Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1109_X4n.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.55 Кб
Скачать

Социоматрица

Социоматрицаның алдын ала жасалынған талдамасы топтағы өзара қатынастарды ашып береді. Социоматрицаның мазмұнын социограммада көрсетуге болады. Оны түрлері көп болса да ең қолайлысы шеңберленген социограмма. Мұндай жағдайда топтың барлық мүшелері шеңберлерге орналастырылып, сәйкес сызықтар топ мүшелерінің арасындағы өзара қатынастарды көрсетеді. Социограммаларда төмендегідей белгілер қолданылады:

Топ мүшесінің жағымды таңдау

Топ мүшесінің теріс таңдауы

Өзара жағымды таңдау

Өзара теріске шығару

Дөңгеленген социограммалар сурет түрде кестеленеді

Дөңгеленген социограммалар

Жағымды таңдаулар Теріс таңдаулар

Көбінде мәртебелі социограмма қолданылады. Социометриялық мәртебе топ мүшелерінің оның әрбір өкіліне деген қатынасты сипаттайды:

Топ мүшесінің алған дауыстардың (таңдаулардың) саны

С і =

N -1

Мұндағы N – топтағы адамдардың саны.

Ортақ социометиялық мәртебенің құрамды бөліктері болып табылатын жағымды әрі теріс таңдауларды да санаған орынды:

Топ мүшесінің жағымды таңдауларының саны

С і +

N -1

Топ мүшесінің теріс таңдауларының саны

С і -

N -1

Ең жоғары мәртебеге ие болған адам «жұлдыз» болады. Егер адам таңдаулардың орташа шамасына және шеттеулердің ең аз көлеміне ие болса, оны «қалаулылардың» қатарына қосады. Егер онда таңдаулар мен шеттеулердің саны орта шамадан төмен болса, оны «қаланбайтындардың» қатарына жатқызады. Егер адам тек шеттеулерге ие болса, ол «шеттетілгендердің» қатарына жатқызылады. Мәртебелі социограмма сурет-2 де көрсетілген.

сурет-2. Мәртебелі социограмма.

Егер таңдаулардың саны шектелмесе эмоциялы экспансиялылық индексі аныталынады. Ол адамның топтың мүшелеріне деген қатынасын және таңдауларында қагшалықты белсенді болғандығын анықтайды.

Топ мүшесінің берген таңдауларының саны

Е і =

N -1

Жағымды және теріс экспансиялылықтың индексі есептелінеді:

Топ мүшесінің берген жағымды таңдауларының саны

Е і +=

N -1

Топ мүшесінің берген теріс таңдауларының саны

Е і - =

N -1

Аталмыш социометриялық көрсеткіштерді топ мүшесін бір уақытта таңдаудың субьектісі әрі обьектісі ретінде анықтайтын өзара әрекеттестік көлемінің индексі толықтырады:

Топ мүшесінің өзара әрекеттестіктерінің саны

А і =

N -1

Өзара әрекеттестік көлемінің индексін (Аі) анықтауда бір жақты жағымды және теріс таңдаулар есептелініп, оларға екі жақты таңдаулардың үш түрінің (өзара жағымды және өзара теріс таңдаулар (симметриялық қатынастар) және симетриялық емес қатынастар (бір адам басқасын таңдағанда, ол адам оны шеттегенде) саны қосылады.

Топтық социометриялық индекстер де бар.

Социометриялық когеренттілік индексі – топтың ерекшеленген белгісі бойынша өлшемін, бағыттылықтарынсыз өзара қатынастарды сипаттайды:

Берілген (немесе алынған) таңдаулардың саны

К =

N (N -1)

Фомуладан аталмыш индекстің жоғарыда қарастырылған персоналды екі индекстің (социометриялық мәртебе және эмоциялы экспансиялылық индектері) арифметикалық орта шамасы екендігін түсінуге болады. Таңдау индексі топтағы өзара жағымды байланыстардың санымен анықталатын бірауыздылықты өлшейді:

Жағымды өзара таңдаулар саны

G =

N (N -1)

Референттілік индексі топ мүшелерінің барлығына ортақ және әркімге тән эталондарға, құндылықтарға және нормаларға негізделген психологиялық өзара тәуелділіктің деңгейін өлшейді.

Жағымды өзара таңдаулар саны

R =

Жағымды таңдаулар саны

Осылайша, социометрияның көмегімен топ мүшелерінің арсындағы өзара байланыстардың ерекшеліктерін жән тұтастай топқа тән кейбір сипаттамаларды анықтауға болады.

Психологиялық зерттеудің басқару іс-әрекетін жүзеге асыру үрдісінде сирек болса да қолданылатын басқа да әдістері бар. Олар: әңгімелесу әдісі, тестер, іс-әрекет нәтижелерін талдау әдісі, анкета алу әдісі. Қосымша әдістер ретінде әртүрлі мәдениет жағдайларындағы басшылардың іс-әрекеті салыстырмалы талданатын кроссмәдени әдісті ерекше атауға болады. Ұлттық мәдениет, елдің дәстүрлері басшылардың ойлауы мен әрекеттерінің бейнесіне із қалдыратыны сөзсіз, өйткені басшы шет елдік серкітестермен келіссөздерді жүргізуде фирманың өкілдермен ғана емес, сонымен бірге нақты мәдениеттің өкілдерімен істес болғанын есетн шығармауы тиіс.

Аталмыш әдістер сенімді мәліметтеді берумен қатар, ұжымды жоғары дәрежеде тиімді жолмен басқаруға ықпал ететін толыққанды әрі нақты нұсқауларды береді.