетiп, Тоқанды 400 кемесiмен қоса

тұтқынға алды. Осы жеңiлiстен кейiн моңғолдар Дайвьетке шабу-ылдарын доғарды.

Моңғол-Қытай шапқыншылығы Дайвьеттiң экономикасына

орны толмас зиян келтiрдi. Ауылда жұмыс қолы жетiспедi, суару

жүйелерi тозды, күрiш егiстiктерi қаңсып қалды. Оның үстiне ХIII

ғасырдың аяғында елдi табиғи апаттар қалжыратты. XIV ғасырдың

басында вуа (король) Чан Ань Тонг Тьямпамен (Чампа) келiсiм бой-ынша О жəне Ри облыстарын күйеу баласынан сыйлық ретiнде алған

едi. Ол облыстардың халқы Дайвьетке қарсы көтерiлiс жасады. 1311

ж. Тьямпамен соғыс басталды. Ол соғыс 1318 жəне 1326 жылдары

жалғасты.

XIV ғасырдың 30- жылдары тау халықтарымен жəне лаостық-тармен соғыс жүргiзiлдi.

Чан Зу Тон (1341—1369) билiк құрған кезде өкiмет басына

қарапайым халықты тонаушы, парақор, сатқын шенеунiктер келдi.

Оларға деген наразылық көтерiлiстердi жиiлетiп, елдiң экономика-сын титықтатты. 1369 ж. Тьямпа королi Тебоннгтың əскерi Дайвь-еттiң астанасы Тханглаунгқа дейiн жеттi. Бiрақ чамдар (Тьямпа

халқы солай аталады) Дайвьеттi ұстап тұра алмай, кетуге мəжбүр

болды.

Осындай дағдарыс жағдайында 1371 ж. елдегi өкiмет билiгi

iрi ақсүйектер өкiлi Хо-Кюи-Лидiң қолына көштi. Ол реформа-лар арқылы орталық өкiмет билiгiн нығайтып, вьет мемлекетiнiң

бұрынғы қуаттылығын қалпына келтiруге тырысты.

1372 ж. əкiмшiлiк аппаратында тазарту қолға алынып, халық

санағы жүргiзiлдi. Астанадан провинцияларға наместниктер, əскери

губернаторлар мен құпия бақылаушылар жiберiлдi.

Конфуциандықтың ығыстыруымен буддалық дiн өз ықпалынан

айырыла бастаған болатын. Сол себептi буддалық дiнбасыларының

жер иелiктерiн қысқарту басталды. 1396 жылы бұрынғы металл

ақша қағаз ақшамен (бон) ауыстырылды.

1397 ж. Хо-кюи-Ли корольдiң отбасы мүшелерiнен басқа

адамдардың 10 маудан (1 мау=0,36 га) артық жер үлесiн алуына

тыйым салды. Артық жерлердi мемлекет алып, жер жетпей жатқан

қауымдарға таратып бердi. 1401 жылдан бастап əрбiр провинция-да қоғамдық қамбалар ұйымдастырылды. Онда жиналатын астық

қоры ашаршылық бола қалғанда таратылып беруге арналды.

150 151

Хо-кюи-Лидiң реформалары аяғына жеткiзiлмедi. Оны 1407—

1427 жылдардағы Қытай басып алушылығы тоқтатты.

Қытай басқыншыларына қарсы күрестiң орталығы Тханьхоа

провинциясындағы Ламшон ауылы болды. Сол ауылдан 1418 ж.

көтерiлiсшiлер Ле Лой мен оның серiгi Нгуен Чайдың басшылығымен

жаудың əскерiне қарсы шабуыл бастады.

Он жылдық соғыстың барысында вьеттiктер жеңiске жетiп, от-анын толық азат еттi. 1428 ж. өкiмет билiгiнiң Ле əулетiнiң қолына

көшкендiгi жарияланды. Ол əулет 1788 жылға дейiн билiк құрды.

Жаңа əулет басқарған өкiмет ең алдымен ауыл шаруашылығын

қалпына келтiрiп, онан əрi дамытуды қолға алды. Iрi жер иелерi

Қытай басқыншыларымен ынтымақтастықта болғаны үшiн олардың

иелiктерi қазынаға алынды. Ал Ле Лой əскерi негiзiнен шаруалардан

тұрғандықтан қазынаның жері жері жоқ немесе жерi аз шаруаларға

бөлiнiп берiлдi. Ол жерлердi сатуға тыйым салынды. Алдағы екi

жыл бойына шаруалар салықтан босатылды. Бұл шаруалар соғыста

зардап шеккен экономиканы жандандыруға зор үлес қосты.

Өкiмет шаруаларды жаңа қазыналық жəне жеке меншiктiк

жерлердi игеруге ынталандырып отырды. Тек салықты төлеп отыру

талап етiлдi. Бiрақ шаруалардың бəрi бiрдей өз шаруашылықтарын

дамытып кете алмады. Кейбiр шаруалар бақуатты шаруашылық

иелерiне тəуелдiлiкке түсiп, жалдануға əрекет жасады. Бiрақ салық

төлеушiлер қатары кемiп кететiн болғандықтан мұндай əрекеттерге

тыйым салынып отырды.

Ле Нян Тон (1442—1454) билiгi кезiндегi жарлықтар ұсақ отба-сыларының жеке меншiк жерлерiн нығайтуға бағытталды. Мұндай

шаралар XV ғасырдың 50- жылдарының аяғына қарай Дайвьетте

жер иеленудiң тұрақтылығын қамтамасыз еттi.

Ле Тхань Тон (1460—1497) корольдiң тұсында реформалар

толықтырылып, “Хонг-дык” кодексiмен бекiтiлдi. Ол орталық-тандырылған монархияны құруды көздеп, XV ғасырдың ортасына

қарай аграрлық қатынастарда орын алған өзгерiстердi бейнеледi.

Оның көптеген баптары жердi иелену, мұраға алу, сату тəртiптерiн,

ол тəртiптердi бұзғаны үшiн қолданылатын жазаларды белгiледi.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң өсуi қолөнерi мен сауданың да-муына ықпал еттi. “Жүз бiрлестiк өндiрiс” деп аталған мемлекеттiк

шеберханаларда əскерге қажеттi қару-жарақтар, өндiрiс құрал-саймандары, сəндiк бұйымдар жасалды, киiм-кешек тiгiлдi. Ауылдар

егiншiлiктен қол үзбестен жiбек жəне мақтадан тоқылған маталар

шығарды, қағазбен күйдiрiлген қыш бұйымдарын жасады. Вьеттiк

шеберлердiң бұйымдары тек iшкi рынокта ғана емес, сондай-ақ

сыртқы рынокта да, əсiресе Қытайда үлкен сұранысқа ие болды.

Дайвьет сыртқы саясатта да елеулi табыстарға қол жеткiздi. 1471

ж. Тьямпа жаулап алынды да, тəуелсiздiгiнен айырылды. 1479—

1480 жылдары Лангсангқа сəттi жорық жасалды. Оның нəтижесiнде

Лангсанг бiраз уақыт Дайвьеттiң сюзеренитетiн мойындауға мəжбүр

болды.

Мəдениет. Вьет халқының мəдениетi қытайлық басқын-шылардың ассимилияцияландыру саясатына қарсы күресте дамып,

жетiлдi. Дегенмен Қытайдың мың жылдық (б.з.б. II ғ.— б.з. ХI ғ.)

үстемдiгi вьет мəдениетiне əсер етпей қалмады. Х ғасырда Дайвьетте

Қытай жазуы мен бiлiм жүйесi тарады; буддизм, конфуциандық

пен даосизм келдi. Дайковьет мемлекетiнiң құрылуымен Қытай

ықпалынан құтылу процесi басталды. Вьет оқымыстылары ұлттық

иероглифтiк жазу — “тьыномды” ойлап тапты. Кiтап басу iсi қолға

алынды.

Вьеттiк əдебиеттiң тууы жөнiндегi ең көне ескерткiш Ли Тхай То

корольдiң 1010 жылғы астананы басқа қалаға көшiру жөнiндегi эдиктi

болып табылады. “Тьыноммен” ХIII ғасырда ең бiрiншi болып өз по-эмасын оқымысты-ақын Хан Тхюен жазған. Бұл кездегi əдебиетте

поэзия үстемдiк құрды. Сондай-ақ отан сүйгiштiк, патриоттық

тақырып та кең орын алды. Оған дəлел қолбасшы Чан-хынг-Даоның

1285 ж. жазылған “Əскер басшыларына үндеуi”. “Линьнамның

таңғажайып тарихы” деген белгiсiз автордың құрастыруымен

аңыздар жинағы жарық көрдi. Ли те Сюен деген автор “Вьет жерiнiң

құпиялар жинағын” жазды. Сол кездегi көрнектi əдебиетшiлердiң

бiрi Нгуен Чай (1380—1442) болды. Ақындар көбiнесе тандық

поэзияға елiктедi.

1272 ж. Ле Ван Хыудың “Дайвьеттiң тарихы” деген еңбегi жа-зылды. Ол Вьетнамның б.з.б. III ғасырдан бастап б.з. ХIII ғасырына

дейiнгi тарихын қамтыған. 1330 жылдары Ле Так “Аннам

1

тура-лы жазбаларды“ жазды. Онда Вьетнамның ежелгi қалалары мен

ғибадатханалары, т.б. сəулет өнерiнiң ескерткiштерi туралы баян-далады.

XV ғасырдың аяғына қарай “Вьеттiң қысқаша тарихы”, “Вьет

тарихының мəтiнi жəне түсiндiрмесi” деген тарихи еңбектер өмiрге

келдi. 1480 ж. Нго Ши Льеннiң “Ұлы Вьет анналдарының толық

жинағы” деген еңбегi жарық көргеннен кейiн вьетнамдық тарихна-1

Аннам(қытайша Аньнань) — «жуасытылған оңтүстік елі». Қытай өкіметі VIII

ғасырдағы көтерілісті басқаннан кейін вьеттер жерін осылай атаған.

152 153

мада жаңа кезең басталды. Осы кезден бастап оқымыстылар елдiң

тарихын: Қытай үстемдiгi аяқталғанға дейiн жəне өз бетiмен даму

кезiндегi,— деп екiге бөле бастады.

ХI ғасырда азаттық алғаннан кейiн құрылыста, сəулет өнерiнде

ұлттық өрнек үстем бола бастады. Дамыған орта ғасырлардағы

вьетнам сəулет өнерiнiң көрнектi ескерткiштерi 1049 ж. салынған

Мот Кот пагодасы, 1070 ж. Конфуцийдiң құрметiне салынған

“Ваньмеу” əдебиет ғибадатханасы жəне Лангшондағы император-лар қабірлерiнiң кешенi (XV ғ.).

Бейнелеу жəне iсмерлiк өнерлерiнiң дамуы негiзiнен табына-тын орындар құрылысымен тығыз байланыста болды. Вьетнамдық

шеберлердiң атын елден тыс жерлерге таныс еткен атақты лак

өндiрiсiнiң негiзi қаланды.

Ə д е б и е т т е р:

1. История Востока. Т. II.— М.: 1995.— 346—353; 571—575 бб.

2. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х ч. Ч. I.—

М.: МГУ, 1987.— 257—271 бб.

3. История стран зарубежной Азии в средние века.— М., 1970.—

270—277 бб.

§ 16. XI—XV ғасырлардағы Монғолия

1. XI—XІІ ғасырлардағы Монғолияның əлеуметтік экономикалық

жағдайы.

2. Монғолдың, Темужиннің арғы тегі.

3. Монғолдар державасының құрылуы.

4. Монғол жаулап алушылықтары.

XІІІ ғасырда Еуразия халықтарының тағдырына зор əсер етіп,

Монғолияның даңқын бүкіл əлемге шығарған Шыңғыс хан мен

оның балалары, немерелері болды.

XІ ғасырдың басында қазіргі Монғолия монғол тілінде сөйлейтін

тайпалардың мекеніне айналды. Онда бұрын тұрған түркі тілдес

халықтар қоныс аударды; жалайыр, керей, қоңырат, найман, қоралас

тайпалары монғолдың арулат, барулас, бесут, маңғуыт, меркіт,

найқын, алқұнауыт, оранар, ұраңқой, сукегін, тайшыжұт, т.б. тай-паларымен аралас-құралас тұрып жатты.

Монғолдар Байкал көлінен Ұлы Қытай қабырғалары, Енесай

өзені мен Ертіс өзендері аралығында көшіп-қонып жүрді. Монғол

жері орман, дала, құба (шөл) болып бөлінеді1

. Солтүстігіндегі

монғолдар орман-тоғайларда, ал оңтүстігіндегі моңғолдар — ашық

далада, құмда қоныс өзгертіп отырды. Орман-тоғайдағы моңғолдар

аң, балық аулаумен шұғылданса, оңтүстігіндегілер мал бағып,

көшпелі өмір сүрді.

Əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени даму деңгейі жағынан

солтүстіктегі монғолдар оңтүстіктегі монғолдардан артта қалып

қойған еді. Олар алғашқы қауымдық қоғамнан таптық қоғамға енді-енді өте бастаған болатын. Олардың үйлері ағаштан, киімдері аң

терілерінен жасалатын. Бірте-бірте солтүстіктегі монғолдар мал

бағумен де айналыса бастады. Мал басының көбеюі оларды тоғайдан

шығуға мəжбүр етті.

ХІІ ғасырдағы тоғайлық моңғолдар көпшілігі жартылай аң аулау-шылар, жартылай мал бағушылар болды. Далада тұратын моңғолдар

ірі қара, жылқы, қой өсірді. Түйе ол кезде Монғолияда аз болды. Олар

тез жиналып, тез қайта құрылатын дөңгелек киіз үйлерде тұрды. Əр

рудың өзіне тиісті, бекітілген жайлау, қыстаулары болды. Монғолдар

негізінен мал етімен, сүтімен қоректенді. Мал монғолдардың

өздерінде жоқ егінге, қол өнер бұйымдарына айырбастайтын ақша

орнына да жүрді. Қолөнері нашар дамыды. Олар жүннен киіз ба-сты, арқан есіп, жіп иірді, мата мен темірден жасалған бұйымдарды

/қазан-ошақ.../ Қытайдан алып отырды. Теріден қайыс-таспа, мес,

қоржын, киім тікті. Ағаштан ертоқым, ыдыс-аяқ, садақ жасады. Аз

пайдаланылатын темірден ара, балта, пышақ, садақ оғын... жасады.

Монғолиядағы сауда Орта Азиядан, Шығыс Түркістаннан шыққан

ұйғыр жəне мұсылман көпестерінің қолында болды.

Жалпы мəдениет деңгейі өте төмен болды: олар күнтізбе дегенді

білмеді. Қытай саяхатшысы Мэн Хун былай деп жазды: «Жылды

шөптің өсуімен есептейді, біреуінен қанша жастасың деп сұрасаң:

20 шөп, 30 шөп деп жауап береді. Олар күзді көктемнен ажыратпай-ды, айдың күндерін білмейді».

Кейбір монғол руларының мəдениетіне батысында тұратын

түркі тілдес ұйғыр халқы айтарлықтай ықпал етті. ХІІІ ғасырға

дейін монғолдардың өз жазуы болған жоқ. Монғол тайпаларының

ең мəдениетті көршілері — наймандар ұйғыр жазуын қолданды.

Дегенмен барлық монғол халқына, оның мəдениетіне Азияның сол

кездегі ең озат елі — Қытай көп үлес қосты.

1

Монғолдың құпия шежіресі.— Алматы, 1998.— 2 б.

154 155

Шыңғыс хан [1155 (1162) — 1227]

ХІІ ғасырға дейін монғол халқының көпшілігі шамандық дінді

ұстанды. Басты құдай деп «мəңгілік көк аспан» саналды. Монғолдар

жер құдайын да, рухты да мойындап, аруақтарды пір тұтып, сый-ынды. Керей тайпасының ірі ақсүйектері ХІ ғасырдың басында

несториандық бағыттағы христиан дінін қабылдады. Наймандар ара-сында буддизм мен христиан діні тарады. Бұл діндер Монғолияға

ұйғырлар арқылы тараған еді.

ХІІ ғасырдың аяғына қарай монғол қоғамының таптық сипа-ты айқын көріне бастады. Əрбір рудың өзінің «батыр», «мерген»

атанған басшылары байларға айналып, өзінің кедей туыстарын

қанай бастады. Мұндай ру басшылары «нояндар» деп аталды.

Рудың меншігіндегі жерлерді біртіндеп осы нояндар өз қолдарына

ала бастады. Олар мал жайылымдарын, жазғы, қысқы қоныстарды

бөліп, өздеріне көбірек жақсы жерлерді қалдырып отырды. Монғол

жəне Қытай дерекнамалары бұл мəселе бойынша көптеген нақтылы

мысалдар қалдырған.

Жердің иесі ретінде нояндар бақташылар-араттарды өздеріне

тəуелділікте ұстады. Жер үшін араттар белгілі бір өтем /салық/

төледі. Мысалы, ноянның малын өз малымен қоса бақты. Сөйтіп,

жұмыспен өтеу рентасы қалыптасты.

Монғол қоғамының өмірінде құлдар үлкен рөл атқарды. Құлдар

жеткілікті болды. Соғыста тұтқынға түскендер құлға айналды-рылатын. Дегенмен, соншалықты көптігіне қарамастан, құлдар

монғолдардың қоғамдық өндірісінде шешуі рөл атқарған жоқ.

Құлдарды негізінен ақсүйектер үйлерінде малай ретінде пайда-ланды, енді бір үйлерде құлдарды қол өнершілер ретінде пай-даланды. Құлдардың еріксіз еңбегі тиімсіз болды. Ол арнаулы

бақылаушы адамдарды қажет етті. Құлдардың еңбегі мал басының

өсуін қамтамасыз ете алмады. Монғол қоғамы алғашқы қоғамдық

қауымнан құлдық қоғамға тоқтамай, феодалдық қоғамға көшті.

Осы жолмен дамуына олардың дамыған феодалдық ел — Қытаймен

көрші болуы да үлкен ықпал етті.

ХІ—ХІІ ғасырларда Монғолияның қоғамдық өндірісіндегі басты

тұлға — ерікті шаруа — аратболды. Олардың ұсақ шаруашылық-тары болды, табыстарын ұлғайта түсуге мүдделі болды. Араттар əлі

басыбайлы емес, ерікті шаруалар болып қала берді. Олардың бір но-яннан басқа ноянға кетуге хақысы болды. Бұл ерікті шаруалардың

нығайып келе жатқан феодалдық қатынастарға қарсы күресі ту-ралы деректер бар. Мысалы, Шыңғыс хан таққа отырар алдында

монғол қоғамына былай деп сипаттама берген болатын: «Балалары

əкелерін тыңдауды қойды, інілері ағаларына бағынбады, санаспа-ды, ерлері əйелдеріне сенуден қалды, ал əйелі ерін сыйлауды қойды.

Сол себепті қарақшылар, бұзықтар, безбүйректер көбейді. Сөйтіп,

қоғамда тəртіп, мəніс қалмады».

Монғолиядағы феодализмнің қалыптаса бастауына байланысты

«нөкерлік» деген өмірге келді. Нөкер деген орыстардағы «дружин-ник», қазақтардағы «төлеңгіт» дегенді білдіреді.

Нөкерлік ХІІ ғасырдың аяғында кең қанат жайып, елдің қоғам-дық өмірінде үлкен рөл атқарды. Нөкерлердің басты міндеті

еңбекшілер наразылығын басып, нояндар билігін нығайту, өз

156 157

ноянының басқа нояндармен күресіне қатысу болды. Нөкерлер текті

тұқымдардан таңдап алынды. Нөкерлер жер, шаруалар алды. Бұл

үлестер еуропалық бенефицидің баламасы болды. Монғолша бұл

үлес «хуби» деп аталды. Қарапайым халық «харачу» деп аталды.

Нөкер ноянға адалдығы жөнінде ант-су ішіп, ауызша уəде беретін.

Феодалдық қатынастардың онан əрі дамуына рулық қауымның

қалдықтары кедергі жасады. Əрбір атаның тұқымдары бірге көшіп-қонатын. Қоныста ортада үлкен үй орналасатын да, қалғандары

сол үйдің айналасына тігілетін. Əскерді де əр атаның тұқымдары

жасақтайтын. Жеті атаға дейін бір тұқымның ұрпақтарына үйленуге

тыйым салынды. Сондықтан келін басқа атадан айттырылатын, ал

қалың малға шамасы келмейтіндер қалыңдықты ұрлап алып қашуға

мəжбүр болатын. Əр атаның өз таңбасы болды. Соғыс кезінде əр

атаның жауынгерлері жауға қарсы өз сардарларының басшылығымен

топ-топ болып шабатын.

Əр ата — бір ауыл болатын. Əйелдерді ерекше сый-құрметке

бөлеген. Ол жайында ХІV ғасырдағы араб саяхатшысы Ибн Батута

жақсы жазған. Əр атаның өз қонысы болатын. Ата ішінде өкпелеген

отбасылар басқа жерге көшіп кететін. Ата ішіндегі билік, байлық

үшін таластар көрші аталармен талас-тартыстарға ұласты. Бірнеше

рулар, ата тұқымдары бірлесіп, Монғолиядан тыс жерлерге жорық-тар жасай бастады. Бірақ ең басты мəселе — бүкіл Монғолияға билік

орнату болды. Тайшыжуттар мен татарлар, керейлер мен найман-дар, татарлар мен меркіттер арасындағы қақтығыстардың мақсаты

— Монғолияны бір рудың қол астына біріктіру болды.

Əсіресе ХІІ ғасырдың екінші жартысында талас-тартыс

шиеленісіп кетті. Өндіргіш күштердің онан əрі дамып жетілуі

қорғауды қажет етті, яғни бір орталыққа бағынған тəртіп орнатып,

ол тəртіптің қатаң сақталуын бақылайтын мемлекетке мұқтаж

болды. Мұндай мемлекеттің құрылуы Есугей батырдың баласы

Темужіннің қызметімен байланысты болды. 1164 жылы Есугей

батыр өлді. Оның жұбайы Оэлун бес баламен /4 ұл, 1 қыз/ жесір

қалды. Баласының үлкені Темужін тоғыз жаста болатын. Ол ер

жетіп, ат жалын тартып мінгенше жесір отбасының көрмеген азап-қорлықтары жоқ.

Темужіннің аты ХІІ ғасырдың 90 жылдары шыға бастады. Ол

əкесінің досы, керейттердің ханы Тұғырылдың көмегімен көзге түсіп,

көтеріле бастады. Бірте-бірте өз ұлысын құрып, бүкіл Монғолияны

біріктіруге кірісті. Бірақ мұндай ойды тек Темужін емес, басқа

ұлыстың басшылары да ойлайтын. Солардың тарапынан Темужін

үлкен қарсылыққа кездесті. Ең бірінші қарсыласы тайшыжуттарды

өз жағына тартып алған меркіттер болды. Тұғырыл ханның жəне

жаджират руының батыры, досы Жамуханың көмегімен Темужін

меркіттерді талқандады. Бұл жеңістен кейін Темужін мен Жамуха

арасында араздық туды. Бір пікір бойынша, Жамуха бұрынғы

рулық құрылыс пен тəртіпті жақтап, қарапайым халықтың мүддесін

қорғады. Ол Темужін орнатпақшы қатаң тəртіпке, бір орталыққа

бағынған мемлекетке қарсы болды. Басқа бір пікір бойынша,

Жамуханың өзі билікке ұмтылды, сол билік үшін күресті.

1200 жылы Темужін Тұғырыл ханмен бірге татарларды

талқандады. 1202 жылы Темужін əскер басыларына соғыста түскен

олжаны өз бетімен талан-таражға салуға тыйым салды. Олжа соғыс

біткен соң тең бөлінуге тиіс болды. Темужіннің бұл жеңісі оның

қарсыластарын бірлесуге, күш жинауға мəжбүр етті. Татарлар

меркіттермен, тайшыжуттармен, ойраттармен бірігіп, Жамуханы

хан сайлап, Темужінге қарсы соғыс бастады.

1203 жылғы көктемде бұл соғыс Темужіннің толық жеңісімен

аяқталды. Бұл жеңістен кейін Темужін мен керейт ханы (ваны)

Тұғырылдың арасындағы бақталастық басталды. Олардың ара-сында соғыс болмай қоймайтын болды. Соғысқа Ван-ханды бала-сы итермелей түсті. 1203 жылы күзде Ван-хан əскері талқандалып,

ұлысы Темужіннің қолына көшті.

Енді Темужінге қарсы тұрған бір ғана ұлыс-наймандар қалды.

Екі жақ та соғысқа мықтап дайындала бастады. Темужінге қарсы

күштердің бəрі наймандар тобына барып қосылып жатты. 1204

жылы Темужін əскері Орхон өзенінің батысында наймандардың

Таян-хан бастаған қолын талқандады. Таян-хан ұрыс кезінде өлді.

Бұл жеңістен соң бүкіл Монғолияны билеу жолында Темужіннің

бақталасы қалмады. Наймандар батысқа қашып барып, қазақ

халқының негізін қалауға үлесін қосты.

1206 /1202/ жылы Онон өзені бойындағы Делюн-бұлдақ деген

жерде ашылған ру-тайпа шонжарларының құрылтайы Темужінге

Шыңғысхан деген атақ беріп, оны монғолдардың ұлы қақаны деп

жариялады. Əбілғазы «Тəңірінің беті келіп: «Маған тəңірден иша-рат болды. Темужінге бар. Елге, халыққа: «Бұл күннен соң Темужін

демесін, Шыңыз десін, жер жүзінің патшалығын Шыңызға, оның

балалары мен тұқымдарына бердім» деп айт дейді. «Шыңның»

мағынасы «ұлық жəне қатты» деген болар, «ыз» — оның көпшесі»

1

,—

десе, Құрбанғали Халид: «...Соғыс ғылым тəсіліне қарап-ақ «жың

1

Əбілғазы.Түрік шежіресі.— Алматы, 1991.— 59 б.

158 159

Садақ атуға жаттығу

аңқиз, яғни Жаһангир /əлемді алушы/ лақабы қойылып, ол өзгеріп,

«жыңғыз» — «Шыңғыс» болып кеткені»

1

дейді. Əбілғазы: «Шыңғыс

хан ... туғанда бір қолын жұмып туды. Кіндік шеше болған əйел

қолын ашып қарап еді, бір уыс қан көрді. Мұны келіп əкесіне айт-ты.

Отырған кісілердің ешқайсысы бұл ненің нышаны екенін айта ал-мады, тек бір кісі ғана «бұл бала дүние жүзіне патша болар, көп ел-дер мен уəлаяттарды қаталдықпен өзіне бағындырар, бұл — соның

нышаны»,— депті. Ол кісінің айтқанындай болды».

2

Монғол тайпаларының барлығы Шыңғысханның ұлысы санал-ды. Олар: оң қол — барунғар /Борчу/, сол қол — жоңғар /Мухали/

жəне орталық /Ная/ деп үш бөлікке айырылды. Əрқайсысы бөлек өз

ішінен түмендік /оң мың/, мыңдық, жүздік жəне ондықтарға бөлінді.

Егер бір жауынгер соғыс даласынан қашса, онда бұл үшін бүкіл

ондық өлтірілді, яғни əскер тəртібі өте қатал болды. Əскер басында

нояндар, баһадүрлер, мергендер болды. Əскерлердің көпшілігін сан-сыз көп, əрі шапшаң қозғалатын атты əскер отрядтары құрады.

Соғыс қарулары — қайқы қылыш, ұзын найза, садақ, қорған

бұзғыш жəне тас лақтырғыш серіппелі құралдар жəне тез жанатын

май құйылған құмыралар еді. Шыңғысханның он мыңдай таңдаулы,

өзіне шын берілген жауынгерлерден құралған «кешігі» — жеке

ұланы болды. Осы ұланның көмегімен Шыңғысхан нояндар мен ірі

феодалдарды өзіне бағындырып ұстады.

Ең үлкен əкімшілік бөлік бір түмен /оң мың/ əскер шығара

алатын иелік болды. Шыңғысханның барлық қарулы күштері

əрқайсысында мың əскері бар 95 мыңдықтан құрылды. Шыңғысхан

барлау жұмыстарын жақсы жолға қойды. Қажетті деректерді олар

көпестер, елшілер жəне тұтқындар арқылы жинады. Болашақ

қарсыласын тек мұқият зерттегеннен кейін ғана əскери жорықтарға

шығып отырды.

1207 жылы монғолдар Селенга өзенінің солтүстігіндегі, Енесай

алқабындағы Сібір халықтарын, тангуттық Си-Ся мемлекетін,

1209 ж. Шығыс Түркістандағы ұйғырлар елін басып алды. 1211 ж.

Қытайдың солтүстігіндегі чжурчжендерге қарсы жорық басталды.

1215 ж. бұл жорық Пекинді /Бэйцзин/ басып алумен аяқталды.

1218 ж. Шыңғысхан наймандарды талқандап, 1219 ж. Қазақстан

мен Орта Азияны жаулап алуға кірісті. 1220 ж. монғолдар Бұхара мен

1

Құрбанғали Халид. Тауарих хамса.— Алматы, 1992.— 95 б.

2

Əбілғазы.Түрік шежіресі.— Алматы, 1991.— 51 б.

160 161

Самарқанды, Хорезм мемлекетін басып алды. 1221 ж. Орта Азияны

басып алу аяқталды. Жебе мен Сүбедей батырлар басқарған монғол

əскерлері Əзербайжан мен Грузияны талқандап, Қырымға жетті.

1223 ж. Қалқа өзенінде монғолдар орыс князьдері мен қыпшақтардың

бірлескен жасақшыларын талқандады.

1225 ж. Шыңғысхан Монғолияға қайтып келіп, келесі, 1226 ж.

Тангуттық Си-Ся мемлекетін біржолата жойып жіберу жорығына

шықты. 1227 ж. Си-Ся өмір сүруін біржолата тоқтатты. Сол жорықтан

қайтып келе жатып Шыңғысхан қайтыс болды. Оның қазасы тура-лы ресми мəлімет деректерде келтірілмеген.

1229 ж. Хұрал өткізіліп, онда Ұлы хан болып Шыңғысханның

үшінші ұлы Үгедей сайланды. Монғолияның өзіне төртінші кен-же ұлы Төле хан болып тағайындалды. 1231 ж. Үгедей мен Төле

бастаған монғол əскері Бянь (қазіргі Кайфын) қаласына басып

кірді. Яньцзиннен айырылғаннан кейін чжурчжендердің өкімет

басшылары осы қалаға келіп қоныс тепкен болатын. Шабуыл

алғаш сəтсіз басталғандықтан монғолдар Оңтүстік-Сун мемлекетін

чжурчжендіктерге қарсы бірлесіп күресуге шақырды. Бұл үшін

Оңтүстік қытайлықтарға Хэнань провинциясын беруге келісім жа-сады.

Оңтүстігінен Сун əскерінің, солтүстігінен монғолдардың ша-буылына чжурчжендер төтеп бере алмады. Бянь қаласын монғол

əскері басып алды. Сонан соң чжурчжендердің бекініс тіректері

бірінен соң бірі құлай бастады. 1234 ж. Цайчжоу қаласын монғолдар

басып алған соң чжурчжен патшасы өзін-өзі өлтірді. Чжурчжендер

аумағын толық басып алып, монғолдар Сун өкіметіне берген уəдесін

орындамады — Хэнань провинциясын оларға бермеді.

1236 ж. монғолдардың батысқа жаңа жорығы басталды. Ол

жорықты Жошының баласы Бату басқарды. Қыпшақтар мен Еділ

(Волга) булгарларын бағындырып, монғолдар 1237 ж. орыс жеріне

шабуыл бастады. 1237—1238 жж. олар Рязань, Коломна, Москва

жəне Владимир қалаларын басып алып,талқандады. Сити өзенінде

орыс княздерінің басты күштері талқандалды.

1239 ж. монғол əскері Днепр өзенінен өтіп, Киевті басып алды.

1241 ж. Бату мен Сүбедей бастаған монғол əскері Венгрияға, екінші

тобы — Польшаға басып кірді. Польша мен Силезияны бағындырып,

моңғолдар Лигницы маңында поляк жəне неміс княздерінің

жасақтарын талқандады. Венецияға дейін жеткен монғол əскерінің

əлсіреуі оларды кейін қайтуға мəжбүр етті.

Ұлы түркі — моңғол қағанаты

Жошы ханзада

162 163

Бату хан (1208—1255)

Қытай миниатюрасы

1241 ж. монғолдардың Ұлы ханы Үгедей қайтыс болды. Бес жыл

бойы тақ үшін талас жүрді. 1246 ж. шақырылған Хұрал Үгедейдің

баласы Күйікті Ұлы хан сайлады. Ол 1248 жылға дейін билік құрды.

Тағы да тақ үшін күрес басталып, ол үш жылға созылды. 1251 ж.

жиналған Хұрал Төленің баласы Мөңкені (1208—1259) Ұлы хан деп

жариялады. Мөңкенің інісі Хүлагу (1217—1265) басқарған монғол

əскері 1258 ж. Бағдадты басып алды. Ондағы Аббастар əулеті

құлатылды. 1260 ж. Хүлагу əскері египеттік мəмлүктер əскерінен

жеңіліп қалды да, кері қайтты. Мөңкенің тағы бір інісі Құбылай

(1215—1294) Шығыста Қытайды бағындыру үшін соғысып жатты.

1259 ж. Оңтүстік Қытаймен соғыста Ұлы хан Мөңке қаза тапты.

1260 ж. құрылтай жиналысында Құбылай Ұлы хан деп жарияланды.

Бұл кезде Қарақорымдағы ақсүйектер Құбылайдың інісі Əрібұханы

Ұлы хан тағына отырғызды. Сөйтіп, Монғолияда екі Ұлы хан билік

құрды. Ол екеуінің арасындағы қарулы қақтығыс төрт жылға со-зылып, Əрібұха жеңілді. Монғолия империясының Ұлы ханы деп

Құбылай танылды.

Бұл кезге қарай монғолдар державасы өзгере бастаған еді.

Оның құрамынан батыс ұлыстары бөлініп кетті. Елхандар (Иран)

мемлекеті мен Алтын Орда Хұбылай таққа отырғанда іс жүзінде

тəуелсіз мемлекеттерге айналды. Ұлы ханның ісіне араласпай, олар

Ұлы ханды да өз істеріне араластырмады. ХІІ—ХІV ғасырларда

батыстағы үш ұлыстың хандары ислам дінін қабылдап, Ұлы хан-ды тіпті сөз жүзінде мойындаудан да қалды. ХІV ғасырға қарай

батыс ұлыстарда тұрып жатқан монғолдар жергілікті халықпен

араласып кетті. Олар өз тілдерін жоғалтып, түрік тіліне көшті. Тек

Каспий теңізінің батысында ғана монғол тілі ХVІІ ғасырға дейін, ал

Ауғаныстанда — ХІХ ғасырға дейін сақталды.

1271 ж. Құбылай астананы Монғолиядан Яньцзинге (Пекин)

көшірді. 1279 ж. монғолдар Оңтүстік Сун империясын жаулап алу-ды аяқтады. Бүкіл Қытай монғол феодалдарының қолына көшті.

Монғолдардың ХІІІ ғасырдың 70—80-жылдары Жапонияға, Бирма

мен Вьетнамға жасаған жорықтары сəтсіздікке ұшырады.

Монғолдар жаулап алған жерлерінде «Ұлы Ясы» бойынша тəртіп

орнатты.

Сөйтіп, пассионарлық фазаға шамамен 970 жылдары аяқ басқан

монғолдар ХІІІ-ғасырдың бірінші жартысына қарай Еуразия

кеңістігіне өз билігін орнатты. Пассионарлықтың күшеюі кезінде

монғолияның өзінің ішінде де араздықтар, бақталастықтар орын ала

бастайды. 1245—1262 жж. Шыңғыстықтардың біртұтас мемлекеті

ыдырай бастайды. Оның жеке бөліктерінің арасында əскери

қақтығыстар басталды. 1257 жылдан 1288 жылға дейінгі аралықта

монғолдар вьетнамдықтардан үш рет жеңілді. Бұл жеңілістер ыды-рауды күшейте түсті. Ыдыраудың шыңына монғолдар 1368 ж.

шықты. Бұл кезде монғолдар Қытай мен Кореядан, Ираннан қуылды.

Өзара қақтығыстарда пассионарилердің көпшілігі қырылып кетті.

Енді монғолдармен аралас некенің арқасында қытайлықтардың пас-сионарилігі арта түсті.

Ə д е б и е т т е р:

1. История Востока. В 6-ти Т. 2. Восток в средние века.— М.,

1995.— 364—429, 524—528 бб.

2. История Монгольской народной Республики /Ш. Нацагдорж, Б.

Цэдэн, Б. Ширендыб и др.— М., 1983.

3. Монғолдың құпия шежіресі.— А., 1998.

164 165

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]