- •1. Тақырыбы: «ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы»
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ берудің әдістері (шағын топтар, дискуссиялар, ситуациялық есептер, жұбпен жұмыс жасау, презентациялар, кейс-стадиялар және т.Б.)
- •Әдебиеттер:
- •7. Қорытынды (сұрақтар, тесттер, тапсырмалар және т.Б.)
- •«Ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдалу синдромы» тақырыбы бойынша курс студенттері үшін тестік тапсырмалар
- •«Ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдалу синдромы» тақырыбы бойынша курс студенттері үшін тестік тапсырмалар
- •«Ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы» тақырыбы бойынша ситуациялық есептер
- •Информациондық блок «ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы»
- •Протеинурияның негізгі себептері:
- •Гематурия анықтау:
- •Гематурияның клиникалық варианттары:
- •Гематуриямен ауыратын науқастардың барлығына көрсеткіш:
- •Нефротикалық синдромның негізгі себептері:
- •Гипертониялық синдром
- •Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің классификациясы (с.И.Рябов, 2000)
- •1. Диета.
- •4. Гипертензияны бақылау.
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздінің орынбасу терапия әдістері:
- •Еңбекке жарамсыздық сараптамасы
- •Сбж компенсация сатысы (д III)
- •Созылмалы пиелонефрит кезіндегі зерттеу бағдарламасы
- •Сп өршуінің диагностикалық критерилері:
- •Пиелонефриттердің және зәртас ауруының емі
- •Антибактериальды терапия ұстанымдары:
- •Созылмалы пиелонефрит емінің ұстанымдары:
- •Рецидивке қарсы ем
- •Санаторлы-курорттық ем
- •Диспансеризация
- •Зәртас ауруы немесе жарақат бойынша нефроэктомиядан кейінгі жағдай (д II)
- •Созылмалы пиелонефриті бар жүкті әйелдерді жүргізу жоспары
- •Уақытша еңбекке жарамсыздық уақыты
- •Жедел гломерулонефрит
- •Жгн емдеу:
- •Дәрігер терапевт пен нефролог диспансеризациясына жататын адамдарды динамикалық бақылау кестесі
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Гломерулонефриттің морфологиялық классификациясы (Серов в.В., 1980)
- •Созылмалы гломерулонефриттің клиникалық классификациясы ( и.Е.Тареева, 1995)
- •Диагностикасы
- •Стационарға жолдағандағы жүргізілетін зерттеулер:
- •Созылмалы гломерулонефрит емінің алгоритмі
- •Сгн медикаментозды терапиясы
- •Еңбекке жарамдылық сараптамасы
- •Диспансеризациясы
Гематуриямен ауыратын науқастардың барлығына көрсеткіш:
Лабораторлы әдістер:
Жалпы зәр анализі
– өзгермеген эритроциттер (жиі урологиялық патологияда болады),
- өзгерген эритроциттер (гломерулярлы, дисморфты) гломерулонефриттерде болады,
- жекеленген микрогематурия урологиялық тәжірибеде кездеседі,
- микрогематурия протеинуриямен қосарласқан гломерулонефриттерде болады
Нечипоренко бойынша зәр анализі,
Үш стаканды сынама,
Зәрді егу ( ИМП кезінде, туберкулезге күдік туғанда),
ЖҚА,
Қан сарысуынан креатинин мен мочевинаны анықтау.
Құрал аспаптық әдістер:
Бүйректі және қуықты УДЗ
Цистоскопия
Экскреторлы урография – бүйректі және жоғарғы зәр жолдарын зерттегенде көп ақпараттар береді ( гломерулонефриттерді ескермегенде)
Компьютерлі томография (бүйрек ісігіне күдіктенгенде)
Науқаста макрогематурия анықталғанда шұғыл түрде госпитализацияға жатқызу керек.
Микрогематуриясы бар науқасты нефрологқа немесе урологқа жолдайды.
Бірінші кезекте урологиялық ауруларды шеттету керек содан кейін нефропатия диагнозын қоямыз.
Зәр шығару актсінің басында немесе соңында байқалатын гематурия, тек урологиялық ауруларға тән, белдегі ауру сезімімен, әсіресе ұстама тәрізді ауру сезімімен жүреді.
Нефропатия кезіндегі гематурия (бүйректік гематурия) – тұрақты екі жақтық, ауру сезімсіз, жиі протеинуриямен, цилиндруиямен, лейкоцитуриямен қосарласып жүреді.
2/3 жағдайда бұл қуықтың ісігі, ауру сезімсіз гематуриямен көрінеді, диагноз цистоскопия кезінде қойылады. Бүйрек ісігі белдегі тұйық ауру сезіммен, қызбамен, анемиямен немесе эритроцитозбен, гиперкальциемиямен, паранеопластикалық реакциямен жүреді.
Зәр жолдарының инфекциясы кезінде микрогематурия лейкоцитуриямен және әлсіз протеинуриямен ( 1 г/л дейін) қосарласып жүреді.
Зәр жолдарының туберкулезі кезінде гематурия пиуриямен, айқын емес протеинуриямен қосарласып жүреді.
Лейкоцитурия- зәрде лейкоциттер санының өсуі (Нечипоренко әдісі бойынша 1мл зәрде 4000 артық немесе ЖЗА-де лейкоциттер ер адамдарда 4- тен артық , әйелдерде 6 –дан артық көру алаңында.
Лейкоцитурия – зәр шығару жолдарының қабыну үрдісінің тікелей белгісі. Пиурия – массивті лейкоцитурия. Зәрде көп мөлшерде лейкоциттердің және бактериялардың болуынан, зәр сілтілі реакциялы болады, макроскопиялық диффузды лайлану және түйіршіктердің болуы байқалады. Зәр тұнбасында лейкоциттер профилі зерттеледі:
- нейтрофилурия ИМП, жедел пиелонефрит, созылмалы пиелонефриттің, уретриттің, вульвовагиниттің өршуі кезінде кездеседі;
- лимфоцитурия инфекционды-аллергиялық генезді нефропатияда анықталады.
Белсенді лейкоциттердің анықталуы зәр жолдарындағы инфекциялық үрдістің белсенділігін куәландырады.
Бактериурия – зәрде бактериялардың анықталуы.
Бактериурияның дәрежесінің мөлшерін анықтауда зәрді егу маңызды. Шынайы бактериурия- в 1 мл де 100000 көп бактериялардың анықталуы. Симптомсыз бактериурия ИМП дамуын жоғарлатады, әсіресе жүктілер мен қарт адамдарда. ИМП жиі қоздырғышына грамм теріс бактериялар жатады. Ішек таяқшалары зәр жолдары инфекциясының шамамен 80% шақырады.
Цилиндрурия – зәрмен цилиндрлі формалы түзілістердің бөлінуі, бүйректің дистальды өзекшелеріндегі белокты жабыспалар (слепки). Цилиндрурия өзекшелер қуысында белоктардың тұнуымен байланысты. Қалыпты жағдайда зәр анализінде тек гиалинді цилиндрлер анықталады. Зәрде цилиндрлер әртүрлі физиологиялық және патологиялық жағдайларда пайда болады: гиалинді - физикалық жүктемеде, қызбада, ортостатикалық протеинурияда, нефротикалық синдром және бүйректің басқада аурулары кезінде; дәнді - өзекшелердің ауыр дегенеративті зақымдануы кезінде; балауызды - өзекше эпителийлерінің зақымдануында, нефротикалық синдромда; эпителиальды - гломерулонефрит, нефротикалық синдром кезінде өзекшелердің дегенеративті зақымдануында; эритроцитарлы – бүйректік генезді гематурияда; лейкоцитарлы - бүйректік генезді лейкоцитурияда.
Нефрологиялық науқасты міндетті амбулаторлы зерттеуге бүйректің функционалды жағдайын бағалаужатады, яғни көрсеткіштер бойынша салыстырмалы тығыздығын қандағы креатининді, шумақша фильтрация жылдамдығын (СКФ) анықтау жүргізіледі..
ШФЖ (СКФ) тек Реберг-Тареев сынамасы ғана емес, сонымен қатар үлкендер мен 12 асқан балалар үшін қлданылатын Кокрофт-Голт формуласы арқылы да анықтауға болады:
ШФЖ=(140-жасы (г)) х салмағы(кг) х К/0,82 х сарысудағы креатинин (мкмоль/л),
К әйелдер үшін- 0,85; К ерлер үшін – 1
Бүйрек қызметінің жағдайын кестеде келтірілген тесттер көмегімен бағалауға болады.
Бүйректің қызметтік белсенділігін сипаттайтын негізгі тесттер:
Тест |
Қандай функцияны сипаттайды |
Зимницкий сынамасы |
Дистальды өзекшенің концентрациялық қызметін |
Креатинин клиренсі |
Шумақшалық фильтрация |
Зәр қышқылының клиренсі |
Проксимальды өзекшенің реабсорбциясын |
Глюкоза клиренсі |
Проксимальды өзекшенің максимальды реабсорбциясын |
Фенолротпен сынама |
өзекшелік секрецияны |
Клиникалық нефрологияда зәр синдромынан басқа ажыратылады:
нефротикалық синдром, гипертониялық, жеделнефритикалық, жедел бүйрек жеткіліксіздігі синдромы ,созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, тубулярлы бұзылыс синдромы.
Нефрологиялық тәжірибеде синдром бойынша диагностикалау және емдеу дұрыс диагноз қоюға және рациональды емдеуге көмектеседі.
Нефротикалық синдром –жоғары протеинуриямен, тәулігіне 3,5г аса белокты жоғалту, гипопротеинемиямен, гипоальбуминемиямен, диспротеинемиямен, жоғары құрамды холестеринмен және триглицеридтермен гиперлипидемиямен, қанның гиперкоагуляциясымен, клиникалық массивті ісінумен, жиі іш шеменінің анасарка дәрежесіне дейін жетуімен сипатталатын клинико-лабораторлы симптомокомплекс.
