Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 8 ОСД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.36 Mб
Скачать

8.10 Сурет. Монтаждың еріксіз тәсілдері:

а – ЛЭП бағандарының көлденең шарнир айналасында бұрылу тәсілімен монтаждау; б –ұззартылған монтаж; в – ысырумен монтаж. 1 –ЛЭП бағандары, 2 – шарнир, 3 – «құлаушы жебе», 4 – шығыр, 5 – тежегішті полиспаст; 6 – құрастырылып жатқан конструкция, 7 – катки, 8 – жүзгіш баған, 9 – стационарлы бағандар

8.6. Монтажды бейімделулер және құрал-саймандар

Конструкцияны монтаждың тәсілі мен әдісіне қарамастан жобалық қалыпқа орнату процессі строповкадан, жобалық қалыпқа көтеруден, жобалық қалыпта уақытша бекітуден, расстроповкадан, жоалық жапсарды орындауда, жүк ілгегін бастапқы қалпына қайтарудан тұрады. Бұл қондырылып жатқан элементті жобалық қалыпқа орнату бойынша өзара байланысқан операциялар кешені монтажды цикл деп аталады. Осы әрбір операцияны орындау үшін бейімделулер құрал-саймандар бар. Ол кез-келген конструкцияда қолданылатын, түрлі әдістермен және тәсілдермен құрастырылатын универсалды құрал-саймандар және бейімделулер, сонымен қатар белгілі бір конструкцияларда қолданылатын арнайы тағайындалған құрал-саймандар мен бейімделулер болуы мүмкін.

Строповкалы бейімделулер – көтерілетін элементті монтажды ілмекке белгіленген қалыпта сенімді байланыстыруға арналған және технологиялық маневрде қарастырылған физикалық күштерді аса көп талап етпейтін такелажды жабдықтар элементтерінің аса жауапты элементтері. Строповкалы қондырғылардың иілгіш және қатты элементтерге ажыратады. Жеңілдетілген және универсалды стропалар жүктеу-жүк түсіру жұмыстары бөлімінде қарастырылды. Монтаж жұмыстары үшін тағы түрлі конструкциялы ауырлатқыш стропаларды қосу керек (8.12а сурет).

Қолданылатын элементтер көлденең қысатын монтажды күштерді қабылдай алмаған жағдайда, конструкцияның ілу ұзындығын ұзарту арқасында стропа тарамдарының еңіс бұрыштарын кішірейту қажеттілігі туындайды. Монтаж краны ілгегінің көтеру биіктігінің шектелуі мүмкін және ыңғайлы емес болып табылады. Бұл жағдайларда арқалықты, торлы және кеңістікті траверстер қолданылады (9.12 б, в, г сурет).

Иілгіш және қатты строповкалы бейімделулер стропа шеті құрастырылып жатқан бөлшекке немесе конструкцияға бекітуге көмектесетін ұстау құрылғыларымен жабдықталады. Әсіресе, бұйымға болат монтажды түйінмен бекітілетін түйінді ұстаулар кеңінен тараған. Оларға өзіндік шешіліп кетуден қорғайтын, құлыптармен жабдықталған ілмектер мен карабиндер жатады (8.13 сурет).

8.12 Сурет. Строповкалы бейімделулер:

а – тепе-теңдікті стропалар; траверстер б – арқалықты; в – торлы; г – әмбебп; 1 – арқалық, 2 – ферма, 3 – блок, 4 – стропалар

8.13 Сурет. Ұстау құрылғылары: а – өзіндік шешіліп кетуден қорғайтын, құлыппен жабдықталған ілмек;

б – сақтандырғыш құбырмен карабин. 1 – сақтандырғыш планка, 2 – сымды тұтқа, 3 –ілмек, 4 – монтаждалатын конструкция орамы; 5 - карабин; 6 – сақтандыру құбыршасы; 7 – құрастырылатын конструкцияның түйіні

Түйінсіз ұстаулар конструкцияларға монтажды түйіндерсіз бекітіледі, бұл металлды көптеп үнемдеуге мүмкіндік береді. Түйінсіз ұстаулар (8.14 сурет) баған бөлшектер көмегімен байланысатын бағандарға; элементті немесе конструкцияны үйкеліс күші арқылы ұстайтын фрикциондыларға; элементті немесе конструкцияны вакуумды камералар көмегімен ұстайтын вакуумдыларға ажыратады. Болат конструкцияларды монтаждау кезінде электромагнитті ұстауларды қолданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]