Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1109_X4n.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать

4. Әлеуметтік психологиялық ахуал реттеудің жолдары

Әлеуметтік-психологиялық ахуал оған жағымды немесе теріс ықпал ететін факторларға байланысты болады. Ондай факторлар сыртқы және ішкі деп екіге бөлінеді.

Сырткы факторлар үйымнан тыс жүріп жатқан жағдайлардан туындайды. Оларға жанұядағы қиындықтар, мекеннің әлеуметтік қиындықтары, залалдар және т.б. жатады.

Ахуалды қалыптастыратын ішкі факторлар:

1. Адамдардың көңіл-күйлеріне, мінез құлыктарына, олардың өзара қатынастарына ықпал ететін баскару стилі. Стильмен канағаттану дәрежесі және оның мотивациялық салдары жұмысқа деген қатынасты қалыптастырады.

2. Еңбек үрдісінің реттелгендігі. Мұнда адам еңбектенген, субьективті бағаланатын ұйымдастырушы-басқарушы материалды-техникалык жағдайлар сөз етілуде. Қызметкерлердің істің ұйымдастырьшуымен қанағаттанбауы әлеуметтік-психологиялық ахуалға теріс әсер етеді.

  1. Қызметкерлердің жеке-дара касиеттері аркылы еңбек іс-рекетінің және адамның жеке омірінің барлық жағдайлары жүреді. Дауласуға бейім, басқалардың көзқарастарына шыдамсыз, өздерін жоғары бағалайтын, мінез-құлқының мәдениеті төмен адамдар әлеуметтік-психологиялық ахуалдың төмендеуінің кепілі болып табылады.

  2. Корпоративті (топтык) мәдениет топтык сананың факторы бола тұра, ортақ құндылык ретінде ұжымдағы накты тұлғааралық қатынастарды бекітеді. Топтық сана сезім куатты болса, ортақ кұндылыкка қол сұғатын адамдар қудаланады, яғни әлеуметтік-психологиялық ахуал бұзылыстардан сақтанады.

  3. Бұл фактормен тұлғаға топтық кысым көрсету сияқты қүбылыс үйлеседі. XX жж. С.Аш топ қысымыньщ индивидке әсерін зерттейді. Топтың қысымына мойынсыну бейімдігі конформдылык деп аталады.

6. Адамдардың әлеуметтік психофизиологиялық касиеттеріне карай өзара әрекеттесу қабілетігі білдіретін топтарда психологиялық сыйымдылыгы және бірігіп жүмыс жасауы. Психологиялық сыйымдылық жеке-дара қасиеттердің жиынтығымен, ал ал бірігіп жұмыс жасау жұмыстың стиліне байланысты болады. Өзара әрекеттестіктегі қиындықтар әрбір адамның және тұтастай топтың жалпы ахуалында көрініс береді.

  1. Ұжымдағы әйелдер мен еркектердің өзарақатынасы да кей жагдайларда ахуалға ыкпал етуі мүмкін. Психологтар мүмкіндігінше жыныстық құрамы бойынша аралас ұжымдарды ұсынады. Әйелдердің ұжымы еркектерден құралған ұжымға караганда әлеуметтік психологиялық ахуалдың ауытқуларына неғүрлым бейім келеді.

  2. Алғашқы ұжымның көлемі. Психологтар 10-20 адамнан құралған орташа ұжымды неғұрлым жағымды деп есептейді. Үлкен алғашқы ұжымдар (25 адамнан көп) жеке топшаларға ыдырауы мүмкін. Ал кіші топтарда таңдаудың шектеулілігінен психологиялык сыйымды адамдардың топшалануын қиындатады.

  3. ¥жымның жас ерекешелік кұрылымы. Ұжымның негұрлым тұрақты болуы үшін оны жас ерекшеліктері бойынша әрқилы қызметкерлердең құрағаны орынды екенін тәжірибе көрсетуде Зерттеулер 40% тәжірибелі қызметкерлермен 60% жас мамандардың бірігіп еңбектенуі ұжымның едәуір тұрақты болатынын көрсетті. Жасты адамдардан құралған ұжымға өз жасының қызығушылықтарына тұйықталу бетбұрысы тән.

10. Ұжымнын кызмет еткен мүшелерінің физикалык қашықтығы маңызды факторларлың бірі болып табылады. Жақын жұмыс жасаған адам көбінде алыс жұмыс істегендерге карағанда жақсы дос ретінде қабылданады.

11. Бөлмеде агрессияга итермелейтін заттардың кездесуі де маңызды. Агрессиямен ассоциацияланатын карапайым заттың қатысуы агрессивті мінез-құлықты үдететіні аныкталған.

Сонымен адамдардың кооперациясындағы обьектілер, әрекеттер және ақпарат ортақ бір қуатка бірігетін болса, әлеуметтік-психологиялық ахуалды неғүрлым тиімді басқаруға болатыны анык.