Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ahmedjanov-Munai-jane-gaz-kenoryn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.2 Mб
Скачать

7.2 Игеру жүйелерінің сыныптамасы мен сипаттамалары

Игеру жүйелерін олардың ерекше сипаттамаларын анықтайтын белгілері бойынша топтастырады.

1. Ұңғымалардың орналасу геометриясы бойынша ауданда ұңғымалардың орналастырылуы бірқалыпты және бірқалыпсыз жүйелерге бөлінеді.

Ұңғымалардың бірқалыпты орналасу жүйелері үшін дұрыс геометриялық торлар бойынша олардың орналасуы тән: шаршы тәрізді және үшбұрышты. Олардың әрбіреуі өзіндік қасиеттерге иемденеді. Үшбұрышты тор бөлек коллекторлар линзаларының жоғары ашылу деңгейін қамтамасыз етеді. Бірақ мұндай тор қоюланған кезде әрбір сатыда ұңғыма саны 3 есе өседі. Шаршы тәрізді тор қоюланған кезде иілгіш болады және линзалардың жоғары ашылуын қамтамасыз етеді. Осылайша әрбір сатыда ұңғыма саны 2 есе артады. Бұл шаршы тәрізді торлардың тәжірибеде көп қолданылатынын көрсетеді.

Ұңғымалардың бірқалыпсыз орналасқан жүйелері үшін мұнайтасығыштық нұсқасына параллель немесе күшейткіш ұңғымаларымен қатарлас тізбекті немесе қатарлы ұңғымалар кендерді игеруді қарастырады. Ұңғымалар арасындағы қатарларда және олардың арасындағы арақашықтық бірдей емес, көптеген кен орындар қатарлы жүйелерді қолданумен игеруді жобалайды.

2. Әсер ету әдісі бойынша келесі игеру жүйелерін қолданады: қабатқа әсер ететін және әсер етпейтін.

Қабатқа әсер етпейтін жүйелер мұнай кен орындарын игергенде табиғи қабаттық энергияны пайдалану процесі кезінде қолданады.

Жақсы нәтижелерге серпімді су арынды мен газ арынды режим шарттарында жетуге болады, олар мұнай алудың жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады. Біздің мемлекетімізде суды айдау жолымен жүретін қабатқа әсер ететін жүйелер кең ауқымда қолданылады. Кейбір кен орындарда байланыстығы жоғары мұнайлы қабатты игеру кезінде жылу тасымалдағыштары (бу, ыстық су) бар жүйелерді қолданады.

Игеру жүйелерінің сипаттамаларын қарастырамыз.

Ұңғымалар қоры – кен орындарын игеру процесі үшін арналған өндіруші және су айдау ұңғымалардың жалпы саны. Ол негізгі және резервті деп бөлінеді. Негізгі қор жобаланған игеру жүйелерін іске асыру үшін қажетті ұңғымалар саны деген түсінікті береді. Резервті қорды зерттеулер кезінде анықталған коллекторлар линзаларын игеруге жіктеу мақсатымен және қабатқа әсер ету жүйелерін арттыру үшін жобалайды. Бұл қордың ұңғымалар саны қабат түзілуінің біртексіздігінен, оның үзіктігінен, мұнайды жер қойнаудан өндіріп алу технологиясының ерекшеліктерімен тәуелденеді.

Ұңғыма тор тығыздығы көрсеткіштері Sc - бір ұңғымаға келетін өңдеу объектісінің ауданы, яғни бұл мөлшер мұнай тасығыштық ауданын өндіргіш және күшейткіш ұңғымалардың жалпы санына бөлгенге тең.

А.П. Крылов алған мұнай жинағы немесе көрсеткіштері Nc - алынатын мұнай жинағының объект бойынша ұңғымалар санына қатынасын көрсететін коэффициент.

Көрсеткіш  - күшейткіш ұңғыма санының өндіргіш ұңғыма санына қатынасы, яғни =пн/пл. Бұл көрсеткіш суландыру жүйелерінің интенсивтігін көрсетеді. Көрсеткіш р - резервті ұңғымалар санының негізгі ұңғымалар қоры санына қатынасы, яғни  р = пр/п0.

Көрсетілген көрсеткіштерден басқа да көрсеткіштер қатары үшін мұнай тасығыш нұсқасынан бірінші өндіргіш ұңғымалар қатарына дейінгі арқашықтық, қатарлар арсындағы және блок ені арасындағы арақашықтықтар көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]