- •Конспекты лекций
- •8. Құрылыс құрылымдарын монтаждау
- •8.1. Толық құрастырылған ғимараттардың конструктивті сұлбасы және құрастырмалы құрылымдардың негізгі номенклатурасы
- •8.2. Құрастырылатын конструкциялардың жапсар конструциялары.
- •8.2 Сурет. Монтажды механизмінің ұстау құрылғысына байланысу үшін жабын панельдерінде ойықтарды қолдану:
- •8.3 Сурет. А, б, в, г. Бағана жапсары:
- •8.3 Сурет д, е. Жапсар:
- •8.4 Сурет. Ірі панельді ғимараттардағы тік (а) және көлденең (б) жапсарлар:
- •8.3. Құрылыс конструкцияларын монтаждау кезіндегі жұмыс кешені
- •8.3.1. Конструкцияларды тасымалдау
- •8.3.2. Конструкцияны қоймалау
- •8.5 Сурет. Итарқалық және итарқаастылық арқалықтарды
- •8.6 Сурет. Қабырға панельдерін тік кассеталарда қоймалау:
- •8.3.3. Ірілендірген құрастыру
- •8.4. Толық құрастырмалы ғимараттарды құрастыру әдістері
- •8.7 Сурет. Конструкцияны монтаждау әдістері:
- •8.5. Конструкияны монтаждау тәсілдері
- •8.8 Сурет. Тік (а) және көлденең (б) бағыттарда өсірумен монтаждау.
- •М онтаж бағыты; к онструкцияның орын ауыстыру бағыты
- •8.9 Сурет. Бағананы вертикал қалыпқа көтеру сұлбасы:
- •8.10 Сурет. Монтаждың еріксіз тәсілдері:
- •8.6. Монтажды бейімделулер және құрал-саймандар
- •8.12 Сурет. Строповкалы бейімделулер:
- •8.13 Сурет. Ұстау құрылғылары: а – өзіндік шешіліп кетуден қорғайтын, құлыппен жабдықталған ілмек;
- •8.14 Сурет. Түйінсіз ұстаулар:
- •8.15 Сурет. Бағаналарды уақытша бекіту үшін жалғыз (а) және топтық (б) кондукторлар:
- •8.16 Сурет. Арқалықтар мен фермаларды монтаждауға арналған кондуктор:
- •8.17 Сурет. Қабырға панельдерінің монтажы
- •8.18 Сурет. Флюс қабаты астынан жартылай автоматикалық дәнекерлеу:
- •8.7. Бір қабатты өндірістік ғимараттар темірбетон конструкцияларының монтажы.
- •8.7.1. Монтаж әдісін таңдау.
- •8.7.2. Бөлек конструкцияларды монтаждау әдістерін таңдау.
- •8.8. Көп қабатты ғиамараттар конструкцияларының монтажы
- •8.19 Сурет. Қаңқасыз ғимараттың жерүсті бөлігінің элементтер монтажы:
- •8.9. Монтажды крандарды таңдау
- •8.20 Сурет. Мұнаралы кранды құрастырылып жатқан объектіге байлау
- •8.21 Сурет. Жебелі кранның қажетті параметрлерінің есепті сұлбасы Ұқсас үшбұрыштар қатынасынан алынған шешім төменде келтірілген.
- •8.10. Жұмыс көлемдерін есептеу
8.19 Сурет. Қаңқасыз ғимараттың жерүсті бөлігінің элементтер монтажы:
1 – құрастырылат панель, 2 – құрастырылған аражабын, 3 – маяк,
4 – ерітінді төсек, 5 – монтажды жиек
Панельдерді струбциналары бар подкостармен бекітеді. Соңғы тексеруден кейін панельдерді салу бөлшектерін, шегенді шығындыларын немесе басқа бекіткіштерді дәнекерлеу жолымен және ары қарай тігіс пен жапсарларды монолиттумен жобалық қалыпта бекітеді.
Жеңілбетон блоктардан ғимараттардың монтажы көбіне оларды ірі панельдерден тұрғызумен ұқсас. Негізгі ерекшелігі құрастырыған блоктарды уақытша бекіту керек еместігінде. Сыртқы қабырға элементтерінің монтажын маякты блоктарды орнатудан бастайды. Осыдан кейін сыртқы және ішкі қабырғалар барлық деңгейінің блоктарын бір ұстам шегінде салады. Кейін іріпанельді бөлмеаралық бөлулерді, баспалдақ торларының элементтерін, санитарлы-техникалық түйіндерді қояды. Берілген ұстаудағы монтаж жұмыстары құрамалы темірбетон аражабын конструкцияларын орнатумен аяқталады. Іріпанельді қаңқасыз ғимараттардың монтажы бойынша қалған нұсқаулар іріблокты ғимараттарға таратыла алады.
Көлемді-блокты ғимараттар толық өңделген және зауыттық талапта инженерлі аспаптармен жабдықталған көлемді элементтерден – блок-бөлмелерден құрастырылады. Өлшемі бөлме өлшеміне тең көлемді блоктардан ғимараттар мұнаралы, жебелі немесе жүккөтеруі үлкен козелды крандармен қабаттап «өзіне» ары қарай фронтальды қозғалыспен құрастырады.Бұл әдісті массалық таралуына жол бермейтін жағдайлар: көлемді блоктарды өндіру қиыншылықтары, тасымалдау кезіндегі қиыншылықтар – үлкен салмақ және габарит, монтаж кезіндегі қиыншылықтар – симметриялы орналаспаған ауырлық центрі, механикалық немесе автоматикалық балансталатын үлкен жақтық беттер.
Монтаж әдісін және монтажды әдістің даму бағытын таңдап, ұстаулар өлшемін анықтайды және олардың санын анықтаййды.
Ұстаулар саны ағынды жұмыс өндірісін ұйымдастыруға болатын, уақытта монтажды ағындарды қатар қолдануға болатындай болуы керек. Ұстаулар өлшемі олардың әрбірндегі жұмыс бірдей немесе жақын ұзақтылығын қамтамасыз ету керек. Олардың макссималды ұзындығы қаңқалы-панельді үй үшін бір-екі секцияны құрау керек, бірақ ғимараттың жартысынан көп емес, ал қаңқасыз іріпанельді үшін – бір-екі және одан да көп, ғимараттың ұзындығына байланысты.
Кез-келген ғимарат үшін ұстаудың максималды ені – ғимараттың толық ені.
8.9. Монтажды крандарды таңдау
Монтаж крандарын техникалық және экономикалық көрсеткіштер бойынша таңдайды.
Техникалық көрсеткіш бойынша кран таңдау кезінде бастапқы мәліметтерге жатады:
Құрастырылатын имараттың габариттері және көлемді;
Құрастырылатын элементтердің салмағы және өлшемдері, олардың имараттағы монтажды аспаптарды есептеумен бірге жұмысшы орналасуы;
Қабылданған имараттарды монтаждау әдістері;
Конструкция элементтерін жобалық қалыпта қондыру тәсілдері.
Осы берілгендер бойынша монтажды крандардың қажетті техникалық параметрлері анықталады:
Qк – қажетті жүккөтеруі;
Lк – жебе ұшуы;
Hк – ілмектің көтерілу биіктігі;
Lс – өздігінен жүретін жебелі крандар үшін жебе ұзындығы.
Крандардың техникалық параметрлерін анықтау әдістемесі ғимарат тұсында объектінің конфигурациясына байланысты түрі мен қондырылу нұсқасына байланысты.
Белгілі-бір объектті монтаждауға қабылданатын мұнаралы кранның параметрлірін анықтауда, жұмыстың қауіпсіз жүруін және объектіде барлық құрылысты-монтажды жұмыстарының рационалды кезекте орындалуын қаматамасыз ететін, кейбір міндетті талаптар мен нұсқауларды ескерген жөн.
Мұнаралы крандармен немесе мұнара типті көтерулермен монтаж кезінде кранды ғимараттық баспалдақ торы жоқ жағынан орналастыру қажет, себебі баспалдақ торы жағынан ғимаратқа жерасты коммуникацияларын кіргізеді және мұнаралы крандар жолдары кіргізу қондырғыларына кедер келтіреді. Содан басқа, баспалдақ торларымен жұмысшылардың орын ауыстыруы мүмкін.
Көлденең бойынша жер рельсті жолмен қозғалатын кранның кіретін бөліктері арасындағы және құрылымдар, материалдар текшелері және басқа заттармен арасындағы, жер деңгейінен 2 м дейін биіктікте орналасқан, ара қашықтық 700 мм кем болмауы керек, ал 2м жоғары биіктікте 400 мм кем емес. Тік бойынша қарама-қарсы салмақ консолінен адамдар орналасуы мүмкін алаңдарға дейінгі ара қашықтық 2 м кем емсе (8.20 сурет).
Кранның талап етілетін жүккөтеруі:
Qк. mэ. + mст., (8.3)
мұндағы mэ. – аса ауыр құрастырылатын элементтің массасы, т;
mст. = 0,5 – строповкалы қондырғылардың массасы (стропалар, ұстаулар, траверс және т,б.), т.
Қондырылу сұлбасына байланысты жебенің қажетті минималды ұшып шығуы (9.20 сурет):
мұндағы b – кранасты жолының ені, м;
c – кранасы жолынан қабырғаның аса шығып тұратын горизонталбды проекциясына дейінгі ара қашықтық, м. Бұл ара қашықтық кранның аса шығып тұратын бөлігінен қабырғаның аса шығып тұратын бөлігіне дейінгі қауіпсіз арақашықтықтан және кранасты жолынан кранның аса шығып тұратын бөлігіне дейінгі ара қашықтықтан салынады (кранның артқы габариті);
d – құрастырылатын элемент кранынан алыс орналасқан ауырлық центрінен кран жағынан қабырғаға дейінгі ара қашықтық, м.
