- •Конспекты лекций
- •8. Құрылыс құрылымдарын монтаждау
- •8.1. Толық құрастырылған ғимараттардың конструктивті сұлбасы және құрастырмалы құрылымдардың негізгі номенклатурасы
- •8.2. Құрастырылатын конструкциялардың жапсар конструциялары.
- •8.2 Сурет. Монтажды механизмінің ұстау құрылғысына байланысу үшін жабын панельдерінде ойықтарды қолдану:
- •8.3 Сурет. А, б, в, г. Бағана жапсары:
- •8.3 Сурет д, е. Жапсар:
- •8.4 Сурет. Ірі панельді ғимараттардағы тік (а) және көлденең (б) жапсарлар:
- •8.3. Құрылыс конструкцияларын монтаждау кезіндегі жұмыс кешені
- •8.3.1. Конструкцияларды тасымалдау
- •8.3.2. Конструкцияны қоймалау
- •8.5 Сурет. Итарқалық және итарқаастылық арқалықтарды
- •8.6 Сурет. Қабырға панельдерін тік кассеталарда қоймалау:
- •8.3.3. Ірілендірген құрастыру
- •8.4. Толық құрастырмалы ғимараттарды құрастыру әдістері
- •8.7 Сурет. Конструкцияны монтаждау әдістері:
- •8.5. Конструкияны монтаждау тәсілдері
- •8.8 Сурет. Тік (а) және көлденең (б) бағыттарда өсірумен монтаждау.
- •М онтаж бағыты; к онструкцияның орын ауыстыру бағыты
- •8.9 Сурет. Бағананы вертикал қалыпқа көтеру сұлбасы:
- •8.10 Сурет. Монтаждың еріксіз тәсілдері:
- •8.6. Монтажды бейімделулер және құрал-саймандар
- •8.12 Сурет. Строповкалы бейімделулер:
- •8.13 Сурет. Ұстау құрылғылары: а – өзіндік шешіліп кетуден қорғайтын, құлыппен жабдықталған ілмек;
- •8.14 Сурет. Түйінсіз ұстаулар:
- •8.15 Сурет. Бағаналарды уақытша бекіту үшін жалғыз (а) және топтық (б) кондукторлар:
- •8.16 Сурет. Арқалықтар мен фермаларды монтаждауға арналған кондуктор:
- •8.17 Сурет. Қабырға панельдерінің монтажы
- •8.18 Сурет. Флюс қабаты астынан жартылай автоматикалық дәнекерлеу:
- •8.7. Бір қабатты өндірістік ғимараттар темірбетон конструкцияларының монтажы.
- •8.7.1. Монтаж әдісін таңдау.
- •8.7.2. Бөлек конструкцияларды монтаждау әдістерін таңдау.
- •8.8. Көп қабатты ғиамараттар конструкцияларының монтажы
- •8.19 Сурет. Қаңқасыз ғимараттың жерүсті бөлігінің элементтер монтажы:
- •8.9. Монтажды крандарды таңдау
- •8.20 Сурет. Мұнаралы кранды құрастырылып жатқан объектіге байлау
- •8.21 Сурет. Жебелі кранның қажетті параметрлерінің есепті сұлбасы Ұқсас үшбұрыштар қатынасынан алынған шешім төменде келтірілген.
- •8.10. Жұмыс көлемдерін есептеу
Конспекты лекций
8. Құрылыс құрылымдарын монтаждау
8.1. Толық құрастырылған ғимараттардың конструктивті сұлбасы және құрастырмалы құрылымдардың негізгі номенклатурасы
Тұрғын үй құрылысында құрастырмалы темірбетон және жеңілбетон құрылымдарынан салынған үйлер көптеп кездеседі. Тұрғын ғимараттарда екі конструктивті сұлба жиі қолданылады: қаңқалы-панельді және панельді. Қаңқалы-панельді сұлба жұмыс жасап тұрған жүктемелердің қаңқаға берілуін қарастырады, осылайша ғимараттың беріктігі мен орнықтылығын қамтамасыз етеді. Қаңқасыз панельді сұлбада жүктемелер панельдер жүйесіне түседі (көлденең қабырғалар мен аражабындар). Ғимараттың көлденең модулі екі қатарлы тілігі бар жеңіл бетоннан жасалған бойлық күш көтеретін қабырғалармен салынады. Аражабын – көп кеуекті темірбетонды плита. Көп қабатты үйлерді қаңқалы етіп салған дұрыс болады.
Тұрғын үйлер, әрине, тек темірбетон құрылымдарынан жасалған құрастырмалы болып қана келмейді. Сонымен қатар кірпішті үйлер де көптеп салынуда, алайда мұнда да құрастырмалы құрылымдар салу қажеттігі туындайды – маңдайша арқалығы, аражабындар, баспалдақ алаңдары, лифт шахталары, санитарлы-техникалық кабиналардың көлемдік блоктары, желдеткіш блоктары мен шахталары, темірбетонды карниздар мен балкондар, құрастырмалы бөлгіш қабырғалар, т.с.с.
Еліміздің кейбір территориялы аймақтарында, әсіресе орманды аудандарда ең жиі қолданылатын құрылыс материалы ағаш болып қала береді. Бірақ мұнда дәстүрлі ағаштан жасалған конструкциялармен (қабырғалар – бөрене немесе қырлы кеспелек ағаштар, аражабындар – арқалықтар бойынша ағаштылар) қатар индустриалды конструкциялар – қаңқалы-қалқанды үйлер жиі қолданылады, және оларға сәйкесті олардың индустриалды құрастыру тәсілдері алынады – үлкейтілген дайын элементтердің монтажы.
Ғимарат ұқсас конструктивті сұлбалары және ұқсас құрылыс материалдарының жиыны әлеуметтік-тұрмыстық және мәдениетті тағайындалған ғимараттар құрылысында кеңінен қолданылады.
Өндірістік құрылыста материалдар мен конструкциялардың қатынасы өзгерек болады. Қазіргі заманғы өндірістік құрылыста ұстап тұрушы және қоршау конструкцияларында ағаш (ауыл-шаруашылық құрылысынан басқа, соның өзінде кішкене мөлшерде ғана) мүлдем қолданылмайды. Көбіне кірпіш қолданысының көлемі аз, әсіресе негізгі өндірістік цехтар конструкцияларында. Алайда, басқа жағынан, өндірістік ғимараттар құрылысы кезінде металл конструкцияларының қолдану көлемі көп, әсіресе көпаралықты ғимараттардың жабындарында немесе аражабындарында, ал қазіргі кезде негізгі материал – бұл құрастырмалы темірбетон. Көптеген экономистердің есептеуі бойынша, бұл экономикалық жағынан тиімді емес.
Көпқабатты өндірістік ғимараттардың негізгі конструктивті сұлбасы болып қаңқалы азаматтық ғимараттарға ұқсас конструкциялар жиыны бар қаңқа болып есептеледі. Бірқабатты өндірістік ғимараттар унификацияланған қаңқалар негізінде салынады. Мұндай қаңқалардың негізгі элементтері – бағаналар, кранасты арқалықтар (егер цех көпірлі крандармен жабдықталса), итарқаасты және итарқалы конструкциялар, жабын тақталары, өзін-өзі ұстаушы немесе ілмелі қабырға панельдері, көлденең және тік байланыстар.
Монтаж кезінде барлық құрастырмалы конструкциялардың көтерілуі, орын ауыстыруы, ұсталуы керек. Бұл үшін олар жүккөтеруші механизмнің орынауыстырушы бөлігіне түйінделуі қажет. Сондықтан құрылыс конструкциялардың көбіне ортақ ерекшелік - тиісті көтеру кезінде бұйымды ұстау үшін арнайы орынның болуы. Бұйымдардың көптеген түрлерінде мұндай жерлерде монтажды ілмектер орналасқан. Бірақ ілмектердің болуы әруақытта ыңғайлы емес. Мысалы, бағаналар, аражабындар. Бұл кезде оларды не жасырып (арнайы ойықтарда орналастырып), не ойыстармен, штырлармен (8.1, 8.2 сурет) ауыстыруға, не фрикционды немесе вакуумды ұстауыштарды қолдануға болады.
Ағаш панельдерін немесе металлдан жасалған конструкцияларды ұстау, бағыттау сұрақтары жеңіл шешіледі. Әдетте осы және басқа да конструкцияларда арнайы монтажды орамдарды жасамайды. Бұл конструкцияларды жай ғана универсалды немесе жеңілдетілген асулар көмегімен байлап қояды. Асуды монтаждау процессі кезінде конструкцияның зақымдалуына немесе бұзылуына алып келу қаупін тудыратын элементтерінің керілуін болдырмайтын түйіндерінде орналастырылады.
