Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 8 ОСД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.36 Mб
Скачать

8.4 Сурет. Ірі панельді ғимараттардағы тік (а) және көлденең (б) жапсарлар:

1 –сыртқы қабырға панельдері, 2 – ішкі қабырға панельдері,

3 – аражабын панельдері , 4 – термосалым, 5 – мастика,

6 – буоқшаулау, 7 – серпімді салу, 8– бетон

8.3. Құрылыс конструкцияларын монтаждау кезіндегі жұмыс кешені

Құрылыс конструкцияларының монтажы – бұл зауыттық өндірілген конструктивті түйіндерден және элементтерден ғимараттар мен имараттардың ағынды құрастыруының кешенді механизацияланған процессі. Ол дайындық және негізгі жұмыстардан тұрады.

Дайындық жұмыстарына тасымалдау, қоймалық және ірілендіру құрастыру жұмыстары жатады.

Негізгі процестер – бұл көтеруге дайындық және конструкцияны көтеру, уақытша бекіту, бөлшектерді өзара жобалық байланыстыру (дәнекерлеу немесе арқалықтау, жапсар мен тігістерді монлоиттеу), жапсар мен конструкцияларды антикоррозиялық қорғау.

8.3.1. Конструкцияларды тасымалдау

Құрылыс конструкциялары барлық белгілі көлік түрлерімен тасымалдана алады, соның ішінде әуе көлігімен де. Көлік түрін таңдау көптеген жағдайларға байланысты болады: көліктік магистральдардың болуы, конструкцияның габариті мен өлшеміне, көліктің жүк көтеруіне, құрастырылатын аймақ пен өндіруші зауыттың өзара орналасуына. Екі немесе бірнеше көлік түрін таңдау кезінде, көбіне жеткізуге аз шығын кететін көлікті таңдайды. Ереже бойынша, конструкцияның 200-300 км дейінгі аралыққа жеткізу автокөлік көмегімен іске асырылады. Теміржол көлігі 1000-1500 км дейінгі арақашықтықта жеткізу кезінде қолданылады. Су көлігі арзан көлік түрі болып табылады, ол тек табиғи су жолдары болған жағдайда қолданылады. Әуе көлігі басқа тасымалдау мүмкіндігі болмаған жағдайда қолданылады (самолет, вертолет, дирижабль).

Кез-келген көлік түрінде құрылыс конструкцияларын тасымалдау, тасымалдаушы көлік құралына және тасымалданатын конструкцияларға түсірілетін күштерге байланысты. Сондықтан, жүктеу сұлбасы, конструкцияның көлік құралына бекітілуі – конструкцияның сақталуымен, көлік құралдарымен апаттық жағдайлардың алдын алумен, сонымен қатар жарақаттану немесе тіпті адам өлімін болдырмауымен байланысты өте маңызды іс. Сондықтан да теміржол платформасында құрылыс конструкцияларын жүктеу сұлбасы темір жол басқармасымен міндетті түрде келісіледі, габаритті емес жүктерді тасымалдау – жол жүру қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік инспекциямен келісіледі. Кез-келген жағдайда бұйымның дұрыс салыну жауапкершілігі, жүктеудің қауіпсіз тәсілдерін қамтамасыз ету, сапалы бұйымдарды жіберуін жүк жіберуші жүргізеді – өндіруші зауыт немесе кешендеу базалардың орталық қоймалары.

Тасымалдау кезінде конструкцияның бүтіндігін сақтау үшін оларды, жобалыққа жақын конструкция жұмысының шартын тудыратын қалыпта орналастыру мақсатталады. Мысалы, қабырға панельдерін, бөлу қабырғаларын және фермаларды тік қалыпта, ал жабын және аражабын плиталарын – горизонтал қалыпта орналастырады. Мұндай салу көлік құралынан монтажды жүргізуге немесе бұйымдарды ырғап жылжыту бойынша қосымша операцияларсыз орындауға мүмкіндік береді. Әрине, бұл әрдайым мүмкін емес (бағаналар, свайлар) және осы кезде қосымша іс-шаралар қажет – такелаж, көліктік жүктемелерге есептеуде шегенді күшейту, қажетті қаттылықты қамтамасыз ету үшін (болат конструкциялар) ұзын иілгіш элементтерді күшейту.

Тасымалдау кезінде сыртқы келбетін және өңдеулік жабындарын сақтау үшін арнайы кассеталарды, ернеулерді, астарларды және фиксаторларды қолданады. Аралық төсемдердің, астарлардың және ернеулердің орналасу орнын конструкция бөлшегімен, жұмыс сипатымен және көлік құралының спецификасымен сәйкес қатаң анықталады.

Құрам конструкцияларды теміржол бойымен жеткізу кезінде жүк көтеруі 50, 60 және 120 т платформалар, кей жағдайларда жарты вагондарды, ауыр элементтер үшін – үлкен жүкті транспортерлерді қолданады. Конструкция платформасына астарлаға орналастырып және инвентарлы бекіткіштермен бекітеді (реквизит). Егер конструкция жүк аймағынан ұзын, ал массасы жүккөтергіштен аспаса, онда оны бір платформаға бір жаққа немесе екі жаққа еңкейтіп орналастырады. Еңкейгіштерді көршілес платформалар үстінен оларға тірелусіз орналастырылады. Платформалардың тістесулерінде конструкциялар шеткі платформаларда орналасқан турникеттерге (бұрылғыш тіреуіштерге) тіреледі. Турникеттердің бірі оның тістесу орын ауыстыруының сомалығынан, көлденең орын ауыстыру ұзындығынан көп болатын ұзындығын қамтамасыз ету керек. Көрінісі жай конструкциялар (арқалық, прогондар, байланыстар) платформаға араларына ағаш төсемелер салып бірнеше қатарға текшелеп жүктейді. Конструкцияның жылжыуын алдын-алу үшін платформалардың жақтарына стяжкалармен байланысатын тағандар орналастырылады. Платформаларда (автокөлікте) конструкция элементтерін көлденең оське симметриялы орналастырған жөн.

Қима осіне қатысты иілгіштігі әр-түрлі конструкцияларды, иілгіштігі төмен жазықтықты вертикал болатындай етіп орналастырады. Жеңіл жұмсақ элементтерді пакеттермен немесе контейнерлерде жеткізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]