Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ Мырза.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
93.92 Кб
Скачать

1. Жалпы алғанда жер сілкінісі – бұл жер қыртысының немесе мантияның үстінгі бөлігінің кенеттен болған жылжуының және үзілуінің нәтижесінде пайда болатын, сонымен қатар үлкен қашықтыққа толқын ретінде берілетін жер асты қозғалысы мен жер бетінің толқыны. Жер сілкінісі кезінде апаттың ауқымды бөлігі оның ошағында болады.

Жер сілкінісінің ошағы – бұл жер қабатының бір бөлігі көлеміндегі энергиясының бөлінісі. Ошақтың ортасы эпицентр  деп атайды.

2. Өрт қауіпсіздігі

Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары. Өрт[1] – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.

3. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар дегеніміз адамдардың өз қолдарымен жасалып жаткан апаттар мен қирауларды айтады. Оның түрлері: — Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыт-тарда, шахталарда және т.с.с). — Көлік жүйесіндегі апаттар. — Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орын-дарында, мүнай, газ қүбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с). Себептері: Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, қүрылыс, тау-кен байлығын өидіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бүндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қауіпі де туындап отырады. Кей жерлерде жаңа техниканы және технологияны, материалдарды пайда-лану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салда-рынан апаттың болу қауіпі туындайды. Апаттың тағы бір себептері — улы, тез түтанғыш, жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау ережелердің сақталу-сақталмауы, олармен жүмыс істеудегі қателік-терге жол берілуі жатады. Апаттың болуы, адамдардың еңбек тәртібін сақта-маушылыгына, жүмыс істеуші адамдардың салақтығына, олардың тиісті дәрежеде білімінің жетіспеушілігіне, техниканы және оның қауіпсіздік сақтау ережелерін жете меңгермегендігіне көп байланысты. Міне, осылар жүмыс орнындағы апатқа, жарылыс-тарға, өртке, қирауға, қоршаған ортаны улы не радио-активті заттармен ластауға әкеліп соқтырады. Мысалы: 1971 жылы Минск теле-радио заводында жарылыс болып, өндіріс орны қирап, адам шығынына үшыратты. 1986 жылы Чернобыль атомдык станцияда ірі жарылыс болып, үлкен апат болғаны белгілі. Мүндай жағдай Атырау химия, мүнай айыру заводтарында да болып түратындығы ықтимал. Апаттың тағы бір өте қауіптілігі — күшті улы заттардың ауаға тарап кетуі. Осындай өрттен шыққан қалың түтіндегі улы заттар ауаға көтерілі де жерге жайылып қонады. Әсіресе полиэтилен, полистирол түрпаттас материалдардың жануы адам, жан-жануар, қүстар және т.б. өміріне өте қауіпті.

4. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай дегеніміз — табиғат немесе өндіріс а,даттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қара-жатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі мате-риалдық, техникалық, ақша қаражатын жоне адам күшін талап ететін жағдай. Қазақстан мемлектінің орналасқан жері — орасаы зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты қүбылыстар жиі болып жатады. Зілзала — бүл кенеттен найда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бүзатын, материалдық қүнды-лықтарды үлкен шығынға үшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат қүбылысы. Әрбір зілзаланың өзіне төн физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпа-шылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға. Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілза-лалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.

5. Төтенше жағдайларды жою жұмыстарына – ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен жасақталады.

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңының 20 бабында:

«табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ оқшаулау мен оларды жою жөніндегі бірінші кезекте жасалатын іс-қимылды бұрын бекітілген жоспарларға сәйкес ТЖ аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарта отырып жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады» делінген.

Бірінші кезекте жасалатын іс-қимыл кезінде халықты ТЖ аймағынан уақытша көшіру, ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру ісі жүргізілуі мүмкін, авария, зілзала немесе апат болған объектінің жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен жүктердің тасымалдауына шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі.

ТЖ аймағының шекараларын ҚР заңдарына сәйкес тағайындалған ТЖ жою басшылары ҚР Үкіметі белгілеген ТЖ сыныптау негізінде айқындайды.

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жою кезінде шұғыл медициналық жәрдем көрсету қызметі дереу іске қосылады, ал ол жеткіліксіз болған жағдайда орталық мемлекеттік органдардың және ұйымдардың медициналық күштері мен құралдары тартылады (21-бап).

Халықтың, қоршаған ортаның және шаруашылық жүргізу объектілерінің табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кепілді қорғалуын қамтамасыз ету үшін алдын ала материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың мемлекеттік резерві жасалады      (24-1 бап).

6. Қан кету кезіндегі алғашқы көмек

 

 

Қан кетулердің түрлері

 

103. Жарадан немесе дененің табиғи тесіктерден қан сыртқа кеткен кездегі қан кетуді сыртқы қан кету деп атайды. Дененің ішінде қанның жиналуын ішкі қан кету деп айтады.Сыртқы қан кетулердің арасында көбіне жарадан кету жиі кездеседі, атап айтқанда:

капиллярлық – сыртқы жарақаттану кезінде қан жарадан тамшылап ағады;

күре тамырлық – терең жарақаттану, мысалы кесілген, тесілген кезінде мол қою қызыл түсті қан ағады;

артериялық – терең кесілген, тесілген жарақаттану кезінде; артериялық қою қызыл түсті қан жоғары қысыммен зақымданған артериядан сорғалап ағады;

аралас – жарақаттану кезінде күре тамырдан және артериядан қан кетуі, мұндай қан кету жиі терең жарақаттану кезінде байқалады.

 

 

Қан кетуді таңғышты байлау арқылы тоқтату

 

104. Қан кетуді тоқтату үшін:

жарақаттанған аяқ-қолды көтереді;

қан ағып тұрған жараны (пакеттің ішіндегі) түйілген таңғыш материалмен жауып, үстінен жараның бетіне саусақтарды тигізбей басып; қолды алмай         4-5 минуттай ұстайды. Егер қан кету тоқтаса, салынған материалды алмай, оның үстіне басқа пакеттен тағы бір түйілген материалды немесе мақтаны салып, аздап күш сала отырып, жарақаттанған аяқ-қолдың қан айналымын бұзбау үшін жарақаттанған жерді бинтпен орайды. Қолды немесе аяқты бинтпен орау кезінде төменнен жоғары қарай –саусақтардан денеге орайды;

қатты қан кету кезінде, егер оны басатын таңғышпен тоқтату мүмкін болмаса, жарақаттанған жердегі қан тамырларын саусақтармен, бұраумен немесе бұрап байлағышпен басу не аяқ-қолды бүгеді. Барлық жағдайда қан кету кезінде дереу дәрігерді шақыру және оған бұрауды нақты салған уақытты көрсету керек. Ішкі қан кету өмірге қауіптірек болып табылады. Ішкі қан кетуді беттің күрт бозғылттануынан, әлсіздіктен, жиі соғатын тамырынан, ентігуден, бас айналудан, қатты шөлдеуден, есін жоғалту халінен байқауға болады. Мұндай жағдайда дереу дәрігер шақыру қажет, ал ол келгенге дейін зардап шегушінің толық тыныштықта болуы қамтамасыз етіледі. Егер ішкі қуыс органдарының жарақаттануына күдік бар болса, оған ішетін зат беруге болмайды.

105. Жарақат орнына «суық» (мұз, қар салынған немесе суық су құйылған резеңке қапшық, суық басуларды) басады.

 

 

3-параграф. Қанның кетуін саусақтармен тоқтату

 

106. Қанның кетуін тез жарақаттан жоғары тұрған сүйекке (денеге жақын) қан ағып тұрған тамырды саусақтармен басу арқылы тоқтатуға болады. Қан ағып жатқан тамырды саусақтармен жеткілікті түрде қаттырақ басады.

107. Жарақаттардан қанның кетуін:

беттің төменгі жағындағы – жақтық артерияны жақтың төменгі шетіне қарай басу арқылы;

шеке мен маңдайдағы – шеке артериясын құлақтың алдына қарай басу арқылы;

бас пен мойындағы – ұйқы күре тамырын мойын омыртқасына қарай басу арқылы;

қолтық асты шұңқыры мен иықтағы (иық тамырына жақын) – бұғана астындағы артерияны бұғана астындағы ойға қарай басу арқылы;

білектегі – білек артериясын сырт жағынан білектің ортасына қарай басу арқылы;

қолдың буыны мен саусақтарындағы – екі артерияны (кәрі және шынтақ) үшінші төменгі қолдың буынын білекке қарай басу арқылы;

жіліншіктегі - жіліншік астындағы артерияны басу арқылы;

сан жамбастағы – сан жамбас артериясын жамбас сүйектеріне қарай басу арқылы;

табандағы - табанның ішкі жағындағы артерияны басу арқылы тоқтатады.

 

 

Аяқ-қолдан қан кетуді

оны буындарды бүгу арқылы тоқтату

 

108. Егер аяқ-қол сынбаған болса, аяқ-қолдағы қан кетуді буындарды бүгу арқылы тоқтатуға болады.

109. Зардап шеккеннің жеңін немесе шалбарын түріп, және қандайда бір материалды түйіп, оны буынды бүккен кезде пайда болатын жарақаттан жоғары орналасқан ойық жерге қойып, сосын түйін үстіндегі буынды қатты күшпен басады. Мұндай кезде жарақатқа қан беретін бүгілген жердегі артерия басылады. Осы аяқ немесе қол бүгілген қалыпта зардап шегушінің денесіне байлайды немесе таңады.

 

Қан кетуді бұраумен немесе орап бұраумен тоқтату

 

110. Егер буынды бүгу тәсілін қолдану мүмкін болмаса (мысалы сол аяқ-қолдың сүйектері сынған кезде) қатты қан кету кезінде бұрау салу арқылы барлық аяқ-қолды тартады.

111. Бұрау ретінде қандай да бір жұмсақ созылатын матаны, резеңке түтікті, бауды және тағы басқа қолданған дұрыс. Бұрауды салу алдында аяқ-қолды тартады.

112. Егер көмек көрсетушінің қасында көмекшісі болмаса алдымен артерияны саусақтармен басуды зардап шегушіге тапсыруға болады.

113. Бұрауды дененің бөлігіне жақын иыққа немесе жамбасқа салады. Бұрау салатын жерді теріні зақымдамау үшін жұмсақ, мысалы бірнеше қабатталған бинтпен немесе дәкемен орайды. Бұрауды жеңнің немесе шалбардың сыртынан салуға болады.

114. Бұрауды салу алдында оны созып, содан кейін онымен терінің барлық жерін бұрау ортасында ашық жер қалдырмай аяқ-қол қатты оралады.

115. Бұраумен аяқ-қолды тарту кезінде оны аса қатты байлауға болмайды, себебі олар тартылып жүйке тамырлары зақымдануы мүмкін. Бұрауды қан кету тоқтағанға дейін салады. Егер қан кету тоқтамаса, онда қосымша (қаттырақ байлап) бірнеше қабат бұрау салынады.

116. Бұраудың дұрыс салынғандығын тамырдың соғуы бойынша тексереді. Егер оның соғылуы сезілсе, онда бұрау дұрыс салынбаған және оны алып қайта салады.

117. Салынған бұрауды 1,5-2,0 сағаттан артық ұстауға болмайды. Бұл қан бармаған аяқ-қолдың жансыздануына әкеп соғады.

118. Салынған бұраудан болатын сыздаудың соншалықты ауыр болатындығына байланысты уақытша бұрауды шешуге тура келеді. Мұндай жағдайларда бұрауды шешу алдында қан ағып жатқан артерияны саусақтармен басу және зардап шегушінің дем алуына, аяқ-қолға біршама қанның баруына мүмкіндік береді. Содан кейін бұрауды қайта салады. Бұрауды біртіндеп және ақырын босатады. Егер зардап шегуші бұраудың әсерінен болған сыздауға шыдайтын болса да, бір сағаттан кейін оны 10-15 минутқа шешеді.

119. Егер қол астында резеңке лента (бұрау) болмаған кезде аяқ-қолды созылмайтын материалдан: галстуктан, белдіктен, ширатылған орамалдан немесе сүлгіден, жіптен, белбеуден және тағы басқа жасалған  орап бұрау арқылы тартуға болады.

120. Орап бұрауға пайдаланылатын материал жұмсақ (мысалы бірнеше қабат бинтпен) жабылған тартылатын аяқ-қолдың айналдыра өткізіледі және аяқ-қолдың сырт жағынан түйінделіп байланады. Осы түйінге немесе оның астына таяқша түріндегі қандайда бір зат салынады, ол қан тоқтағанға дейін бұралады. Жеткілікті дәрежеге дейін таяқшаны бұрап, өздігінен тарқатылып кетпеуі үшін оны бекітеді.

121. Бұрауды салғаннан немесе орап бұрауды жасағаннан кейін оны салған уақыт көрсетілген жазба жасайды және оны бинт немесе бұрау астындағы оралған жерге салынады. Аяқ-қолдың терісіне жазуға да болады.

122. Мұрыннан қан кеткен кезде зардап шегушіні отырғызып, басын алдыға қарай еңкейтіп, ағып жатқан қанның астына ыдыс қойып, оның жағасын ағытып, мұрын қырына салқын басып, 3 % сутегі тотығына суланған мақта немесе бинттің бөлігін мұрынға салып, саусақтарымен 4-5 минутқа мұрын қанаттарын қысады.

123. Ауыздан қан кеткен (қанды құсқан) кезде зардап шегушіні жатқызу және дереу дәрігер шақырылады.

7.

8. -->

Главная » Статьи » Медицина

ЭЛЕКТР ТОГЫНАН ЗАРДАП ШЕГУШІГЕ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

Электр тогынан зардап шегушіге алғашқы көмек

 

 

Электр тогының әсерінен босату

 

40. Электр тогымен зақымданған жағдайда зардап шегушіні токтың әсерінен тезірек босатылады, өйткені оның ұзақтығынан электрлік жарақаттың ауырлығы байқалады.

41. Қысыммен жұмыс істейтін ток бөлу бөліктеріне жанасу көп жағдайда бұлшық еттердің еріксіз тартылуына және жалпы қозуына әкеледі, бұл тыныс алу органдары мен қан айналу қызметінің бұзылуына және тіпті толығымен тоқтауына әкелуі мүмкін. Егер зардап шегуші қолында сымды саусақтарымен қатты ұстап тұрған болса, оның қолынан сымды босату мүмкін болмайды. Сондықтан ең алдымен зардап шегушіге алғашқы көмек ретінде электр қондырғының зардап шегуші ұстаған бөлігін дереу сөндір. Сөндіру ажыратқыш немесе басқа да жабдық арқылы, сондай-ақ сақтандырғыштарды (тығындарды) алу немесе айналдыру, штепсельдік қосқыштарды алу-салу арқылы жүргізіледі.

42. Егер зардап шегуші жоғарыда болатын болса, қондырғыны ажырату және оны токтан босату оның құлауына әкеледі. Бұл жағдайда зардап шегушінің құлауынан алдын алу немесе оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қолданылады.

43. Электр қондырғысын ажыратқан жағдайда электр жарығын да бірге өшіреді. Осыған байланысы күндізгі жарық болмаған жағдайда электр қондырғысын өшіруді және зардап шегушіге көмек көрсетуді кешіктірмей бөлменің жарылыс, өрт шығу қауіптілігін ескере отырып, басқа көзден жарық беруді қарастырады (авариялық жарық беруді, аккумуляторлық шамды қосу).

44. Егер қондырғыны дереу өшіру мүмкін болмаған жағдайда зардап шегушіні тоқтан босатудың басқа да шараларын қолданады. Барлық жағдайларда көмек көрсетуші өмірге қауіпті болғандықтан, сақтандыру шараларын қолданбай, зардап шегушіге жанаспайды. Ол тоқ бөлу бөлігімен байланыста болмау және кернеуде қалмау қадағаланады.

 

 

1000 В дейінгі кернеу

 

45. Зардап шеккенді 1000 В дейінгі кернеулі тоқ өткізетін бөліктен немесе сымнан босату үшін электр тоғын өткізбейтін затты қолданады. Оны (егер ол құрғақ және денеден шешілетін болса) киімінен мысалы, қоршалған металл заттармен және зардап шеккеннің киімі жоқ жерлерімен жанасуын болдырмай пенжектің немесе пальтоның өңірінен, жағасынан тартып алуға болады.

46. Зардап шеккенді аяғынан тартып, көмек көрсетуші оның аяқ киіміне немесе киіміне өзінің қолдарын жақсылап оқшаулағанға дейін қол тигізбеуі керек, себебі аяқ киім мен киім дымқыл және электр тоғын өткізуші болуы мүмкін.

47. Көмек көрсетуші қолдарын оқшаулау үшін егер оған зардап шегушінің киіммен жабылмаған денесіне қол тигізуі қажет болса, электр тоғын өткізбейтін қолғапты киеді немесе оны оқшаулағыш материалмен орайды, зардап шеккенге резеңке төсенішті, резеңке қосылған материяны (плашты) немесе қарапайым құрғақ материяны жабады. Ол өзін сондай-ақ резеңке төсеніштің, құрғақ тақтайдың немесе электр тоғын өткізбейтін төсемнің үстіне тұрып оқшаулай алады.

48. Зардап шеккенді тоқ өтетін бөліктен электр тоғын өткізбейтін қолғапсыз ажырату кезінде бір қолмен әрекет жасау ұсынылады.

49. Егер тоқ электр тоғы жерге зардап шегуші арқылы өтетін болса және ол қолында тоқ өтетін элементті қатты қысса, жоғарыда көрсетілген өзіне және зардап шегушіге қатысты сақтандыру шараларын сақтай отырып, тоқты ажырату, зардап шегушіні жерден оқшаулау оңай болады, сымдарды құрғақ ағаш сабы бар балтамен шабуға немесе оқшауланған сабы бар құрал-сайманмен (тістеуіктермен, қысқыштармен) кесіп тастауға болады. Сымдарды асықпай шабу немесе кесіп тасталады, яғни әр сымды бөлек шабу немесе кесу және мүмкіндігінше тоқ өткізбейтін негізде, ағаш баспалдақта тұру ұсынылады. Оқшауланбаған құрал-сайманды оның сабын құрғақ материямен орап, қолдануға болады.

 

 

1000 В жоғары кернеу

 

50. Зардап шеккенді кернеулігі 1000 В жоғары тоқ өтетін бөліктерден ажырату үшін, электрді өткізбейтін қолғапты және резеңке етіктерді кию және тиісті кернеуге есептелген штангалық немесе оқшаулағыш кемпірауыздармен әрекет жасалады.

51. Сонымен қатар, егер тоқ өткізетін бөлік (сым) жерде жатса, қадамның кернеулік қауіптілігі ескеріледі және зардап шегушіні тоқтың әсерінен босатқаннан кейін оны қауіпті аймақтан шығарылады.

52. Электро беріліс желілерінде, оларды қоректендіру бекеттерінен тез ажырату мүмкін болмаған кезде зардап шеккенді босату үшін егер ол сымдарға қатысты болса, оларға оқшауланбаған сымдарды тастау арқылы сымдардың қысқа тұйықталуы жүргізіледі.

53. Қысқа тұйықталу кезінде оның күйіп кетуін болдырмау үшін сымдардың жеткілікті қимасы болады.

54. Жиынтық жасау алдында сымның бір ұшы (жерге қосылатын құламаның металл тірегіне қосу) жерге қосылады.

55. Жиынтық жасау ыңғайлы болу үшін сымның бос ұшына жүк қыстырған дұрыс болады. Өткізгішті адамдарға, сонымен қатар көмек көрсетушіге және зардап шегушіге тимейтіндей етіп жиынтықталады.

 

 

 Көмек көрсету

 

56. Зардап шегушіні электр тоғының әсерінен босатқаннан кейін оның қал-жағдайы бағаланады Зардап шегушінің қал-жағдайын тез анықтаудың белгілері болып мыналар табылады:

1) есін анық, жоғалтқан, бұзылған (зардап шеккен есінен танған), абыржыған;

2) тері қабаты мен көрінетін шырыштардың (ерін, көз) түсі: қызғылт, көгерген, боз;

3) тыныс алуы: тұрақты, жоқ, бұзылған (дұрыс немесе, жеңіл, сырылды);

4) ұйқы күре тамырының соғылуы: жақсы сезіледі, (қалыпты немесе қалыпты емес), нашар сезіледі, сезілмейді;

5) қарашықтары: жіңішке, ашық.

57. Белгілі бір деңгейде машықтанған көмек көрсетуші өзін-өзі ұстай білетін болса 1 минут ішінде зардап шегушінің қал-жағдайын бағалауға және оған қандай көлем мен тәртіп бойынша көмек көрсету қажеттігін анықтай алады.

58. Тері қабатының түсі мен тыныс алуын (көкірек қуысының көтерілуі мен түсуінен) көріп бағалайды. Ауыз бен мұрынға жылтырақ металл заттарды қойып алатын уақытты бос кетірмейді. Сонымен қатар, есін жоғалтуды көріп бағалайды және нақты көз жеткізу үшін қал-жағдайы туралы сауал қоюға болады.

59. Ұйқы күре тамырының соғылуын қолдың екінші, үшінші және төртінші саусақтарының ұштарымен мойынына жұтқыншақ «көмекей жұмыры» пен иілгіш бұлшық еті арасына қою және омыртқаға ақырын ғана басу арқылы сезеді. Ұйқы күре тамырының соғылуын анықтау тәсілдерін өзіне немесе өзінің жақындарына істеп көруге болады.

60. Қарашықтардың жалпақтығын көздері жабық кезде мынадай тәсілдермен анықтайды: сұқ саусақтың ұштарын екі көздің үстіне қояды және оларды ақырын ғана көздің алмасына қарай баса отырып, жоғарыға көтереді. Мұндай жағдайда көздің саңылауы ашылады және ақ қабатында дөңгелек мөлдір қабық, ал оның дөңгелек формасының ортасында қара қабыршық көрінеді. Оларды мөлдір қабықта қанша орын алатынына (жіңішке немесе жалпақтығына) қарай бағалайды.

61. Есін жоғалту дәрежесін, тері қабатының түсін және тыныс алу жағдайын 1 минуттан аспайтын уақытты алатын тамырды ұстау арқылы бір мезгілде анықтауға болады. Қарашықтарды бірнеше секунд ішінде қарауға болады.

62. Егер зардап шеккен есін жоғалтса, тыныс алмаса, тамыры соқпаса, тері қабаты көгерген, қарашықтары (диаметрінде 0,5 см) жалпақ болса оны өлім аузында жатыр деп есептеуге болады және дереу «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілімен қолдан дем алдырудың және жүректі сыртынан массаждаудың көмегімен ағзаны тірілтуге кіріседі. Зардап шеккенді шешіндіріп, уақытты жоғалтудың керегі жоқ.

63. Егер зардап шегуші өте сирек және терең дем алса, бірақ оның тамырының соғылуы сезілсе, дереу қолдан дем алуды бастайды. Қолдан дем алдыру кезінде зардап шеккеннің көлденең жатуы міндетті емес.

64. Тірілтуге кірісіп, дәрігердің немесе жедел медициналық көмектің шақырылуы қамтамасыз етіледі. Мұны көмек көрсетуші емес, басқа тұлға істейді.

65. Егер зардап шегуші есінде болса, тұрақты дем алып және тамырының соғылуы сақталса бірақ оған дейін талып жығылған немесе ессіз жатса оны киімнен жасалған төсенішке жатқызады; дем алуына кедергі жасайтын киімін шешіп; таза ауаның берілуін қамтамасыз етіп, егер денесі салқын болса жылытып; ыстық болса, салқындауын қамтамасыз етіп, тамырының соғуын және дем алуын үздіксіз бақылап отырып, толық тыныштық сақтап; артық адамдарды шығарып жібереді.

66. Егер зардап шегуші ессіз жатса оның тыныс алуы бақыланады және тілінің артқа кетуіне байланысты тыныс алуы бұзылса саусақтармен төменгі жақты алдыға қарай жылжытып және тілдің артқа кетуі орнына келгенге дейін осы қалыпта ұсталады.

67. Зардап шегуші құсып бастаған кезде оның басы мен иығын құсықтық массаны шығару үшін солға бұрады.

68. Зардап шеккенге қимылдауға, тіпті жұмысын жалғастыруға рұқсат етілмейді. Өйткені электр тоғының әсерінен алынған көзге көрінетін ауыр зақымдардың немесе басқа себептердің (құлаулардың) болмауы оның қал-жағдайының кейінірек бұзылуын жоққа шығармайды. Зардап шегушінің денсаулығы туралы мәселені тек дәрігер ғана шеше алады.

69. Зардап шеккенді тек оның немесе оған көмек көрсететін тұлғаға қауіп төну одан әрі жалғасса немесе сол жерде (мысалы, тіректе) көмек көрсету мүмкін болмаған кезде басқа орынға ауыстырылады.

70. Зардап шеккенді жерге көмуге рұқсат етілмейді, себебі бұл оған тек зиян келтіреді және оны құтқаруға жұмсалатын алтын минуттардың өтуіне әкеп соғады.

71. Найзағаймен зақымданған кезде электр тоғымен зақымданған кездегідей көмек көрсетіледі.

72. Оқиға орнына дәрігерді шақыру мүмкін болмаған жағдайда зардап шегушіні жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізу қамтамасыз етіледі. Зардап шегушіні тек тыныс алу қанағаттандыратын және тамыры тұрақты соғатын кезде мүмкін болады. Егер зардап шегушінің қал-жағдайы оны тасымалдауға болмайтын болса, онда оған көмек көрсету жалғастырылады.

9

10. Жеке қорғану құралдары — жеке құрамды улағыш заттар, радиоактивтік заттар және биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығу зиянын азайту үшін қолданылатын құралдар кешені. Жеке қорғану құралдарына газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шүлық, ерекше құрамдар сіңірілген киімкешек және т.б., сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағы жатады. Қорғаныш киімдердің бір нүсқасы жалпы әскери қорғаныш жиынтығы (қорғаныш плащ, шулық, колғап) болып табылады.[1]

7-11. Электр кауіпсіздігінің техникалъщ үйымдастыру шаралары жүмыс

орнын ұйымдастыру. Электр қауіпсіздігінің техникалық үйымдастыру шаралары 3-ке бөлінеді. Бүларды орындайтын жүмысшылар электр қондырғыларын іске қосқанда өте білімді жауапты маман болуы тиіс.

1)    оперативтік персонал — кезекші электротехникалық персонал — бүкіл қарамасындағы электр қондырғыларын қосып жэне соған жауап береді.

 

2)   жөндейтін персонал— бүлар электр   қондырғыларын жөндеу, реттеу, монтаждау сияқты жүмыстарға жауап береді.

3) оперативтік жөндеу персоналы — бүлар эрі жөндеу, реттеу, монтаждау мен қоса бүкіл, Электр қондырғыларын іске қосып, эрі жауап береді.

Электр қондырғыларын жөндейтін, эрі іске қосатын жүмысшылар, денсаулықтары мықты, ешқандай науқас емес жәые білікті, білімді болуы керек, эрбір жүмысшы электрлік жүмысқа барар кезде электр қауіпсіздігі туралы емтихан тапсырып, білімін тексереді. Электр қауіпсіздігі жөнінде курстық сабақтар өтіп, жүмыс орнында квалификациялық комиссиялар жүмысшыларды тексереді.

Комиссия жүмысшылардың біліміне қарай оқу дэрежесін жоғарылатады, сөйтіп білімін жэне дэрежесін көрсететін куэлік беріледі.

Жүмыс орнын үйымдастыру электротехникалық жабдықтарды қолданарда техникалық қауіпсіздікті сақтау екі түрге бөлінеді:

1)   оперативтік электр қондырғыларды іске қосып тексеру,   жеңіл жүмыстар істеу, қорғаныс жабдықтарын ереже   бойынша қарап шығу, қауіпсіздігін қарау, еңбекті қорғау;

2)  электр қондырғыларында өндірістік жүмыс істеу    дегеніміз — жөндеу, монтаждау, қүрылыс жүмыстарын жэне т.б. жүмыстарды орындау   — электр қондырғыларында.

Пайдалынылатын электр қондырғыларын еңбек қауіпсіздігі шараларымен қамтамасыз ету.

Электр қондырғыларының еңбек қауіпсіздігі шаралары немесе электр тоғынан қорғану шаралары:

1)      ток өткізгіш бөліктерді қауіпсіз жерге орналастыру;

2)      изоляцияны бақылау (ашық қалған жерлері болмау);

3)  қорғаныстық жерге қосқыш;

4)  қорғаныстық нөлдік сым;

5)      автоматтық ажыратқыш;

Қорғаныстық жерге қосқыштың 2 түрі бар: кэдімгі жэне жасанды.

Кәдімгідей қорғаныстық жерге қосқышқа кез-келген металл қүрылмалы ғимараттар жер астындағы металл труба еткізгіштер, кран жолдары жатады.

Ал, жасанды қорғаныстық жерге қосқышқа металл стержендер немесе трубалар 25-50мм, үзындығы 2-Зм, бүрыштық болат 50х50х5мм жэне металл ленталар 40х4мм өлшемдегі.

Автоматтық ажыратқыш — аппаратын ішіне орналасқан, ол электр күбырлардың немесе электр қондырғылардың (1000 В-қ) ішіне орналастырады қауіпті жағдайда ол өздері токтан ажыратады.

Пайдаланушылар үшін еңбекті цоргаудын және техникалыц цауіпсіздігін, цоргану цүралдары.

Қорғану қүралдары 2 түрге бөлінеді:

1) Негізгі қүралдар: изоляцияланған өлшем штанглері, ток өлшейтін қысқыштар, кернеу көрсеткіштері изоляцияланған күрылғылар, сатылар монтерлық қүрал-жабдықтар изоляцияланған үстатқыштары бар траптар, алаңдар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]