Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1109_X4n.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать

Р.Лайкерттің өндірісті басқаруға деген көзқарастары

Ұйымды классикалық басқаруға деген сын

Ұйымды басқарудың дербес үлгісі

1

Басқару үрдісі сенім мен жауапкершілікті әлсін ғана енгізуде. Жұмысшылар проблеаларды талқылауға қатыспайды, олардың көзқарастары есепке алынбайды.

1

Басшылық жұмысшылардың сеніміне арқау етуі тиіс. Жұмысшылар ұйымның тіршілік әрекетіндегі проблемаларғабелсенді қатыстырылуда.

2

Тек экономикалық мотивтер пайдаланылады. Ұйымға деген жайсыз қатынас қалыптасады.

2

Мотивтердің кең аумағына арқау ету. Ұйымға, оның мақсаттарына деген жайлы қатынас.

3

Ақпараттық ағымдар негізінен жоғарыдан төмен қарай жүріп, бағынушыларға бұрмаланған күйде жетеді.

3

Ақпарат жоғары, төмен көлденеңнен еркін алмасуда әрі бұрмаланбайды.

4

Басшы мен бағынушылардың өзара әрекеттестігі демократиялық емес. Жұмысшылар ұйым мақсаттарының қалыптасуына аз ықпал етеді.

4

Басшы мен бағынушылардың өзара әрекеттестігі ашық та кең пейілді. Іс-әрекеттің мақсаттары мен әдістері бірігіп қабылданады.

5

Шешімдер басқарудың «жоғарғы» сатыларында қабылданадығ шешім қабылдау үрдісі орталықтандырылған.

5

Шешімдер ұжыммен қабылданады; ол салыстырмалы түрде орталықтанбаған.

6

Қадағалау үрдісі орталықтандырылған, қателерге ұялту шарасына баса назар аударылады.

6

Қадағалау орталықтандырлмаған, проблемаларды өз бетінше шешуге ден қойылған.

7

Адамдар қорына көп ештеңі істелінбейді. Қадағалау.

7

Адамдар қорын дамытуға деген шаралардың кешені құрастырылуда.

Басқару процестерін математикалық модельдеу мектебі

Аталмыш мектеп (1954 жылдан қазіргі күнге дейін) басқару процестерін математикалық модельдеуге баса назар аударады. Басқару жағдайын бара-бар сипаттайтын модельдер:

  • оның дамуының негізгі бетбұрыстарын анықтағы;

  • өзгерістерге деген сезімтелдықты және тұрақтылықты талдауға;

  • ықтималды қатерлер мен жетістіктерді анықтауға;

  • ықтималды эффекті мен жұмсалған қорлардың жағымды үйлесімін табуға

мүмкіндік береді.

«Процесуалды тұрғы» мектебі

Процессуалды тұрғыда басқару көзделген мақсаттарға жетуге бағытталған өзара байланысқан үздіксіз әрекеттердің тізбегі ретінде қарастырылады. Басқару үрдісін құрайтын әрекеттер басқару қызметтері деп аталады. Әрбір басқару қызметі де прцесс болып табылады, өйткені өз кезегінде олар да үздіксіз, өзара байланысқан әрекеттердің қатары болып табылады.

Басқару қызметтерінің жиынтығына: шешім қабылдау, жоспарлау, мотивация, қатынасу, персонал іріктеу, қадағалау енеді.