- •1. Тақырыбы: «ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы»
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ берудің әдістері (шағын топтар, дискуссиялар, ситуациялық есептер, жұбпен жұмыс жасау, презентациялар, кейс-стадиялар және т.Б.)
- •Әдебиеттер:
- •7. Қорытынды (сұрақтар, тесттер, тапсырмалар және т.Б.)
- •«Ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдалу синдромы» тақырыбы бойынша курс студенттері үшін тестік тапсырмалар
- •«Ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдалу синдромы» тақырыбы бойынша курс студенттері үшін тестік тапсырмалар
- •«Ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы» тақырыбы бойынша ситуациялық есептер
- •Информациондық блок «ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы»
- •Протеинурияның негізгі себептері:
- •Гематурия анықтау:
- •Гематурияның клиникалық варианттары:
- •Гематуриямен ауыратын науқастардың барлығына көрсеткіш:
- •Нефротикалық синдромның негізгі себептері:
- •Гипертониялық синдром
- •Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің классификациясы (с.И.Рябов, 2000)
- •1. Диета.
- •4. Гипертензияны бақылау.
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздінің орынбасу терапия әдістері:
- •Еңбекке жарамсыздық сараптамасы
- •Сбж компенсация сатысы (д III)
- •Созылмалы пиелонефрит кезіндегі зерттеу бағдарламасы
- •Сп өршуінің диагностикалық критерилері:
- •Пиелонефриттердің және зәртас ауруының емі
- •Антибактериальды терапия ұстанымдары:
- •Созылмалы пиелонефрит емінің ұстанымдары:
- •Рецидивке қарсы ем
- •Санаторлы-курорттық ем
- •Диспансеризация
- •Зәртас ауруы немесе жарақат бойынша нефроэктомиядан кейінгі жағдай (д II)
- •Созылмалы пиелонефриті бар жүкті әйелдерді жүргізу жоспары
- •Уақытша еңбекке жарамсыздық уақыты
- •Жедел гломерулонефрит
- •Жгн емдеу:
- •Дәрігер терапевт пен нефролог диспансеризациясына жататын адамдарды динамикалық бақылау кестесі
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Гломерулонефриттің морфологиялық классификациясы (Серов в.В., 1980)
- •Созылмалы гломерулонефриттің клиникалық классификациясы ( и.Е.Тареева, 1995)
- •Диагностикасы
- •Стационарға жолдағандағы жүргізілетін зерттеулер:
- •Созылмалы гломерулонефрит емінің алгоритмі
- •Сгн медикаментозды терапиясы
- •Еңбекке жарамдылық сараптамасы
- •Диспансеризациясы
Диагностикасы
Аурудың диагнозын гломерулонефриттің негізгі клиникалық көріністеріне негіздеп қояды: себепсіз тұрақты байқалатын зәрлік синдром (протеинурия, гематурия)ауру ұзақтығы 1-1,5 жыл;
Себепсіз болатын ісіну мен артериальды гипертония.
Стационарға жолдағандағы жүргізілетін зерттеулер:
ЖҚА
ЖЗА
Қанның биохимиясы: креатинин, мочевина, жалпы белок, альбумин, трансаминазалар, тимол сынамасы және билирубин.
бүйрек УДЗ
ШФЖ анықтау формуласы (жас пен салмаққа байланысты Кокрофт-Голт формуласы, 12 жастан кішілерге қолданылмайды):
(140-жасы жыл бойынша х салмағы (кг) х К
ШФЖ, мл/мин=-------------------------------------------------------
0,82 х сарысудағы креатинин (мкмоль/л)
К (ер кісі үшін 1,0, ал әйелдер 0, 85)
Диагнозды дәлелдеу үшін комплексті клинико-лабораторлық, рентгеноурологиялық, радиоизотоптық зерттеулер жүргізіледі.
Бүйректің пункционды биопсиясы диагностикалық әдістердің шншушісі болып табылады.
Мембранозды ГН кезінде ошақтық және диффуздық қалыңдаулар, шумақша капиллярлардың базальды мембраналарының ісінуі және ыдырауы және оларға иммуноглобулиндердің, комплементтер мен фибриннің жабысуы байқалады.
Мезангиальді вариант: оның пайда болуы мезангииге және шумақша капиллярлар эндотелий астына иммунды комплекстердің жиналуымен және оған мезангия реакцияларының болуымен түсіндіріледі.
Мезангиальді ГН бөлінеді: мезангиомембранозды (үлкен емес өзгерістер, мезангиальды жасушалардың ұлғаюы),
мезангиокапиллярлы (капмллярлар қабырғасының қалыңдауы және ыдырауы, мезангиальді жасушалардың пролиферациясы), лобуляры (мезангиальді жасушалардың пролиферациясы, капиллярлардың шетке қарай ығысуы, қантамыр бөлік орталығының гиалинозы).
Фокальді-сегментарлы ГН – жалғыз жағдай, гломерулосклероз юкстамедуллярлы нефрондарда басталады. Процесс жеке шумақшаларда дамиды, оларда склероздану жеке сегменттерде болады.
Фибропластикалық – шумақша ілмек капиллярларындағы склероз, капсуланың қалыңдауы және склерозы, ілмек қантамырларымен капсулада өсінділер түзілуі.
Ағымы және болжамы. СГН ағымы ұзақ уақытқа созылатын ремиссия және өршу кезеңдерімен кезектесіп жүретін ауру. СГН латентті және гематуриялық түрлері басқаларына қарағанда қатерсіздігімен және баяу ағымдылығымен ерекшеленеді: компенсация сатысы көп жылдарға дейін, кейде 10 жылға дейін созылады. Ал СГН-нің ауыр және тез үдемелі ағымына аралас түрі жатады: ауру басталғаннан 5-7 жылдан кейін, кейде ертерек СБЖ-інің лабораторлық және клиникалық белгілері көріне бастайды. СГН нефротикалық түрі қатерсіздік ағымы бойынша латентті түрінен кейін тұрады. Гипертониялық түрі кезінде компенсация сатысының ұзақтығы 10-30 жылдар аралығында созылады. СГН үдемелігі бойынша тез үдемелі және баяу үдемелі болып бөлінеді. Тез үдемелі кезінде компенсация сатысы орташа шамамен 2-ден 3-5 жылға дейін созылады. Ал баяу үдемелі кезінде ұзағырақ болады, СГН басқа клиникалық түріне ауысуы мүмкін.
Аурудың үдеуі оның соңғы сатысы – СБЖ-нің дамуына әкеледі. Ол өз кезегінде азотемиялық уремияға өтеді.
Емі
Емнің мақсаты:
- рецидивті өз уақытысында диагностикалау және үрдістің белсенділігін басу (иммуносупрессивті терапия)
- диуретикалық
-антигипертензивті, нефропротективті терапия
- бүйрек жеткіліксіздігінің көріністерін жою
-жүргізілген терапияның тиімділігін динамикада бақылау, терапияның асқынуын және токсикалық белгілерін өз уақытысында диагностикалау.
СГН рецидиві болып жатқан науқастарды міндетті түрде госпитализациялау керек. Оларға төсектік режим міндетті, оның ұзақтығы асқыну симптомдарының айқындылығына және бүйрек функциясының жағдайына байланысты болады.
