- •1. Тақырыбы: «ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы»
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ берудің әдістері (шағын топтар, дискуссиялар, ситуациялық есептер, жұбпен жұмыс жасау, презентациялар, кейс-стадиялар және т.Б.)
- •Әдебиеттер:
- •7. Қорытынды (сұрақтар, тесттер, тапсырмалар және т.Б.)
- •«Ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдалу синдромы» тақырыбы бойынша курс студенттері үшін тестік тапсырмалар
- •«Ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдалу синдромы» тақырыбы бойынша курс студенттері үшін тестік тапсырмалар
- •«Ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы» тақырыбы бойынша ситуациялық есептер
- •Информациондық блок «ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы»
- •Протеинурияның негізгі себептері:
- •Гематурия анықтау:
- •Гематурияның клиникалық варианттары:
- •Гематуриямен ауыратын науқастардың барлығына көрсеткіш:
- •Нефротикалық синдромның негізгі себептері:
- •Гипертониялық синдром
- •Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің классификациясы (с.И.Рябов, 2000)
- •1. Диета.
- •4. Гипертензияны бақылау.
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздінің орынбасу терапия әдістері:
- •Еңбекке жарамсыздық сараптамасы
- •Сбж компенсация сатысы (д III)
- •Созылмалы пиелонефрит кезіндегі зерттеу бағдарламасы
- •Сп өршуінің диагностикалық критерилері:
- •Пиелонефриттердің және зәртас ауруының емі
- •Антибактериальды терапия ұстанымдары:
- •Созылмалы пиелонефрит емінің ұстанымдары:
- •Рецидивке қарсы ем
- •Санаторлы-курорттық ем
- •Диспансеризация
- •Зәртас ауруы немесе жарақат бойынша нефроэктомиядан кейінгі жағдай (д II)
- •Созылмалы пиелонефриті бар жүкті әйелдерді жүргізу жоспары
- •Уақытша еңбекке жарамсыздық уақыты
- •Жедел гломерулонефрит
- •Жгн емдеу:
- •Дәрігер терапевт пен нефролог диспансеризациясына жататын адамдарды динамикалық бақылау кестесі
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Гломерулонефриттің морфологиялық классификациясы (Серов в.В., 1980)
- •Созылмалы гломерулонефриттің клиникалық классификациясы ( и.Е.Тареева, 1995)
- •Диагностикасы
- •Стационарға жолдағандағы жүргізілетін зерттеулер:
- •Созылмалы гломерулонефрит емінің алгоритмі
- •Сгн медикаментозды терапиясы
- •Еңбекке жарамдылық сараптамасы
- •Диспансеризациясы
Гломерулонефриттің морфологиялық классификациясы (Серов в.В., 1980)
- мезангиальды гломерулонефрит (мезангиопролиферативті, мезангиокапиллярлы, лобулярлы);
- фокальді-сегментарлы;
- мембранозды;
- фибропластикалық;
- шумақшалардың минимальді өзгерісі
Созылмалы гломерулонефриттің клиникалық классификациясы ( и.Е.Тареева, 1995)
Клинилық түрлері:
Нефротикалық гломерулонефрит
Латентті гломерулонефрит немесе созылмалы гломерулонефрит
Ошақтанған зәр синдромымен
Гематуриялық гломерулонефрит
Гипертониялық гломерулонефрит
Аралас гломерулонефрит
Фазлары:
Өршу
Ремиссия
Бүйректің функциональды жағдайы (СБЖ сатысы)
Клиникасы. СГН клиникалық көрінісі әртүрлілігімен сипатталады. Аурудың өршуінің клиникасы ЖГН ұқсас. СГН ремиссия кезеңіндегі клиникалық көрінісі аурудың клиникалық түріне тәуелді. Бұл патологияның 5 негізгі клиникалық түрін ажыратады.
Латентті түрі (зәр синдромымен шектелген) зәр синдромы айқын емес немесе орташа түрде көрінеді: протеинурия көбіне 1 г/л аспайды, сирек 2 г/л жетеді (бірақ, 3 г/л аспайды), гематурия – көру алаңында эритроциттердің 5-10-нан 30-50-ге дейін болуы. Бұл түрі жиі кездеседі және СГН клиникалық түрлері ішіндегі ең қатерсізі.
Нефротикалық түрі (нефротикалық синдром) шектелген зәр синдромына қарағанда сиректеу кездеседі. Оның негізгі белгісі: массивті протеинурия (3-3,5 г/тәу. жоғары), гипо- және диспротеинемия, гиперлипидемия (гиперхолестеринемия) және ісіну.
Гипертониялық түрі. Көріністегі басты белгі – айқын емес зәр синдромы кезіндегі гипертензия және ісінудің болмауы. СГН бастапқы сатысынан бастап-ақ АҚ шамалы жоғарлайды, кейіннен АҚ біршама жоғарлайды және тұрақтыға айналады. Осымен гипертониялық түрі гломерунефриттің басқа барлық клиникалық түрлерінің кеш сатысында, СБЖ дамығандағы болатын симтоматикалық гипертензиядан ерекшеленеді. АҚ жиі 160/100 мм с. б. б, сирек 180/110 мм с. б.б., кей жағдайда 200/115-250/120 мм с. б.б. жетуі мүмкін. Клиникада, рентгеннологияда және ЭКГ-да – сол қарынша гипертрофия белгісі, көз торы қан тамырының өзгерісі, кеш сатыларды – нейроретинопатия анықталады.
Аралас түрі-нефротикалық және гипертониялық синдромдардың қосарлауымен сипатталады. Кей жағдайда бір синдром екіншісінен басым болады, бірақ жиі екі синдромда бір уақытта пайда болады, нефротикалық синдромның клиникалық көрінісі айқын көрінеді және АҚ айқын жоғарлайды. СГН басқа түрлерімен салыстырғанда сирек кездеседі, бірақта осы ауруларға тән симптомдармен көрінеді (гипертензия, ісіну, айқын зәр синдромы).
Гематуриялық түрі-айқын және тұрақты гематуриямен, ісіну және гипертензия болмаған кездегі айқын емес протеинуриямен ерекшелінеді. Гематурия жоғары дәрежеге дейін жетуі мүмкін және макроскопиялық гематурияға (макрогематурия) анықталады. СГН гематуриялық түрі диагнозы, тек гематурияның басқа себептері (форникалды қан кету, бүйрек және қуық ісігі, қуықтың полипі, зәр тас ауруы т.б.) шектелгенде ғана қойылады. СГН гематуриялық түрін бүйректің жеке нозологиялық ауруы - IgA-нефропатия (Берже ауруы) ажырату керек. IgA-нефропатия (Берже ауруы) жиі жас ер адамдарда кездеседі, оның патогенезі бүйректің шумақшаларында IgA қатысуымен иммунды комплекстердің жиналуымен түсіндіріледі; клиникасы гематурия макрогематурия эпизодтарымен, қатерсіз ағыммен және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне сирек әкелуімен сипатталады.
Жеделдеу (қауіпті) гломерулонефрит нефротикалық синдромның артериальды гипертониямен қосарласуымен, бірнеше ай ішінде СБЖ дамуының тез үдемелігімен сипатталады.
Жүктілердегі нефропатия негізінен жүктіліктің екінші жартысында дамиды және әлсіз зәр синдромымен, сонымен қатар зәр синдромынан басқа ісіну және гипертензия байқалады. Егер осы патологиялық белгілер алғаш рет пайда болып және босанғаннан кейін немесе жүктілікті үзгеннен кейін жойылса, онда бұл жүктілік кезіндегі нефропатия. Егер зәрдегі өзгерістер (протеинурия, гематурия, цилиндрурия), кейде ісіну және гипертензия жүктілік аяқталғаннан кейін де сақталса, онда ол жүктілік нефропатиясының созылмалы гломерулонефритке көшкенін немесе созылмалы гломерунефриттің жүктілікке дейін болғанын, және оның жүктілік кезіндегі өршігенін көрсетеді. Шумақтық фильтрацияның және бүйректің концентрациялық функциясының төмендеуі СГН дәлелдей түседі.
