Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 МР ПЗ (гос).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
307.98 Кб
Скачать

Дәрігер терапевт пен нефролог диспансеризациясына жататын адамдарды динамикалық бақылау кестесі

ЖГН ауырып тұрғаннан кейінгі жағдай (Д-111)

  • Жылына 4 рет, 2 жыл бойы, терапевт.

  • Нефролог, акушер-гинеколог, стоматолог, ЛОР, окулист, уролог – жылына 1 рет,

көрсеткіштер бойынша – жиі.

  • ЖҚА – жылына 4 рет, ЖЗА– жылына 4 рет.Зимницкий бойынша зәр анализі – көрсеткіштер бойынша,меншікті салмағы төмендегенде1015 аз болғанда. Биохимия (жалпы белок, оның фракциялары, холестерин, мочевина, креатинин) – жылына 2 рет.

  • Созылмалы инфекция ошақтарын санациялау. Режим. Санаторлы-курорттық ем.

  • Бүйректер қызметінің бұзылыстарының болмауы. Еңбекке жарамсыздық жоқ

  • Д11тобына ауыстыру.

Созылмалы гломерулонефрит

 Созылмалы гломерулонефрит (СГН) – көбіне бүйрек шумақшаларының зақымдалуымен жүретін, кейіннен басқа да құрылымдық элементтерін зақымдайтын, сонымен қатар үздіксіз үдей отырып СБЖ дамуына алып келетін иммунды генезді бүйректің қабыну ауруы.

Этиологиясы. СГН жиі ЖГН өз уақытысында диагностикалап, емдемеу нәтижесінде дамиды, сондықтан ЖГН шақыратын себептер СГН этиологиясына жатады. ЖГН-тің СГН-ке өтуін қамтамасыз ететін факторларға қайталап салқындау, әсіресе ылғалды суықтын әсері, стрептококктық және басқа инфекция ошақтарының болуы немесе өршуі, жұмыстағы және тұрмыстағы қолайсыз жағдайлар, жарақаттар, алкогольды қолдану т.б. жатады. ЖГН-ке байланыссыз дамитын біріншілік созылмалы гломерулонефрит түсінігі сақталған, бұл варианттың этиологиясын анықтау көбіне мүмкін емес (10-15% жағдайда). Оның себебі бактериальды, вирусты инфекциялар, көптеген дәрілік препараттардың әсері (алтын, D-пеницилламин, каптоприл, антибиотиктер т.б.), вакциналарды және сарысуларды қайталап енгізу, жәндіктердің шағуы, гүл шаңына сенсибилизация, созылмалы алкоголь интоксикация және т.б. болу мүмкін.

Патогенезі. Науқастардың қанынан бүйрекке қарсы аутоантиденелердің табылуы, глюкокортикостероидты гормондардың және иммунодепресанттардың эффективтілігі, сонымен қатар шумақтық капиллярлардың базальды мембранасында иммуноглобуриндердің M және G, комплементерден туратын, депозиттер түріндегі иммундық комплекстердің анықталуы аурудың иммундық генезді екенін дәлелдей түседі. Соңғысы шумақшаның базальды мембранасын зақымдайды және шумақшадағы қабыну реакциясын қоздырады (ЖГН қараңыз). Иммунды емес факторлардан гиперкоагуляция, қантамыр ішілік ұю, шумақтық капиллярларға фибриннің және оның ыдырау өнімдерінің түсуі, сонымен қатар қандағы кинин, гистамин, серотонин, ренин және простагландин деңгейлерінің жоғарлауы т.б. маңызды. Гемостаз және фибринолиз жүйесінің бұзылуы – СГН-нің дамуы мен үдеуінде патогенетикалық маңызды роль атқарады.

Бүйректің пункциялық биопсия көмегімен гломерунефриттің гистоморфологиялық әр түрлі түрлерін ажыратады. Гистоморфологиялық түріне қарап аурудың ақырын (прогноз) және рациональды терапияны анықтаймыз.

ГН классификациясы: