Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка курсовая исп....doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
947.71 Кб
Скачать

2 Айнымалы тоқты тартылым қосалқы станциясының үш орамды төмендеткіш трансформаторының қорғанысы (II -Нұсқа )

2.1 Жалпы мағлұматтар

ЕҚЕ (ПУЭ) ережелеріне сәйкес трансформаторларға ішкі қауіптерге, сыртқы қысқаша тұйықталу және кері режимдерге қарсы қорғаныс құрылғылары орнатылады. Осыған сәйкес айнымалы токты тартылым қосалқы станцияның төмендеткіш трансформаторында келесі қорғаныстар қолданылады:

1) Газдық қорғаныс. Ол трансформатордың багінің ішінде трансформатор майынан газдың бөлінуі, майдын мөлшерінің төмендеуі және де басқа зақымдалуларға қарастырылған. Екі сатылы газдық қорғаныс сигналға және трансформатордың сөнуіне әсер етеді .

2)Өтпелі дифференциалды қорғаныс. Трансформатордың шығыстары мен орамдарындағы қысқаша тұйықталудан қорғайды. Бұл қорғаныс үшфазалы, үшрелелі түрде орындалып, уақыт ұстаусыз трансформатордың сөнуіне әсер етеді.

3) Максималды тоқтық қорғаныс (МТҚ). Ішкі қысқаша тұйықталудан қорғайды. Айнымалы тоқты тартылым косалқы станциясының үш орамды трансформаторы үшін төмендегідей орындалады:

а) трансформатордың 110 кВ жағында қысқаша тұйықталудан тәуелсіз уақыт ұстамымен үшфазалы, үшрелелі түрде орындалады. Бұл қорғаныс өтпелі дифференциалды қорғанысты резервтейді және сезгіштігі жеткіліксіз болған жағдайда қосымша кернеу бойынша блокировка қарастырылады. Қорғаныс трансформатордың толығымен сөнуіне әсер етеді;

б) Трансформатордың 27,5 кВ жағында қысқаша тұйықталудан тәуелсіз уақыт ұстамымен екіфазалы, екірелелі түрде орындалады. Қорғаныс 27,5 кВ кірістің ажыратқышының сөнуіне әсер етеді және 27,5 кВ фидерлерінің резервтік қорғанысы болып табылады. Әдетте бұндай қорғаныс төмендеткіш трансформаторлардың екеунің токтарының қосындысына іске асады;

в) Трансформатордың аудандық орамасы (38,5; 10 немесе 6,6кВ) жағында қысқаша тұйықталудан тәуелсіз уақыт ұстамымен екіфазалы, екірелелі түрде орындалады. Қорғаныс шинаның секциялық ажыратқышының сөнуіне немесе уақытты қорғаныстың бір селективтілік сатысына үлкен кірістің ажыратқышана әсер етеді.

  1. Бағытталған максималды токтық қорғаныс. Олар трансформатордың тартылым немесе аудандық орамы электр беру желісіне қысқа тұйықталудың қоректендіруін болдырмау үшін қолданылады. Қорғаныстың бұл түрі үшфазалы, үшрелелі, қуаттық бағыттау релесі үшін ток релесін іске қосу органы ретінде қолданып жасалған. Қорғаныс уақыт ұстамысыз трансформатордың аудандық және тартылым орамының кірістегі ажыратқыштың сөнуіне әсер етеді.

  1. Максималды токтық қорғаныс қалыпсыз режимдерден қорғау үшін. Ол төмендегідей түрде жасалады:

а) асқын жүктемеден трансформатордың 110 кВ жағынан бір фазалы, бір релелі түрде жасалған. Қорғаныс уақыт ұстамымен сигналға (хабарға) әсер етеді.

б) Трансформатордың 110 кВ жағынан бір фазалы, бір релелі түрде жасалған. Ол трансформаторды ток бойынша 70 % қалыпты тоғынан жүктелген кезде үрлегішті қосуға арналған. Үрлеу уақыт ұстамымен қосылады.

Трансформатор майының жоғарғы қабаттарындағы температураны бақылау үшін май + 550 С температурасына жеткен кезде трансформатор үрлегішін қосатын термосигнализаторлар орналастырылады.

110 кВ жағынан МТҚ релесін және дифференциалды қорғанысты қосу үшін ток трансформаторының (ТА) жеке орамдары қолданылады. ТА басқа орамдары өзге қорғанысты қосу үшін қолданылады .

0,5 классты ТА орамаларын трансформатордың 27,5кВ жағынан электр энергиясын есептеуіштерін қосу үшін пайдаланылады.

Бұл пункта қарастырылған төмендеткіш трансформатордың қорғаныстарының құрылымдық сұлбасын құрастыру қажет. Сұлбада төмендеткіш трансформатор, оның коммутациялық апараттары, өлшеуіш трансформаторлар және қарапайым түрде қорғаныстар болуы керек. Қорғанысты қарапайым түрде көрсету үшін уақыт элементі арқылы коммутациялық аппараттарға әсер ететін блок түрінде корсету керек.