- •1. Тақырыбы: «ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы»
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ берудің әдістері (шағын топтар, дискуссиялар, ситуациялық есептер, жұбпен жұмыс жасау, презентациялар, кейс-стадиялар және т.Б.)
- •Әдебиеттер:
- •7. Қорытынды (сұрақтар, тесттер, тапсырмалар және т.Б.)
- •«Ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдалу синдромы» тақырыбы бойынша курс студенттері үшін тестік тапсырмалар
- •«Ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдалу синдромы» тақырыбы бойынша курс студенттері үшін тестік тапсырмалар
- •«Ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы» тақырыбы бойынша ситуациялық есептер
- •Информациондық блок «ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы»
- •Протеинурияның негізгі себептері:
- •Гематурия анықтау:
- •Гематурияның клиникалық варианттары:
- •Гематуриямен ауыратын науқастардың барлығына көрсеткіш:
- •Нефротикалық синдромның негізгі себептері:
- •Гипертониялық синдром
- •Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің классификациясы (с.И.Рябов, 2000)
- •1. Диета.
- •4. Гипертензияны бақылау.
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздінің орынбасу терапия әдістері:
- •Еңбекке жарамсыздық сараптамасы
- •Сбж компенсация сатысы (д III)
- •Созылмалы пиелонефрит кезіндегі зерттеу бағдарламасы
- •Сп өршуінің диагностикалық критерилері:
- •Пиелонефриттердің және зәртас ауруының емі
- •Антибактериальды терапия ұстанымдары:
- •Созылмалы пиелонефрит емінің ұстанымдары:
- •Рецидивке қарсы ем
- •Санаторлы-курорттық ем
- •Диспансеризация
- •Зәртас ауруы немесе жарақат бойынша нефроэктомиядан кейінгі жағдай (д II)
- •Созылмалы пиелонефриті бар жүкті әйелдерді жүргізу жоспары
- •Уақытша еңбекке жарамсыздық уақыты
- •Жедел гломерулонефрит
- •Жгн емдеу:
- •Дәрігер терапевт пен нефролог диспансеризациясына жататын адамдарды динамикалық бақылау кестесі
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Гломерулонефриттің морфологиялық классификациясы (Серов в.В., 1980)
- •Созылмалы гломерулонефриттің клиникалық классификациясы ( и.Е.Тареева, 1995)
- •Диагностикасы
- •Стационарға жолдағандағы жүргізілетін зерттеулер:
- •Созылмалы гломерулонефрит емінің алгоритмі
- •Сгн медикаментозды терапиясы
- •Еңбекке жарамдылық сараптамасы
- •Диспансеризациясы
Информациондық блок «ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы»
Қазіргі заманғы нефрологияның актуальді қиындықтарына ерте диагноз қою және бүйрек қызметі нашарлауының алғашқы сатысында адекватты ем жүргізу жатады. Өзінің дамуы кезінде СБЖ алып келетін, жиі тараған ауруларға көбіне жастар ауыратын СГН және СП жатады. Бүйрек қызметі нашарлауының үдеуі еңбекке қабілетін жоғалтуға және мүгедектікке алып келеді, бұл бүйрек ауруларын ерте сатыда анықтау қажеттігін түсіндіреді. Амбулаторлы жағдайда бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларымен ауыратын науқастарды жүргізудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Науқасты емханада зерттеуге – шағымдарын, ауру және өмір анамнезін сұрау, сонымен қатар аурудың жасырын түрін анықтайтын, үрдістің белсенділік дәрежесін анықтайтын құрал аспаптық және лабораторлық әдістермен зерттеулер жатады.
Қауіп қатер факторлары. Созылмалы бүйрек аурулары үдеуі ажыратылады: модифицирленбеген (жасы, жынысы, раса, олигонефрония, генетикалық факторлар), оған әсер ету мүмкін емес, модифицирленген, дәрігер дұрыс әсер еткен жағдайда СБЖ үдеуін баялата алады. Кейінгісіне жатады: негізгі патологиялық үрдістің белсенділігі, протеинурия, жүйелі артериальды гипертензия, жоғары белокты диета, дислипопротеинемия, симпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігінің жоғарлауы, темекі шегу, сәйкес ауруларының болуы (инфекциялар, зәр шығару жолдарының обструкциясы, жүрек жетіспеушілігі, семіздік, жүктілік), ятрогенді факторлар (анальгетиктер, СҚҚД (НПВП), рентгеноконтрастты заттар, нефротоксикалық антибиотиктер).
Зәр шығару жолдарының ауруларымен ауыратын науқастар жиі бел аймағындағы ауру сезіміне, зәр бөлінудің бұзылуына, ісінулерге, бас ауруға, бас айналуға, көрудің нашарлауына, жүрек аймағындағы ауру сезіміне, ентігуге, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айнуға, құсуға, температураның жоғарлауына шағымданады.
Бүйрек ауруларын диагностикалауда зәрді зерттеу маңызды. Зәрдегі өзгерістер - көбіне тұрақты, ал кейде зәр жүйесі зақымдануының жалғыз белгісі болады.
Зәрлік синдром. Зәрлік синдром мағынасына зәр бөлінуінің бұзылысы (зәр мөлшерінің өзгерісі, зәр бөлінуінің жиілігі мен ырғағының бұзылысы, зәр бөлу кезіндегі ауру сезімі), сонымен қатар зәрде патологиялық өзгерістердің пайда болуы жатады. Зәрлік синдромды қысқаша түсіндіргенде зәр анализінде протеинурия, гематурия, лейкоцитурия, цилиндрурия, зәр тұнбасында тұздың құрамының өзгеруі тәрізді өзгерістердің болуы. Бұл өзгерістер жеке түрде немесе әртүрлі қосарланған түрде кездесуі мүмкін.
Зәрдің реакциясы негізінен қышқылды. Зәр реакциясының өзгерісі: зәрдің қышқылды реакциясы етті тағамдарды шектен тыс қолданғанда болуы мүмкін. Қышқылды реакция гломерулонефрит, диабетикалық кома, сонымен қатар ураттардың, зәр қышқылдарының бөлінуі кезінде болады. Зәрдің сілтілі реакциясы көкөністік диета, сілтілі минеральды суларды қолданғанда, құсудың әсерінен хлор иондарын жоғалтқанда, сонымен қатар зәр жолдарының қабыну аурулары кезінде, гипокалиемия, фосфатурия, ісіктің қайтуы, ішекте бактериялардың шіруі кезінде болады.
Зәрдің түсі оның құрамындағы қанға, гемоглобинге, дәрілік заттарға байланысты, лайлануы (помутнение) тұздардың, лейкоциттердің, бактериялардың жоғары құрамы әсерінен болады.
Зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгеруі: қалыптыда - 1,012-1,025, ішкен және бөлінген сұйықтық көлеміне тәуелді. Салыстырмалы тығыздықтың 1,010 төмен тербелуі бүйректің концентрациялық қызметінің бұзылысын білдіреді; бұл жағдай гипостенурия деп аталады. әрдайым тұрақты салыстырмалы тығыздықтың болуы, бірінші зәрдегі тығыздыққа сәйкес (1,008-1,010), изостенурия деп аталады. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі зәрдің бөлінуінен немесе өзекшелер аппаратының зақымдануы кезінде оның концентрациясының бұзылысынан болады, бұл тубулоинтерстициальды тіндердің ауыр зақымдануымен созылмалы гломерулонефрит, интерстициальды нефрит, бүйректің туа пайда болған және тұқымқуалайтын аурулары, созылмалы пиелонефрит интерстицияның склероздануы сатысы кезінде болады. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының жоғарлауы - гиперстенурия ( 1,030 жоғары) – онда қант, белок, тұздар болғанда байқалады. Глюкозурия қантты шектен тыс қолданғанда, глюкоза ерітіндісімен инфузионды терапия, қант диабеті кезінде кездеседі. Глюкозурияның аталған факторлары болмаған жағдайда нефронның проксимальды бөлігінде глюкоза реабсорбциясының бұзылысын білдіреді (тубулопатия, интерстициальды нефрит).
Зәр бөлінуінің бұзылысы: Полиурия (тәуліктік диурездің қалыптыдағымен салыстырғанда 2 есе немесе одан да көп жоғарлауы, үлкен жастағы балаларда 1500 мл/м2 көп тәулігіне) суды шектен тыс ішкенде, осмотикалық диуретиктер мен салуретиктерді қолданғанда, ісіктердің қайтуы,бүйрек қызметінің ауыр зақымдануы [СБЖ немесе бүйректің жедел жетіспеушілігі (ЖБЖ) полиуриялық фазасы], қантсыз диабет кезінде кездесуі мүмкін. Олигурия - тәуліктік диурездің төмендеуі, жасына байланысты қалыптағыдан 1/3-1/4 құрайды (тәуліктік диурез 400 мл ден төмен), бұл бүйректен тыс себептерге байланысты (сұйықтықты аз ішу, тер бөлінуінің күшеюі, профузды іш өтулер, тоқтаусыз құсулар, жүректік ісінулердің жоғарлауы), сонымен қатар гломерулонефритпен, пиелонефритпен, уремиямен ауыратын пациенттерде бүйрек қызметінің бұзылысы жағдайларында кездеседі. Физиологиялық олигурия жаңа туылған сәбилерде өмірінің алғашқы 2-3 тәулігінде байқалады. Анурия – диурездің қалыптағыдан 6-7% дейін төмендеуі немесе зәр бөлінудің толық тоқтауы. Секреторлы анурия өзекшелік фильтрацияның айқын бұзылысы кезінде және шок, жедел қан кету, уремия кезінде болады. Экскреторлы анурия, зәр ағар каналы бойынша зәрдің бөлінуінің бұзылысында немесе бүйрек қызметі сақталған жағдайда қуық қызметінің төмендеуінде (ишурия деп аталады) болады.
Лейкоцитурия, протеинурия, гематурия және бактериурия сияқты аурудың кардинальды симптомдарын ерте анықтау мақсатымен зәр анализін жасайды. Зәр диагностикасының экономды заты тест-сызықша скрининг мақсатымен қолданылады. Тест-сызықша оң реакция болғанда зәрді микроскопиялық зерттеу керек.
Протеинурия – зәрмен белоктың бөлінуі, қалыптыдан жоғары (50 мг/тәул).
Плазадағы және зәрдегі белоктың құрамына байланысты селективті және селективті емес протеинурияны ажыратады.
Селективті протеинурия төмен молекулярлы массалы белоктан тұрады, 65 000 жоғары емес.
Селективті емес протеинурия орташа және төмен молекулярлы белоктар клиренсінің жоғарлауымен сипатталады.
Протеинурия айқындылығының дәрежесі бойынша бөлінеді:
жоғарғы протеинурия ( 3г/тәул. жоғары) нефротикалық синдромның дамуына әкеледі, жедел және созылмалы гломерулонефритте, нефритте жүйелі аурулар кезіндегі (ЖҚЖ, ВГ және т.б.), бүйрек амилоидозында, миеломды ауруда.
әлсіз (умеренная) протеинурия (0,5-3 г/тәул) жоғарыда аталған аурулардың барлығында, сонымен қатар АГ, түйінді периартериитте және т.б. кездеседі.
Микроальбуминурия (30-300 мг/тәул) нефропатияның ерте сатысында байқалады.
