- •1. Тақырыбы: «ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы»
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ берудің әдістері (шағын топтар, дискуссиялар, ситуациялық есептер, жұбпен жұмыс жасау, презентациялар, кейс-стадиялар және т.Б.)
- •Әдебиеттер:
- •7. Қорытынды (сұрақтар, тесттер, тапсырмалар және т.Б.)
- •«Ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдалу синдромы» тақырыбы бойынша курс студенттері үшін тестік тапсырмалар
- •«Ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдалу синдромы» тақырыбы бойынша курс студенттері үшін тестік тапсырмалар
- •«Ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы» тақырыбы бойынша ситуациялық есептер
- •Информациондық блок «ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы»
- •Протеинурияның негізгі себептері:
- •Гематурия анықтау:
- •Гематурияның клиникалық варианттары:
- •Гематуриямен ауыратын науқастардың барлығына көрсеткіш:
- •Нефротикалық синдромның негізгі себептері:
- •Гипертониялық синдром
- •Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің классификациясы (с.И.Рябов, 2000)
- •1. Диета.
- •4. Гипертензияны бақылау.
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздінің орынбасу терапия әдістері:
- •Еңбекке жарамсыздық сараптамасы
- •Сбж компенсация сатысы (д III)
- •Созылмалы пиелонефрит кезіндегі зерттеу бағдарламасы
- •Сп өршуінің диагностикалық критерилері:
- •Пиелонефриттердің және зәртас ауруының емі
- •Антибактериальды терапия ұстанымдары:
- •Созылмалы пиелонефрит емінің ұстанымдары:
- •Рецидивке қарсы ем
- •Санаторлы-курорттық ем
- •Диспансеризация
- •Зәртас ауруы немесе жарақат бойынша нефроэктомиядан кейінгі жағдай (д II)
- •Созылмалы пиелонефриті бар жүкті әйелдерді жүргізу жоспары
- •Уақытша еңбекке жарамсыздық уақыты
- •Жедел гломерулонефрит
- •Жгн емдеу:
- •Дәрігер терапевт пен нефролог диспансеризациясына жататын адамдарды динамикалық бақылау кестесі
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Гломерулонефриттің морфологиялық классификациясы (Серов в.В., 1980)
- •Созылмалы гломерулонефриттің клиникалық классификациясы ( и.Е.Тареева, 1995)
- •Диагностикасы
- •Стационарға жолдағандағы жүргізілетін зерттеулер:
- •Созылмалы гломерулонефрит емінің алгоритмі
- •Сгн медикаментозды терапиясы
- •Еңбекке жарамдылық сараптамасы
- •Диспансеризациясы
Әдебиеттер:
Негізгі:
Руководство по первичной медико-санитарной помощи + СD/ под ред. А.А.Баранова, И.Н.Денисова, А.Г Чучалина. – М., 2006. – 1584 с.
Практическое руководство для врачей общей (семейной) практики /под ред.
академика РАМН И.Н. Денисова. – М.: ГЭОТАР-МЕДИЦИНА, 2001. – 720 с.
3. Сторожаков Г.И., Чукаева И.И., Александров А.А. Поликлиническая терапия. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007. – 704 с.
Қосымша:
1. Денисов И.Н., Мовшович Б.Л. Общая врачебная практика: внутренние болезни-интернология. М., 2001
2. Полный справочник участкового терапевта /Под ред. Елисеева Ю.Ю.- М.: Изд-во Эксмо, 2003. – 896 с.
3. Поликлиническая терапия./ Под ред. В.А.Галкина – М.: Медицина, 2000. – 256 с.
4. Внутренние болезни /Под ред. Мартынова А.И., Мухина Н.А., Моисеева В.С.-М.:Мэотар-Мед., 2004.-т.1.-600с.
5. Мухин Н.А., Тареева И.Е. Диагностика и лечение болезней почек.- М.: Мед., 1985. – 240с.
6. Нефрология: Руководство для врачей./ Под ред. Тареевой И.Е. - М.:Мед., 2001.-688с.
7. Окороков А.Н. Диагностика болезней внутренних органов: Т.5-М.: Мед. Лит., 2003. – 512с.
8.Окороков А.Н. Лечение болезней внутренних органов: Т.2-М.: Мед. Лит., 2000. – 608с.
9. Руководство по нефрологии: Пер. с англ./ Под ред. Дж. А. Витворд, Дж.
Лоренса. – М.: Мед., 2000. – 480с.
10. Шулутко Б.И., Макаров В.С. Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. – Спб.: Эрба, 2004 – 815 с.
Экстрагенитальные заболевания и беременность: лекции/Под ред. Дощановой А.М.-Алматы, 2001.-76 с.
Шехтман М.М. Руководство по экстрагенитальной патологии у беременных. М.,1999.-815 с
Хабижанова В.Б. Хронический пиелонефрит. Учебное пособие. – Алматы, 2005. – 71 с.
7. Қорытынды (сұрақтар, тесттер, тапсырмалар және т.Б.)
Зәр шығару жүйесінің зақымдануының негізгі клиникалық синдромындарын атаңыз;
Зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы этиологиясының, патогенезінің және қауіп қатер факторларының қазіргі заманғы көзқарастары;
Созылмалы пиелонефриттің, жедел және созылмалы гломерулонефриттің жіктелуі;
Зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромының жасына және жынысына байланысты клиникалық көрінісінің ерекшілік ағымы;
Амбулаторлы жағдайда зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромын диагностикалау;
Амбулаторлы жағдайда зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромын емдеудің жаңа тактикасы;
Созылмалы пиелонефрит, зәр тас ауруы, жедел және созылмалы гломерулонефрит кезіндегі дәрігерлік еңбектік сараптама және динамикада бақылау.
«Ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдалу синдромы» тақырыбы бойынша курс студенттері үшін тестік тапсырмалар
Нұсқа -1
1. Созылмалы пиелонефрит кезіндегі зәрлік синдромға тән:
A) лейкоцитурия
B) протеинурия
C) гематурия
D) гиперстенурия
E) цилиндрурия
2. Бактериурияның қайсы дәрежесі шынайыға жатады:
A) 1 мл зәрдегі 1000 микробтық денелер
B) 1 мл зәрдегі 500 микробтық денелер
C) 1 мл зәрдегі 10 000 микробтық денелер
D) 1 мл зәрдегі 100 000 микробтық денелер
E) 1 мл зәрдегі 500 000 микробтық денелер
3. Нефротоксикалық әсері ең төменгі антибактериальды заттарды атаңыз:
A) аминопенициллиндер
B) карбопенемдер
C) сульфаниламид препараттары
D) аминогликозидтер
E) тетрацилиндер
4. Қайсы синдромға мына триада тән: гематурия, ісінулер, артериальды гипертензия?
А) зәрлік
В) гипертензионды
С) нефротикалық
D) жедел нефритикалық
Е) шумақтық бұзылыстар
5. Қайсы нозологияға урограммадағы келесі өзгерістер тән: ассиметриялық зақымдану, тостағаншалардың, шумақшаның және зәрағардың жоғарғы үштен бір бөлігінің кеңеюі:
A) жедел гломерулонефрит
B) созылмалы гломерулонефрит
C) созылмалы пиелонефрит
D) зәртас ауруы
E) бүйрек амилоидозы
6. Диабетикалық нефропатиямен және бүйрек қызметінің бұзылуымен ауыратын науқаста екіншілік пиелонефрит дамыды. Зәрдің егіндісінен E. Соli өсті.
Антибактериальды терапияны таңдаңыз:
A) гентамицин
B) амоксиклав
C) тетрациклин
D) линкомицин
E) эритромицин
7. Нефротикалық синдромның дамуына жиі алып келетін себептерді таңдаңыз:
А) гломерулонефрит
В) пиелонефрит
С) зәртас ауруы
D) туберкулез
Е) интерстициальды нефрит
8. Жедел пиелонефритке тән:
A) айқын гематурия, эритроцитарлы цилиндрлер
B) екі жақтық бел аймағындағы ауру сезімі
C) диспептикалық синдром
D) айқын протеинурия
E) аурудың басталуы бір жақтық бел аймағындағы ауру сезімімен, жоғары қызбамен, жүрек айнумен, құсумен сипатталады
9. Созылмалы гломерулонефритті диагностикалау үшін жүргізу қажет:
A) жалпы қан анализі
B) зәрді себу
C) көктамырішілік урография
D) қанды себу
E) бүйрек биопсиясы
10. Созылмалы пиелонефриттің рецидивке қарсы негізгі емініне жатады:
A) диуретиктер
B) антиагреганттар
C) СҚҚП
D) антибактериальді препараттар, әр айда ауыстыру арқылы
E) допегит
11. Жедел гломерулонефритті глюкокортикоидтармен емдеуге көрсеткіш:
A) циклдық түрі
B) нефротикалық түрі
C) гипертониялық түрі
D) бүйрек көктамырының тромбозеы
E) жедел бүйрек жеткіліксіздігі
12. Қай ауру үшін Нечипоренко бойынша зәр сынамасы тән: лейкоциттер-25 000, эритроциттер-600, цилиндрлер – 0?
A) бүйрек ісігі
B) жедел гломерулонефрит
C) созылмалы гломерулонефрит, өршуі
D) созылмалы пиелонефрит, өршуі
E) бүйрек амилоидозы
13. Нефролитиаздың клиникалық көрінісі болып табылады:
A) бел аймағындағы шап аймағына, санға берілетін ауру сезімі
B) ісінулер
C) цилиндрурия
D) массивті протеинурия
E) терінің қышуы
14. Гломерулонефриттің тез үдеуі байқалады:
A) макрогематурии
B) нефротикалық синдромда
C) нефритикалық синдромда
D) артериальды гипертензияда
E) АГ нефротикалық синдроммен қосарласуында
15. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде терінің қара және сарғыш боялуы неге байланысты:
A) тікелей билирубиннің жоғарлауы;
B) тікелей емес билирубиннің жоғарлауы;
C) урохромдардың бөлінуінің бұзылысы;
D) билирубин конъюгациясының бұзылысы;
E) билирубин секрециясының бұзылысы
16. Жедел нефритті өткергеннен кейінгі диспансерлік бақылау уақытын көрсетіңіз:
A) 1 жыл
B) 2 жыл
C) 3 жыл
D) 4 жыл
E) 5 жыл
17. Қызыл жегілік нефрит пен нефротикалық синдромның дифференциальды диагностикасында шешуші болып табылады:
A) протеинурия 3,5 г/л жоғары;
B) жалпы қан анализі;
C) ДНҚ антиденелердің табылуы;
D) бүйрек УДЗ;
E) артериальды гипертензия.
18. Науқас А., 42 жаста, ЖЗА- де салыстырмалы тығыздығы 1008, белок 5, 6 г/л, лейкоциттер 5-7 көру алаңында, эритроциттер 7-10, цилиндрлер гиалинді 1-2, дәнді – 8.
Қай ауруға тән?
A) жедел пиелонефрит;
B) жедел гломерулонефрит;
C) бүйрек кистасы;
D) созылмалы гломерулонефрит;
E) созылмалы пиелонефрит.
19. Науқас А. 35 жаста шаршағыштыққа, бел аймағындағы тұйық ауру сезіміне, жиі ауру сезіммен зәрдің бөлінуіне, зәрдің лайлы болуына шағымданады. Ауырғанына бір жылдай болды, алғаш рет ауру сезімі оң жақ бел аймағында пайда болды. Амбулаторлы емделді, фурагин, спазмолитиктер қабылдады. Зәр анализінде әрдайым лейкоцитурия, бактериурия анықталды.
Дұрыс дипгнозды таңдаңыз.
A) Жедел пиелонефрит
B) Созылмалы пиелонефрит өршуі
C) Созылмалы гломерулонефрит өршуі
D) Жедел гломерулонефрит
E) Созылмалы тубулоинтерстициальды нефрит
20. Төменде көрсетілген анемияның қай түрі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде жиі кездеседі:
A) В12–тапшылықты
B) апластикалық
C) гипорегенераторлы
D) фолий тапшылықты
E) аутоиммунды гемолитикалық
21. Жүктілік нефропатиясын өткерген босанған кейін әйелдердің диспансерлік есеп уақыты?
А) 6 ай
В) 1 жыл
С) 2 жыл
D) 3 жыл
Е) 5 жыл
22. Зәр тас ауруының жиі асқынуы:
A) бүйрек поликистозы
B) пиелонефрит
C) гломерулонефрит
D) бүйрек ісігі
E) бүйрек амилоидозы
23. Бүйректер орналасқан:
A) іш құрсағының жоғарғы қабатында
B) іш құрсағының ортаңғы қабатында
C) іш құрсағының артында
D) іш құрсағының бүйірінде (латеральных каналах)
E) кіші жамбаста
24. Созылмалы пиелонефрит кезіндегі нефросклероз жиі:
A) симметриялы
B) асимметриялы
C) паренхима эхогенділігінің зақымдалуымен жүреді
D) бүйректің гидронефротикалық трансформациясымен жүреді
E) бүйрек мөлшерінің ұлғаюымен және бүйрек синустарының эхогенділігінің жоғарлауымен жүреді
25. Қай препарат хинолондар тобына жатады?
A) невиграмон
B) абактал
C) фурагин
D) ципробай
E) палин
