Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 МР ПЗ (гос).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
307.98 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

амбулаторлы-емханалық терапия кафедрасы

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Факультет: Жалпы медицина

Кафедра: «Амбулаторлы-емханалық терапия»

«Жалпы тәжірибелік дәрігер» пәні, 051301 «Жалпы медицина» маманығы бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған

1.4.ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Блок №2 «Пульмонология, нефрология»

ТАҚЫРЫБЫ: «Жалпы тәжірибедегі дәрігердің жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы»

Курс: 5

Семестр: IX. X

Құрастырған: доцент Хабижанова В.Б.

Аударған: Жуматаева С.А.

Алматы, 2013

Методикалық нұсқау кафедра отырында талқылынды,

хаттама №______ _____________ 2013 ж.

«Бекітілді»

Кафедра меңгерушісі,

м.ғ.д., профессор _____________________Исаева Б.Г.

1. Тақырыбы: «ждт жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы»

2. Мақсаты: Жалпы тәжірибелік дәрігер (ЖДТ) жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы кезіндегі алдын алу, диагностикалау мен емдеудің жалпы принциптерін білу мен динамикада бақылауды үйрену.

3. Оқыту міндеттері:

  • студенттерді біріншілік медико-санитарлық мекеме жағдайында зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромымен науқастанған тұрғындарға медициналық, емдеу-диагностикалық көмекті көрсетуге үйрету;

  • жас ерекшелігіне қарай отырып науқастарды қарап тексеруді үйрену, дәлелдеуші медицина негізінде емдеу мен зерттеу бағдарламаларын құрастыру, диагностикалық критерийлерді анықтау, салыстырмалы диагностиканы жүргізу;

  • студенттерді учаскелік дәрігермен бірге зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромымен ауыратын науқастарды динамикалық бақылаудың негізгі принциптерін үйрету, амбулаторлы және үй жағдайында науқастарға көмек көрсету, дәргерлік-еңбектік сараптаманы жүргізу мен салауатты өмір салтын қалыптастыруды үйрету;

  • науқас пен дәрігер арасындағы, олардың туысқандарымен қарым-қатынастық байланыстың қажеттілігін түсіну, жекешелендіру принциптерін сақтау;

  • денсаулық сақтаудың құқықтары мен міндеттері бойынша білімін жетілдіру, оларды орындау; «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі» жайлы Қазақстан Республикасы Кодексінің негізгі жобасына сәйкес құқықтық құжаттар бойынша орындау.

  • студенттің басқаларын оқыту мен өзінің білімін жетілдіру қабілетіне, оқыту, ғылыми және нормативті құжаттармен үнемі өзіндік жұмыс жасауына үйрету

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    • ЖДТ жұмысындағы зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромының эпидемиологиясы, алдын алудың негізгі принциптері,

  • қауіп қатер факторлар страфикакациясы, пиелонефрит пен гломрулонефриттің жіктелуі;

  • Жасөспірімдер, жүкті әйелдер мен егде және қарт адамдарда болатын зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромының клиникалық көрінісі, ағым ерекшелігі;

  • Амбулаторлық жағдайдағы диагностикалау алгоритмі; Стационар мен күндізгі стационарға госпитализациялаудың көрсеткіштері;

  • зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромын диагностикалаудың қазіргі заманғы зертханалық-құрал жабдықтық әдістері;

  • Амбулаторлы-емханалық жағдайда зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромымен ауыратын науқастарды жүргізу әдістері, динамикалық бақылаудың негізгі принциптері мен тұрғындар денсаулығын нығайтуға арналған іс-шаралар;

  • Зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромы кезіндегі дәрігерлік-еңбектік сараптама сұрақтары, реабилитация бағдарламасы, санаторлы – курорттық емдеу;

  • Зәр шығару жүйесінің зақымдану синдромымен ауыратын науқастармен, оның туыстарымен, коллегалармен және басқа да медицина жұмысшыларымен эффективті коммуникация әдістері

5. Сабақ берудің әдістері (шағын топтар, дискуссиялар, ситуациялық есептер, жұбпен жұмыс жасау, презентациялар, кейс-стадиялар және т.Б.)