Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1109_X4n.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать

2. "Басшы - бағынушы" жүйесіндегі қатынастар.

Басшының келбеті төмендегідей негізгі ерекшеліктерімен сипатталады: ол билік қызметінің шоғыры, шынайы биліктің иесі болып табылады; ол басқару баспалдағының неғұрлым жоғары дәрежесінде орналасса, оның бірінші реттегі ұжымдармен жеке қатынасу мүмкіндігі соғұрлым төмен болады; басшы төреші қызметін де атқаруға мәжбүр болады: ол тек биліктің емес, топ үшін әділдіктің де иесі болып табылады; басшының әрекеттері мен іс әрекеті бағынушыларымен кеңінен әрі жан-жақты бағаланып отырады.

  1. Бағынушының келбеті: қызметтегі тәуелділігімен; орындаушылықтың бір жақты-жеке дара сипатымен; топпен, бірінші реттегі ұжыммен тығыз байланысымен; жұмыс орнындағы қызметтерді жүзеге асыру процесінде қарым-қатынастың тұлағааралық түрлерінің басымдылығымен ерекшелінеді.

3. Еңбек ұжымын басқаруда кездесін қиындықтар және оларды жеңу.

Кез келген ұйым бір жағынан тұрақтылыққа, екінші жағынан дамуға ұмтылады. Ол қызмет еткен топтың мақсатқа жету және тұлғааралық өзара әрекеттестік сияқты негізгі екі құрылымына байланысты.

А.И.Донцов қызмет еткен топтың тіршілік әрекетін талдау отырып, басшының еңбек ұжымымен біріге отырып шешуі тиіс проблеманы көрсетеді. Ол топішілік белсенділік жүйесінің дифференциациясын басқару. Біріншіден, функционалды, мәртебелік, билік, алынған сыйақы мөлшерінің дифференциациясы топтың мақсатқа жылжуына қарай жүзеге асады. Екіншіден, еңбектің топтың ішіндегі бөлінісі топ мүшелерінің эмоциялы – жеке дара өзарақатынастарының дифференцияациясыз жүзеге асырыла алмайды. Үшіншіден, тұлғааралық қысым субьектімен біріккен күштерді жағымды ұйымдастырудың нәтижесі ретінде бағаланады.

Зерттеушілер екі жақтың өзара сенімділігіне ықпал ететін үш жғдайды атайды:

  1. «Үшінші» жақтың қатысуы;

  2. Өзара әрекеттесуші жақтардың қатынасу байланыстарының сипаты;

Өзара әрекеттестікке қатысушылардың жеке дара ерекшеліктері.

Басқарудағы қарама – қайшылықтар мен парадокстардың себебі психологиялық болып табылады. Алайда барлығында аталмыш себепті іздестіре берудің қажеті жоқ. Егер әлеуметтік – экономикалық факторлар кездессе, басшының басқару іс әрекетін дәл сол жағдайдан бастаған жөн.

Менеджмент және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы

1. Әлеуметтік-психологиялық ахуал ұғымы.

2. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын айқындау.

3. Адами-психологиялық ахуалға ықпал ететін факторлар.

4. Әлеуметтік психологиялық ахуал реттеудің жолдары

1. Әлеуметтік-психологиялық ахуал ұғымы.

Ғылыми - техникалық прогресс жағдайында еңбектің сипаты адамның психологиялық ерекшеліктеріне - оның ойлауына, реакцияларының тездігіне және т.б.неғұрлым жоғары талаптарды ұсынуда. Адамдардың арасындағы катынастар және олардың әмоциялы қанықтығы ұжымның әлеуметтік - психологиялык ахуалын қалыптастырады. Техника мен технологияның күрделенуі кызметкердің физикалык еңбегінің үлесін азайтып, ақыл-ой еңбегін арттырута мәжбүр етті. Басқа бір кырынан алғанда қызмет еткен адам өз өмірінің қомақты бөлігін дәл еңбек ұжымында өткізеді. Ал сол үжым болса оның «мен» бейнесін мазмұнға толтыруға, қоғамға кажеттігін сезінуге көмектесіп, психологиялық арқау болады. Осындай себептерге байланысты еңбектің нәтижелері көп жағдайда қызметкердің психикалык күйіне байланысты болдады.

Осындай жағдайда басшының міндеті тұлғаның даралык қасиеттерін пайдаланып, ұжымдағы адамдардың арасындағы қатынастарды реттеуінде. Адамдар бір-біріне неғүрлым үйірсек болса, соғұрлым олардың еңбек ету жағдайы үйлесімді болады, оның өнімділігі артады. Яғни адамдардың арасындағы катынастар үжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын қалыптастырады.

Әлеуметтік-психолоғиялык ахуал ұжымдағы жұмысшылардың іс-әрекеттерінің әрқилы формаларында көрініс беретін ондағы түрақты психологиялық күй.

Әлеуметтік-психологиялық ахуал әрбір қызметкердің және тұтастай ұжымның енбекке бағдарлануына ықпал етеді. Жағымды әлеуметтік-психологиалық ахуал ниетпен енбек ету ұмтылысына ықпал етсе, жағымсызы еңбек мотивациясын күрт төмендетеді.

Әлеуметтік-психологиялық ахуалдың жағдайы басшы қытметінің жетекші көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік-психологиялық ахуалдың сапасын анықтау үшін оның барлык құрамды бөліктерін талдау кажет. Б.Д.ІІарыгин әлеуметтік-психологиялық ахуалдың құрылымында адамның еңбекке катынасы және олардың бір-біріне қатынасы сияқты негізгі екі бөлімді көрсетті. Бұған қоса Б.Д.Парыгин әлеуметтік психологиялық ахуалдың адамдардың тұтастай әлемге және оның ішінде қабылдауына катынасын анықтайтынын көрсетеді. Ахуал ұжымның әрбір мүшесінің өз-өзіне қатынасында көрініс береді. Осылайша әлеуметтік-психологиялық ахуал көріністерінің құрылымы адамдардың бір-біріне, ортақ іске, әлемге және өз-өзіне қатынасында.

Жағымды әлеуметтік-психологиялық ахуалдың маңызды белгілері:

  • топ мүшелерінің бір-біріне сенім артуы және жоғары талап коюы;

  • жағымды және іскер сын;

  • тұтастай ұжымға катысты мәселелерді талқылауда өз ойларын еркін айту;

  • басшылардың қоластындағыларға қысым көрсетпеуі;

  • ұжымның мүшесі екендіғгіне қанағаттану;

  • ұжымның әлдебір мүшесінде фрустрация күйін тудыратын жағдайларда

  • өзара көмек көрсетудің және әмоциялы енудің жоғары дәрежесі;

  • топтағы істердің жағдайына оның әрбір мүшесінің жауап беруі. Осылайша әлеуметтік-психологиялык ахуал тұлғааралық қатынастардың сапалы қыры ретінде топтағы тұлғаның дамуына және өнімді іс-әрекет етуіне түрткі болатын немесе кедергі келтіретін психологиялык жағдайлардың жиынтығы ретінде анықталады.