Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азия африка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
672.03 Кб
Скачать

§ 5. Ерте орта ғасырлардағы Вьет мемлекеті

1. Вьетнам халқының этногенезі.

2. V—ІХ ғасырлардағы Вьет қоғамындағы əлеуметтік

экономикалық қатынастар.

3. Вьет мемлекетінің тəуелсіздік үшін күресі.

4. Вьет қоғамының мəдениеті.

Біздің мыңжылдықтың ішіндегі Вьетнам тарихын екі өркениеттік

кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңі — X ғасырға жатады. Оған

дейін, сонау б.з.б. ІІ ғасырдан бастап Вьетнам аумағы қытайлық

Хань əулетінің, ал кейінірек — Суй мен Тан əулеттерінің қол астын-да болды. Бұл кезеңде Вьетнамның тəуелсіздігін алу мүмкіндіктері

жеткілікті-ақ болды. Бірақ Қытайдың қиын-қыстау жағдайын көре

тұрып, вьетнамдықтар шет елдік үстемдіктен құтылу үшін белсенді

əрекет жасамады. Егер мұндай бірлі жарымды əрекеттер болса, онда

олар локалды сипатты болды. Сөйтіп ежелгі вьетнамдықтар өздерін

Аспан асты елінің бір бөлігі ретінде сезінді.

Вьетнам халқының бір аумақта, бір тілде, ортақ мəдениет негізінде

қалыптаса бастауы X ғасырдан басталады. Б.з.б. 257 ж. Солтүстік

Вьетнамда ерте таптық Аулак мемлекеті құрылды. Ол б.з.б. 207

ж. вьеттік Намвьет мемлекетінің боданына айналды. Ал Намвьет

мемлекеті б.з.б. ІІІ ғасырдың екінші жартысында Сицзян өзенінің

бассейнінде құрылған болатын. Б.з.б. 111 ж. Аулакты Намвьетпен

бірге Батыс Хань империясы жаулап алды.

40—43 жылдары лаквьеттіктер (вьетнамдықтардың арғы баба-лары) Хань əулетіне қарсы көтеріліске шықты. Оны апалысіңлілі

Чынг Чак пен Чынг Ньилер басқарды. 40- жылғы наурызда Хань

əскері елден қуылды. Чынг Чак тəуелсіз мемлекеттің басшысы бол-ды. 42—43 жж. Хань империясы лаквьеттерге қарсы ірі əскери күш

жіберіп, көтерілісті басты. Апалы сіңлілі Чынгтар 43 ж. шайқаста

қаза тапты.

Мұндай көтерілістер І ғасырдың екінші жартысында, əсіресе

ІІ ғасырда жиі болып тұрды. Хань үкіметі ассимиляциялау са-ясатынан бас тартуға мəжбүр болды. Елдегі билік біртіндеп

жергілікті ақсүйектер-куандардың қолына көше бастады. II ғасырда

Вьетнамның орталық бөлігінде индонезиялық тіл тобына жататын

тьямтайпасының Тьямпа мемлекеті құрылды.

ІІІ ғасырдың орта шенінен бастап лаквьеттіктер базасында вьет-нам халқы қалыптаса бастады. Оның толық қалыптасуы X-ғасырдың

44 45

басына дейін созылды. 541 ж. Қытайдың үстемдігіне қарсы көтеріліс

басталды. 544 ж. вьетнамдықтар ірі куан Ли Бонның басшылығымен

қытайдың губернаторын елден қуып жіберді. Ли Бон император деп

жарияланды. Ол 603 жылға дейін билік құрған Ли əулетінің негізін

қалады. Ли Бон таққа отырысымен мемлекет Вансуан — «Сансыз

көктем» империясы деп аталды.

Көп ұзамай соғыс қимылдары қайта жалғасты. Ли Бон жеңіліп,

шағын отрядпен солтүстік-батысқа қашты. Сол жақтағы таулы

елдің халқын көмекке шақырды. 546 жылғы күзде Ли Бон елдің

орталық ауданында соғыс бастауға əрекет жасады, бірақ онысы

сəтсіздікке ұшырап, кейін шегінуге мəжбүр болды. Осыдан кейін

въетнамдықтар əскерін қолбасшы Чиеу Куанг Фук басқарды. 548 ж.

Ли Бон өлген соң ол елдің іс жүзіндегі басшысына айналды. 551 ж.

қытай əскері жеңіліп, Вансуаннан кетуге мəжбүр болды.

Соғыс аяқталған соң вьеттіктердің арасында қақтығыстар баста-лып, 50- жылдардың аяғында елдің уақытша екіге бөлінуіне əкеліп

соқты. Батысында Чиеу Куанг Фук, шығысында Ли Фат Ты билік

құрды. Соңғысы бүкіл елдің императоры болып саналған əулеттен

болатын.

602 ж. қытайлық Суй империясының əскері Вансуанға басып

кірді. 603 ж. вьеттіктер əскері жеңілді. Вансуан Суй əулетінің билігін

мойындауға мəжбүр болды. Ли Фат Ты тұтқынға түсіп, Қытайға

əкетілді.

Ли əулетінің билігі жойылғаннан кейін қайтадан қытайлық

əкімшілік жүйесі орнады. 622 жылдан бастап Вансуан «Аньнань

ду-ху-фу» — яғни « Жуасытылған оңтүстік» облыс деп аталды.

Өте маңызды стратегиялық пункттерде қытайлық əскерлер тұрды.

Дегенмен жергілікті билік вьеттіктердің қолында болған сияқты.

Тан империясына қарсы көтерілістер жиі-жиі қайталанып тұрды.

Оларды Май Тхук Лоан, Фунг Хынг, Зыонг Тхан, т.б. басқарды.

IX ғасырдың ортасында Қызыл өзеннің төменгі ағысындағы

бөлек-бөлек жерлерге (дельта) Дали (наньчжао) мемлекетінен көшіп

келген тайтайпалары қоныстануға тырысты. Вьеттер мен Тан

үкіметі тайлықтардың бұл əрекетіне қарсы болды. 865 ж. қытай

əскері қоныс аударушыларды талқандады. Жеңіс Тан империясы-ның жағдайын жақсарта түсуге мүмкіндік туғызды. Осы мақсатпен

қытай наместнигі Гао Пян əкімшілік аппаратын ретке келтіріп,

салық мөлшерін төмендетті, біркелкі салық жүйесін енгізді. Бұл

шаралар елде уақытша тыныштық пен тұрақтылық орнатуға қол

жеткізді.

Енді қытай əскерлері елдің орталығында емес, шет жақтарында

орналасып, сыртқы жаудан қорғады. Қытайлықтар елдің астанасы

Латхан қаласының қауіпсіздігін де күшейтті. Осы мақсатпен цита-дель екі қабат дуалмен қоршалды. Астана маңындағы каналдар мен

өзендер тазартылып, жол құрылысы қолға алынды.

Гао Пяннің мұндай шаралары қытай-вьет қайшылықтарын

біржолата жоя алмады. Вьеттіктердің азаттық үшін күресі онан

əрі жалғасты. Ақыры 880 жылы қытай əскері елді тастап шығуға

мəжбүр болды. Сөйтіп, мың жылға созылған солтүстіктің саяси

билігі жойылды, вьеттіктер ассимиляцияланудан аман қалды.

939 жылы, Нго əулетінің билігі (939—965) кезінде, вьетнамдықтар

қытайдың үстемдігінен толық құтылды.

981—1009 жж. тұрақты армия құрылып, Дайвьет мемлекетінің

құрылғандығы жарияланды. 1069—1077 ж. Вьетнамға Каобанг,

Тьямпа, Куангнинь жəне Куангчи провинциялары қосып алынды.

1069 жылдан бастап Дайвьет — Ұлы Вьетдеп аталды.

Ең ірі жер иеленуші монарх болды. Оның иелігі вуадеп аталды.

Жердің бəрі монархтың (вуа) иелігі болып саналды. Қауымдардың ба-сым көпшілігі ірі феодалдарға — сы куандарға тəуелді болды. 945—

967 жж. өзара қырқысулардың нəтижесінде Вьетнам сы куандардың

иеліктеріне бөлініп кетті. Диньдік вуа (патша) əулеті (968—981) сы

куандарға қарсы, орталық-тандырылған мемлекет құру үшін күрес

жүргізді. Ел жаңа Дайковьет (Ежелгі ұлы Вьет) деген атқа ие бол-ды. Сы куандарға қарсы күрес 981—1009 жж. билік құрған Ерте Ле

əулеті кезінде де жалғасты. Х ғасырдың соңғы ширегінде ғана сы

куандар елеулі рөл атқарудан қалды.

Вьет қоғамының əлеуметтік-экономикалық жағдайы. Вьет-тіктер ежелден егіншілікпен айналысты. Елдің негізгі аграрлық ау-даны Қызыл өзеннің төменгі ағысы (дельта) болды. Вьеттер күріш,

бұршақ тұқымдас дақылдар, көкөніс өсірді; жібек маталар тоқыды;

буйволдар мен ірі қара малын бақты. Сондай-ақ балық аулау кең

өріс алды. Маржан (жемчуг) жинап, оны тек өздері ғана тұтынбай,

сыртқа да шығарып отырды.

Сонымен қатар вьеттіктердің жасаған əр түрлі иіс сулары мен

майлары, жинаған дəрілік өсімдіктері, сирек кездесетін құстардың

қауырсындары басқа елдерде үлкен сұранысқа ие болатын. Таулы

жерлерде алтын, күміс, қалайы, темір, цинк, қорғасын өндірілді.

Сондай-ақ піл сүйегімен, мүйізтұмсықтың мүйізімен, маржанмен

сауда елеулі табыс келтіріп тұрды. Қолөнершілер темірді өңдеді,

46 47

қоладан көркем бұйымдар жасады. Тоқыма өндірісі, шыбықтан

өрілген бұйымдар жасау кең өріс алды. Қолөнер өнімдері тек елдің

ішінде сақталып қоймай, сыртқа да шығарылып отырды. Лаунгбьен,

Луйлоу жəне басқа қалалар тек қолөнерінің ғана емес, сондай-ақ ірі

мəдениет орталықтары да болды.

Вьеттік қоғам күріш өсіруші ауылдық қауымның мүшелерінен,

ірі жер иеленушілер мен қызметкерлер тобынан тұрды. «Солтүстікке

тəуелділік» кезінде бұл құрылым қытайлық қоғам құрылымына

жақындай қоймады. Себебі ханьдық қытайлықтар алыста тұрды,

олар вьеттіктердің арасында аз болды. VІ—ІХ ғасырларда вьеттік

қоғам азиаттық түрдегі ерте феодалдық қатынастарға көшті.

IX ғасырға қарай вьеттік жер иеленуші ақсүйектер күшейді. Олар

біртіндеп билікті де қолдарына ала бастады. Ал қытай əскері кеткен

соң елдегі билік осы ақсүйектердің қолына көшті, олар бұрынғы

қытай шенеуніктерінің жер иеліктерін де өз қолдарында қалдырды.

Вьеттік ақсүйектердің жер иеліктері оброк төлеп тұрған ерікті шару-алар қоныстанған қауымның аумақтарынан тұрды. Сонымен қатар

тікелей тəуелді шаруалардың саны бірнеше мыңға жетіп жатты.

Сөйтіп, ақсүйектердің күріштен түсетін артық өнімдерінің көптігі

соншалық, оны сақтайтын бірнеше қамбалар керек болатын.

Əлеуметтік ұйымның маңызды буыны ру болды. Ол ходеп атал-ды. Оның ішіндегі ең күштісі ақсүйектер қатарына жатқызылды.

Олар қауымның белгілі бір топтарынан салық жинаушылар бол-ды. Хоның құрамына сол кездегі ұлттық дін — əруаққа табынудың

абыздары да кірді. Олар То Тиен деп аталды.

Кейбір жазба деректер ІІ ғасырдың аяғына қарай Вьетнамға буд-дизм дінінің тарала бастағанын хабарлайды. Буддизм бұрыннан

келе жатқан монархтың ата-бабаларына табыну, табиғат күштерін

құдіретке теңеу сияқгы діни нанымдарды ығыстыра бастады.

Зерттеушілер Вьетнамға буддизм дінінің таралуының бірінші

кезеңі ІІ—VІ ғасырларды қамтиды дейді. Бұл Үндістанмен тікелей

қарым-қатынас кезеңі болды, классикалық буддизм сол жақтан келді

деген пікірді ұстанады. Деректер осы кезеңде Зяоға келген бірнеше

үндістандық монахтардың атын атайды. Олар: Марадживака мен

Кшудра (188 немесе 194 жж.), Кальянаручи (255—256 жж.), Кала-шива (ІІІ ғ.) жəне басқалар.

Осы кезде (ІІ ғ. аяғы) Зяода 20 сангха (мешіт) тұрғызылды, мəдени

орталықта 500-ге жуық монахтар болды.

Буддизмнің таралуының келесі кезеңі əдетте мұнда дхьян (вьет.

Тхиен) идеясының пайда болуымен байланысты. V ғасырда вьеттік

монах Хюэ Тханг (440—479) үнділік монах Дхармадеваның (вьет-намша Дат-ма-де-ба) шəкірті болған деген пікір бар. Сондыктан да

осы екеуі вьеттік тхиеннің негізін қалаушылар болып табылады.

580 ж. Вансуан мемлекетіне бұрын Солтүстік Чжоу патшалығы-ның астанасында қызмет қылған вьетнамдық монах Винитаручи

келіп, Луйлоудағы Фанван пагодасында будда дінінің мектебін

ашты. Сөйтіп, буддизмнің вьетнамдық дəстүрі Винитаручиді

дхьянаның бірінші насихатшысы жəне бірінші тхиендік мектептің

негізін қалаушы деп санайды. Ол вэньяньға бірнеше сутрларды ау-дарды. Винитаручидің шəкірті, əрі жолын қуушы вьет монахы Фап

Хиен болды. Вьетнамда буддизм кытайдағыдай қуғынға ұшыраған

жоқ, керісінше, мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отырды.

Оған дəлел алғашқы Ли əулетінен шыққан Вансуан императорының

Ли Фат Ты — яғни «Ли Будданың баласы» деген аты.

IX ғасырда вьеттерде жаңа тхиен мектебі пайда болды. Оның

негізін Во Нгон Тхонг қалаған. Ол жартылай вьеттік болған.

Гуанчжоуда туып өскен, вьеттіктерге 820 ж. келді. Жаңа мектептің

орталығы Киеншо (қазіргі Хабак провинциясы) болды. Во Нгон

Тхонг 826 ж. қайтыс болды. Оның мұрагері деп вьеттік монах

Кам Тхань жарияланды. Ол мектептен патриархтардың 17 ұрпағы

шықты. Мектеп XIII ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді. Мектептен

шыққан патриархтардың император болғандары да бар. Мысалы

мектепті бітірген сегізінші ұрпақтың өкілі, патриарх Ли Тхай Тонг

(1028—1058) император болды.

Ə д е б и е т т е р:

1. История Востока. В шести томах, т. ІІ.— Восток в средние

века.— М.: Восточная литература РАН, 1995.— 192—196 бб.

2. Народы Юго-Восточной Азии.— М., 1966.

48 49

§ 6. ІІІ—VІІ ғасырлардағы Иран

1. Иранның саяси тарихының негізгі фактілері.

2. Сасанилер əулетінің билікке келуі.

3. І—V ғасырлардағы Иранның қоғамдық құрылысы. Дін.

4. Маздакшылар қозғалысы.

5. І Хосров реформалары.

6. VІ—VІІ ғасырлардағы Иранның сыртқы саясаты.

7. Сасанилік Иранның мəдениеті.

224 ж. Парфян патшалығының вассалы, Парсы (Персия)

билеушісі Ардашир Ормиздаган алқабында Артабан V-ң əскерін

талқандады. Бұл жеңілістен кейін Парфян патшалығы Персияның

құрамына еніп, дербестігін біржолата жоғалтты. Парсылар —

Иранның оңтүстігіндегі Фарс облысының халқы. Оның астанасы

алғаш Истахр, кейін, Буйилер мемлекеті кезінде — Шираз қаласы

болды.

Сөйтіп 224 (226) ж. Парфяндар əулетін құлатып, билікке келген

парсылық Сасанилер əулетінің негізін қалаушы Ардашир [224(226)

—241] болды. Ол əулеттің билігі кезінде, яғни 224—651 жж. Иран-ның халықаралық аренадағы шоқтығы биіктей түсті. Иран бұл

кезде Риммен, кейін, ІV—VІІ ғасырларда Византиямен қырқысқан

соғыстар жүргізді.

Ардашир оңтүстіктегі Фарс облысындағы княздердің бірі бола-тын. Таққа отырған соң ол Ктесифон қаласын астанаға айналдырды.

Ардашир билікке заратуштра (зороастризм) дінбасыларының қол-дауымен келді. Оның атасы Сасан осы діннің басшысы болатын.

Сасанилер ірі ақсүйектерге қарсы күресінде орташа жəне майда жер

иелеріне арқа сүйеуге тырысты.

Парфян патшалығында тақ мұра арқылы көшіп отырса, жеке

облыс басшылары вассалдық тəуелділікте ғана болса, жаңапарсы-лық Сасанилер патшалығы бір орталыққа бағындырылған мемлекет

болды. Ел олардың тұсында 18 сатраптыққа бөлінді. Əр сатрап

басында губернатор тұрды. Губернаторды патша өзі тағайындап

отырды. Оны патша қалаған кезінде алып тастай алатын. Сондықтан

губернаторлар патшаға толық тəуелді еді. Патшаның қатаң тəртіпке

бағынған атты жəне жаяу əскері болды. Өзіне қарсы ақсүйек-мықтыларды патша күшпен құртып отырды. Кейде керісінше де

болатын. Ебін таба білген ақсүйектер өздері жек көретін патшаны

құртып, оның орнына өздері қалаған Сасан əулетінің өкілін таққа

отырғызатын...

Жаңа əулеттің ресми астанасы Персепольболды. Бірақ тоқтаусыз

жүріп жатқан соғыстарға байланысты Шахиншах мекені іс жүзінде

шекара маңындағы, Тигр өзені бойындағы Ктесифон (Бағдад

маңында) болды.

Иран Риммен, кейін — Византиямен Қара теңіз жағасы үшін

күрес жүргізді. І Шапур тұсында (241—272) парсылықтар жеңіске

жетіп, Кіші Азияны басып алды. 256 ж. Антиохия басып алынды.

260 ж. Рим əскері талқандалып, император Валериан тұтқынға

түсті. Иран əскерінің онан əрі жылжуын арабтық Пальмира патшасы

Одейната қарсылығы тоқтатты. 266—272 жж. патшалық құрған

Одейнатаның əйелі Бат-Заббай Римге қарсы көтеріліс жасап, бүкіл

Кіші Азия мен Египетті басып алды. Бірақ 272 ж. Бат-Заббайдың

əскері Рим императоры Аврелианның əскерінен жеңілді. 273 ж.

римляндар Пальмираны біржолата құртып жіберді. Рим əскері

283 ж. Сасанилер астанасына дейін жетті. Оны басып ала алмады.

298 ж. парсылықтар Нисибин түбінде тағы да рим əскерінен

жеңілді. Нисибин шарты бойынша Армения мен Месопотамияның

солтүстігіндегі 5 провинция Римнің қол астына көшті.

Иран-рим соғыстарының жаңа кезеңі ІІ Шапур (309—373)

тұсында басталды. Ол алдымен парсы шығанағындағы Бахрейінді

басып алды. Иран мен Рим қатынастарының сипатына христиан

дінінің тарауы елеулі ықпал етті.

ІV ғасырдың басында Грузияда, Армения мен Солтүстік

Əзербайжанда христиан діні қабылданды (301—303 жж.). Арме-нияның христиан дінін қабылдауы оны Риммен байланысын

нығайтуға итермеледі. Армения халқының бір бөлігі Римді, хрис-тиандықты қолдаса, бір бөлігі Иранға бағыт ұстанды. 338 ж. ІІ

Шапур Риммен соғысты қайта жалғастырып, Армения мен солтүстік

Месопотамияға басып кірді, 363 ж. Иранға жасаған сəтсіз жорығы

кезінде Рим императоры Юлиан өлді. Оның орнына таққа отырған

Иовиан Иранмен бітім шартын жасады. Ол шарт Иран үшін тиімді

болды. Грузия мен Арменияның шығыс бөліктері Иранның қол

астына көшті (387 ж.).

V ғасырда Иран мен Шығыс Рим империясы — Византия ара-сында тыныштық болды. Ол екеуі енді солтүстіктен қауіп төндірген

ортақ жау — гунн көшпелі тайпаларына қарсы күреске бірікті.

ІІ Шапур өлген соң 20 жыл бойы тақ үшін талас, сарай төңкерістері

болды. Ол төңкерістер тек 399 ж. таққа І Иездигерд отырған соң

50 51

тыйылды. Бұл патша христиандарды қудалауды тоқтатты, тұт-қындарды босатып, бұзылған шіркеулерін қалпына келтіруге рұқсат

етті.

Христиандарды қудалау V Бахрам Гур (421—438) тұсында қайта

жалғасты. Бұл кезде солтүстік пен солтүстік-шығыстан көшпелілер

шабуылы күшейді. V Бахрам Мерв (Мары) түбіндегі шайқаста эф-талиттерді жеңіп, Сасанилер державасының шекарасын Амударияға

дейін жылжытты.

ІІ Иездигерд (438—457) тұсында Армениядағы үстемдікті ны-ғайтып, онда зороастризмді таратуға күш салынды. Армения

автономиясына қастандық көтеріліске əкеп соқты. Армяндарға

Византия көмектесе алмады. Көтеріліс 451 ж. басылды. Бірақ

Армения автономиясы мен христиан дінін ұстану құқын сақтап

қалды.

ІІ Иездигерд өлген соң екі жылдай таққа талас жүрді. 458 ж.

таққа оның баласы Пероз (458—484) отырды. Көшпелі эфталиттер

Хорасанның жартысын басып алды. Оларға қарсы екінші рет жасал-ған жорық тағы да сəтсіз аяқталды. Иран əскерлері талқандалып,

Пероз қаза тапты.

Сасанилер əскері шығыстағы жорықтарда жүргенде Закавказье

халқы Иранға қарсы көтеріліске шықты. Оны Картли патшасы

Вахтанг Горгасал мен армян батыры Ваган Мамиконян басқарды.

Ол көтеріліс Пероздың мұрагері Валаш (484—488) шахиншахтың

тұсында тоқтады. Валаш Картлидің, Арменияның жəне Албания-ның (Дағыстан) басшыларымен бітім шартын жасады. Шарт

бойынша Иран ол елдердің автономиясын мойындап, христиан

дінін қудалаушылығын тоқтатты. Валаш Иранның өзінде де

несториандық түріндегі христиан дінін ұстауға рұқсат берді. Валаш

таққа отырғанда қазына қаңсып бос тұрған еді. Сондықтан ол көп

əскер ұстай алмады. Төрт жылдан соң Валаш тақтан құлатылып,

оның орнына соғыста қайтыс болған Пероздың баласы Кавад отыр-ғызылды (488—496).

Ежелгі Иранда еріктілердің 3 тобы: абыздар, жауынгерлер мен

егіншілер белгілі болатын. ІV ғасырға қарай қоғам мүшелері төрт

топқа: абыздар, жауынгерлер, есеп-қисапшылар (писцы), шаруалар

(податное население) болып бөлінді. Мемлекет басында шахиншах

тұрды. Оның ең бірінші көмекшісі, əрі кеңесшісі Мобедан-мобед

деп аталған зороастризм дінбасшысы болды. Сондай-ақ кеңесші-көмекшілер еран-спахбад (əскер басшысы) пен дабирбед (хатшылар

басшысы), вастриошан — салар болды.

Алғашқы үш сословие (абыздар, жауынгерлер, хатшылар) жер

иелері болса, төртінші сословиенің көпшілігі тəуелді диқандар еді.

Барлық алым-салықтар осы төртінші сословиенің мойнында жатты.

Құлдар шаруашылықта шешуші рөл атқарған жоқ. Құлдық біртіндеп

жойылып келе жатты.

Сасанилер тұсында бұрынғы парфяндық синкретизм орнына

зороастризм діні келді. Оның қасиетті кітабы Авеста болды. Ол

энциклопедия іспеттес еді. Оған діни білімнен басқа астрономиялық,

космогондық, заңдық, моральдық білімдер енгізілді.

Зороастризм ілімі негізінде екі бастаманың: адалдық пен

арамдықтың күресі туралы түсінік жатты. Адалдық құдайы

Ахурамазда (күн, ай, ...), зұлымдық құдайы Анхра майнья (ауру,

өлім, қыс, жұт, т.б. жаманшылық құдайы). Бұл екеуінің күресінде

түбі жарқын күштер жеңеді деп уағыздалады. Адам бұл күреске

Ахурамазда жағында қатысуы тиіс. Əр түрлі əдет-ғұрыптарды

қатаң сақтау арқылы адам өмірде өзін зұлымдық күштерден қорғай

алады.

Зороастрилықтар сонымен қатар отқа, жер мен суға табынды.

Ғұрыптарды орындау орны от храмдары болды. Абыздар тек діни

ғұрыптарды ғана орындаумен шектелмеді. Олар өз қолдарында

ағарту ісі мен сот ісін де ұстады. Мұра бөлу де солардың билігіне

тиді. Олар барлық адамдардың өміріне араласып отырды. Сол себепті

де ІІІ-V ғасырлардағы халық қозғалыстары сектанттық тұрғысынан

немесе жаңа дінге ауысу ұранымен өтіп отырды.

ІІІ ғасырдың ортасында тарай бастаған жаңа дін манихейлік

болды. Оның негізін қалаушы Мани зороастризм мен христиан

дінінің ортасынан жаңа дін шығармақ болды. Оның жаңа діні

бойынша алғашқы адамды жарық күші өмірге келтірді. Бірақ оны

туысымен зұлымдық құдайы — түнек — тұтқынға алды. Жарық

күші əрең дегенде алғашқы адамды ол тұтқыннан босатып алды.

Дегенмен адамның бойында түнек патшалығының зұлымдық

қасиеттері де қалып қойды. Ол зұлымдық қалдығынан құтылу

үшін адам материалдық игіліктен, байлықтан бас тартып, өзін-өзі

жетілдірумен шұғылдануы керек. Мани аскетизмге, үйленбеуге, қан

төкпеуге шақырды. Өз уағызын Мани 241—242 жылдары бастады.

Ол елден кетуге мəжбүр болды. Иранға қайтып келгенде ұсталып,

276 ж. зороастризм дінбасыларының үкімімен өлім жазасына кесілді.

Манихейлік ізі ХІ ғасырға дейін сақталды.

Ирандағы христиан дініне көзқарас туралы жоғарыда айтылды.

Сасанилер державасында иудейлер колониялары да болды. Иудаизм-

52 53

ді уағыздаушылар қуғындалған жоқ. Елдің шығысында, Балхта,

буддизм кеңінен өріс алды.

V—VІ ғасырлар кезінде Иранда кең өріс алған бұқаралық халық

қозғалысы маздакилер қозғалысы болды. Ол Иранда V ғасырдың

аяғында басталды. Оның қозғаушы күші қауымдас диқандар мен

кедейленген қолөнершілер болды.

Қозғалыстың басшысы Маздак жарқын болмыстың, əділетті-ліктің зұлымдықты қалай да жеңетіндігі туралы ұран тастады. Ол

жеңіс əйтеуір бір кезде, құдай сəтін салғанда ғана емес, осы өмірде,

табан астында келуі тиіс деп есептелді. Тек адамдардың белсенділігі

арқасында жер бетіндегі зұлымдықтан құтылуға болады делінді.

Зұлымдықтың нақтылы көрінісі — адамдар арасындағы мүлік

теңсіздігі деп табылды. Ең алдымен сол мүлік теңсіздігі жойылуы

керек болды. Меншікті тепе-тең етіп қайта бөлу талабы қойылды.

Өз бағдарламаларының əлеуметтік талаптарын жүзеге асыру үшін

маздакилер байлардың мал-мүлкін тартып алып, кедейлерге бөліп

бере бастады. Байлардан алынған жер қауым аумағына қосылды.

Қозғалысты үстем таптың біраз бөлігі де, шахиншах І Кавад өз

мақсаттарына пайдаланып қалуға тырысып, оған алғаш қолдау-шылық көрсетті. Кавад күшті байлардан құтылмақшы болды, əрі

əскердің негізін құрайтын азат-дехкандардың көңіл-күйін де есепке

алды. 496 ж. шонжарлар Кавадты құлатып, зынданға тастады. Бірақ

499 жылы Кавад билікті қайтарып алды.

Кавадтың көмегімен маздакилер өз жоспарларын жүзеге асырып

қалуға тырысты. Маздак мемлекет басшыларының бірі болып

тағайындалды. 502—506 жж. Иран Византиямен соғысты табысты

аяқтады, көшпенділер шабуылын тойтарды. Иранда бірнеше қалалар

салынып, каналдар жүйесі кеңейтілді. Қауым ішіндегі пысық,

бақуаттылары біртіндеп маздакиттер қатарынан шығып, оған қарсы

бола бастады. Оның үстіне Кавад та ақсүйектермен, дінбасылармен

келісімге бет бұрып, өз позициясын өзгертті. Себебі біраз əлсіреген

ақсүйектер енді Кавадқа қауіпсіз болды. Азат-дехкандар да

қозғалыстан шықты. Қозғалыс 529 ж. толық талқандалды.

І Хосров реформалары. Халық қозғалыстары үстем тапқа ескі

тəртіптер бойынша өмір сүруге болмайтынын көрсетті. Сондықтан

да сасанилердің жаңа патшасы І Хосров (531—579) феодалдық

укладты дамытып, нығайтуға бағытталған қайта құру (реформа)

жолдарын іздестіруге мəжбүр болды.

Маздакилердің байлардан тартып алған жерлері кəмпескеленді.

Ол жер енді мемлекеттік жер қорына қосылды. Байлығынан айырыл-ған ақсүйек əулеттерін, азат адамдарды Хосров патша қызметіне

қабылдап, өзіне тəуелді жаңа əлеуметтік топ құрды.

Салық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Бұрынғы əртүрлі

салықтар жойылып, негізгі екі түрі ғана қалды. Ол «хараг» деп

аталған жер салығы жəне «гезит» деп аталған жан басы салығы.

Жаңа салық мөлшері маздакиттер қозғалысына дейінгі мөлшерден

əлдеқайда төмен болды. Бұл шаруаларға жасалған жеңілдік еді.

Айлық табысы белгіленген тұрақты армия құрылды. Елде 4

əскери округ құрылды. Əскери билік азаматтық биліктен бөлінді.

Ел оңтүстік, батыс, солтүстік, шығыс деген төрт облысқа бөлінді.

Ол облыстардағы азаматтық үкімет билігі əскери билікке —

спахабадтар деген əскер басыларына бағынышты болды. Патшаның

тең праволы үш уəзір-фармардары тағайындалатын болды. Бұл

өзгерістер, жаңалықтар патша билігін нығайтуды көздеді.

VІ—VІІ ғасырлардағы Иран.І Хосров белсенді сыртқы саясат

жүргізді. 540 ж. Византиямен соғысты жалғастырды. Шахиншах

əскерлері Сирияны басып өтіп, Оронттағы Антиохияны (Таяу

Шығыстағы) талан-таражға салды. Сонан соң соғыс қимылдары

Кавказға ойысты. Онда Иран Византиядан Лазиканы (батыс Грузия)

тартып алуға тырысты. 561 ж. І Хосров Ануширван мен император

І Юстиниан арасында «мəңгілік» «бейбітшілік» бітімі жасалды. Ол

бітім бойынша Византия өзінің бұрынғы шекарасын сақтап қалды.

Бірақ көп өтпей бұл бітім қайта бұзылды. Енді Иран мен Византия

Оңтүстік Аравия үшін қырқысты. 577 ж. Сайф ибн зу-Иазан бастаған

Иемен ақсүйектері І Хосров жіберген əскердің көмегімен Византия

мүддесін қорғаушы Эфиопия əскерін елден қуып, өкімет билігін өз

қолына алды. Иемен шахиншахқа салық төлеп тұруға тиіс болды.

598 ж. Иемен Иранға қосып алынды. 628 жылға дейін оның басшысы

марзбанды шахиншах тағайындап отырды. 563—567 жылдары І

Хосров солтүстік-шығыста эфталиттерді жеңіп, бұрын жоғалтқан

жерлерін қайтарып алған болатын.

579 ж. І Хосров Ануширван өлген соң таққа оның баласы ІV

Хормузд (579—590) отырды. Бұл кезде Иранға қарсы Кавказдың

солтүстігінен хазарлар, шығыстан — Амудария жақтан — түріктер,

оңтүстіктен — арабтар шабуылға шықты. Оларға тойтарыс берілді.

589 ж. күзде түріктерді жеңген əскер басшысы Бахрам Чубин көп

олжа түсіріп, оның азғантай бөлігін Ктесифонға жіберді. Оған

ашуланған ІV Хормузд Бахрамның əскер басшылығынан түсірілге-нін жариялады. Бұл бұйрыққа қарсы Бахрам көтеріліске шықты.

Оған қарсы жіберілген əскердің көпшілігі көтерісшілер жағына

шығып кетті.

54 55

Бұл кезде астанада ІV Хормуздқа қарсы қастандық ұйымда-стырылды. Оны шахиншахтың ағайындары Биндой мен Бистам

басқарды. Олар ІV Хормуздың көзін ойып алып, орнына баласы

ІІ Хосровты отырғызды. ІІ Хосров Парвиз (590—628) жас

болғандықтан, қастандықты басқарған ағайындарының қолындағы

қуыршаққа айналды. Ол басқарған əскер Бахрам қолынан жеңілген

соң ІІ Хосров Византияға қашты. Бұл кезде Биндой мен Бистам оның

əкесі ІV Хормузды өлтірді. Бахрам астананы басып алып, елді бір

жылдай басқарды. 591 ж. ІІ Хосров византиялықтар көмегімен тақты

қайтарып алды. Бахрам Чубин түріктер қағанатына қашып барып,

сонда өлтірілді. ІІ Хосров ағайыны Биндойды өлтірткізді. Хорасанда

əкім болып жүрген Бистам көтеріліс жасап, 595 ж. жеңілді.

602 ж. ІІ Хосров вассалдық тəуелділіктегі арабтық Хира

патшалығының өзін-өзі басқаруын жойды. Бұл əрекетке наразы

болған араб-бедуиндер Зуқарада 604 жəне 605 жылдары шахиншах

əскерін талқандады. 604 ж. Иран мен Византия арасындағы ең үлкен

соғыс басталды. Оның алғашқы кезеңі (622 жылға дейін) ирандықтар

үшін сəтті болды. Олар Месопотамияны, Сирияны, Арменияны

бағындырып, Египетке жақындады. Соғыстың екінші кезеңінде

(622—628) Византия жоғалтқан иеліктерін қайтарып алды.

628 жылдың аяғында астанада қастандық ұйымдастырылып, ІІ

Хосров Парвиз тақтан құлатылды. Сол жылы су тасқыны болып,

өз жағаларынан шыққан Тигр мен Евфрат өзендері егістікке орны

толмас зиян келтірді. ІІ Хосров өз мұрагеріне соғыстағы жеңілістер

мен бүлінген шаруашылықты қалдырды. Ол тақтан түскеннен кейінгі

төрт жылдың ішінде оншақты мұрагерлер бірінен соң бірі ауысты.

Кейбір облыстардың орталықпен байланысы үзілді. ІІІ Иездигерд

(632—651) тұсында елді қайта біріктіріп, нығайту əрекеті жасалды.

Бірақ экономикасы əлсіреген Иран араб шапқыншылығына қарсы

төтеп бере алмады.

Мəдениеті. Иран — байырғы мəдениеттің отаны. Сонау ерте орта

ғасырларда Иранда сəулет өнері жоғары дəрежеде дамыды. Ктесифон

мен Сервистанда зəулім сарайлар салынды. Мүсін өнері де елеулі

табыстарға жетті. Оған дəлел Накш-и-Рустам мен Би-Шапурдағы

І-Шапур патшаның Рим императоры Валерианды жеңгендігін

бейнелейтін мүсіндер.

Сасанилер билігі кезінде жаратылыстану ғылымдары үлкен

табыстарға жетті. Математика, астрономия, медицина, ветеринария

жəне ауыл шаруашылығы салаларында ежелгі сириялық жəне

пехлевилік тілдерде жазылған кітаптар сақталған. Əдебиет сала-сындағы жетістіктерге «Авеста» дəлел бола алады.

Иран — ғажайып ертегілердің, керемет ақындардың отаны.

Сасанилер билігі кезінде Иранда грек ғылымы, оның ішінде

неоплатонизм кеңінен тарады. Оны христиандық Византиядан

қуылған пұтқа табынушы оқымыстылар дамытты.

VІ—VІІ ғасырларда ақын-сазгер Барбадтың аты кеңінен танымал

болды. Базигер театры туралы мəліметтер сақталған. Иранда сол

кезде пантомима өнері де едəуір өріс алды. Сондай-ақ көлеңке

театры мен қуыршақ театры да қалысқан жоқ.

Сүйтіп, ІІІ—VІІ ғасырларда Иран мəдениеті өзіндік ерекшелік-тері бола тұра басқа, көрші елдердің де озық мəдениетін бойына

сіңіре отырып, дамып, жетіле берді.

Ə д е б и е т т е р:

1. Шабани Р. Иран тарихы.— Алматы, 2002.— 89—135 бб.

2. История Востока. Т 2: Восток в середине века.— М.: Восточная

литература РАН, 1995.— 23—33, 250—261 бб.

3. Васильев Л. С. История Востока: В 2 т. Т. 1.— М.: Высшая

школа, 1998.— 252—259 бб.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]