Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ Мырза.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
93.92 Кб
Скачать

Алдын алу шаралары

Тұмауға нақтылы диагноз қойып, науқасты оқшаулап, ауруханаларда не басқа тиісті мекемелерде карантин жарияланады. Тұмауға қарсы вакцина егіледі, оның ішіндегі ең тиімдісі – тазартылған вириондық вакцина. Алдын-ала организмді шынықтыратын емдер жасап, спортпен шұғылданған дұрыс.

Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.

Емі

Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмаувирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.

Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді. Арнайы дәрілер (оксолин, амантадин, ремантадин, интерферон, т.б.), антибиотиктер, қызу басатын, организмнің улануын азайтатын дәрі-дәрмектер беріледі.

41-?

42 . Қар және мұз көшкіні[1] тау шыңдары мен құлама беткейлеріндегі қозғалысқа түскен және төмен қарай құлаған қар массасы. Қар көшкінінің құлау себебі беткейдің қарға аса толып кетуінен, беткейде жатқан қар алаңының температуралық қысылуынан және қар қайтадан кристалданғанда, қар кабатының ішінде қиыршық горизонттың пайда болуынан туады.

Түрлері

  • Қар және мұз көшкіні беткейлермен сырғанау сипатына қарай 4 түрге бөлінеді:

    • беткейдің бетін түгелдей ала арнасыз сырғитын қар сырғымалар;

    • жыра, жылғалармен қозғалатын астаулы қар және мұз көшкіні;

    • ақпа, яғни еркін құлайтын қар және мұз көшкіні;

    • тау беткейінен құлайтын немесе сырғитын, жолында тұрған кез келген нысандарды өзімен бірге ала кететін қар массасы.

  • Құрамындағы материалдардың сипатына қарай екіге бөлінеді:

    • ұсақ кристалды шашпа қардан тұратын немесе шаң сипатты қар және мұз көшкіні (әдетте, қыста болады);

    • тығыз әрі ауыр жабысқақ қардан тұратын, тұтас тақта түрінде төмен құлайтын жылбысқы қар және мұз көшкіні (әдетте,көктемде болады).

  • Қар және мұз көшкінін бақылайтын арнаулы стансалар жұмыс істейді, онда қар және мұз көшкіні үнемі зерттеледі:

    • қар және мұз көшкінінің қалыптасу жағдайы мен олардың таралуының негізгі заңдылықтары, қар жамылғысының режимімен физикалық-механикалық қасиеттерінің құбылу ерекшеліктері анықталады;

    • қар қатқабаты күйінің алмағайып жағдайлары анықталып, көшкінді болжаудың тәсілдері жасалады;

    • қар көшкіндерінің гидрологиялық мәнінің есептік сипаттамалары жасалады;

    • көшкіндердің тасқын сулар мен селдердің қалыптасу режиміне тигізетін әсері анықталады;

    • қар өлшеу маршруттары бойынша қар және мұз көшкіндері картаға түсіріледі.

  • Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде халық шаруашылық нысандарын қар және мұз көшкіндерінен дер кезінде қорғау шаралары жасалынып, сел ме көшкінге қарсы ғимараттартұрғызылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]