Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 МР ПЗ (гос).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
307.98 Кб
Скачать

«Ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы» тақырыбы бойынша ситуациялық есептер

Есеп 1

18 жастағы ер адам дене қызуының 38,0 С дейін жоғарлауына, жиі кіші дәретке шығуына шағымданады. Ертерек екі рет зәр шығару жолы инфекциясының эпизоды болған, ауызбен қабылдайтын антибиотиктермен емделген. АҚ 160/105 мм с.б.б. ЖЗА: белок - 1,0 г/л, салмағы 1012, лейкоциттер – көру алаңын түгел алып жатыр, эритроциттер – 5-7 көру алаңында. Қандағы креатинин - 0,09 ммоль/л. Микционды цистография жасағанда – зәр ағардың екі жағында да үштен бір бөлігіне дейін зәрдің жиналуы анықталады.

1. Қай ауру туралы ойлануға болады?

2. Бұл жағдайда негізгі себепшісі не?

3. Қандай емді ұсынасыз?

Есеп 2

Жүктіліктің 16 аптасында стационарға қызбамен, жүрек айнумен, бео аймағындағы сыздап ауру сезімімен түсті. ЖЗА: салмағы – 1012, белок- іздері, лейкоциттер 30 дейін көру алаңында, эритроциттер -1-3 к/а., бактериялар +++, шырыш +++.

  1. Қай ауруға тән?

  2. Қандай зерттеулерді жүргізесіз?

  3. Емдеу тактикаңыз?

Есеп 3

Науқас Иванова 40 жаста, бел аймағындағы ұстама тәрізді, шап аймағына берілетін ауру сезіміне, кіші дәрет кезіндегі шаншулар, жүрек айну, құсуға шағымданады. Объективті: науқас мазасыз. өкпе мен жүрек ерекшеліксіз. Қанда: лейкоциттер-8,6 мың, ЭТЖ – 25 мм/с, креатинин- 0,12 ммоль/л. Зәр анализінде: салмағы-1018, лейкоциттер – 5-6 к/а., Эритроциттер –толық, оксалаттар +++

1. Науқаста қандай бүйрек ауруларымен салыстыруға болады?

2. Қандай зерттеулерді жүргізесіз?

3. Емдеу тактикаңыз?

Есеп 4

Науқас А.37 жаста, оң жақ бел аймағындағы ауру сезіміне, қалтырауға, кіші дәретінің жиіленуіне шағымданады. Анамнезінде 5 жыл бұрын босанған кейін бел аймағында ауру сезімі, қызба, дизурия мазалаған. Об-ті: тері жабындысы бозарыңқы. Ұрғылау симптомы оң екі жақтада, әсіресе оң жақта. ЖҚА: лейк-7,8 мың, ЭТЖ-25 мм/с. ЖЗА: салм. -1005, белок – 0,33 г/л, лейк.- тсплошь в п/зр., эритр.- о 3-5 в п/зр. Нечипоренко бойынша зәр анализінде: лейк-20 000, эр-ттер- 1000.

  1. Сіздің диагнозыңыз?

  2. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізесіз?

  3. Ем тағайындаңыз.

Есеп 5

Науқас М. 42 жаста, аяқтың 1 плюснефалангалық буынындағы ұстама тәрізді ауруына, бел аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Қанда: лейк.-5,8 мың, ЭТЖ-20 мм/с, зәр қышқылы – 0,720 ммоль/л, креатинин -0,140 ммоль/л, мочевина – 15 ммоль/л. Зәр анализінде: салмағы- 1010, белок- 1,0 г/л, лейк.- 5-6 к/а, зәр қышқылы +++

  1. Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

  2. Бұл науқасқа зәрдің қандай сынамаларын жүргізу қажет?

  3. Ем тағайындаңыз.

Есеп 6

Ер адам, 26 жаста, геолог, жағдайының нашарлауына байланысты дәрігерге қаралды. Бір ай бұрын экспедицияда баспамен ауырған, 2 аптадан кейін қабақтарының ісінуін, әлсіздік, еңбекке қабілетінің төмендегенеін байқаған. Қазіргі уақытта ентігу, бетінің және белінің ісінуі пайда болды. Объективті: бетінің және белінің ісінуі, гидроторакс, жүрек тондарының тұйықталуы, АҚ 145/90 мм с.б.б. зәр анализінде: салмағы 1021, белок 4,5 г/л, эритроциттер 15-20 көру алаңында, гиалинді цилиндрлер 2-4 көру алаңында.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

Науқаста қандай синдром дамыды?

Емге қандай препараттар көрсеткіш болып табылады?

Есеп 7

Науқас М, 15 жаста, клиникаға әлсіздікке, жүрек айнуға, құсуға, бас ауруға, көрудің нашарлауына шағымданып түсті. Жақында бетінің және аяқтарының ісінуі, басының қатты ауруы, дене қызуы – 38оС жоғарлауы болған. Анамнезінде 10 күн бұрын вирусты инфекциямен ауырған. Қарап тексергенде науқас қозулы (возбуждена). Қабақтарында, бетінде, балтырларында ісіну бар. өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. Пульс 80 рет минутына. АҚ 180/110 мм с.б.б. Тәуліктік диурез – 300,0 мл. ЖЗА: салмағы - 1028, белок 3,5 г/л, лейкоциттер 8-10, эритроциттер 20-30 балғын, цилиндрлер (гиалинді) 7-10 көру алаңында.

    1. Сіздің диагнозыңыз?

    2. Науқаста қандай асқыну пайда болды?

    3. Ем тағайындаңыз.

Есеп 8

Науқас С. 21 жаста, бас ауруына , жүрек айнуға, құсуға, мұрыннан қан ағуға, анорексияға, аяқтарының талмасына (судороги) шағымданады. Анамнезінде жиі баспамен ауырады. Жағдайының нашарлағанына екә аптадай уақыт болды. Объективті: бозарыңқы, беті ісінген. Терісінде қасынған іздер бар. Жүректің салыстырмалы тұйықтығы солға қарай ұлғайған – ортаңғы бұғана сызығы бойынша. АҚ – 200/120 мм с.б.б. Қан анализінде: Нв-70 г/л, лейк.-13,8 мың, ЭТЖ -40 мм/с. Зәр анализінде: салм. – 1005, белок - 5 г/л, лейк.-608 к/а., эр-ттер – 5-7 көру алаңында.

  1. Сіздің клиникалық диагнозыңыз?

  2. Қандай биохимиялық көрсеткіштерді зерттеу қажет?

  3. Сіздің емдеу тактикаңыз?

Есеп 9

Науқас К. 29 жаста, ентігуге, бас ауруға, аяқтарының ісінуіне шағымданып түсті. Анамнезінде:ауырғанына 4 жылдай болды. Баспадан кейін ауруы өршіді. Объективті: беті ісіңкі, бозарыңқы. Қабақтары пастозды. Аяқтары мен бел аймағы аздап ісінген. АҚ – 160/100 мм с.б.б.. қан анализінде: Нв-110 г/л, лейк.-7,4 мың, ЭТЖ -35 мм/с. Зәр анализінде: салм.- 1020, белок – 4,0г/л, лейк. - 5-6 көру алаңында, эр-ттер – 8-10 к/а., дәнді цилиндрлер -2-4 к/а.

  1. Сіздің клиникалық диагнозыңыз?

  2. Емдеу тактикасын және аурудың ақырын анықтау үшін қандай зерттеулер жүргізу қажет?

  3. Патогенетикалық терапия тағайындаңыз.

Есеп 10

Науқас 30 жаста, бас ауруына, бас айналуына, әлсіздікке шағымданып түсті. Балалық шағында жиі баспамен ауырған. 16 жасында зәрінде алғаш рет белок анықталған. Бір жылдан кейін АҚ жоғарлайтын болды, бас ауру пайда болды. Жүрек шекаралары солға ығысқан, сол – ортаңғы бұғана сызығынан сыртқа 1,0 см. АҚ -210/100 мм с.б.б. ЖСЖ -88 мин. Іші пальпация кезінде жұмсақ, ұрғылау симптомы екі жақтада теріс. Қан анализінде: Нв – 100г/л, ЭТЖ-30 мм/с, креатинин -0,09 ммоль/л. Зәр ан.: салм.- 1018, белок – 2,3 г/л, лейк.-5-8 к/а., эр-25-30 көру алаңында, гиалинді цилиндрлер -2-3 көру алаңында.

1. Сіздің диагнозыңыз?

  1. Науқасқа зәрдің қандай функциональды сынамаларын жүргізу керек?

  2. Патогенетикалық ем тағайындаңыз.