Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 МР ПЗ (гос).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
307.98 Кб
Скачать

Жгн емдеу:

  • Міндетті түрде нефрологиялық бөлімге госпитализациялау;

  • Сұйықтық пен натрий шектелген диета;

  • Пенициллин қатарындағылармен антибиотиктерапия 7-10 күн;

  • Диуретиктер (фуросемид, урегит);

  • Гипотензивті препараттар (коринфар, АПФ тежегіштері);

  • Антиагреганттар (курантил 225-400 мг/тәу);

  • Кортикостероидтар (преднизолон 1мг/кг дене массасына) нефротикалық синдром дамыған кезде.

ЖГН ауыратын барлық науқастар нефрологиялық немесе терапевтік бөлімшелерге жатқызылуы тиіс. Төсектік режим 2-4 аптадан кем емес тағайындалады, диета, негізгі ұстанымы – жеткілікті каллориялы және дәрумендермен, тұзды ( аурудың басында 2-3 г/тәу. артық емес), сұйықтықты шектеу (ауыр жағдайларда 400-600 мл/тәу.дейін). Кейіннен тағамдағы тұз бен сұйықтық мөлшері диурез, АҚ деңгейі, ісінудің болуы арқылы мөлшерленеді; бірақта ұзақ уақыт бойы (2-3 ай немесе одан көп) аз тұзды (6-8 г тұз тәулігіне) диета ұсынылады. Белок тәуліктік рационда 1 г/кг масса есебімен, ауыр жағдайда - 0,5-0,6 г/кг есебімен беріледі. Гиперазотемия кезінде ғана белокты шектен тыс шектеу тағайындалады. Симптоматикалық медикаментозды терапия ГН бүйректен тыс көріністерін (ісіну, гипертензия, жүрек жеткліксіздігі) жоюға бағытталады.

Ісіктік синдромды жою үшін диуретиктер (зәрайдағыштар) ұсынылады: гипотиазид 50-100 мг, фуросемид 40-80 мг, лазикс ішке немесе парентеральді 40-80-120 мг, урегит 50-100 мг, альдактон 200-300 мг/тәу және басқа. Тиімді диуретикалық әсер алу үшін 2-3 препаратты қосарластырып тағайындайды, мысалы гипотиазидті фуросемидпен бірге. Тұрақты қайтымсыз нефротикалық ісіну кезінде вена ішіне қан плазмасын, альбумин, осмодиуретиктер - маннитол (20 % 200-300 мл ерітіндісін тамшылатып 3-5 күн қатарынан), полиглюкин ерітіндісін (300-500 мл), лазикстің үлкен дозасын - 300-500 мг/тәу дейін. Жақсы диуретикалық әсер, бұл жағдайда гепарин береді, ЖГН негізінде дамыған нефротикалық синдромның емінде патогенетикалық зат ретінде қолданылады. Зәр айдайтындарды ұзақ уақыт қолданғанда калий препараттарын (калий оротат, панангин, аспаркам, калий хлориді) немесе калий иондарымен бай тағамдар (кептірілген жемістер, изюм, өрік, күріш, тазартылмаған картоп және т.б.) тағайындалады.

Олигурияны және ЖГН кезіндегі ЖБЖ емдеу басқа жолмен дамуыған ЖБЖ терапиясынан ерекшеленбейді. Алдымен үлкен дозада лазикс ( 300ден 1000 мг в/і дейін тәулігіне), гепарин (20-30 мың БР/тәу), антиагреганттар қолданылады, әсері болмаған кезде науқастарды гемодиализге ауыстырады.

Аурудың басында ЖГН стрептококкты этиологиялы болуына байланысты нефротоксикалық әсері жоқ антибиотиктер (пенициллин, оксациллин, эритромицин, олеандомицин) қолданылады, оптимальді терапевтикалық дозада 10-14 күндей. Сульфаниламид препараттарын, нитрофуран қатарындағы препараттарды тағайындау ұсынылмайды.

ЖГН иммунды генезді болуына байланысты патогенетикалық медикаментозды терапия заттары мен әдістері қолданылады (глюкокортикостероидтар, иммунодепрессанттар, антикоагулянттар және басқа). Глюкокортикостероидтық гормондарды (преднизолон, метилпреднизолон), әсіресе нефротикалық синдром кезінде, сонымен қатар ЖГН созылыңқы ағымында және симптоматикалық терапиядан әсер болмаған жағдайда қолдану тиімді. Бұл препараттардың әсерінен диурез көбейеді, ісіну кетеді, зәрлік синдром толық жойылады немесе төмендейді, қан сарысуындағы белоктық құрам жақсарады, гиперхолестеринемия төмендейді. Оларды қолданудың қарсы көрсеткіштеріне айқын гипертензивті синдром жатады, өйткені олардың өздері де АҚ жоғарлататын қабілетке ие.

Преднизолонның оптимальді тәуліктік дозасы - 60-80 мг - 4-6 күн ішінде жетеді, 10-20 мг бастайды, 3-4 апта қолданылады, сосын біртіндеп төмендетіп ( 2,5-5 мг әр 2-3 күнде)ғ алып тастайды. Емдеу курсы - 4-6 апта, қажет болған жағдайда 3-6 айдан кейін қайталайды. Емдеу инфекция ошақтарын жойғаннан кейін антибиотиктерді, калий препараттарын, антацидтерді, анаболикалық гормондарды, диетада ас тұзын шектеу, қарсы көрсеткіштер мен мүмкін болатын асқынуларды ескере отырып динамикада мұқият бақылау арқылы жүргізіледі.

Антиагреганттар - курантил (дипиридамол), - тромбоциттердің агрегациялану қабілетін төмендетеді, қантамыр ішілік гемокоагуляцияны төмендетеді, бүйрек шумақшаларындағы микроциркуляцияны жақсартады, ЖГН кезінде тәуліктік дозасы 200-400 мг, жиі антикоагулянттармен (гепаринмен), кейде – жеке өзін тағайындайды, емдеу курсы оптимальді тәуліктік дозасы - 6-8 апта, сосын ұстап тұрушы дозада (75-100 мг) амбулаторлы 6-12 ай не одан көп.

Комбинирленген терапия: цитостатиктер (лейкеран - 0,2 мг/кг немесе имуран - 150 мг/тәул. және басқа), преднизолон (30 мг/тәу), антикоагулянт (гепарин - 20-40 мың БР/тәу) ЖГН ауыр ағымында және нефротикалық формасында қолданылады.

Аурудың симптомдарының жылдам өсуі және оның жедел нефритикалық түріндегі ауыр ағымында преднизолонның аса жоғары дозаларымен пульс-терапия жүргізіледі.

Жедел стрептококкты нефрит 1. Антибактериальды терапия - пенициллинмен, жартылайсинтетикалық пенициллиндермен, олеандомицинмен, эритромицинмен, левомицетинмен екі апта бойы, инфекция ошағы болған жағдайда антибиотикотерапия уақыты 4-6 аптаға дейін.

2. инфекция ошақтарын санациялау (тонзиллит, тіс жегісі, гайморит, отит), жойғаннан кейінгі аурудың жедел көріністерінің пайда болуы ( ауыз қуысын санациялау - амбулаторлы, тонзиллэктомия - стационарда).

3. Операцияға дейін бір апта бұрын - антибиотик, димедрол (тавегил) тағайындау және қолданудың ұзақтығы операциядан кейінгі 10 күнге дейін.

Санаторлы-курорттық ем

Климаттық курорттардың құрғақ және ыстық ауасы (шөл және теңіз жағалауындағы курорттар), қатты тер шығару арқылы организмен хлоридтер, азотты қалдықтардың шығуына септігін тигізеді, бүйректік қан айналымның және шумақтық фильтрацияның артуына, АҚҚ, зәрлік синдромның төмендеуіне әкеледі, ең алдымен протеинурияның. Нефрологиялық саладағы санаторийлер шөл климатымен Түркменстанда (Байрам-Али) және Өзбекстанда (Ситораи-Махи-Хаса), ал теңіз жағалауындағы климаттық курорттар – Қырымның Оң жағалауында бар (“Запорожец”, “Энергетик”, “Киев”).

ЖГН кезінде санаторлы –курорттық емге көрсеткіштер: ЖГН қалдықты белгілері (микропротеинурия, микрогематурия), ЖГН ұзаққа созылған ағымы (6 айдан астам). Бальнеологиялық курорттар ұсынылады: Жаңа-Қорған, Қапал-Арасан, Мойалды, Байрам-Али, Мерке.

Санаторлы-курорттық емге қарсы көрсеткіштер: аурудың айқын жедел көріністері, аурудың айқын экстраренальды көріністері: анемия, айқын макрогематурия.

ЖГН профилактикасы оның қазіргі заманғы этиологиясын негізделеді және стрептококты инфекцияның созылмалы ошақтарының (баспа, созылмалы тонзиллит, фарингит және т.б.) өршуін блолдырмауға бағытталған шаралармен жүргізіледі. (Ұзақ тоңулардан, әсіресе ылғалды суықтан сақтану, сарысуларды қайтадан енгізулерде, дәрілік препараттарды және вакциналарды тағайындағанда сақтық жасау.

ЖГН қаупін төндіретін стрептоккты немесе вирусты инфекциямен ауырған науқастар бір ай ішінде 10-14 күн үзіліспен зәрдің 2-3 тексеруін жүргізу қажет.