- •Психологиялық менеджменттің пәні және әдістері
- •Басқару: ғылым және өнер
- •Психологиялық менеджменттің пәні
- •Психологиялық менеджменттің негізгі әдістері
- •Психологиялық менеджменттің пәні
- •Психологиялық менеджменттің негізгі әдістері
- •Социоматрица
- •Психологиялық менеджменттің даму тарихы
- •Американдық және европалық менеджмент психологиясы дамуының негізгі бетбұрыстары
- •Менеджменттің жапондық психологиялық үлгісінің ерекшеліктері
- •Ресейлік басқарудың психологиялық мектебінің даму тарихы
- •«Адамдар қатынастары» мектебі немесе «неоклассикалық мектеп»
- •«Мінез-құлық – бихевиористік мектеп» немесе «мінез-құлық жайындағы ғылымдар мектебі»
- •Р.Лайкерттің өндірісті басқаруға деген көзқарастары
- •Басқару процестерін математикалық модельдеу мектебі
- •«Процесуалды тұрғы» мектебі
- •«Жүйелі тұрғы» мектебі
- •Американдық менеджменттің қазіргі заманғы психологиялық үлгісінің сипаттамасы
- •Менеджменттің жапондық психологиялық үлгісінің ерекшеліктері
- •Ресейлік басқарудың психологиялық мектебінің даму тарихы
- •Басқару процесінің психологиясы
- •Менеджменттің психологиялық теориялары Психоанализ теориясы
- •2. Тұлғаның аналитикалық теориясы.
- •Басқару стильдерінің теориясы
- •Блейк пен Мутонның басқару теориясы
- •Рационалды басқару теориясы
- •Біріге басқару теориясы.
- •Тұлға және оның басқару жүйесіндегі әлеуеті
- •Психологиядағы тұлға ұғымы
- •Еңбек іс-әрекетіндегі өзіндік бағасы, талаптануы мен фрустрациясының деңгейі.
- •3. Еңбек іс-әрекетіндегі тұлға типологиясы
- •Экономикалық адам.
- •Эстетикалық адам.
- •Әлеуметтік адам.
- •Саяси адам.
- •Діндар адам.
- •Тұлға құрылымындағы қабілеттер
- •Еңбек іс-әрекетіндегі темперамент және мінез.
- •2. Менеджменттегі мінез.
- •2.1.Мінез психикалық іс-әрекеттің өзіндік көрінісі ретінде.
- •Еңбек мотивациясы.
- •2. Мотивациялар теориясы және олардың сипаттамасы.
- •3. Мотивациялардың түрлері, деңгейлері.
- •Менеджмент іс-әрекетіндегі танымдық процесстер
- •2. Менеджмент психологиясындағы қабылдау процесінің ерекшеліктері
- •3. Менеджменттегі ес процесінің психологиялық ерекшеліктері.
- •4. Басқару іс-әрекетінің интеллектілік негізі.
- •5.Ойлаудың сатылары:
- •5. Менеджменттегі қиял процесінің психологиялық ерекшеліктері.
- •6. Менеджменттегі зейіннің психологиялық ерекшеліктері.
- •Жеке тұлғаның басқару процесіндегі эмоциялы ерікті сферасы.
- •1. Эмоциялы процестер және эмоцяларды басқару.
- •2. Менеджменттегі стресс.
- •3. Менеджменттегі ерік.
- •2. Менеджменттегі стресс.
- •3. Менеджменттегі ерік.
- •Менеджменттің психофизиологиялық негіздері.
- •2. Еңбекке қабілеттілікті сақтаудың талаптары.
- •3. Еңбекке қабілеттіліктің жас еркшелік өзгерістері
- •Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары
- •Менеджментте шешім қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері.
- •Проблеманы шешу сызбасы
- •2. Сана астының шешім қабылдауғы ықпал етуі.
- •3. Шешім қабылдау процесінде адамдардың бір-біріне ықпал етуі.
- •Басшылық және лидерлілік
- •2. Лидерлілік феноменінің ерекшелігі.
- •3. Лидерлілік және басшылық.
- •Еңбек ұжымын басқару психологиясы
- •Топтар даму процесі
- •2. "Басшы - бағынушы" жүйесіндегі қатынастар.
- •3. Еңбек ұжымын басқаруда кездесін қиындықтар және оларды жеңу.
- •Менеджмент және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы
- •2. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын айқындау.
- •3. Адами-психологиялық ахуалға ықпал ететін факторлар.
- •4. Әлеуметтік психологиялық ахуал реттеудің жолдары
- •Менеджменттегі өзара қарым-қатынас
- •2.Адамның дене бітімін қабылдау.
- •Жарнама психологиясы
- •2. Жарнаманы жасаудың кейбір қағидалары.
- •2.1. Жарнаманың он бес ережесі.
- •4. Жарнама ықпалының психологиялық механизмдері.
- •2.6. Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Қосымша әдебиеттер тізімі:
«Жүйелі тұрғы» мектебі
Аталмыш тұрғы өкілдерінің көзқарастары бойынша қазіргі заманғы ұйым – адамдарды, техникаларды қамтитын аса және өзіне тән ерекшеліктері бар күрделі жүйе. Осы жүйенің бөліктері өзара байланысқан, сондықтан олардың біреуінің өзгеруі оның басқа бөліктеріндегі біршама өзгерістерге әкелуі мүмкін. Басқаруға деген жүйелі тұрғы басшының ұйымға біртұтас ағза ретінде қарап, жүйе бөліктерінің біріне деген кез келген басқарушы ықпал оның басқа бөліктерінде де байқалады.
«Жағдайға байланысты қалыптасқан тұрғы» мектебі.
Аталмыш тұрғы бойынша басқарудың негізінде басқарылуы тиіс жағдай жатыр. Ол жағдайлар жеткілікті түрде әртекті болғандықтан басшы олардың әрқайсысы бойынша тиімді шешімдерді іздеуге және қабылдауға міндетті. Жағдайға байланысты қалыптасқан тұрғы төмендегідей талаптардың орындалуын болжайды:
Басшы кәсіби басқарудың әдістерімн және технологияларымен таныс болуы тиіс.
Басқарушы әдістемелердің қуатты және әлсіз жақтары бар, шешім қабылдаудың әрқилы жағдайларында олар әрқилы тиімді.
Жағдайды дұрыс түсііп, интерпретациялау қажет.
Жүйелі тұрғыны пайдалана отырып, шешім қабылдаудың нақты жағдайларында ең аз мөлшерде кері эффектіні тудыратын және ұйымның алдында тұрған мақсаттарға едәуір тиімді тәсілмен жетуді қамтамасыз ететін басқару ықпалдарын табу қажет.
Жағдайды талдаудың шеңберінде қазіргі заманғы ұйымды басқарудың күрделі жағдайларында шешімдерді қабылдаудың ерекше құралына айналған кеңінен таралды.
Американдық менеджменттің қазіргі заманғы психологиялық үлгісінің сипаттамасы
Американдықтардың этниалық ділінде пайдалылық, рационализм және даралық жатыр. Американдықтар шыншыл, қуатты, еңбекқор, үнемді. Олар: «Кедейлік бұл – адам жалқаулылығы мен жауапкершіліксіздігінің нәтижесі», - деп есептейді.
Барлық менеджерлер екі топқа бөлініп, бейнелі түрде – «алтын жағалылар» (жоғары үзбелі және біліктілік басшылығы) және «ақ жағалылар» (орта және төменгі үзбелінің басшылығы – шеберлер мен қадағалаушылар). АҚШ кәсіпкерлігінің жұмысшылар тобы «көк жағалылар» деп аталады. Кез келген компания үлкендігі мен беделіне қарамастан, өздерін тұрғындарға қызмет еткен өндіріс деп есептеп, рыноктың сұраныстарын қанағаттандыруды көздейді. Тұтынушы сенімді әрі ұзақ мерзімді өнім мен қызметтердің алушы ретінде қарастырылады.
Тұтынушылардың сұраныстарын сезініп, олардың дәл қалай қанағаттанатындарын тексеру үшін персоналды тоғыстыра пайдалану шарасы қолданылады. Жоғарғы басшылар, алдыңғы қатарлы мамандар, жаңа өнімдерді құрастырушылар біраз уақытқа сату агенттеріне, дүкендердегі сатушыларға айналады. Төмендегідей үш ереженің ұстанылуы білікті басшылықтың шарты болып табылады:
талда (жұмысшылардың жағдайы, рыноктың сұранысы, өндіру үрдісі);
қоластындағылардың арасындағы міндеттерді үлестір;
істің орындалуын тексер.
Менеджмент тәжірибесінде дара мақсаттарды пайдаланудың негізінде басқару шарасы кеңінен қолданылады. Ол фирма қызметкерлерінің жұмысшылардың мақсаттары мен жоспарларын оларға жету қуатты реттеумен бірігіп анықтау процесі ретінде түсіндіріледі. Жоспарларды менеджерлер олардың қалаулылығына, орындалуына және негізділігіне қарай талқылайды. Менеджер әрбір жұмысшының жетістіктерін оның көзделген мақсаттарға жетуіне байлынысты үздіксіз талдап отырады.
Бәсекелестік үрдісі барлығы және әрдайым жарысатын АҚШ-тағы іскер өмірдің барлық «сатыларында» байқалады. Жетістікке жету үшін бір нәрсені жай ғана жақсы істеуден гөрі көбірек жасауға тырысу қажет, өз жұмысыңды басқалардыкінен жақсырақ жасау қажет. Жұмысшы ең алдымен іс-әрекетінің нәтижесі бойынша бағаланады. Бәсекелестік: «Жеңген барлық сомаға, ал жеңілген нөлге ие болады» - деген ұранмен жүргізілген конкурс ретінде қарастырылады. Басқаша айтқанда, бір адамның жеңісі басқаның жеңілісінің кепілі болып табылады.
Бәсекелестікте орын алатын жағымды құбылыстармен қатар жағымсыздары да кездеседі:
Бәсекеде бақталасыңыды жеңу ұмтылысы, оны жеңу тәсілдерін іздестіру де орындалатын жұмыстан артық болып кетуі ықтимал.
Бәсеке қызметтестердің олардың ақпаратты бір-бірінен жасырып, міндетті шешудің жағымды жолын іздестірудің орнына, өзі үшін қолайлысын пайдалануға мәжбүрлейді.
Бәсеке жұмысшылардың арасындағы сеніміздіктің дамуына әкеледі. Басшылар жұмысшыларын қайтара тексереді, жұмысшылар басшыларға сенуден қалады, ал үкімет тұтастай кәсіпкерлік ұйымдардың немесе кәсіпкерлерің іс-әрекетіне күдікпен қарай бастайды.
«Бәсеке – сенімсіздік – реніш (жеңіліс үшін)» циклінің басынан бір-біріне зиян шектіргісі келген бақталастар көзделген мақсаттарын жоғалтып, тұлғаға шоғарлана бастайды. Соққыға соққымен жауап беру жағдайы циклдің жалғасуына арқау болып, қисынды болады.
Бәсеке жеңілгеннің жеңгенге қатысты тәуелділік сезімінің пайда болуына әкеледі.
Бәсеке асыра сілтенген сақтық пен конформдылықтың себебіне айналады. Жұмысшылар сыйлық тек біреуіне ғана берілсе, мінез-құлықтың ұстамды стилін ұстануға бейім болады. Жеңілгендер жазаланады.Бәсекелестік жағдайлары: жеңбегеннен гөрі, жоғалпаған дұрыс деген ұстанымның қалыптасуына жағдай тғызады.Барлығы сияқты болу, басшылыққа қатысты кешірімді болу, оның бұйрықтарын нақты орындап, тәуекелге бармау - бәсеке жағдайының ең қауіпсіз тәсілі. Нәтижесінде жұмысшылар шығармашылықтарын тежейтін және еңбектегі жаңашылдыққа кедергі келтіретін конформдылыққа үйір болады.
Бәсекеге деген асыра бағаланған қызығушылық тұтастай ұйым үшін зиянды. Қатаң бәсекені дәріптейтін менджерлер жоғары дәрежелі өнімге ие болмайды.
Американдықтар іскер қарым-қатынастағы шеберлікті бағалайды. Бастауыш сыныптың өзінде-ақ оқушыларды көпшіліктің алдында сөз сөйлеуге дағдыландыра бастайды.
Жетістіктеріне қарамастан, американдық мамандар басқаруда адам факторын пайдаланудың американыдық менеджменттің ең осал тұсы екендігін мойындайды.
