Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 МР ПЗ (гос).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
307.98 Кб
Скачать

Рецидивке қарсы ем

Рецидивке қарсы ем мақсаты – рецидивтің, СП өршуінің алдын алу. СП рецидивке қарсы емінің арнайы жүйесі жоқ.

Рецидивке қарсы емді әркім әртүрлі жолмен жүргізеді. Жақында ғана "роторлы" схеманы (И.А.Борисов бойынша) қолданған, ол әртүрлі антибиотиктерді кейіннен апта бойынша 6-8 ай бойы химикалық және өсімдіктік диуретиктерді сәйкес қолдану бойынша жүргізеді. Жеңілдетілген схемада ем 1-1,5 айдан аспайды.

Жақында жүргізілген зерттеуде СП-мен ауыратын науқастарда СБЖ үдеуі рецидивке қарсы терапия ұзақтығына байланыссыз дамитынын дәлелдеді. Әрине СП-мен ауыратын науқастарда СБЖ үдеуін баяулату тек ұзақ уақыт уросептиктерді тағайындауға ғана емес, сонымен қатар инфекцияны ұстап тұратын себепті жоюға, АГ және гиперлипидемия бақылауға негізделеді.

Ремиссия фазасында 2 жол бар :

1. Көп айлық тұрақты үзіліссіз ем, бір жылға дейін немесе оданда ұзағырақ, барлық препараттар минималды дозада, дәрілер әрқашан өзгертіліп отырады.

2. Үзілмелі ем: көктемде және күзде + өршу кезенінде

Ремиссия кезеңіндегі Рябов схемасы:

1 аптада: бисептолдың 1-2 таблеткасы түнге.

2 аптада: өсімдіктік уросептиктер: березовые почки, брусничный лист, ромашка.

3 аптада: 5-НОК 2 таб. түнге.

4 аптада: левомицетин 1 таб. түнге.

Аяқталғаннан кейін осы ретпен, бірақ препараттарда осы топтың аналогтарына ауыстыру керек.

Рецидивке қарсы емнің басқа варианты бар:

1-аптада – клюквалық морс, шиповник қайнатпасы, поливитаминдер

2 және 3-аптада – дәрілік жинақтар (фитотерапия)

4-аптада – антибактериальды препараттар, әр ай сайын ауыстырып тұру керек

Курс ұзақтығы – 2-3 ай.

СП кезінде дәрілік шөптерді төмендегідей қосарлап тағайындайды: 1 зәр айдағыш және 2 бактерицидті 10 күн бойы (мысалы, цветки василька - листья брусничника - листья толокнянки), сосын 2 зәр айдағыш және 1 бактерицидті (мысалы, цветки василька - листья березы - листья толокнянки). Барлық күз айында қарбызды жеген дұрыс, өйткені ол айқын зәр айдағыштық әсер көрсетеді.

Санаторлы-курорттық ем

СП пиелонефрит кезінде негізгі санаторлы-курорттық фактор минеральды сулар болып табылады, олар ішке және минеральды ванна түрінде қолданылады.

Минеральды сулар қабынуға қарсы, зәр айдағыштық әсер көрсетеді, бүйректік плазма ағысты, шумақтық фильтрацияны жақсартады, тұздардың шығуын қамтамасыз етеді, зәр рН әсер етеді (сілтілі жаққа). Минеральды гидрокарбонантты- сульфатты-натрий-кальцилік сулар «Нафтуся», «Смирновская», «Славянская», «Сары-Агаш» және т.б. тәрізділер ұсынылады.

Келесі курорттар минеральды сулармен: Сары-Агаш, Трускавец, Железноводск, Ессентуки, Саирме, Славяновский және Смирновский минеральды көздері және т.б. қолданалады. Сонымен қатар бальнеологиялық курорттар: Жаңа-Қорған, Қапал-Арасан, Мойылды, Байрам-Али, Мерке ұсынылады.

Санаторлы-курорттық емге қарсы көрсеткіштер:

- жоғары АГ

- айқын анемия

- СБЖ

Диспансеризация

СП ауыратын науқастар урологта, терапевтте және стоматологта жылына 2 қаралады. Науқастар ретті түрде тексерістерден өтіп отырады (анамнез және шағымдар жинау, АҚ өлшеу, зәр анализі, зәр себіндісі, Зимницкий бойынша сынама, ШФЖ анықтау, қан сарысуындағы креатинин, мочевина деңгейін анықтау, бүйрек УДЗ жүргізіледі. Сауықтандыру шараларына кіреді: диета, инфекция ошақтарын санациялау, антибактериальды терапия, поливитаминотерапия, микроциркуляцияны жақсарту, санаторлы-курорттық ем. АГ және СБЖ дамыған кезінде терапевтте жылына 4-6 рет қаралады.